Науқас және науқастың туысқандарымен бірге науқастың күтім жоспарын талқылау
Кірісулердің ұзақтығын анықтау, мейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру.
Жоспарлардың жүзеге асырылуы. Науқастың күтімінің жоспары – науқас күтімінің жоспарын жүзеге асыру үшін мейірбикенің іс-әрекеттерінің барлығы жазылған. Науқасты күту мақсатында жасалған барлық қажетті күтім шараларын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндікті жасау.
Мейірбикелік кірісулердің келесі үш түрін ажыратады: 1. Тәуелді – мейірбикенің іс-әрекеттері 2. Тәуелсіз 3. Бір-біріне тәуелді Тәуелді– дәрігердің белгілеуімен және бақылауымен жасалатын мейірбикенің іс-әрекеттері. Мысалы, инфузиялық терапияны жүргізу, антибиотиктерді енгізу, байламдарды ауыстыру және т.б.
Тәуелсіз – мейірбикенің өз ықыласымен біліктілігіне байланысты, дәрігер жақтан талап етілмеген іс-әрекеттері. Мысалы, аурудың емге реакциясын бақылау, дәрігерге дейінгі көмек көрсету, науқастың жеке гигиенасына қарасты шараларды жүргізу, аурухана ішілік жұқпаларды алдын-алу мақсатымен жасалатын шараларды, науқасқа және оның жанұясына кеңестер беру, науқастың демалуын ұйымдастыру (жағдай жасау).
Бір-біріне тәуелді – науқасқа күтім жасағанда және көмек көрсеткен кезде дәрігермен және басқа денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлерімен ынтымақтастық жасау. Мысалы, науқасты зертханалық тексеру әдістеріне және құрал-жабдықтар арқылы тексеруге дайындау, ЕДШ инструкторына, физиотерапевтке, диетологқа және т.б. кеңес берген кезде қатысуы.
4. Көрнекі материалдар: 15-20 слайд.
5.Әдебиет: «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.