2.
Оқу пəнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
12.10-сыныпта «Қазақ əдебиеті» пəнін оқытуға 34 сағат бөлінген, оның
ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға -2
сағат, сыныптан тыс оқуға – 2 сағат.
13. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:
1) XIX ғасырдың I жартысындағы əдебиет жалпы шолу -1 сағат (XIX
ғасырдың I жартысындағы қазақ елінің тарихи-əлеуметтік жағдайы. Кенесары
Қасымов, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық
көтерілістер жəне оның əдебиетте жырлануы. Қазақ еліндегі тарихи-əлеуметтік
жағдайлардың қоғамдық санаға ықпалы. Қазақ даласындағы қоғамдық өзгерістер
мен өмір құбылыстарын өлең, жыр, толғауларына арқау еткен қазақ поэзиясының
көрнекті өкілдері Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмажан сияқты ақындардың
шығармашылықтары. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ əдебиеті
тарихында əртүрлі ағымдардың пайда болуы. «Зар заман» ақындарының
шығармаларына ортақ сарындар);
əдебиет теориясы: романтизм;
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс əдебиеті;
2) Дулат Бабатайұлы «Еспембет» дастаны- 2 сағат (Ақынның өмірі мен
45
шығармашылығы туралы. Дулат – ХІХ ғасырдың орта кезіндегі қазақ поэзиясын
мазмұн, тақырып, түр жағынан байыта түскен, көркемдік тəсіл тұрғысынан жаңа
сатыға көтерген ірі ақын.Дулат өлеңдеріндегі адам образдары, табиғат бейнесі.
«Еспембет» дастанының тақырыбы мен сюжеттік желісі. Дастандағы Еспембет
образын сомдаудағы ақынның шеберлігі (жанама мінездеу, суреттеу). Еспембет
дастанындағы соғыстың жалпы панорамасы, сол сияқты жеке көріністерді, жекпе-
жек ұрыстарды сипаттаудағы ақындық шеберлік. Дастандағы Ақбөрте тұлпардың
образы. Дулат жырларының көркемдік ерекшеліктері);
əдебиет теориясы: мінездеу, суреттеу;
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: «Бес ғасыр жырлайды» кітабы;
3) Махамбет Өтемісұлы «Ереулі атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдері -2
сағат (Ақынның өмір сүрген дəуірі, ақын өлеңдерінен көрініс табатын халықтың
арман-тілегі. Махамбет жырларындағы Исатай мен ақынның өз бейнесі.
Поэзиясындағы реалистік, романтикалық сипат. Көркемдік ерекшелігі мен жанры.
Ақын шығармаларының қазақ əдебиеті тарихындағы орны.
Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдері – ұрпақтан-
ұрпаққа ұлттық сана-сезім мен отаншылдықты жалғастыратын, елдік пен ерлікті
суреттейтін шығармалар. Өлеңдеріндегі өзінің ақындық, батырлық болмысы, жан
дүниесі, мақсат-мұратының жан-жақты көрінуі. Өлеңдерінің көркемдік
ерекшеліктері мен тіл айшықтары);
əдебиет теориясы: ассонанс, символ, аллитерация, параллелизм, метафора,
риторикалық сұрақ;
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка (Құрманғазы. «Кішкентай»
күйі), электрондық оқулық (Махамбет туралы телесабақ);
өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Шаханов. «Нарынқұм зауалы» поэмасы;
4)Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы -1 сағат (Түркістан қаласы
маңында дүниеге келген суырыпсалма ақынның шығармаларында ХІХ ғасырдың
орта тұсындағы патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатынан туындаған
əлеуметтік өмірдің шынайы суреттелуі. Шортанбай – еңбекші бұқараның азапты
ауыр тұрмысын, əділетсіз билік өкілдерінің зұлымдығын əшкерелеген ақынның
бірі. Ақынның өзінен бұрын өткен игі жақсылардың іс-əрекетін аңсап, тəлім-
тəрбие мəселесін ескі салт-жоба, шариғат тұрғысынан қарастыруы. «Зар заман»
толғауында шарасыздық күйге түсу, келер күннен жамандық күту, болашақтан
үміт үзу идеясының басымдығы);
əдебиет теориясы: эпитет, теңеу, метафора, синекдоха;
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
5)Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым» өлеңі -2 сағат (Сүйінбай
Аронұлы – қазақтың ХІХ ғасырдағы көрнекті ақындарының бірі, ақындық
айтыстың ірі өкілі.Сүйінбай – қазақ поэзиясын мазмұны, түрі, тақырыбы жағынан
байытуда өзіндік орны бар ақын. Ол – халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің
əділетсіздігін бетіне басып əшкерелеп отырған батыл да, əділ сыншы. «Бөрілі
менің байрағым» - елдік рух пен ерлік тақырыбына арналған, ерліктің əнұраны
46
іспеттес өлеңі);
əдебиет теориясы: теңеу, əсірелеу;
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Жолдасбеков. Асыл сөздің атасы. -
Алматы, 1996;
6)Майлықожа
Сұлтанқожаұлы,
Қашаған
Күржіманұлы,
Алмажан
Азаматқызы, Мұрат Мөңкеұлы шығармашылықтары -1 сағат (ХІХ ғасыр поэзиясы
– өз дəуірінің шындық жайларын жинақтап қамтыған көркемдік шежіре. Осы
кезеңде өмір сүрген ақындар шығармаларында замана шындығының көрінісі,
елдік, ізгілік, адамгершілік тақырыптары, сарындастық пен талант ерекшеліктері.
Ақындар шығармаларынан көрінетін терең ойшылдық пен өткір сықақшылдық.
Ең бастысы, қоғамдағы əділдікті, халықтың бақытты болашақ өмірін аңсауы);
əдебиет теориясы: троп түрлері;
пəнаралық байланыс: музыка өнері, Қазақстан тарихы;
7) Шоқан Уəлиханов«Ыстықкөл күнделігі», «Қазақтың халық поэзиясының
түрлері»-2 сағат (Шоқанның өмірі мен шығармашылығы. Шоқан – қазақ
халқының тұңғыш талантты ғалымы, əдебиет зерттеушісі. Шоқан – қазақ, қырғыз
ауыз əдебиетін жинап зерттеуші, тұңғыш ғалым, публицист, саяхатшы-географ.
«Ыстықкөл күнделігі» - қырғыз елін жете зерттеуге қатысуынан, Ыстықкөл
аймағының картасын түсіруге тиіс болған экспедициясы нəтижесінде туған
еңбегі);
əдебиет теориясы: əдебиеттің қоғам өміріндегі маңызы;
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, орыс əдебиеті,
театр (С.Мұқанов. «Шоқан Уəлиханов» пьесасы);
8)Ыбырай Алтынсарин «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңі, «Əке мен бала»,
«Талаптың пайдасы» əңгімелері -2 сағат (Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен
ағартушылық қызметі. Жазушылық өмірінің ағартушылық идеясына өзектестігі,
демократиялық-ағартушылық көзқарасының қалыптасуы. «Өнер, білім бар
жұрттар» өлеңінде оқудың, ғылым-білімнің пайдасының баяндалуы.
Ыбырай – қазақ балалар жазба əдебиетін дамытушы жəне қазақ əңгіме
жанрының негізін қалаушы. «Əке мен бала» əңгімесінің тəрбиелік жəне тəлімдік
мəні. Мазмұнының өнегелік жағына ерекше мəн берілуі. Əңгімелерінің көркемдік
ерекшелігі);
əдебиет теориясы: əңгіме туралы түсінікті дамыту.
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
9)Абай Құнанбайұлы«Əсемпаз болма əр неге», «Білімдіден шыққан сөз»,
«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңдері, «Қараңғы түнде тау қалғып»,
«Теректің сыйы», «Татьянаның хаты», «Онегиннің хаты» аудармалары, -6 сағат
(Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті
туралы, Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы.
«Əсемпаз болма əр неге», «Білімдіден шыққан сөз», «Өлсем, орным қара жер сыз
болмай ма?» - жас ұрпаққа деген аталық мейірден, үміт пен сенімнен туған өсиет
өлеңдері. Өлеңдерінің негізгі идеясы - ғылымды меңгеру, адам бойында
47
қайырымдылық пен адалдық, қайрат пен ақылдың болуын насихаттау жəне жат
қылықтардан бойын аулақ ұстау. Абай шығармашылығындағы аударманың орны.
Абай өзі өте жоғары бағалап, сүйіп оқыған Пушкин, Лермонтов, Крылов
туындыларын қазақша сөйлетуі);
əдебиет теориясы: лирика ұғымын кеңейту;
пəнаралық байланыс: электрондық оқулық («Дара Абай – Дана Абай»
телесабақ), музыка («Абай» операсынан фрагменттер), бейнелеу өнері (Ə.Қастеев.
Жас Абай), орыс əдебиеті (А.С. Пушкин шығармалары);
10)Шəкəрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны -1 сағат (Шəкəрімнің
өмірі мен шығармашылық жолы. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі,
дүниежүзі мəдениетімен таныс болуы. Шəкəрімнің өнер-білім, адамгершілік,
болашақ, махаббат туралы лирикалық өлеңдері. «Еңлік-Кебек» дастаны –
эпикалық жанрда жазылған көлемді шығармасының бірі. Дастанда ақынның
демократиялық-гуманистік көзқарасының көрінуі. Кейіпкерлер бейнесін даралап
берудегі шеберлігі, поэма оқиғасының терең драматизмге құрылуы. Ел ішіндегі
оқиға желісінің поэмаға арқау болуы. Дастандағы батыр Кебек пен сұлу қыз
Еңліктің бейнелері);
əдебиет теориясы: дастан туралы ұғым;
пəнаралық байланыс: театр («Еңлік-Кебек» пьесасы), кино («Шəкəрімнің
соңғы күзі»);
өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мағауин «Бес арыс» кітабы;
11)Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» -2 сағат
(Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы – ақын, ақылгөй, данышпан, философ.
Шығармаларында орын алған білім, жер мəселесі, сөз бостандығы жəне халық
бостандығы мəселелері. Өлеңдерінің басты тақырыбы мен идеясы – жастарды
оқуға, білім алуға, мəдениетті мықты ел болуға үндеу. Мəшһүр Жүсіптің халық
ауыз əдебиетінің көптеген үлгілерін – дастандар мен хикаяларды, тарихи
жырларды («Ер Көкше», «Сайын батыр», т.б.) жинап, Бұқар жырау, Шортанбай,
Шөже, т.б. ақын-жыраулардың əдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдыруы);
əдебиет теориясы: дастан туралы ұғымды дамыту, рторикалық сұрау;
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс əдебиеті;
12) Мағауия Құнанбаев «Медғат – Қасым» поэмалары -1 сағат (Өмірі мен
шығармашылығы. Əкесі Абайдың əсерімен орыстың классикалық əдебиетін оқып,
үлгі алуы. Абайдың берген материалдары жəне кеңесі бойынша «Еңілік – Кебек»,
«Медғат – Қасым» поэмаларын жазуы. Мағауия қазақ əдебиетіне романтикалық
поэманың үлгісін енгізуші. «Медғат–Қасым» - қазақ жазба əдебиетіндегі өзге
халық өмірінен алып жазған көркемдігі жоғары, алғашқы романтикалық поэма.
Поэманың композициясы, бейне жасау тəсілдері, тілдік кестесі);
əдебиет теориясы: романтизм;
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс əдебиеті;
13) Жамбыл Жабаев «Шағым» өлеңі -2 сағат (Жамбылдың өмірі мен
шығармашылығы туралы. Өлеңдерінің көркемдік сипаты. Сыншылдық-сатиралық
сарын. «Шағым» – Жамбылдың ақындық жолындағы кедергілерді жеңуге деген
48
қайсарлығын, ақындық айтқыштығын танытатын алғашқы өлеңдерінің бірі);
əдебиет теориясы: сатира туралы ұғымды кеңейту;
пəнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, кино «Жамбылдың жастық шағы»,
1996 ж., сценарий авторы М.Жолдасбеков; режиссері Қ.Қасымбеков;
14. ХІХ ғасырдағы əнші-ақындар шығармашылығы жалпы шолу - 4 сағат
(ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі əнші-ақындар шоғыры. Жаяу
Мұса, Мұхит, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтар – тума талант, табиғи дарын
иелері. Олардың поэзия, музыка саласындағы мол мұрасы. Біржан сал, Ақан сері,
Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мұхит, Əсет, Үкілі Ыбырай, Естайлардың əрқайсысы
əуен-сазын өзі шығарған аса көрнекті сазгер, өзі орындайтын ұлы əнші, өлеңдерін
де өзі тудырған тамаша ақындар Біржан сал: «Лəйлім», «Жанбота», «Көкек»,
«Жамбас сипар» өлеңдері;
Ақан сері:«Сырымбет», «Балқадиша», «Маңмаңгер», «Жайықтың ақ
түлкісі», «Ақ көйлек», «Жақсы мен жаман», «Лəйлім шырақ», «Құлагер»;
Жаяу Мұса: «Сұрша қыз», «Ақ сиса», «Көгершін», «Хаулау».
Балуан Шолақ: «Ғалия», «Желп-желп», «Кенже қоңыр», «Дікілдек».
Үкілі Ыбырай: «Гəкку», «Шалқыма», «Қалдырған».
Əсет Найманбаев: «Арғынмын, атым – Əсет арындаған», «Тоты», «Қор
болмас зерек адам ақылы бар», «Адамның жасы жөнінде»);
пəнаралық байланыс: музыка, электрондық оқулық.
14. Қорытынды – 1 сағат.
15. Шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат Шығармашылық жұмыстарға
– 2 сағат. Сыныптан тыс оқыған шығармалар туралы əңгіме – 2 сағат .
3.
Оқу пəнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны
16. 11-сыныпта «Қазақ əдебиеті» пəнін оқытуға 34 сағат бөлінген, оның
ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға -2
сағат, сыныптан тыс оқуға – 2 сағат.
17. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:
1) ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті, жалпы шолу -1 сағат (ХХ ғасырдың бас
кезіндегі Қазақстанның тарихи-əлеуметтік жағдайы. 1905-1907 жылдардағы
революция мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ел өміріне əсері, əдебиет пен
мəдениеттің дамуына ықпалы. ХХ ғасыр басындағы əдебиетте жаңа жанрлардың
пайда болуы. Қазақ тіліндегі басылымдардың жарық көруі жəне елдің рухани
дамуына əсері. Алғашқы қазақ романының өмірге келуі. Проза жанрының
классикалық үлгіде дамуы. Əдеби бағыттардың пайда болуы); Əдебиет
теориясы:əдеби ағымдар мен бағыттар туралы түсінік;
2) Ахмет Байтұрсынұлы«Қырық мысал», «Маса» жинақтары -2 сағат (Ахмет
Байтұрсынұлы – қазақ əдебиеті, мəдениеті, тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті
ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. «Маса» жинағындағы өлеңдердің
мазмұны мен мəні. Аудармалары. «Қырық мысал»);
49
əдебиет теориясы: əдеби жанр туралы түсінік;
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық:
А.Байтұрсынов (мұражайлық телесабақ, 2009);
3)
Міржақып Дулатұлы «Шəкірт», «Таза бұлақ», «Оян, қазақ» өлеңдері, -1
сағат (Өмірі мен қоғамдық қызметі. «Оян, қазақ» жинағына кірген өлеңдеріндегі
азаттық идеясы);
əдебиет теориясы:роман, эпикалық жанр;
4)
Сұлтанмахмұт Торайғыров«Шəкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдері-1 сағат
(Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. ХХ ғасыр басындағы
демократтық-ағартушылық əдебиеттің көрнекті өкілі. Ақын лирикасындағы
азаматтық сарын жəне əлеуметтік қайшылықтарды суреттеуі. «Шығамын тірі
болсам адам болып», «Шəкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдерінің көркемдік
ерекшелігі. Өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбы);
əдебиет теориясы:ирония мен сатира туралы түсінік;
5)
Сəкен Сейфуллин.«Ақсақ киік» өлеңі-1 сағат (С.Сейфуллиннің
шығармашылығына шолу. Өлеңдерінің реалистік сипаты, демократтық-
ағартушылық бағытта жəне Қазан төңкерісі туралы жазылған шығармалары.
Ақынның табиғат лирикасы. Суреткерлік шеберлігі. Сəкен – қазақ мəдениеті мен
тарихында қайталанбас өзіндік орны бар азамат, күрескер ақын, тоталитарлық
қоғам құрбаны. «Ақсақ киік» өлеңінде табиғатты, оның аңдарын қорғау
мəселесінің басты проблема болып көтерілуі);
əдебиет теориясы:аллегория;
6)
Мағжан Жұмабаев «Туған жер», «Сен сұлу», «Жұлдызды жүзік, айды
алқа қып берейін» өлеңдері-1 сағат (Өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан
өлеңдеріндегі халықтық рух, азаматтық əуен, ағартушылық-демократтық сарын.
Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы. Мағжан лирикасындағы ақындық «мен».
Поэзиясындағы бейнелілік, суреттілік. Метафоралық қолданыстар. Ақын
поэзиясының романтикалық, реалистік сипаты);
əдебиет теориясы: лирика жанры;
7)
Жүсіпбек Аймауытов«Ақбілек» романы-1 сағат (Ж.Аймауытовтың
шығармашылығына шолу.Ж.Аймауытов – дарынды жазушы, драматург, ғалым,
аудармашы, көсемсөз шебері. «Ақбілек» романы. Романның тақырыбы – ХХ
ғасыр басындағы саяси-əлеуметтік жағдай жəне өмір шындығы. Адамдар
тағдырындағы өзгерістерді берудегі жазушының суреткерлік шеберлігі. Ақбілек
образының ұлттық сипаты жəне психологиялық күйзелісінің шығармада көркем
жинақталуы. Романдағы басқа да кейіпкерлер. Жазушының пейзаж бен портрет
жасау ерекшелігі)
əдебиет теориясы:мінездеу;
8)
Бейімбет Майлин«Шұғаның белгісі» хикаяты-1 сағат (Б.Майлиннің
шығармашылығына шолу. Ақын поэзиясының тақырыптары мен көркемдік
ерекшеліктері. Б.Майлиннің прозасы. Шығармашылығының басты тақырыбы –
қарапайым еңбек адамы, қазақтың қалың бұқарасының қоғамдық-əлеуметтік
өмірдегі жаңалықтарға байланысты сана-сезіміндегі өзгерістері. Майлин – əңгіме
50
жанрының шебері. Б.Майлин – драматург. Роман, хикаяттарына жалпы шолу.
«Шұғаның белгісі» - проза жанрындағы тұңғыш туындысы. «Шұғаның белгісі» -
жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, əлеуметтік əділетсіздіктерге қарсы үн көтере
бастағанын шынайы бейнелеген шығарма. Хикаяттағы басты мəселе – əйел
теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы. Хикаятта аяулы
Шұға мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Əбдірахманның қайғылы
тағдырларының суреттелуі);
əдебиет теориясы:көркем шығарма құрылысы (сюжет, композиция);
9)
Ілияс Жансүгіров.«Құлагер» поэмасы-1 сағат (І.Жансүгіровтің өмірі мен
шығармашылығы. Ілияс лирикасының негізгі тақырыптары. Табиғат лирикасы.
Ақын лирикасындағы суреттілік, бейнелілік. «Құлагер» поэмасының тақырыбы.
Поэмада қазақ өмірінің тыныс-тіршілігі, əлеуметтік тартыс-күресі, əдет-ғұрпы,
салт-санасы, үстем таптың озбырлығы, заманынан өгейлік көрген ақын қайғысы,
ақынның тіл шеберлігі, айшықты сөз өрнегі арқылы биікке көтерілуі. Поэманың
сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Көркемдігі мен тіл айшығы);
əдебиет теориясы:градация туралы түсінік;
пəнаралық байланыс:қазақ тілі, орыс əдебиеті, кино («Ақан сері»);
10) Жамбыл Жабаев«Ленинградтық өренім» өлеңі -1 сағат(Ж. Жабаевтың
шығармашылығына шолу.Ж.Жабаев – шын мағынасындағы биік парасатты
өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы.«Ленинградтық өренім» –
халық басына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді
жігерлендіретін жалынды өлеңімен Ұлы Жеңіске үлес қосуы арқылы туындаған
өлеңі. Өлеңдегі халықтар достығы мен ерліктің жырлануы);
əдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсінік, портрет;
10)
Сəбит Мұқанов«Балуан Шолақ» повесі-1 сағат (С.Мұқановтың
шығармашылық жолы. Əдебиеттің барлық жанрында сүбелі туындылар берген ірі
суреткер. «Балуан Шолақ» повесінің тақырыбы. Нұрмағанбеттің Шолақ атануы.
Балуанның бойындағы күш-қайраттың бала кезден-ақ байқала бастауы. Балуан
Шолақтың күш сынасқан палуандары. Шығарманың сюжеттік желісі мен
композициялық құрылымы. Шығарманың объективті идеясы);
əдебиет теориясы:ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман туралы.
11)
Мұхтар Əуезов.«Абай жолы» роман-эпопеясы-1 сағат (М.Əуезовтің
өмірі мен шығармашылығына шолу. Мұхтар Əуезов – қазақ əдебиетінің классигі.
Проза жəне драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. «Абай жолы»
роман-эпопеясы - əлемдік əдебиеттің алтын қорына енген шығарма. Эпопеяның
тарихилық, этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық
бейнесі);
əдебиет теориясы:образ туралы түсінік.
13) Ғабит Мүсірепов«Қазақ солдаты» романы-1 сағат (Ғабит Мүсіреповтың
өмірі мен шығармашылығы. «Қазақ солдаты» - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
қазақ жауынгерінің ерлігін көркем бейнелеген патриоттық шығарма. Қаламгердің
соғыс тақырыбын меңгеру жолындағы ізденістері. Жазушының роман кейіпкері
Қайроштың балалық шағынан қанды соғысқа қатысқанына дейінгі өмірін шебер
51
суреттеуі. Шығарманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы.
Жазушының адам портретін жасау шеберлігі, тіл көркемдігі, стилі. Шығарманың
өн бойындағы халқымыздың адамгершілік, азаматтық, батырлық, ерлік
болмысының жарқын көріністері. Əдебиет теориясы:баллада туралы. Баяндау,
суреттеу, диалог туралы түсінік); пəнаралық байланыс:тарих, қазақ тілі, орыс
əдебиеті, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы);
14) Ғабиден Мұстафин«Шығанақ» повесі -1 сағат (Ғ. Мұстафиннің
жазушылық қызметі туралы. Тарихи тақырыптағы жəне өндіріс тақырыбындағы
шығармаларын шолу. Шығармасындағы еңбек адамының образы. Шығанақ
бейнесі. Жазушының стилі, сөз қолдану ерекшелігі);
əдебиет теориясы: стиль туралы ұғым;
15) Қасым Аманжолов«Дүниеге жар» өлеңі-1 сағат (Қасым Аманжоловтың
өмірі мен шығармашылығы.Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі шығармашылық
ізденістері. Ұлы Отан соғысы кезінде туған шығармалары. Соғыстан кейінгі
жылдары жазылған өлеңдері. Лирикасы. Поэмалары. Ақын поэзиясындағы
романтизм мен реализм. Поэзиясындағы достық пен махаббат, елдік пен ерлік
мəселелерінің көркем жинақталуы. «Дүниеге жар» өлеңі тақырыптарының алуан
түрлілігі. Ақын өз өлеңдерінде ақынның қоғамдағы орны мен парызы, поэзияның
құдіретті күші, ерлік пен елдік туралы сөз қозғауы);
əдебиет теориясы:поэма туралы ұғымды тереңдету;
16) Əбділда Тəжібаев«Монологтар» поэмасы-1 сағат(Ə.Тəжібаевтың
шығармашылық жолы. Жазушының поэзия, драматургия жəне əдебиеттану
саласында қатар еңбек етуі. Лирикасы, поэмалары. Толғауларындағы замана
жайлы ірі ойлары. Шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері. «Монологтар»
поэмасының көркемдік ерекшелігі);
əдебиет теориясы:образды жинақтау жəне даралау тəсілдері;
17) Ілияс Есенберлин «Қаһар» романы-1 сағат (І.Есенберлиннің өмірі мен
шығармашылығына жалпы шолу. Жазушы шығармашылығындағы тарихи
тағылым. Тарихи роман жазуға барудағы мақсаты. Тоталитарлық кезеңдегі қазақ
тарихы мəселесі. «Қаһар» романының тақырыбы мен оқиғалар сабақтастығы.
Қаламгердің ұлт санасын оятудағы ізденістері. Кенесары бейнесі. Шығарманың
көркемдігіне қатысты ойлар. Романдағы өмірдің өзекті мəселелері, тақырыптық
ерекшеліктері жəне ізденіс арналары. Əдебиет теориясы:тарихи роман);
пəнаралық байланыс:тарих, «Көшпенділер» фильмі;
18) Сырбай Мəуленов «Сырласу сағасында», «Сəкен» өлеңдері-1 сағат
(Сырбай Мəуленовтің өмірі мен шығармашылық жолы.С.Мəуленов қазақ
поэзиясына өзінің сыршыл да əуенді лирикасымен келген жыр алыбы. Табиғат
лирикасы. Ақын өлеңдеріндегі соғыс суреттері. Сырбай өлеңдеріндегі сыршыл
сезім. Сырбай өлеңдеріндегі ұйқас, ырғақ, тіл көркемдігі.С.Мəуленов өлеңдері
тақырыптарының жан-жақтылығы мен сан қырлылығы: Отан, өмір тұрмысы,
туған жер табиғаты);
Əдебиет теориясы: силлабикалық өлең;
19)
Жұбан
Молдағалиев«Мен - қазақпын»
поэмасы-1
сағат
52
(Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына шолу. «Мен – қазақпын»
поэмасының жанры, ондағы публицистикалық сарын, эпикалық кеңдік,
елжандылық, асқақтық рух. Поэманың негізгі тақырыбы. Ақынның өз елі алдында
халқын, ұлтын таныта білуі. Тіл көркемдігі, сюжеттік даму сипаты, ұйқас
үйлесімі, екпін мен ырғақ ерекшелігі. Поэманың идеялық мұраты); əдебиет
теориясы:екпін;
20) Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін» романы-1 сағат (Т.Ахтановтың
өмірі мен шығармашылығы туралы.«Шырағың сөнбесін» романының тақырыбы,
идеясы. Романдағы өмір сүйгіштік рух. Нəзира бейнесі. Шығарманың реалистік
сипаты. Жазушының тілі);
əдебиет теориясы:тақырып пен идея;
21) Əбдіжəміл Нұрпейісов«Қан мен тер» трилогиясына шолу -1 сағат
Достарыңызбен бөлісу: |