4.
10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пəндік нəтижелер
27. Лексика бойынша:
1) берілген ойдың мазмұнына қарай қажетті сөздердің қолданылуын;
13
2) фразеологизмдердің мағынасын дұрыс ажыратуды;
3) мəтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауды;
4) 1 300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс.
28. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша:
1) түбірлес сөздердің мағыналық байланысын;
2) сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін білуі тиіс.
29. Грамматика бойынша:
1) сөздердің түрлену формаларын;
2) стилдің түрлерін білуі тиіс.
30. Сөйлесім əрекетінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым:
нақты, анық айтылған ақпараттардың мазмұнын түсіну;
радио, телехабарларда берілетін жаңалықтарды түсіну;
аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын;
2) оқылым:
əртүрлі тақырыптарда ұсынылған мəтіндерді оқып түсіну;
оқылған мəтіннің негізгі мазмұнын түсініп, баяндау;
мəтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, мағыналық бөліктерге жіктей алу;
ғылыми-көпшілік, қоғамдық-саяси, əлеуметтік-мəдени тақырыптардағы
материалдарды оқып талдау, ой қорыту дағдыларын меңгеруі тиіс;
3) айтылым:
өзінің сезімдерін, көзқарасын, ой-пікірін, армандарын жеткізе алу;
түрлі жағдаятқа сəйкес көзқарасын білдіру;
затты, құбылысты суреттеп, сипаттап айта алу дағдыларын;
4) жазылым:
өзінің алған əсері туралы қысқа, шағын əңгіме жазу;
пунктуация ережелерін сақтау;
ұсынылған мəтіндер бойынша жоспар түзу, тезис жазу дағдыларын меңгеруі
тиіс;
5) тілдесім:
əртүрлі жағдаятта диалогтік, полилогтік сұхбаттарға қатысу;
таныс жағдаяттарда сұхбатқа өздігінен араласу;
үнтаспада жазылған сұрақтарды тыңдап түсіну, сол туралы өз қөзқарасын
білдіру;
оқыған мəтін бойынша өз пікірін айту дағдыларын меңгеруі тиіс.
5.
11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пəндік нəтижелер
31. Лексика бойынша:
1) сөздің тура жəне ауыспалы мағынасын;
2) синонимдік қатардан сөз таңдай;
14
3) тұрақты тіркестер, мақал мен мəтелдер, афоризмдердің аражігін ажырата;
4) омоним, антоним, синоним сөздердің қолданылу орындарын;
5) өндірістің, ғылымның, техниканың, өнер мен мəдениеттің даму
нəтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін терминдерді;
6) лексикографиялық сөздіктерді қолдану тəсілдерін;
7) 1 300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс.
32. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша:
1) қосымшалардың түрлерін ажырата;
2) туынды сөздердің түрлерін жіктей;
3) қазақ тіліндегі сөзжасам тəсілдерін ажырата білуі тиіс.
33. Грамматика бойынша:
1) сөз таптарының грамматикалық категорияларын;
2) сөз таптарының сөйлемдегі синтаксистік қызметін;
3) құрмалас сөйлемнің түрлерін;
4) құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің айырмашылықтарын;
5) стилдің түрлерін білуі тиіс.
34.Сөйлесім əрекетінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым:
аудиотаспадан тыңдалған диалог пен полилогті түсініп, онда айтылған сөз
мазмұнын жеткізе білу;
тақырып бойынша тыңдалған пікірге, ойға баға беру;
радио, телеарналарда берілетін хабарлардың мазмұнын түсіну;
аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын меңгеруі тиіс;
2) оқылым:
мемлекеттік тілде жазылған құжаттарды оқып түсіну;
мəтіннен өзіне керекті мəліметті бөліп ала білу;
оқудың нақты мақсатына сай əртүрлі стильдегі мəтіндерден негізгі ойды
ажырата алу дағдыларын меңгеруі тиіс;
3) айтылым:
оқыған əңгіменің мазмұны, тақырыбы туралы айтып беру;
өз бетінше газет-журнал материалдарынына шолу жасап, негізгі ойды
анықтай алу;
интернет желісінен қажетті ақпаратты тауып, оны өз сөзімен баяндай алу
дағдыларын меңгеруі тиіс;
4) жазылым:
жеке адамға қатысты құжаттарды сауатты толтыру;
ұсынылған тақырып бойынша шығармашылық сипатта мəтін құрай алу;
реферат жұмысында дəйексөздерді кіріктіру жəне əдебиеттерді рəсімдеу
дағдыларын меңгеруі тиіс;
5) тілдесім:
ұсынылған тақырып бойынша полилогқа қатысу;
диалогтің түрлеріне сай пікірлесе алу;
үнтаспадағы диалогті тыңдап, өз сөзімен айтып беру;
15
нақты тақырыпта сұхбат құрастыра алу;
əңгімені жалғастыру, пікір таластыру дағдыларын меңгеруі тиіс.
6.
10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
Тұлғалық нəтижелер
35. 10-11-сынып оқушыларының:
1) Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына құрмет көрсетуінен;
2) жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен;
3) мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының жəне Қазақстан аумағында
өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мəдениетіне, салт-дəстүріне
жəне басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мəдениеттілік танытуынан,
этикалық нормаларды сақтай білуінен;
5) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға қабілеттілігінен;
6) əлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан көрінеді.
7.
10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
Жүйелі-əрекеттік нəтижелер
36. 10-11-сынып оқушыларының:
1) тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай
жəне қолдана білуінен;
2) мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен;
3) мəтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- мəтелдерді таба
алуынан жəне оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды қолдануынан;
4) өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан;
5) мəселеге қатысты өз көзқарастары мен ұсыныстары туралы пікір білдіре
алуынан;
6) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;
7) коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мəдениеттілігінен;
8) күнделікті жағдаяттарға байланысты өзгелермен сұқбаттаса алуынан;
белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан;
9) тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат т.б.) қатысып, өз ой-
пікірлерін білдіруінен;
10) тілдесім əрекетінде қазақ тілінің сөз мəдениеті нормаларын сақтап
қолдануынан;
11) тілдік жағдаяттардың ерекшелігіне сай қазақ тіліндегі этикеттік
орамдарды орынды пайдаланып сөйлесе алуынан көрінеді.
16
Учебная прграмма по предмету «Қазақ тілі»
(естественно-математическое направление)
1.
Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сəйкес
əзірленген.
2. Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пəні – орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес «Тіл жəне əдебиет»
білім беру саласына енгізілген жəне мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде
міндетті түрде оқытылатын пəн.
3. «Қазақ тілі» пəнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл
мəртебесімен дəйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде
білім алатын жоғары буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім əрекетін
мəдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.
4. Оқыту қазақ тілде емес мектептердің бастауыш білім деңгейінде
қарапайым деңгей 1-3-сыныптарды қамтыса, негізгі жəне орта деңгейлер
4-сыныптан бастап оқытылады да, 9-сыныппен аяқталады. Ортадан жоғары
деңгей 10-11-сыныптарды қамтиды.
5. 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пəнінің оқу бағдарламасы –қазақ
тілде емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді
қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім əрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым,
оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) ортадан жоғары деңгейде іс жүзіне
асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын
қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын;
білім, білік, дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық
ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды
анықтайтын нормативтік құжат.
6. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары
мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында белгіленген міндеттер
еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру
мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Бұл
үш тілді қатар білуге арналған тіл саясатына сəйкес мемлекеттік тілдің
доминанттық рөлін күшейтуге келіп саяды. Республиканың əдіскер-
ғалымдарының қатысуымен тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің
тəжірибесі мен отандық озық дəстүрлер үйлестіріле отырып, өзге тілді мектептің
негізгі орта деңгейінде қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.
7. Əлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп
меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен
олардың сипаттарының негізінде Қазақстан Республикасындағы оқыту қазақ тілді
емес жалпы білім беретін мектептердің 1-11-сыныптарында қазақ тілін үйретудің
17
деңгейлері айқындалды. Оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп
жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сəйкестендіріліп, жіктелді:
1) 10-11-сыныптардағыОртадан жоғары деңгей-В
1
екі игерімді қамтиды:
тереңдетіле қалыптасқан орташа игерім В
1.1
– 10-сынып;
тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В
1.2
В
1.2
– 11-сынып.
8. Қазақстан Республикасы халқының контингенті мен қазақ тілді емес
жалпы білім беретін мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік
ерекшелігі ескерілді жəне тілдерді деңгейлік меңгерудің еуропалық жүйесі негізге
алынды:
1) еуропалық жүйеге сəйкестендірілген тілдік деңгейлер жалпы білім
беретін орта мектептің 1-11 сыныптары бойынша сараланды;
2) негізгі жəне орта деңгейлердің тіл игеру игерімдері айқындалды;
3)негізгі жəне орта деңгейлердегі базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер
бойынша түзілді;
4) оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар негізгі жəне
орта деңгейлердің ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлесім əрекетінің бес түрі
бойынша сараланды;
5) əр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-
сөйлесімдік бөлім жəне мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша
нақтыланып ұсынылды.
9. Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың
жобаланған оқу нəтижелеріне жетуі қарастырылады.
10. Оқу пəнінің мақсаты – ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін
қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім əрекетінің түрлеріне сай оқушыны
тілдік білім негізінде əдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара
тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды
коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынас
нормаларын игерту.
11. Оқу пəнінің міндеттері:
1) жоғары сынып оқушыларының білімін тілдік, лингвомəдениеттанымдық,
этномəдени жəне əлеуметтік тұрғыдан кеңейтіп, қазақ тілін игертудің
коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;
2) оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша
жəне жазбаша) жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;
3) оқушылардың қазақ тіліндегі функционалдық сауаттылығын дамыту;
4)
мəдени-əлеуметтік,
қоғамдық-саяси
тақырыптардағы
оқу
материалдарымен жұмыс аясында оқушылардың қатысымдық құзыреттіліктерін
қалыптастыру.
12. Тілді меңгеру деңгейлерін игерімдерге жіктеу білім беруді дара тұлғаға
бағдарлау ұстанымына сай іске асырылады. Бір деңгейдің алғашқы сатысында
білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық
үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті мазмұнды меңгеруге
мүмкіндік алады.
18
13. Қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пəнінің білім мазмұнын
іріктеудеқатысымдық-əрекетшілдік,
қатысымдық-функционалдық,
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу
материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сəйкестігі; оқушының
тілді білу деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі
дамытуға, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті
іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары
басшылыққа алынды:
1) үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы
жалғастықты əдіснама, мазмұн, əдістеме жəне технология сабақтастығы
тұрғысынан оқытуды қамтамасыз етеді;
2) оқытудың əрекетшілдік негіздегі ұстанымы оқушыларды оқу-танымдық
əрекетке белсенді қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын, өзін өзі бағалау мен
өз əрекетін өзі бақылай алу дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді;
3) пəнаралық байланыс ұстанымы мəтіннен ақпаратты тауып алу тəсілі,
мəтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі жəне қосалқы ойды ажырата алу жəне
т.б. (əдебиетпен байланыс); өзектілік тəсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою,
себеп-салдарлық байланысты анықтау жəне т.б. (ана тілімен байланыс) жұмыстар
арқылы жүзеге асырылады;
4) түсіністік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында жоғары сынып
оқушыларының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,
психологиялық үйлесімді жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың
қарым-қатынас жасауына жəне олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін
тілектестік ниетті ұстану оқу үдерісі тиімділігінің маңызды шарты болып
табылады;
5) оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі деңгейдегі
күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің
тұлғалық-мəнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу
материалдарын таңдауға жəне бейімдеуге, білім деңгейлері əртүрлі оқушылардың
жоспарланған нəтижелерге жетуіне мүмкіндік береді;
6) шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда
жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзіреттілікке бағытталған
тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.
14. Пəнаралық байланыс өзге тілді мектеп оқушысының қазақ тіліндегі
сөздік қорын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, қазақ тілін қолдану
мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады. Жалпы білім беретін өзге тілде оқытатын
мектептердің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пəнін төмендегі пəндермен
байланыстыра меңгерту көзделеді.
1) «Қазақ əдебиетімен»:
қазақ тілін жүйелі əрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ əдебиеті
шығармаларынан алынатындықтан, олардың арасындағы байланыс үздіксіз
жүргізіліп отырады;
19
олар оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар эстетикалық
талғамдарын да арттыруға, көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал
етеді, тіл байлығын молайтады;
2) «Орыс тілімен»:
қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда екі тілді салыстыру əдісі, бір
жағынан, оқушының дүниетанымын кеңейтсе, екінші жағынан, тілді сапалы
меңгертуге, саналы түсіндіруге əсер етеді;
орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы байланыс сөз əдебіне қатысты
ерекшеліктерді ұғындыруда да маңызды болып саналады;
3) «Қазақстан тарихымен»:
тіл мен тарихтың байланысы термин сөздерді, басқа тілден енген сөздерді
дұрыс меңгертуде ерекше рөл атқарады;
сөздердің этимологиясын түсіндіруде де тарихи фактілерге сүйену
оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
4) «Информатика» пəнімен:
оқушыларға ұсынылатын өздік жəне шығармашылық тапсырмаларды
сапалы орындауға ақпараттық технологияларды қолданудың ықпалы зор;
интернет көздерінен материалдар тауып, оларға талдау жасау, ой қорыту,
алынған материалдарды өз жұмыстарында орынды қолдануға үйрететін жұмыстар
оқушылардың ақпарттық мəдениетін дамытуға жол ашады;
5) Жаратылыстану циклі пəндерімен:
қазақ тілінің жаратылыстану пəндерімен сабақтастықта меңгертілуі
оқушылардың сөздік қорларын молайтуға жəне түрлі тілдік жағдаяттарда қазақ
тілін орынды қолдану дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді;
қазақ тіліндегі терминдерді сауатты қолдануға мүмкіндік туғызады.
15. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ұсынылған
Типтік
оқу
жоспарына
сəйкес (10-11-қосымшалар)
жаратылыстану-
математикалық бағыттың 10-11-сыныптарында «Қазақ тілі» пəні аптасына 2
сағаттан оқытылады.
1) оқу жылындағы барлық сағат саны:
10-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;
11-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағатты құрайды.
16. Оқу пəнінің базалық білім мазмұны:
1) оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пəнінің базалық білім
мазмұнын анықтауға түрлі тілдік қарым-қатынастың ауқымында пайда болатын
жағдаяттар, жағдаятқа қатысушылар, заттар, оқиғалар, іс-əрекеттер, мəтіндер
негіз болады.
17. «Қазақ тілі» пəнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:
4)
əлеуметтік-тұрмыстық ая;
5)
əлеуметтік-мəдени ая;
6)
оқу-еңбек аясы.
20
18. Əрбір аяда қамтылған тақырыптар бірізділікті сақтай отырып, бірте-бірте
күрделенеді. Қазақ тілінің функционалдық-грамматикалық минимумдары осы
лексикалық тақырыптарды меңгерудің нəтиже көрсеткіші ретінде ұсынылады.
19. 10-сынып:
4)
əлеуметтік-тұрмыстық ая:
жаратылыстану ғылымының салалары;
«Менің əкем инженер» (отбасындағы əке мен бала қарым-қатынасы, қонақ
күту);
қаржыны дұрыс жоспарлау;
5)
əлеуметтік-мəдени ая:
техника ғылымы саласындағы белгілі тұлғалар;
Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы;
табиғат-жаратылыстану құбылыстарына қатысты адам есімдері;
технология жаңалықтары;
6)
оқу-еңбек аясы:
«Мен мамандық таңдаймын»,
«Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?»;
«Алаш
ғалымдарының
еңбектерімен
танысайық:
Ш.Уəлиханов,
Ж.Күдерин, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Тынышбаев».
20. 11-сынып:
1) əлеуметтік-тұрмыстық ая:
«Саяхатқа шығайық», «Əуежайда», «Теміржол бекетінде», «Қонақ үйде»,
«Қазақстанның жер аймағын аралаймыз»;
2) əлеуметтік-мəдени ая
«Ғарыш айлағында», «Қазақ ғарышкерлері: Т.Əубəкіров, Т.Мұсабаев»;
«Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам»;
«Сəн үлгілері»;
3) оқу-еңбек аясы:
«Əлемдегі өнертапқыштар(қалта телефоны, компьютер: пайдасы мен зияны,
т.б.)»,
«Ғылым əлемінде», «Тəуелсіз Қазақстан ғалымдары»;
«Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын».
2. Оқу пəнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны
21. Əлеуметтік-тұрмыстық ая – 18 сағат:
1) жаратылыстану ғылымының салалары - 5 сағат (Тілдік бөлім: Ғылыми
стиль. Терминдер. Лексика. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мəтіндерді
түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқу. Айтылым. Тақырып туралы
баяндау. Жазылым. Жаратылыстану ғылымының салалары туралы мəтіндер.
Тілдесім Кəсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің
21
үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог-сұрақ.
Диалог-жауап. Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Жаратылыстану ғылымы
туралы мəтіндер);
2) «Менің əкем инженер» (отбасындағы əке мен бала қарым-қатынасы,
қонақ күту) – 8 сағат. (Тілдік бөлім:Біріккен сөз. Қос сөз. Зат есім, не? Зат есімнің
көптелуі. Зат есімнің септелуі. Етістік. Етістіктің жіктелуі, көпше түрі. Арнайы
сұрақ. Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық
сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Мəтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру. Диалогтік
мəтіндер. Оқылым. Қонақ күту дəстүрі, үлкен мен кіші сыйластығы, əке мен бала
қарым-қатынасы туралы мəтіндер. Айтылым. Өз сезімін, қарым-қатынасын
баяндау. Қонақ күтуде жасалатын іс-əрекеттерді, əке мен бала арасындағы қарым-
қатынасты баяндау. Жазылым. Танымдық жазылым (оқушыны қонақ күту туралы
өз ойынан қорытынды жасап, жазуға үйрету). Оқыған мəліметтерді жазу.
Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми емес, күнделікті
тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың түрлерін үйрету).
Диалог-мəлімет. Өз отбасыларындағы сыйластық туралы сұхбаттасу, пікірлесу.
Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ халқының қонақжайлығы, үлкен
мен кіші арасындағы сыйластық туралы мəтіндер);
3) «Қаржыны дұрыс жоспарлау» – 5 сағат. (Тілдік бөлім: Ауызекі сөйлеу
стилі. Лексика. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық
сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мəтіндерді түсіну. Оқылым.
Тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқу. Айтылым. Тақырып туралы баяндау.
Жазылым. Үй төлемінің түбіртегін толтыру. Тілдесім. Кəсіби тілдесімді жүзеге
асыру(тақырыпқа
байланысты
сөйлесудің
үлгілерін,
сөздерді,
тілдік
қолданыстарды,
терминдерді
үйрету).
Диалог-сұрақ.
Диалог-жауап.
Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Отбасы, ата-ана арасындағы қарым-
қатынас туралы мақал-мəтелдер мен қанатты сөздер, тыйым сөздермен танысу.
Мақал туралы ой бөлісу).
22. Əлеуметтік-мəдени ая – 24 сағат:
1) «Техника ғылымы саласындағы белгілі тұлғалар» – 6 сағат (Тілдік
бөлім:Құрмалас сөйлем. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Қазақстанның техника саласындағы
белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мəтіндер. Оқылым
Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мəтіндер.
Айтылым. Ғылыми жоба туралы мəтіндер. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды
орындау. Оқыған мəліметтерді жазу. Ресми тілдесімді үйрету (оқушыларға ресми
қарым-қатынастың элементтерін меңгерту). Мəдениетаралық қарым-қатынас
бөлімі:Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы мəліметпен таныстыру);
2) «Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы» – 6 сағат (Тілдік бөлім:
Грамматика: Туынды сын есім. Тұйық етістік. Тəуелдік жалғауы. Ілік, табыс
септігі. Өздік есімдік. Етістік. Осы шақ. Жіктелуі. Көсемше. Лексика: Тақырып
бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым.
Қазақстан мемлекеті жəне оның құрылымы туралы мəтіндерді түсіну. Оқылым.
22
Мəтіннің стилін айыру. Мемлекеттік құрылым туралы мəтіндерді оқу. Айтылым.
Мемлекеттік құрылым туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды
орындау. Оқыған мəліметтерді жазу. Тілдесім Кəсіби тілдесімді жүзеге
асыру(тақырыпқа
байланысты
сөйлесудің
үлгілерін,
сөздерді,
тілдік
қолданыстарды, терминдерді үйрету). Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлім:
Мемлекеттік құрылым туралы мəтіндерді оқып, пікір алмасу);
3) «Табиғат-жаратылыстану құбылыстарына қатысты адам есімдері» – 6
сағат (Тілдік бөлім: Қос сөз. Біріккен сөз. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық
бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Баланың дүниеге келуіне
байланысты қазақтың салт-дəстүрлері туралы мəтін. Мəтіндегі ұлттық
ерекшеліктерді айыру. Оқылым. Мəтіннің ұлттық-мəдени мазмұнын танымдық
тұрғыдан түсініп оқу. Айтылым. Диалог-талап. Шілдеханада орындалатын белгілі
бір əрекетті не істі жасауды бір-бірінен өтіну. Баланың дүниеге келіне
байланысты қазақтың ұлттық салт-дəстүрлері туралы баяндау. Жазылым.
Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мəліметтерді жазу. Тілдесім.
Қалыптасқан тілдесім (əр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуін,
түсінісуін меңгерту). Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Отбасылық
дəстүрлер);
4) «Технология жаңалықтары» – 6 сағат (Тілдік бөлім:Есімшенің септелуі.
Ашық рай. Бірыңғай мүшелер.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Балаларға арналған, көпшілік,
ғылыми басылымдардағы техника жаңалықтары туралы мəтіндер. Оқылым.
Басылымдарыдағы техника ғылымы, жаңалықтары туралы мəтіндерді оқу.
Айтылым. Газет/журналдардың пайдасын бағалау тұрғысынан баяндау.
Жазылым. Осы тақырыпқа қатысты жазбаша жұмыстар. Кəсіби тілдесімді жүзеге
асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік
қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог. Диалог-мəлімет – белгілі бір газет,
журнал туралы мəлімет беру.Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:Алғашқы
қазақ газеттері туралы пікір алмасу).
23. Оқу-еңбек аясы – 26 сағат:
1) «Мен мамандық таңдаймын» – 8 сағат (Тілдік бөлім:Кейінді ықпал. Қос
сөз. Туынды зат есім. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Мамандыққа қатысты мəтіндер.
Оқылым. Мамандыққа қатысты мəтіндерді оқу. Айтылым. Өзі таңдаған
мамандықты сипаттай отырып, болашақта соған қатысты істейтін істері туралы
баяндау. Жазылым. Өзі таңдаған мамандық туралы əңгіме жазу. Кəсіби-
тақырыптық тілдесім – мамандық туралы тақырыптар төңірегінде пікір алмасуды
жүзеге асыру, кəсіби сөздер құрамын кеңінен қамтитын тілдік қатынасты кəсіби
түрде іске асыру. Диалог-реплика – тілдік қатынаста ойын қысқа сөздер мен сөз
тіркестері арқылы тез жеткізу. Диалог-сұрақ. Мəдениетаралық қарым-қатынас
бөлім:Қазақ суретшілері туралы мəтіндер. Көптілді білетін жастар туралы
мəлімет);
23
2) «Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?» – 8 сағат (Тілдік бөлім:Қос сөз.
Ресми стиль.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық
сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мəтіндер. Оқылым.
Тақырыпқа қатысты мəтінді оқу. Айтылым. Болашақта істейтін жұмысын
сипаттай отырып баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Кəсіби
тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді,
тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету);Мəдениетаралық қарым-қатынас
бөлім: Белгілі мамандар туралы мəлімет);
3) «Алаш ғалымдарының еңбектерімен танысайық: Ш.Уəлиханов,
Ж.Күдерин, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Тынышбаев» – 10 сағат (Тілдік
бөлім:Жаратылыстану ғылымына тəн терминдер.Ғылыми стиль.Лексика:
Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:
Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мəтіндер. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мəтінді
оқу. Айтылым. Алаш ғалымдары, олардың еңбек еткен салалары туралы баяндау.
Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Кəсіби тілдесімді жүзеге асыру
(тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды,
терминдерді үйрету). Алаш ғалымдары туралы пікірлесу, сұхбат құру.
Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлім:Алаш қайраткерлері туралы мəлімет).
Достарыңызбен бөлісу: |