Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ САЯСИ ОЙЛАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІЛІК ИДЕЯСЫ



Pdf көрінісі
бет40/157
Дата02.11.2022
өлшемі3,3 Mb.
#47031
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   157
Байланысты:
thesis147359

ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ САЯСИ ОЙЛАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІЛІК ИДЕЯСЫ 
 
Гайсина М.Б., аға оқытушы 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
 
Қазақстан өз саяси дамуында демократиялық даму жолын таңдайтындығын, саяси 
тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендікке ие болған алғашқы сәттерден бастап-ақ мәлімдеген 
болатын. Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев еліміз дамуында өз 
келбетімізге тән, өз ерекшеліктеріміз бен өз тұтыныстарымызға толық жауап беретін 
демократиялық саяси құрылымдар мен институттар жүйесін дамытуды қолдап келеді. 
Біз XV ғасырдың орта шенінде қазіргі ұлттық республикамыздың шегінде Қазақ 
Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрдық. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы 
еркін жайлап, өзгеше тұрпатты озық мәдениет жасады. Бай болды, бағлан болды. Елімізді, 
жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған жоқ. Нәтижесінде осыншама бай, 
ұлан-байтақ жерді иеленді, өзіне лайық ұрпақ өсірді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа бастар 
жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі 
биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 
жылдығын ерекше атап өткен болатын. Себебі 2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас 
өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл 
толды.  
Қазақстандық тарихшы-ғалымдардың Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» 
еңбегін негізге ала отырып, жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақ Хандығының құрылған 
жылы 1465 жыл деген қорытындысы алынды. 1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған 
емес, нығайған уақыты, халықтың өз тәуелсіздігін жариялаған емес, көрші жұрттарға біржола 
танылған мезгілі. Түптеп келгенде мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша 
кейіндету талабының бір көрінісі ғана. Қазақ хандығының құрылуы жөнінде бірден-бір дерек 
«Тарих-и Рашиди» дерегіне сүйенетін болсақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей 
мен Жәнібек хан Шибан әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен саяси күрес, жауласудан кейін 
оның билігінен бас тартып, соңына ерген жұртымен көтеріле көшіп, Шу өзінінің бойындағы 
Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. Алғаш туымыз тігілген 
Қозыбасы жері XIV-XV ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі 
аумақ. Қозыбасы атауының түп мағынасы – төңірегендегі жоталардан оқшау тұрған қозының 
басындай ғана жұмыр, аласа шоқы-төбені білдірсе керек [1, 5 б.]. 
Қазақ Ордасы құрылғанда алдымен үлкен Керей ақ киізге хан көтеріліпті. Керейдің 
нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жеңібек хан әмір жүргізеді. Жәнібектің 
қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – ол халық санасында әулиеге пара-
пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған, ұлттық тарихымызда жай ғана Жәнібек 
хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады. Әз-Жәнібек – қазақ жұртының іргесін 
бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана емес, сол халықтың бар игілігне ұйытқы болған 
асыл ұрық, ұлы әулеттің де негізін салушы.
Тұғыры көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді 
болашақ ұрпақтың еншісінде. Ата-бабаларымыздың аңсап келген «Мәңгілік ел» болу өсиетін 
қазақ халқының маңдайына біткен көрегендігі мен даналығы, әрбір ісін халқы үшін жасап 
отырған «Елін сүйген,елі сүйген» елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған 
сындарлы саясатының арқасы.
Қазақ халқының тарихын әріден бастайтын болсақ «Күлтегін» жырын, Бумын (Момын) 
қағанды еске түсіруге болар еді. Мәңгілік ел идеясын алғаш ұсынған сол ұлы бабамыз 
болатын. Күллі исі түркі жұртының бабасы Туұлы Бумын мәңгілік қара тасқа қашап тұрып 
«Мингу Ел» – «Мәңгі ел» деп кейінгі мәңгі ұрпағына жазып қалдырды. Талай жыл өздеріне 
үстемдік жүргізіп келген Жыужан мемлекетін құлатып, түркі жұртының мәңгілік елдігінің 


77 
негізін қалаған құрама жұртты өзі тумысынан шыққан тайпаның атымен атамай, мәңгілік ел 
құраған ұлы халықтардың ортақ шыққан тегін ескеріп, өздерін «біз түркі халқымыз» (түрк 
будынымыз) деп жалпақ әлемге жария еткен [2,14 б]. 
Көшпенді өмір салтының рухани жаршылары мен сақтаушылары ақындар мен 
жыраулар болды. Олардың мұрасы бізге даланың ауызша тарихы арқылы жетті. Өмір 
шындығын батыл жырлағандықтан, халық жырауларды «әділеттілік жаршылары» деп атады. 
Олар дала өлкесінде хандар мен сұлтандардың кеңесшілері, билік қасындағы халық өкілдері 
болды. Жыраулар мұрасы ұрпақтан ұрпаққа ауызша берілгендіктен олардың жырына мәңгілік 
ел мен әділетті өмір туралы өз ұғымдарын қосып отырды. Сол себепті ХХ ғасырға дейінгі 
қазақ даласындағы саяси ақыл – ой әлеуметтік – утопиялық сипаттағы идея болды.
Көшпелі қоғам әлеуметтік-саяси ойының тағы бір ерекшелігі, оның адамгершілік 
қағидасына толылығы. Бұл, сонау әл-Фараби бабамыздан бастау алған «Адам бол!» идеясы. 
Абай бұл қағиданы жаңа биіктікке көтерді және бұл үрдіс қазіргі қазақ ақыл – ойында да 
жалғасын табуда. Қазақ қоғамы ақыл – ойының осы бір қырын шетелдік зерттеушілер де 
көрсетті. Қазақ ұлтының тарихын зерттеген шетел ғалымдары туралы зерттеу жүргізген 
отандық тарихшы М.Лаумулин өзінің «Сырттан көзқарас» атты еңбегінде былай деп жазды, – 
«Қазақ қоғамындағы құқықтық және әлеуметтік қатынастар адамгершілік идеясына 
негізделген» [3, 71 б.].
Көшпенділер өз Отанын, жерін ерекше қадірледі. Бізге жеткен аңыздардың бірі осы 
сүйіспеншілікті жырлайды. Ғұндар ханы Мөде халқына соғыс қасіретін әкелмес үшін 
жауларына қадірлі арғымағы мен сүйікті жарын беруге келісті. Бірақ, одан батпақты жерді 
сұрағанда Мөде хан қасиетті жер үшін қан төгуге бұйырған [4, 52 б.].
Ата – бабамыз өр рухының өшпес тұғырына айналдырған «Мәңгілік ел» идеясы дала 
өлкесінде саяси тұрақтылықты қамтамасыз етті. Өте күшті орталықтандырылған саяси билік 
болмаған дала өлкесі саяси тұрақсыздыққа ұшыраған жоқ. Елбасы Жолдауында осының куәсі 
болар айрықша жолдар бар, – «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі 
ұлы Қазақстан! Мәңгілік ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңрағымыздың ұлттық идеясы. 
Бабаларымыздың арманы». 
Қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын құрайтын алып даладағы әлеуметтік – 
саяси ақыл – ой мен мәңгілік елдікті аңсау идеясының дамуы бес кезеңнен өтті.
1. Философ – ғұламалардың қоғамдық – саяси көзқарастары. Олардың ілімдері грек 
және араб мәдениетінің қағидаларына негізделді. Ең көрнекті өкілдер әл – Фараби мен Ж. 
Баласағұн.
Әл – Фараби (870-950 ж.ж.). Оның қоғамдық саяси көзқарастары «Қайырымды қала 
тұрғындарының көзқарастары», «Мемлекет қайраткерінің даналығы» және т.б. бүкіл әлемге 
әйгілі трактаттарында көрініс тапты.
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатында әл – Фараби қала – 
мемлекеттерді салыстыра отырып мәңгіілк ел мен ең әділетті қоғамды іздейді. Еңбектен грек 
ақыл – ойының, әсіресе Аристотельдің әсері айқын сезіледі.
Ал, «Мемлекет қайраткерлерінің даналығы» трактатында әл – Фараби өзін шығыс 
ойшылы ретінде танытты. Ол енді үлгілі, әділетті қоғам мен мәңгілік елдікке бастаушы 
ақылды, қайырымды билеуші туралы аңсайды. Оның ойынша, адам надан билеуші билеген 
елден ғылым – ілімнің дамуына қамқорлық жасап отырған білімді билеушісі бар елге кетуі 
тиіс. ХХІ ғасырда өмір сүріп отырған қазақ ұлты, әл – Фараби сынды ұлы бабасы аңсаған 
мәңгілік елдікке бастаушы көреген дана һәм қажымас қайраткер Елбасының тарихи 
шындыққа айналғандығының куәсі болып отыр. 
Ж.Баласағұнның (1017 - белгісіз) көзқарастары «Құтты білік» дастанында көрініс 
тапты. Ж. Баласағұн әміршінің өз халқы алдындағы үш қасиетті міндетін көрсетті. Біріншіден, 
билеуші мемлекетін күмістей таза ұстауы қажет. Екіншіден, билеуші заңдары бірін – бірі 
жоққа шығармауы қажет. Үшіншіден, билеуші өз еліндегі ең мардымсыз өзгерісті де біліп 
отыруы қажет.


78 
Сол сияқты халықтың да үш қасиетті міндеті бар. Біріншіден, халық өз билеушісін 
құрметтеуі. Екіншіден, халық әмірші салған алым – салықтарды уақытында төлеп тұруы. 
Үшіншіден, халық қашанда өз әміршісінің жанында табылуы қажет.
Осы қасиетті міндеттер дұрыс атқарылуы үшін әмірші мен халық қоғамдық келісім 
жасауы тиіс. Осы жерде көрсетілетін ақиқат әрі біз үшін мақтаныш сезімін тудыруы тиіс факті 
Еуропа ақыл – ойында қоғамдық шарт теориясы (Т.Гоббс, Д.Локк және т.б.) тек Жаңа кезеңнен 
бастап даму алды.
Егер әл – Фараби мұрасы адамгершілік, әділеттілік қағидаларына толы болса, Ж. 
Баласағұн мұрасы қазіргі дәуірмен үндесіп жатыр. Мұның өзі олардың мәдени мұрасын терең 
зерттеу қажеттігін көрсетеді.
2. Сопылық ағым өкілдерінің қоғамдық – саяси көзқарастары Қ.А. Иассауи, 
С.Бақырғани және т.б. мұсылман дінін уағыздаушылар ойларында көрініс тапты. Олар 
жаратушыға деген ұлы сүйіспеншілікке шақырды. Өзінің «Диуани хикмет» (Ақыл кітабы) 
атты еңбегінде Қ.А. Иассауи халықтың өз билеушісіне қарсы шығуын үлкен күнә санады. 
Сопылық ағым өкілдері билеушіні қайырымды болуға шақырды. Егер әкесі ұлына қандай 
қамқорлық көрсетсе, әмірші де өз халқына осындай қамқорлық көрсетуі қажет. Мәңгілік 
елдіктің ең басты қағидаларының бірі Елбасы мен халық бірлігі. Осы тұрғыдан келетін болсақ, 
сопылық ағым өкілдерінің қоғамдық – саяси көзқарастарының, қазіргі қазақ елі халқының 
қоғамдық санасымен үндесіп жатқандығын көруге болады және мұның өзі елдің саяси 
тұрақтылығы мен экономикалық гүлденуінің ең басты алғышарттарының бірі. 
3. Жыраулар мен ақындардың қоғамдық – саяси көзқарастары. Олардың көзқарастары 
көшпелі ортаның өз ішінде қалыптасып дамыды. Ең көрнекті өкілдері Асан Қайғы мен Бұқар 
жырау.
Асан Қайғы (1361 – 1469) өз қиялындағы аралын (Утопия) іздеді. «Жерұйықта» 
адамдар бақытты өмір сүреді, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман болды. Бұл 
әлеуметтік утопизм идеясының алғашқы көрініс табуының бірі болды.
Асан Қайғының «Жерұйық» идеясы адам баласының ақыл-ойы дамуының 
тарихындағы аса ұлы идеялардың бірі. Бұл да – өте терең, ұлы гуманизмге толы ғажап идея. 
Халқының болашағын ойлап, ұлтының қамын жеген дара ойшыл қазақтың кең даласын 
шарлап адамға да, малға да жайлы жұмақ болар жерді іздейді. Сол жерде қазақ халқының жаңа 
Ордасын, Мәңгілік елін құруды мақсат етеді. Ол елде жұрттың бәрі тең, бәрі шат – шадымен 
тіршілік етеді. Ел аласы, ру таласы болмайды. ХХІ ғасырдағы қазақ ұлты, дана бабасы аңсаған 
«Жерұйықта» өмір сүріп отырғандықтарын, Мәңгілік елге бастаған Елбасы туының астына 
топтасып, жарқын да мәңгілік болашақ жолына нық қадам басқандықтарын мақтаныш 
сезіммен алға тарта алады [5, 28 б.].
Бұқар жырау (1685 – 1777). Қазақ даласында өте күшті орталықтандырылған мемлекет 
болуын аңсаған жыраулар тобының бастауында тұрды. Ол күшті хан билігін жақтады. Хан 
жанында «Хан кеңесі» болуы тиіс. Хан олардың ақылын өзі қажет деп санаған жағдаяттарда 
пайдаланады. Қазақ жырауларының алыбы Бұқар жырау аңсағын өте күшті 
орталықтандырылған мемлекет ХХ ғасырдың аяғында, әлем мойындаған саяси қайраткер Н.Ә. 
Назарбаевтің басшылығымен құрылды.
4. Қазақ ағартушыларының қоғамдық – саяси көзқарастары орыс ағартушылары мен 
революционер-демократтар ықпалымен дамыды. Ағартушылық негізгі білім, ғылым бәрін 
түзейді, бәрін құтқарады деген қағидаға табыну болды.
Ш.Уәлиханов (1835 – 1865). Көшпелі қоғам әлеуметтік құрылымы мен сот жүйесін 
зерттеді. Оның көзқарастары «Даладағы мұсылман діні», «Сот реформасы туралы хат» және 
т.б. еңбектерінде көрініс тапты.
Құранды игерудегі кейбір айырмашылықтар, сол елдің жағырафиялық орналасуына 
тәуелді. Егер, жағырафиялық факторлардың қоғамның әлеуметтік және саяси өміріне тигізетін 
әсерін зерттеу қажеттілігін адамзат шын мәнінде тек ХІХ ғасырдың аяқ кезінен сезіне 


79 
бастағанын ескерсек Ш.Уәлихановты жағырафиялық саясат теориясының негізін қалаушылар 
Ж. Баден, Ш.Л. Монтаскье есімдерімен қатар атауға болады.
Қазіргі қазақ елінің жағырафиялық саяси орналасуы өте күрделі. Қазақ елі үш діни 
өркениет ислам елдері, христиан елдері мен будда – конфуциан елдерінің бір – бірімен теке – 
тіресе түйіскен қиылысында орналасқан. Әлемде белең алған жаһандану дәуірінде ата – 
бабамыздан қалған дәстүрлі ұлттық құндылықтарымызды, осы қиылыстан аман алып шығуда 
қазақтың ғұлама ұлы Ш.Уәлихановтың жағырафиялық – саяси идеяларын пайдалану ұлттық 
құндылықтарымызды әлемге мойындатудың бірден – бір жолы әрі ол тәуелсіз мемлекеттің 
рухани – идеялық тіректерінің бірі болары сөзсіз [6, 2-3 бб.].
5. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық – саяси көзқарастары. Қазақ 
елінің тәуелсіздік туралы идеясының ғылыми – теориялық базасын ХХ ғасырдың басындағы 
қазақ зиялылары қалады. Қазақ зиялылары енгізген діни талаптар мен зайырлы 
құндылықтардың бір – бірін толықтыра өмір сүруі ұстанымдары, діни және зайырлы 
ерекшеліктерді біріктірген сайлау жүйесі, әлеуметтік төңкерістер жағдайында ұлттық 
мемлекеттілікті құру ұстанымдары қазіргі заманда да ең озық идеялар болып отыр.
М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» жырымен ілесе қазақ зиялыларының ұлттық сана – сезімі 
қалыптаса бастады. Ұлттық сана – сезімінің бекуіне 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс үлкен 
әсер етті. Ұлт зиялылары көзқарастарында ұлттық мақтаныш, ұлттық мәдениет сезімдері 
көрініс тапты. Бұл кезеңде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, К.Тоғысов, 
М.Тынышпаев, М.Шоқаев және т.б. ұлт зиялылары қазақ жерінің мемлекеттік тәуелсіздігі 
идеясын көтерді. Қазақ жері тұңғыш рет саяси тартыс сахнасына айналды. «Алаш», «Үш жүз» 
атты екі ұлттық партия және көптеген ұлттық саяси ұйымдар құрылды. Бұлар артына орасан 
зор қоғамдық – саяси идеялар қалдырды. Осы идеяларды зерттеп, қазіргі ұрпақ пайдасына 
жарату тарих ғылымының кезек күттірмейтін міндеті болып табылады [7, 16 б.].
Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оның жер 
байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатындағы 
мемлекеттің бірі болуының өзі Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан
негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» мен Елбасы салған 
сындарлы сара жолымен жүріп келе жатқан және «Қазақстан – 2030 стратегиясының» бүгінгі 
күнде мерзімінен бұрын орындалып, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер 
ұйымының конференциясының өтілуі, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының өтілуі, ЕXPO-
2017 көрмесінің Сарыарқаның төрінде өтуі бұл қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі 
жарасқан, толерантты мемлекет екенін дәлелдеді.
Қазақ хандығының жалғасын бүгінгі күні Тәуелсіз Егеменді елдің көк байрағын көкке 
желбіретіп, әнұранымен рәміздерін, халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін дүниежүзіне 
мойындатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі. Оған дәлел 2014 жылғы 11 қарашадағы Елбасының 
«Нұрлы жол» халыққа жолдауында «Біздің Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік елді басты 
бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті 
қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет