Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет18/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,06 Mb.
#5909
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58

Жарнама  -  өмірдің  көпастарлы  саласы.  Оның  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси,  психологиялық, 
лингвистикалық  т.б.  астарлары  болады.  Мысалы,  лингвистикалық  тұрғыдан  алғанда,  жарнама  –  сөз, 
жарнама – сөйлем, жарнама бірнеше сөйлемнен тұратын мәтін немесе шығарма, тіпті бөлек кітап, кино 
болуы да мүмкін.  
Мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  ие  болған  тілдің  қоғамдық  қызметінің  аясы  өркен  жая  кеңейіп,  сөз 
байлығы  молайып,  көркемдік  өрнегі  айшықтала  бермек.  Белгілі  бір  саланың  әлеуметтік,  саяси, 
экономикалық,  мәдени  өмірімізде  атқарар  қызметі  қандай  болса  –  онда  қолданылған  тілдің  мәні  мен 
маңызы да сонша.  
Жарнама  тілі  халық  арасында  кең  тараған  тіл  болуы  шарт,  әйтпесе  бейтаныс  тілде  жарияланған 
жарнама, әлеуметтік тұрғыдан танымал болмауына байланысты, иесін таппас жүйесіз сөз болып қалмақ. 
Ал көпшілікке танымал тілде жарияланған жарнама шын мәнінде жарнама болуы үшін, тіл мен стиль 
тұрғысынан алғанда, әрі қысқа, әрі нұсқа, жалпыға түсінікті де әсерлі жазылуы шарт. Жарнама тілінің 
сөздік құрамы жағынан да өзіндік ерекшеліктері болады.  
1.
 
Жарнама тілі бай болуы тиіс. Сөздік құрамы жұтаң келген жарнамаға көпшілік елең етпейді.  
2.
 
Жарнама тілінің сөздік құрамы өмір талабына сай, өзгеріп, дамып отыруы қажет. Өмір жылжып 
алға басса, ол тілде көрініс беруі тиіс, ал оны өрнектеуші сөз өзгеріссіз қала алмайды.   
Халықтың әлеуметтік өміріндегі: өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, ғылымдағы және техникадағы, 
өнер  мен  мәдениет  саласындағы  даму,  олардағы  жаңалықтар  лексикаға  да  үнемі  ықпалын  тигізіп  отырады. 
Кейбір сөздердің қолданылу аясы кеңісе, бірсыпырасының жұмсалу өрісі тарыла бастайды. Ал кейбіреулері 
қолданыстан мүлдем шығып қалып, архаизм немесе көнерген сөздерге айналады.  
Қазіргі кезде жарнама тілінің сөздік құрамы, үздіксіз баю үстінде. Тіліміз ішкі мүмкіндік негізінде 
пайда  болған  сөздермен,  жаңа  атау,  терминдермен,  терминдік  тіркестермен  толыға  түсуде.  Сонымен 
қатар бұрын қолданылған сөздердің жаңаша, жаңғыртыла қолданылуы да жиі кездеседі.  
Жарнама  саласында  пайда  болып  отырған  сан  алуан  жаңа  сөздер  мен  тіркестерді,  жаңа 
мағыналарды  туғызып  отырған  факторлар,  ең  алдымен,  жоғарыда  айтылғандай,  өмірдің  өзі  әкелген 
жаңалықтар,  соларды  атау  қажеттігі.  Мұндай  жаңалықтар  тек  жарнама  саласында  ғана  емес,  өмірдің 
барлық саласында пайда болуда, соның ішінде күнделікті өмірде жиі көрініс беруде.  
Жалпы алғанда, жарнама саласында қолданылған тіл - қоғамдық қызметін дамыту мүмкіндігі мол 
тіл.  Жарнаманың  жарнамалық  қадір-қасиеті  жарнамаланған  затқа  (құбылысқа)  ғана  байланысты  емес, 
жарнаманың тілі мен стилінің тартымдылығына да байланысты.  
Жарнама тек қана баспасөзде жарияланатын немесе тек қана ақпарат құралдарына қажет нәрсе деп 
қарамауыз керек. Жарнама деген - қоғам менен іскерлік жүйесінің үлкен және құрамдас табиғи бөлігі. 
Жарнаманың  пайда  болған  алғышарттары  мен  потенциалды  мүмкіндіктері  мен  шектеулерін  түсінген 
жағдайда ғана оның қағидаттары мен әдістерін түсінуге болады.  
Қазақ  жарнамасының  болашағы  өте  зор  және  бұл  сала  дамытуға  тұрарлық.  Дегенмен,  біздің 
іскерлік  жағынан  енді  ғана  аяқтанып  келе  жатқан  жас  мемлекетімізде  қазақ  тілінің  мемлекеттік 
мәртебеге  ие  бола  тұрып  жарнама  саласында  кенжелеп  қалуының  мынадай  нақты  обьективтік  және 
субьективтік себептермен атап өткенді жөн көрдік.  
Обьективті  себептердің  бірі  -    бүкіл  өркениетті,  экономикалық  жағынан  дамыған  елдердегі 
сияқты  қабылданған  заңның  болмауы.  Заң  қабылданған  жағдайда  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес 
мекемелердің жарнама берулерінде бұл заңның орындалуын қадағаламауы мүмкін.  

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
116  
Екінші  обьективті  себеп – енді ғана қалыптасып келе жатқан іскер топтардың мемлекеттік тілді 
назарына  алмауы,  бұл  мәселе  міндетті  түрде  шешілуі  керек.  Бұл  үшін  бүкіл  экономиклық  құжаттар 
міндетті  түрде  бірден  қазақ  тілінде  толтырылып,  содан  кейін  ғана  тиісті  жерінде  орыс,  ағылшын  т.б. 
тілдерге аударылуы керек. Егер де бұл мәселе шешілсе жарнамалар да бірден қазақша құрастырылып, 
содан кейін ғана басқа тілдерге аударылған болар еді.  
Үшінші обьективті себеп – нарықтық қарым-қатынастың қазақ халқының ұлттық менталитетінен 
алшақтау  болуының  себебінен  жарнама  да  ұлттық  мүддеден  алыстау  жағдайда  болды,  бірақ  та  
қоғамымыздағы өзгерістерді  ескере отырып, бұл жағдайда түзетулер енгізуге атсалысу міндетіміз деп 
есептейміз.  
Қазақ  жарнамасының  қазіргі  қоғамымызда  өз  орнын  таба  алмауына  ықпал  еткен  субьективті 
себептер:  
1.
 
Бүкіл қазақ баспасөзінде биресми, реми баспасөзде, тіпті орыс тіліндегі басылымдардың өзінде 
де жарнама аздау. Оған бұрыңғы идеологиялық кедергілердің сақталуы әсер етуде; 
2.
 
Қазақ оқырмандары бастапқы кезде жарнамаларға құштар болмады; 
3.
 
Жарнама  берушілер  өз  жарнамаларының  мемлекеттік  тілде  берілуін  қажет  етпеді.  Алайда 
замана  қиындығына  байланысты  жағдайы  нашарлап  отырған  қазақ  тіліндегі  БАҚ  (бұқаралық  ақпарат 
құралдары)  үшін  жарнама  қаражат  таншылығынан  шығұдың  көзі  еді.  Қысқаша  айтқанда,  жарнама  - 
қазақ бұқаралық ақпарат құралдары үшін күнкөріс көзі де еді;  
4.
 
Қазақ тілінде жарнама жасайтын бірде-бір арнаулы орынның болмауы
5.
 
Қазақ тілінде жарнама жариялау тиімсіз деп танылу т.б. 
Негізгі  деген  себептерді  атап  өте  отырып,  уақыт  ағымы,  қоғамдағы  өзгерістер  мемлекеттік  тілде 
берілген жарнамаларды қажет ететінін біртіндеп дәлелдеп келе жатыр. Сондықтан да бүкіл басылымдар 
қазіргі таңда экономикалық дербестік алу және өз таралымын (тиражын) көбейту әрі аудиториясының 
талабына сай болуы үшін осы бір қиын да қызықты саланы игеруге мәжбүр болып отыр, болады да.  
Жарнама – тек қана экономикалық құбылыс емес, әлеуметтік сипаттағы құбылыс, сондықтан да ол 
әлеуметтік лингвистика  құзырындағы мәселе.  Жарнама жеке адамның ойдан шығарған туындысы емес, 
ол ұлттар мен халықтар қарым-қатынасының нәтижесінде пайда болған қоғамдық құбылыс. Жарнаманы 
әрбір адам қолданады, бірақ оны жеке адамның қарақан басы үшін жасалған дүние болмайды. Жарнама 
адамдардың  өзара  қарым-қатынасқа  түсуі  қажеттілігінен  туындаған,  оны  адамдардың  бір-бірімен 
байланыс жасауына себеп болған құбылыс десек болады. себебі, жарнамалаудың кез-келгені тіл арқылы 
жүзеге асатындықтан, тіл мен жарнама саласы өте тығыз байланыста болады. Дүние жүзінде қанша тіл 
болса,  жарнама  да  азды-көпті  сонша  тілде  таратылады.  Жарнама  тілінің  даму  дәрежесін  анықтау 
әлеуметтік  лингвистиканың  үлесіне  тиеді.  Әр  елдің  жарнама  тілінің  даму  деңгейі  әр  түрлі  болатыны 
баршамызға белгілі. Оны анықтау өте қиын, себебі  ішкі құрылысы мен қоғамдағы қолданылу аясына 
байланысты тіл әр түрлі болып келеді.  
Жарнама  қоғамдық  өмірдің  қанша  саласында  қызмет  етсе,  оны  соншалық  зерттеу,  тану 
соншалықты қиын іс. Жарнама ғылымының барлық саласымен тығыз байланысты болғандықтан, оның 
астарын ашып, елге жан-жақты таныту күрделі де, жауапты жұмыс екендігін еске ала отырып, жарнама 
тілін мынадай лингвистикалық ереже арқылы біршама нақтылауға болады:  
1)
 
Кез-келген  жарнамада  қазақ  тілі  заңдылықтарының  толық  сақталуы,  жарнамадағы  сөздердің 
орын тәртібінің дұрыс қойылуы, сөйлем мазмұнының дәл берілуі; 
2)
 
Жарнама  -  әдеби  тіліміздің  сүбелі  бір  бөлшегі  екенін  ескере  отырып,  оның  мәтінінде  тілдік 
мәнерлеу құралдарының дұрыс, ұтымды қолднылуы; 
3)
 
Қазақ  тілінің  барлық  орфографиялық,  орфоэпиялық,  емле  ережелерінің  жарнама  тілінде 
мүлтіксіз орындалуы. 
Қазақстан лингвистикалық егемендік (Б.Хасанов термині) алып, аумағындағы тілдерді өз бетінше 
дамытуға  мүмкіндік  алған  жағдайда  жарнамаларын  өз  тілдерінде  жариялай  бастады.  Күллі  жарнама 
республикада  он  шақты  тілде  (қазақ,  орыс,  ағылшын,  түрік,  неміс  т.б.)  жариялануда.  Соның  ішінде 
қазақша  жарияланған    жарнамалардың  өзіне  тән  әлеуметтік  лингвистикалық  өлшемі  мен  айырым 
белгілерін көрсету жұмыстың маңызды бір бөлігі.  
Жарнама  тілінің  бейнелі  де  әсерлі  болуы,  әдеби  нормаға  сай  болуы  -  өмір  талабы.  Қазақ  тілі  – 
мемлекеттік  мәртебелі  тіл.  Сондықтан  жарнамаларды  тіл  мәдениеті  тұрғысынан  мінсіз  жариялау 
бірден-бір міндет.  
 
ӘДЕБИЕТ 
 
[1] Феофанов О.А. США: Реклама и общество. М., Мысль, 1974. – С.19. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
117 
[2] Большая Советская энциклопедия. 21 т. М., 1975. С.611-612. 
[3] Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3 т. Алматы. 1978. 698-бет. 
[4] Қазақ совет энциклопедиясы. 9 т. А., 1976., 461-бет. 
[5] Садыков К. Телерадио реклама: анализ и прогноз // Казахстанская правда. 26 ноября 1996 г. 
[6] Куренина С., Сухановская Р. Печатная торговая реклама. Москва, 1966. С. 73-79. 
[7] Эдвардс Ч., Браун Р.Реклама в розничной торговле США. М., 1967. С.9. 
[8] Орусбаев О.А. Функциональная дистрибуция языков (на материале языковой практики в  Киргизии). Дис. док. 
филол. наук. –Фрунзе, 1990. 
[9] Хасанов Б.Х. Ана тілі – ата мұра. Алматы: Жазушы, 1992, 177-бет. 
 
REFERENCES 
 
 [1] Feofanov O.A.  USA: Advertizing and society. M.,  Mysl, 1974, 19p. (in Russ.). 
 [2] Big Soviet encyclopedia. 21v. M., 1975, 611-612. (in  Russ.). 
 [3] Explanatory dictionary of Kazakh language. 3v. Almaty, 1978. 698p.  (in Kaz.). 
 [4] Kazakh soviet encyclopedia. 9v. A., 1976, 461p. (in Kaz.). 
 [5] Sadykov K. Teleradio advertizing: analysis and forecast. Kazakhstnanskaya Pravda. 26 november 1996. (in Russ.). 
 [6] Kurenina S., Suhanovskaya R.  Print trade advertizing. Moscow, 1966.  P. 73-79. (in Russ.). 
 [7] Edvards Ch., Braun R.  Advertizing in retail trade of the USA. M., 1976. 9p. (in Engl.). 
 [8] Orusbaeva O.A. Functional distribution of languages (on material of language practice in Kyrgyzstan).  Dis. doc. filol. 
science. – Frunze, 1990. (in Russ.). 
 [9] Khasanov B. Native language- heritage. Almaty: Zhazushi, 1992, 177p. (in Kaz.). 
 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ ЖАРНАМАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Асанбаева С.А., Бекбулатова Ж.О. 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан 
 
Тірек сөздер: жарнама, жарнамалау, жарнама тілі, жарнама мәтіні, жарнама анықтамасы 
Аннотация.  Мақала жарнама саласындағы мемлекеттік тіл қызметінің теориялық және практикалық маңызды мәселелері 
мен  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің қоғамдық қызмет көлемі нақтыланып, жарнама тіліне анықтама берілген. 
Сондай-ақ  «жарнама»,  «жарнама  тілі»  түсініктеріне  анықтама  беріліп,  мазмұны  айқындалған,  жарнама  тілінің 
психолингвистикалық  ерекшеліктері  мен  мемлекеттік  тілдегі  жарнаманың  әлеуметтік-лингвистикалық  өлшемі,  қызметі 
көрсетілген. Республикадағы жарнама тілінің қазіргі кездегі жағдайы жан-жақты сипатталып, зерттеу жұмысында жарнаманың, 
жарнама тілінің дамуына ықпал ететін объективті, субъективті факторлар нақты мысалдармен берілген.  
Мақалада  жарнама  мәтіндеріндегі  тілдік  ерекшеліктер,  ондағы  көріктеу  құралдарының  қолданылуы  мен  жарнама 
мәтінін безендіру ерекшеліктері, көріктеу бейнелеу тәсілдері берілген.  
Автор  мемлекеттік  тілдің  жарнама  саласындағы  қызметін  анықтау,  осы  саладағы  қазақ  тілінің  қолдану  аясының 
кеңейтудің жолдарын іздестіріп, әлеуметтік-лингвистикалық мәселелерін шешудің алғышарттарын жасаған. 
    
Поступила 19.03.2015 г. 
 
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 3, Number 301 (2015) 
 
 
UDK 657.044 
The ways of improving inventory accounting 
 
A.T.Kokenova
1
, A.R.Kalymbetova
2
 A.A.Saparova
2
 
aiganymk@mail.ruAigul72@mail.ruSaynura_1977@mail.ru 
 
1
International Humanitarian and Technical University, Shymkent 
2
International Kazakh-turetskyi University after H.A.Yassavi, Turkestan 
2
International Kazakh-turetskyi University after H.A.Yassavi, Turkestan 
 
Keywords: inventory, inventory, accounting policy, responsibility centers, cost.  
Abstract. This article discusses ways to improve the inventory in the agricultural organizations. The objectives 
of reforming the accounting system in Kazakhstan - to create conditions for the timely and efficient performance of 
its  functions  the  accounting  system  within  a  particular  economic  environment.  This  requires  the  maintenance  of 
proper  accounting  Kazakh  generally  accepted  international  accounting  standards.  Each  enterprise  in  spite  of  the 
chosen methods of cost accounting, it is important information about the formation of inventories. It is necessary to 
identify effective material costs on the responsibility centers. In the agricultural organizations in the process of crop 
production and animal husbandry important expenditure items are material costs. 
 
УДК 657.044 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
118  
 
Қорлар есебін жетілдіру жолдары 
 
 
А.Т.Кокенова
1
, А.Р.Қалымбетова
2
, А.А.Сапарова
2
 
 
aiganymk@mail.ruAigul72@mail.ruSaynura_1977@mail.ru 
1
Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті, Шымкент қаласы 
2
Международный казахско-турецкий университет имениХ.А.Ясави, Түркістан қаласы 
2
Международный казахско-турецкий университет имениХ.А.Ясави, Түркістан қаласы 
 
Кілт сөздер: қорлар, өндірістік қорлар, есеп саясаты, жауапкершілік орталықтары, шығындар. 
Аннотация.  Бұл  мақалада  қазіргі  таңда  ауыл  шаруашылығы  ұйымдарында  қорлар  есебін 
ұйымдастыруды  жетілдіру  жолдары  қарастырылған.  Қазақстандағы  бухгалтерлік  есеп  жүйесін 
реформалаудың  мақсаты  -  нақты  экономикалық  ортада  бухгалтерлік  есеп  жүйесінің  өз  қызметтерін  тиімді 
және ұақытылы орындау үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін қазақстандық бухгалтерлік 
есеп  жүйесінің  әлемде  жалпы  қабылданған  бухгалтерлік  есеп  жүргізу  принциптеріне  сәйкес  болуын 
қамтамасыз ету қажет. Әрбір кәсіпорында таңдалған шығындар есебін ұйымдастырудың әдісіне қарамастан 
материалдық-өндірістік  шығындар  туралы  ақпаратты  қалыптастыру  маңызды  болып  табылады.  Жеке 
жауапкершілік орталықтарына қатысты бюджет баптарымен байланыстағы тиімді материалдық шығындарды 
анықтау  қажет.  Ауыл  шаруашылығы  ұйымдарында  өсімдік  шаруашылығы,  мал  шаруашылығы  өнімдерін 
өндіру барысында маңызды шығын баптары болып материалдық шығындар  табылады. 
 
Бухгалтерлік  есеп  жүйесін  реформалаудың  басты  мақсаты  -  нақты  экономикалық  ортада 
бухгалтерлік есеп жүйесінің өзіне тиісті қызметтерін кезекпен, пайдалы, тиімді және ұтымды орындау 
үшін  қолайлы  жағдай  жасаудан  тұрады.  Ол  үшін  қазақстандық  бухгалтерлік  есеп  жүйесінің  әлемде 
жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп жүргізу көзқарастарына қарама қайшы болмауын қамтамасыз ету 
қажет. 
Қазіргі  таңдағы  бухгалтерлік  есеп  жүйесінің  ХҚЕС  және  ҚЕҰС  қолдануы  жағдайында,  ауыл 
шаруашылығы  ұйымдары  шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  ретінде  және  ауыл  шаруашылығы  өнімін 
өндіруші кәсіпорындар ретінде есептіліктерін ҚЕҰС №1 –не сәйкес ұйымдастыруға құқылы. ҚЕҰС №1  
сәйкес  қорлар келесідей жіктеледі: 
-
 
қайта сату үшін сатып алынған және сақталудағы тауарлар; 
-
 
қайта сатуға арналған мүліктер (жер, ғимарат, көлік құралдары); 
-
 
өндірілген және сатуға арналған дайын өнім; 
-
 
өнім өндіруге және өндірісті қамтамасыз ету үшін арналған шикізат пен материалдар; 
-
 
аяқталмаған өндіріс; 
-
 
өзге де көмекші қорлар[1]. 
Біздің  ойымызша  бұл  анықтама  –  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  ерекшелігін    ескермеген.  Бұл 
нормативті  құжатқа  сәйкес,  ұйым  ішінде  өндірілетін  қорлардың  көп  бөлігі  (жем-шөп  және  өз 
өндірісіндегі  тұқымдық  материалдар,  табиғи  тыңайтқыштар)  материалдық  өндірістік  қорлар  қорлар 
құрамына кірмей қалады, себебі бұл нормативті құжатта дайын өнімді пайдаланудың бір ғана бағыты 
көрсетілген – ол өнімді сату. 
Сонымен  қатар  материалдық  өндірістік  қорлар  құрамында  қорлардың  элементтері  –  дайын  өнім 
мен  тауарлар  жеке  аталып,  оларға  анықтама  берілген.  Ал  ауыл  шаруашылығы  өндірісіндегі  негізгі 
элемент  –  меншікті  қорлар  ескерусіз  қалған.  Біздің  ойымызша,  экономикалық  ақпаратты 
пайдаланушыларда  материалдық  өндірістік  қорлардың  осы  бөлігіне  бірегей  көзқарасты  қалыптастыру 
үшін  өндірістік  қорларға  келесідей  анықтама  беруге  болады:  өндірістік  қорлар  (материалдар
дегеніміз  –  ұйым  балансының  активінде  көрініс  табатын,  экономикалық  субъектінің  меншігі  болып 
табылатын,  сатып  алынған,  өндірілген,  басқа  да  көздерден  алынған,  ұйымның  басқару  және  басқа  да 
қажеттіліктері үшін  бір  өндірістік  кезең  барысында пайдаланылатын  (жарғы  құжаттарымен  бекітілген 
қызметті  жүзеге  асыру  үшін);  өзінің  табиғи  және  сапалық  көрсеткіштерін  өзгертетін  немесе 
өзгертпейтін  материалдық  құралдар  мен  еңбек  заттары[2].  Бұл  анықтамада,  біз  қорлардың 
экономикалық  және  бухгалтерлік  мағынасын  біріктіруге  тырыстық.  Қорлардың  экономикалық 
мағынасы  –  құрамын  еңбек  заттарымен  қатар  еңбек  құралдары  да  кіретіндігінде  (нормативті 
құжаттармен  пайдалану  мерзімі  анықталып  көрсетілген  12  ай  немесе  бір  өндірістік  кезең).  Еңбек 
құралдары  бұл  жерде  өз  құнын  дайын  өнімге  бірте-бірте  аудару  қасиетін  жоғалтады.  Ал  қорлардың 
бухгалтерлік мағынасы мүліктік иелікке басымдылық берумен кеңітілген сияқты. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
119 
Қорлардың  орташа  өзіндік  құнын  анықтау  үшін  нақты  есепті  кезең  бір  ай  деп  белгілеу  қорлар 
есебінің  басқару  қызметін  шектейді[3].  Мысалы  ірі  өндірістік  кәсіпорындарда  өндіріске  жұмсалатын 
және  басқа  да  қажеттіліктерге  пайдаланылатын  қорлардың  орташа  өзіндік  құнын  анықтау  қажеттілігі 
бір  айдан  қысқа  мерзімде  (декада-  онкүндік)  туындауы  мүмкін,  ал  шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  ай 
сайын баланс құруға міндетті емес, яғни оларға материалдардың орташа өзіндік құнын тоқсанына бір 
рет есептеуге болады. Осыдан, орташа өзіндік құнды нақты айына бір рет есептеу кезеңділігінің орнына 
қажетті есепті кезеңді пайдаланған дұрыс. 
Есепті жетілдіру бағыттарының бірі болып оны компьютерлік жүйелерді пайдаланудың көмегімен 
тиімді жүргізу. Басқару тиімділігін көтеру үшін материалдық ресурстарды басқаруды жетілдіру қажет. 
Тәжірибе  көрсеткендей  мөлшерден  тыс  қорларды  ең  төменгі  қысқартудың  өзі  біршама  қаржылық 
ресурстарды  босатуға  және  тұрақты  пайда  алуға  мүмкіндік  береді.  Бірақ  өнім  шығарудың  үлкен 
номенклатурасымен,  көп  мөлшерде  әртүрлі  шикізаттарды  пайдалану  қажет  болған  жағдайда,  қорлар 
деңгейін  тиімді  мөлшерде  жасауға  қатысты  мақсаттарды  шешу  қиындайды.  Бұл  жерде  материалдық 
ресурстар  қозғалысының  нақты  және  жедел  есебін  жолға  қоюға  мүмкіндік  беретін  компьютерлік 
жүйелер  көп  көмек  береді.Қазіргі  кезде  материалдық  қорлар  бойынша  есеп,  басқару  және  бақылау 
жұмыстарын  жеделдетуге  мүмкіндік  беретін  көптеген  компьютерлік  бағдарламалар  жасалған[4]. 
Мысалы  өндірістегі  материалдар  есебін  ұйымдастыру  бойынша  олар  лимитті-жинақтама  карталарын, 
қорлар  қозғалысы  бойынша  құжаттарды,  есептен  шығару  актілерін,  өндірістік  есептерді  құруға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  жүйелерде  өндіріске  қорларды  жіберуде  сандық  және  құндық  мөлшерлерді 
бақылау  жүзеге  асырылған.  Мөлшерлеме  өндіріске  материалдарды  жіберуге  негіз  болып  табылатын 
құжат  лимитті-жинақтама  картаны  рәсімдеу  кезінде  енгізіледі.  Мөлшерден  тыс  жіберетін  жағдайда 
өндіріске  жіберу  жүкқұжатында  тиісті  рұқсаттың  деркетемелері  келтіріледі[5].  Мөлшерлерді  бақылау 
белгілі көрсеткіштермен реттеледі. Пайдаланушы өндіріске мөлшерден тыс қорларды жіберу бойынша 
ведомостарды және мөлшерлеменің қалдықтары (артық жұмсалуы) бойынша есептерді қалыптастыруы 
мүмкін.  Сонымен  қатар  бір  материалдардың  жетіспеушілігі  жағдайында,  оларды  басқа  бір  түрімен 
алмастыру  мүмкіндіктері  ұсынылады.  Дайын  өнім  өндірісіне  жұмсалған  шикізаттардың  нормативті 
және  нақты  шығындары  туралы  есептілікте  материалдарды  есептен  шығарудың  әртүрлі  нұсқалары 
есепке  алынады[6].  Материалдық  шығындар  есебі  дайын  өнім  түрлері  бойынша  жүргізіледі.  Бұндай 
жүйе  түрлері  саладағы  кәсіпорындарда  пайдалануы  және  олардың  ерекшеліктеріне  қарай  жасақталуы 
мүмкін. 
Сонымен қатар қорлар есебін ұйымдастыруда шаруашылықтың еңбек құралдары болып табылатын 
1350 шотында есепке алынатын шаруашылық құралдарының есебі ерекше маңызға ие. Активтердің бұл 
түрі пайдалану мерзіміне байланысты екіге бөлінген - бір бөлігі негізгі құралдар құрамына кіруі тиіс, ал 
екіншісі өндірістік қорлар құрамына кіреді. Қандай құралдарды қай шоттарда есепке алу керек екендігі 
туралы  шешімді, ұйым  қызметінің  сипаты мен  шарттарына  байланысты,  ұйым  басшысы қабылдайды. 
Бұл шешім ұйымның есеп саясатында бекітіледі[7]. 
Айналымдағы мүліктер құрамына кіретін шаруашылық құралдарының есебі мен бақылауын нақты 
дұрыс ұйымдастыру үшін: 
-
 
қоймаларда сақталуы мен пайдалану барысында дұрыс жақсы жағдайды қамтамасыз ету қажет; 
-
 
сақтау  мен  пайдалану  орындарында  жедел  қабылдау,  жіберу  және  нақты  барын  тексеру 
мүмкіндігін қамтамасыз ететін тәртіппен орналастыру қажет
-
 
қабылдау,  сақтау,  жіберу,  операцияларды  дұрыс  және  уақытылы  рәсімдеу  үшін  жауапты 
тұлғаларды анықтау, жауапты тұлғалармен материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша келісім-шарт 
жасау; 
-
 
шаруашылық  құралдарын  алу,  өндіріске  жіберу  және  есептен  шығару  бойынша  есеп 
құжаттарына қол қою құқығы бар қызметті тұлғаларды белгіленген тәртіппен бекіту; 
-
 
шаруашылық  құралдарының  қозғалысы  бойынша  операцияларды  рәсімдеу  тәртібін  құжат 
айналымында анықтап белгілеу; 
-
 
қоймалардағы  және  қолданыстағы  шаруашылық  құралдарын  түгендеудің  мезімдерін 
анықтау[8]. 
Сонымен  қатар,  ұйымның  есеп  саясатында  шаруашылық  құралдарының  құнын  есептен  шығару 
мерзімі  туралы  мәселе  ашып  қарастырылуы  қажет.  Бұл  топтағы  өндірістік  қорлардың  құнын  есептен 
шығару  мерзімі  болып,  бір  жағынан  қолданысқа  жіберу  сәті  саналуы  мүмкін,  ал  екінші  жағынан, 
активтің қызмет ету мерзімінің аяқталған, есептен шығарылған  уақыты болуы мүмкін. Экономикалық 
көзқарастан бұл жерде бірінші нұсқаны пайдаланған дұрыс, себебі қолданысқа жіберілген шаруашылық 
құралдардың құны бірден дайын өнімге кеткен материалдық шығындар құрамына кіреді. Дайын өнімді 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
120  
сатқаннан  кейін,  қолданыстағы  шаруашылық  құралдарын,  олардың  қызмет  ету  мерзімі  бітпей  тұрып 
жаңа  құралдармен  алмастыру  мүмкіндігі  туындайды.  Екінші  нұсқаға  қарағанда,  бұл  жерде  қорларды 
тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  беретін,  олардың  айналым  қарқыны  өседі.  Бірақ,  біздің  ойымызша, 
бірінші  нұсқаның  бір  кемшілігі  бар  –  ол  қолданысқа  жіберілген  және  сол  сәтте  есептен  шығарылған 
шаруашылық құралдарына бақылаудың жеткіліксіздігі. 
Нормативті құжаттарға сәйкес шаруашылық құралдарын қоймадан қолданысқа жібергеннен кейін, 
олардың бары мен қозғалысын бақылау жедел тәртібімен жүзеге асыру ұсынылады. Бірақ бақылаудың 
қандай әдістері мен тәсілдерін қолдану керек екендігі түсініксіз. Сонымен қатар активтердің жеке осы 
түрімен байланысты бастапқы құжаттар да қарастырылмаған.  
Сонымен  қатар  қорлар  есебін  жетілдіру  мақсатында  реттелу  дәрежесі  бойынша  шығындарды 
жіктеу  және  ұйымдарда  есепті  аналитикалық  қамтамасыз  етуді  ұйымдастыруды  жауапкершілік 
орталықтарына бөлумен қатар қолдануға болады. 
Отандық  және  шетел  әдебиеттерінде  жауапкершілік  орлалықтары  бойынша  есепті  жүргізуге  көп 
көңіл бөлінеді. 

 
Жауапкершілік орталықтары бойынша есепті жүргізу жүйесін анықтауда А.Апчерч жұмыстары 
ерекше орын алады    [9]. 
 Өз  жұмысында  ол  бюджеттік  жоспарлау  мен  бақылаудың  ішкі  жүйесінің  қызмет  жасауы,  әдетте 
менеджерлердің  жауапкершілік  аясына  сәйкес  келетін,  оның  ұйымдық  құрылымымен  анықталады. 
Барлық ұйымдарда (шағын кәсіпорындардан басқа) шешімдерді қабылдау құзыреттілікті бөлу арқылы 
жүзеге асырылады.                               
Жауапкершілік  орталықтары  бойынша  есепті  ұйымдастыру  қағидасы  –  қаржылық  бақылау 
процедуралары  басқарушылар  арасында  жауапкершілікті  бөлудің  құрылымын  көрсеттетіндей  болып 
жасалуы тиіс дегенді білдіреді.  
Жауапкершілік  орталықтарын  анықтауда  В.Л.Назарова,  М.С.Жапбарханова    көзқарастарын  атап 
көрсету  қажет  [10].  Авторлар,  ең  алдымен  кәсіпорынның  технологиялық  құрылымын  есепке  алады, 
содан кейін оның тікелей және көлденең жолдарын бөліп көрсетеді. Бұл көзқарас ортақ мақсатқа жету 
үшін  орталықтандырылған  басқаруды  кәсіпорынның  құрылымдық  бөлімше  басшыларының  барынша 
мүмкін ойларымен қатар қарастыруға мүмкіндік береді. 
Жауапкершілік  орталықтары  бойынша  есепті  ұйымдастыруда  әрбір  орталық  менеджерлерінің 
құқықтары,  міндеттері  және  құзіреттіліктері  аясын  нақты  белгілеу  қажет,  және  олардың  көпшілігінде 
тек  шығындарды  өлшеу  ғана  емес,  сонымен  қатар  орталық  қызметінің  көлемін  өлшеуге  мүмкіндіктің 
болуына талпыну керек. 
Тәжірибе  көрсеткендей,  жауапкершілік  орталықтарын    тиісті  менеджерлердің  міндеттері  мен 
құзыреттерінің көлемі бойынша жіктейді. 
Осы  қағидаға  сәйкес  Б.А.Мархаева,  Қ.П.Батырбеков  жауапкершілік  орталықтарын  –  ағымдағы 
шығындар орталығы, инвестиция орталығы, сату орталығы және пайда орталығы деп бөледі [11]. 
Шығындар  орталығы  –  есепте  берілген  бірліктің  шығындарын  бақылауды  жүзеге  асыруға 
аныталған, ұйым қызметінің кез-келген бірлігі. Бұл бірлікте мөлшерлеуді, жоспарлауды, пайдаланылған 
ресурстарды  есепке  алуды,  олардың  пайдаланылуын  бағалауды  және  шығындардың  пайда  болуына 
жауапты тұлғаны анықтауды ұйымдастыруға болады деп күтіледі. 
Шығындар  орталығы  ретінде  кәсіпорынның  ұйымдық  бірлігі  (бөлімше,  бригада  және  т.б)  болуы 
мүмкін,  немесе  тиісті  ұйымдық  бірлік  жеке  шығын  орталықтарына  бөлінеді.  Шығындар  орталығын 
бөлудің негізі болып операциялар мен қызметтерді орындаудың бірегейлігі табылады. 
Шығындар  орталықтарын  қалыптастыруды  кәсіпорынның  ұйымдық  және  технологиялық 
ерекшеліктерін зерттеу және талдау негізінде жүзеге асыру керек. 
Шығындар  орталықтары  екі бағытта  жұмыс жасай  алады.  Тиімділік қағидасына  сәйкес  келесі  екі 
мақсаттың біреуін іске асыруға мүмкіндік беретін шешім тиімді болып табылады. 
1)
 
белгіленген шығындар деңгейінде ең көп нәтиже алу; 
2)
 
белгіленген нәтижеге жету үшін қажетті шығындарды ең төменгі деңгейге жеткізу. 
Сату орталықтары – бұл басшылары өнімді, тауарды, қызметті сатудан түскен табысқа ғана жауап 
беретін  бөлімшелер.  Оларға  өндірісте  немесе  сатып  алуда  пайдалы  тауарлар  туралы    ақпарат 
ұсынылады,  ал  қызметінің  нәтижелері    сатудың  көлемі  мен  құрылымы  бойынша  натуралды  және 
құндық көрсеткіште бағаланады. 
Пайда орталығы – бұл басшысы табыстар үшін де, шығыстар үшінде жауап беретін бөлімше. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
121 
Кәсіпорындағы  есеп-аналитикалық  басқару  жүйесін  жасақтауда  –  жауапкершілік  орталықтарын 
бөліп, шығындар мен құзеттерді бөлістіру – негізгі пункт болып табылады.  
Қорларды  басқаруды  есеп-аналитикалық  қамтамасыз  етуге  қатысты  ауыл  шаруашылығы 
ұйымдарында келесі жауапкершілік орталықтарын бөлуге болады: 
-
 
Сатып  алу  орталығы  –  дайындау  өндірісі,  материалдық-техникалық  жабдықтау  бөлімі.  Бұл 
бөлімшелер  өндіріс  пен  басқарудың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында,  қорлармен  үздіксіз 
қамтамасыз етуге жауапты. 
-
 
Шығындар  орталығы  –  шикізат  ресурстарының  пайдалану  мөлшерлерінің  сақталуына,  өндіріс 
процесі кестесінің сақталуына жауапты жеке бөлімшелер. 
-
 
Пайда  орталығы  -  өндіріс  бөлімшелері.  Өнімнің  шығуы,  өндірілетін  өнімнің  өзіндік  құны 
бағаланады. 
-
 
Сату орталықтары - өнімді өткізу қызметі (сату және маркетинг бөлімшелері). Бұл орталықпен 
сату көлемі, тауарлы өнімнің баға саясаты, тауарлы өнім портфелін қалыптастыру бақыланады. 
Кәсіпорындарда  таңдалған  шығындар  есебінің  әдісіне  қарамастан  материалдық-өндірістік 
шығындар  туралы  ақпаратты  қалыптастыру  маңызды.  Түрлі  мақсаттарға  бюджет  баптарымен 
байланыстағы  тиімді  материалдық  шығындарды  анықтау  қажет,  соның  ішінде  жеке  жауапкершілік 
орталықтарына  қатысты  да.  Ауыл  шаруашылығы  ұйымдарында  маңызды  шығын  баптары  болып 
өсімдік  шаруашылығы,  мал  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  барысында  оларды  материалдық 
шығындар деп тану табылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет