Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет34/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#7070
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

 
1
 
Исаков  Н.Реформирование  системы  газоснабжения  в 1997-2004  гг.  Направление  развития  на  среднесрочную 
перспективу.  По  материалам  доклада  на  конференции – совещании " Газовый  рынок  России : региональный  аспект",  
Екатеринбург, с.15-20, 2004. 
2
 
Зулькарпаев  И.  У.,  Ильясова  Л.  Р.  Метод  расчета  интегральной  конкурентоспособности  промышленных, 
торговых и финансовых предприятий // Маркетинг в России и за рубежом. 2001. № 4.  
3
 
Послание Президента Республики Казахстан к народу. 2010г.                                     www.akorda. kz 
4
 
Портер М. Международная конкуренция. М.: Международные отношения, 1993  
 
Мұңай саласындағы бəсекелестіктің басты факторлары 
 
Резюме 
 
Кез  келген  кəсiпорынының  бас  мақсаттарының  бiрi – бəсекелестік  болып  саналады.Мұңай  саласының  ең  басты 
шарты технологиялардың дамуы, қызметшілерді дайындау жəне жаңа технологияларды енгізу. 
 
Main factors of oil industry competitiveness 
 
Annotation 
 
One of the key requirements of effective development of any sector of the economy is competition. The main conditions of 
the oil industry is the development of technology, training and innovation.  
 
 
УДК 373.74.1                                                                
 
А.А. КӨШЕКОВА 
Қазақ Мемлекеттік қыздар Педагогикалық университеті 
 
«ЕР КӨКШЕ» АРХАИКАЛЫҚ ЭПОСЫНДАҒЫ АТ БЕЙНЕСІ 
 
Аннотация 
Мақалада «Ер Көкше» архаилық эпосындағы ат бейнесі туралы сөз болады. 
 
Тірек сөздер: эпос, типологиялық ерекшеліктер, ат бейнесі, тарихи-диахрондық бастаулар. 
Ключевые слова: эпос, типологические особенност, образ коня, историко-диахронный источник. 
 
Көптеген  типологиялық  ерекшеліктеріне  (мəтінінің  көнелігі,  қара  сөздердің  басым  болуы, 
қаһармандарды  сомдаудағы,  баяндаулардағы  архаикалық-мифологиялық  сана-сезімнің,  ойлау 
жүйесінің,  психологияның  көрініс  табуы,  логикалық  қисынсыздықтар,  т.б.)  қарай  отырып  «Ер 
Көкше»  эпосын  қазақ  эпостарының  ең  көне  үлгілерінің  бірі  деуге  болады [1, 156]. Сондықтан  да 
осы  эпостағы  ат  бейнесін  талдау  қазақ  эпосындағы  тұлпар  образының  тарихи-диахрондық 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
236  
бастаулары, генезисі жөнінде мол мағлұматтар береді деп ойлаймыз.   
Эпос  «Ер  Көкше»  деп  аталғанмен,  Ер  Көкше  жөнінде  шығарманың  бас  жағында  азғана  сөз 
болады,  эпостың  негізгі  бөлігінде  Ер  Қосай  жөнінде  жырланады.  Жау  қолында  өлген  əкесі  Ер 
Көкше үшін кек  алуға бекінген  Ер  Қосай батыр  шешесінің  қарсылығына  қарамай  жауға  аттануға 
бел байлайды. Ол Жепекбай деген құлға барып: «Мен мінгендей ат бар ма?» деп сұрайды. Ақыры 
құлды қорқытып, Орай Қақтың басына келіп су ішетін алаша ат, құлаша ат, сарғылжа ат жөнінде 
біліп алады (біздің пікірімізше, бұл үш ат — бір ғана ат, себебі, заттың не қандайда бір жан иесінің 
белгілерін көбейту, үш еселеу ертегі мен эпоста барынша көп кездесетін əдіс). Ер Қосай үш аттың 
бірін  таңдап  мінбек  болып,  оларды  аңдиды. «... Күн  маңдайлы  құлаша  ат  су  ішіп,  тамсанып  еді, 
маңдайы  бүлкілдеді,  күндік  өнері  бар  екен,  ай  маңдайлы  алаша  ат  суға  келді,  су  ішті,  маңдайы 
бүлк-бүлк  етті,  айлық  өнері  бар  екен.  Сары  ат  су  ішпей  қайтып  кетті».  Ер  Қосай  ертеңіне  келіп 
сары атты таңдап ұстап, жүгендеп, мінеді.   
Ер  Қосайдың  не  үшін  сары  атты  таңдағанын  эпос  мəтіні  арқылы  анықтау  мүмкін  емес,  оның 
басқа аттардан артықшылығы маңдайының бүлкілдемегені. Күндік өнері бар құлаша аттың, айлық 
өнері  бар  алаша  аттың  сары  аттан  несі  кем  екені  де  белгісіз.  Дегенмен,  өзге  де  түркі-моңғол 
халықтарының эпостық материалын тарта отырып, бұл мотивтің түп-негізін анықтап, жоғарыдағы 
сауалдарға жауап табуға болады. «Маадай Қара» эпосындағы Көгудей Мергеннің атын сипатаған 
шумақтардан: 
2370     Мінетін жағында ай тəрізді таңбасы бар, 
             Қамшымен соғатын жағында күн тəрізді таңбасы бар, 
— деген тармақтарды оқимыз [2]..  
 Якут  халқының  «Сюнг  Дьасын»  олонхосындағы  батырдың  аты: «... тоқымы — қалқып  бара 
жатқан  бұлттар,  ері — аспан  күмбезі  секілді  биік,  сауырында  терілігі — түйдек  бұлттар, 
бүйіріндегі тебінгілері — қызғылт бұлттар, қанжығасы — жер асты əлемінің ішкі беті, шылбыры 
—  күннің  нұры,  тізгіні — айдың  жарығы,  үзеңгісі — күн  баспалдағының  тепкіштері»  деп 
суреттеледі [3, 79-80].. Бұл  үзінділерден  атпен  күн  жəне  айдың  арасында  байланыс  бар  екенін 
байқаймыз. «Олонходағы  батырдың  аты — аспаннан  келген.  Алтай  эпосында  да  ат  осылай 
суреттеледі. Аттың осындай «құдайлығы» оның қандай да бір мүшелерін күнмен, аймен жəне т.б. 
басқа аспан денелерімен шендестіру арқылы нақтыланады» деп мəлімдейді И.В. Пухов [4, 36].. Ер 
Көкше  сары  атты  таңдап  алады,  ал  сары  түс  немесе  алтын  тəрізді  бояу  əрдайымда  басқа 
патшалықтың  (нақты  айтқанда  о  дүниенің)  белгісі: «Бұл  барынша  типтік,  əбден  орныққан  белгі, 
яғни: «алты қырдың ар жағындағы патшалықпен байланысты нəрселердің бəрі алтын түсті болуы 
мүмкін»  деген  тұжырымды  керісінше: «барлық  алтын  түске  боялған  нəрсенің  бəрі  өзінің  басқа 
патшалықтан  екенін  білдіріп  тұр»  деп  айсақ  та  дұрыс  болуы  мүмкін.  Алтын  бояу  басқа 
патшалықтың  мөрі» [5, 285]. Осы  айтылғандарды  саралай  келгенде  Ер  Көкшенің  таңдап,  мінген 
атының  жай  ғана  тұлпар  емес,  аспаннан  немесе  өзге  əлемнен  келген,  магиялық  құдіретке  ие  жан 
иесі екенін, күннің, айдың, сары түстің көрсетілуі бұл аттардың басқа əлемнен келгенін бейнелеп 
тұрғанын байқаймыз.  
 Осы  сəттен  бастап  сары  ат  Ер  Қосайдың  өмірінде,  жорық-сапарларында  үлкен  рөл  ойнайды. 
Сары ат аттың эпоста атқаратын бес функциясының төртеуін, соның ішінде: бірінші (ат жөн-жол 
көрсетіп,  алда  не  болатынын  болжап,  не  істеу  керек  екендігін  айтып,  бас  қаһарманды  басқарып 
отырады); екінші (аттың өзінің өзгеріп, құбыла білуі, т.б.); үшінші (ат қаһарманды алыс жерлерге 
апарады, яғни тасымалдаушы қызметін атқарады); төртінші (ат батырмен бірге жаумен шайқасады, 
ат  қаһарманмен  бірге  немесе  қаһарманның  қатысуынсыз-ақ  жауды  қырып,  жеңіп  шығады) 
функцияларын атқарады.  
Осы  функцияларының  ішінен  Сары  ат  əсіресе  бірінші  функцияны  (яғни  бас  қаһарманды 
басқарып, жол көрсетіп отыруы, алда не болатынын болжап, не істеу керек екендігін айтып, нұсқау 
беруі)  басым  орындайды.  Бұл  функцияның  ежелгі  атты  құдайыландырған,  тотемге  айналдырған 
түсініктерден  бастау  алатыны  белгілі.  Ер  Қосай  өзімен  бірге  асық  ойнайтын  бес  баланы  ертіп, 
жорыққа шығады. Жолда «неше ай, неше жыл» жүреді (қаһаманның өте ұзақ жол жүруі шамандық 
мифтің  қалдығы,  ол  қаһарманның  о  дүниеге  сапар  шеккенін  көрсетеді — ежелгі  түсініктер 
бойынша  о  дүние  тым  алыста,  жердің  қиыр  шетінде  деп  есептелген).  Жолда  бес  бала  аш 
болғандарын,  шөлдегендерін  айтады.  Ер  Қосай  «садағының  қорамсағынан»  бес  балаға  бес 
бауырсақ алып береді.            

№2. 2014 
 
 
237 
Салпаң құлақ сары аттың 
Бауырының астында 
Жайдың тасы бар екен 
Сол жайдың тасын алып, «бұлғап, бұлғап жерге қойыпты», содан жаңбыр жауып, бəрі су ішеді. 
Сонымен  сары  аттың  бауырының  астында  жайдың  тасы  бар  екенін  білдік,  дегенмен  ол  тастың 
аттың баурына қайдан, қалай келгені, неден пайда болғаны айтылмайды. «Жай тасы» қажет болған 
кездері пайда бола кетеді, бірақ жауын жаудырғанына қарағанда сиқырлы тас екені анық.   
Егер  бас  қаһарманның  осы  əрекеттерін  (бес  бауырсақпен  бес  баланы  тойдыруы,  жай  тасымен 
жауын жаудыруы) талдап көрсек, оның шамандық мифтерден ауысқанын байқаймыз. Архаикалық 
түркі-моңғол  эпостарында  осы  іспеттес  мотивтер  жиі  кездеседі:  Егіл-Мерген  жетпіс  тəулік  бойы 
жауын  мен  бұршақ  жаудырып  қойдырады [6, 208]; «Джангар»  эпосының  қаһарманы  жауын 
жаудырып,  салқын  самал  соқтыра  алады [7, 232]. Таңғажайып  қасиеттерге  ие  батыр  жүз  барб 
тарыны,  жүз  қойдың  етін,  шайдың  жүз  тақтасын,  жүз  есе  азайта  біледі [8, 17,29,124] (бұл  Ер 
Қосайдың  бес  бауырсақпен  бес  баланы  тойдыруын  еске  салады).  Жалпы, «Ер  Көкше»  эпосынан 
шамандық мифтің басқа  да көріністерін  байқауға  болады  (Манаша мен  қырық кісіні қара дəрінің 
көмегімен  тірілту,  сары  аттың  нұсқауымен  қайтыс  болып  кеткен  Ер  Қосайдың  мұрнына  «өлген 
кісінің  өтін»  құйып,  тірілтіп  алу  т.б.).  Г.Н.  Потанин  «орда  фольклорында  байқалатын  орасан  зор 
көлемді  екі  образды — шаманды  жəне  «батыр-мергенді»»  бөліп  көрсетеді, «оның  үстіне, 
аңыздарда бұл екі образдың бірінен екіншісіне ауысуларын табуға болады» деп жазады ол [9, 260]. 
Сол сияқты Ер Қосайдың тұлғасынан шамандықтың да, батырлықтың да белгілерін табуға болады.  
Бұдан  əрі  қарай  «жеті  таудан», «жеті  қырдан»  асқан  соң  Сары  ат  мүлде  жүрмей  қалады. 
«Қамшыласам да жүрмедің, Қарбансам да жүрмедің... Маған неден көңілің қалды?» — деп сұраған 
Ер Қосайға Сары ат: «Ойбой ием Ер Қосай! Жүгенімді алып құлатпадың, Ерімді алып аунатпадың, 
Саған неден разы болайын» — деп жауап береді. Ер Қосай аттан түсіп, аттың ерін алғанда «Арқа 
терісі бірге түсіпті», жүгенін алғанда «Бас терісі бірге түсіпті». «Салпаң құлақ сары ат арнаның ақ 
жусанын алты оттап, алты аунап түсті, құйрығын сыртына салып, үйден шыққан қалыбына түсті» 
делінген эпос мəтінінде.  
Біздің  пікірімізше,  осы  мотивте  (атты  жемдеу,  жемделген  аттың  күш-қуат  алуы)  сары  ат 
бейнесінің  құс  образынан  шыққаны  көрініс  тапқан.  Құсты  (əсіресе,  бүркітті)  жемдеу  ертегілерде, 
салт-жоралғыларда  (əсіресе,  сібір  халықтарының  салттарында)  кең  көрініс  тапқан. (Ертегілерден 
мысалдар келтірейік: «Мені өзіңе ал да, үш жыл бақ» [10, 219]. «Менен жем аяма, тоғыз ай жемде, 
мен  соңынан  бəрін  өтеймін» [11, 6]). Құсты  жемдеу  өмірде  бар  салт,  Д.К.  Зелениннің 
жазбаларынан: «Бұрынғы замандарда  бүркіттердің адам тұрағына қыстауға келетін кездері болған 
деген əңгімелер бар. Мұндай жағдайларда қожайын өз малының жартысына дейін бүркітке тамақ 
етіп  берген. «Ат  құстың  тек  атрибуттарын  (қанатын)  алып  қана  қоймай,  функцияларын  да  алған. 
Ат  тотемдік  жануар  болмаса  да,  тотемдік  жануарлар  тəрізді,  ертегілік  бүркіт  тəрізді  жемделеді... 
Аттың  жемделуі  мəселенің  атты  тойғызуда  емес  екенін  көрсетеді.  Жемдеу  атқа  сиқырлы  күш 
береді»  деп  жазады  В.Я.  Пропп [5, 171]. Осы  айтылғандардың  бəрі  Ер  Қосайдың  сары  атының 
жемделуі оның бұрынғы құстық бейнесінен қалған мотив деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.       
Бұдан  соң  сары  ат  алты  аунап  түсіп, «құйрығын  сыртына  салып,  құлашы  бар  құлан  болып», 
күннің батысына кетіп қалады. Атымнан айрылып қалдым деп ойлаған Ер Қосай жылап, жылап, ер 
тоқымын жастанып ұйықтап қалады.  
Сары  ат  Ер  Қосайдың  əкесі  Ер  Көкшемен  соғысқан  Жаңбыршы  батырдың  шаһарын  үш 
айналып, қайтып келеді. Ер Қосайға қайтып келіп: «... сол шаһарда бір күрең арғымақ бар екен, бір 
сары  бала  бар  екен, тоқсан  сиырдың  сүтін  ішеді. Соны тастама  екеуін  өлтір!» деп  нұсқау  береді. 
Бұдан  соң: «Менің  түгімнің түбі сайын  бір оқ, мен  жеті түн,  жеті  күн шаба  алмасам, маған  серт, 
шабыса алмасаң саған серт. Бір өзімнің дүбірімді мың жылқынының дүбіріндей қылайын, сауырым 
ортасында  екі  бəйтерек  орнатайын»  дейді.  Ер  Қосай: «Мен  біз  өзімнің  даусымды  мың  кісінің 
даусындай қылайын, басымды таудай қылайын, көзімді шаңырақтай қылайын, жеті түн, жеті күн 
шаба алмасаң саған серт, шабыса алмасам маған серт» деп атымен серттеседі.   
Эпостың  бұл  бөлігінен  байқағанымыз  ат  батырдың  айтқанымен  жүрмейді,  өз  бетімен  əрекет 
қылады  жəне  батырға  не  істеу  керектігі  жөнінде  нұсқау  беріп,  онымен  үзеңгілес,  тең  құқықты 
серігі  тəрізді  серттеседі.  Аттың  шаһардың  сыртынан  шауып  жүріп-ақ,  оның  ішінде  «бір  күрең 
арғымақ  бар  екен,  бір  сары  бала  бар»  екенін  білгеніне  қарап,  оның  болжамдағыш  қасиетін 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
238  
байқаймыз. Ал, түгі сайын бір оқ болатынына, дүбірі мың жылқының дүбіріндей болатынына, т.б. 
қарап аттың сиқырлы, құдіретті қасиеттері бар екенін көреміз.  
Бала  батыр  жеті  күн,  жеті  түн  шайқасып,  əбден  қалжырайды.  Сонда  Сары  ат  алдымен: «Түсе 
қап  баурыма  ен»  деп,  соңынан  «Үстіме  мін»  деп  бұйрық  береді.  Ер  Қосай  аттың  баурына  ену 
арқылы  қайтадан  күш  алады.  Шайқас  бітіп,  Ер  Қосай  мал  мен  бодан  болған  елді  жолға  алып 
шыққанда  Сары  ат  жүрмей  қалады. «Неге  жүрмейсің?»  деп  сұраған  батырға: «Темірлі  үй  қалды, 
күрең  арғымақ  қалды,  сары  бала  қалды»  деп  жауап  береді.  Ер  Қосай  темір  үйдің  ішіндегі  күрең 
арғымақ пен сары баланы өлтірмек болады, бірақ темір үйді қалай бұзуды білмейді. Сонда Сары ат: 
«Мені  тепкіле, өкпемді  шығар, сауырымнан сабап  саптыаяқтай  ет  шығар, сүйтіп  қоя  бер!» дейді. 
Темір үйді бұзу үшін Сары атты неге сонша қинаудың қажет екені түсініксіз. Содан соң Сары ат 
жүгіріп  келіп  теуіп  темір  үйдің  екі  қабатын  үзеді,  тағы  айналып  келіп,  теуіп  үйді  ашады.  Ішінде 
отыған  Сары  баланың  «қолында  бір  жағы  бар  екен,  бір  төбені  атса,  төбе  аударылып  түсер  еді». 
Сондай  күшті  болғанына    қарамастан  сары  бала  Ер  Қосайға  қарсылық  жасамайды,  тек  қана: «Е, 
Қосай,  тірі  болсам,  елімнің  кегін  алармын  сенен»  дейді.  Ер  Қосай  сары  баланы  шауып  өлтіреді. 
Сары баланың «ішін қараса тоқсан бөлек қарыны бар екен, тоқсан сиырдың сүтін ішеді екен. Бір 
кемпір отырды онда... ».  
Елге жақындағанда Сары ат Ер Қосайға тағы нұсқау береді: 
—  Е,  Қосай,  елің  енді  жақын  еді,  бір  таудың  ар  жағында.  Ертістің  суы бар,  оның  ар  жағында 
арғынның Ақсары биінің аулы бар... Судың ар жағында мен жығылайын, сен сонда атым өлді деп 
айғай  сал,  сонан  соң  сол  ауылдың  кісісі  келер,  Арғынның  Ақсары  бидің  алты  ұлы  құйрығымнан 
тартар, көтімді қозғалтпас, Арғынның Ақсары биі өзі тартар, сонан соң түре келейін, көңілі тəуір 
боп қалсын, — дейді.  
Бұдан соңғы оқиғалардың бəрі ат айтқандай өрбиді.  
Ер  Қосай  Ақсары  бидің  Ботақыз  атты  қызына  үйленіп,  үйінде  жатқанда  жау  келіп  қалады. 
Байлаулы тұрған ат үйді сындырып бара жатады. Ер Қосай сыртқа шығып қарап, атына мініп жауға 
қарсы  барады.  Сол  жерде  Ер  Қосайды  Жаңбыршының  баласы  Темірбай  алып  найзаға  шаншып 
өлтіреді. Темірбай алып Ер Қосайдың елін шауып алады. «Сары атты ұстайын деп еді, ұстатпады, 
қырық  кісіні  өлтірді,  қашып  кетті  сары  ат».  Бұл  жерде  аттың  тек  алдағыны  білетін  көріпкел, 
батырдың бастаушысы, қолдап-жебеушісі қызметін ғана емес, жау əскерін қыратын жауынгерлік 
қасиетін де көріп тұрмыз.  
Бұдан  əрі  қарай  эпоста: «Сары  ат  Қосайға  қайтып  келді,  Қайтып  келсе,  Ботақыз  сұлу  өлгелі 
жатыр екен. Ат айтты: «өлме» — деді. «Мына өлген кісінің өтін алып, Қосайдың мұрнына құй!» 
деді»  делінген.  Өлген  кісінің  өтін  мұрнына  құйған  кездері  Қосай  «Қатты  ұйықтадым»  деп 
түрегеледі. Бұдан соң Ер Қосай жауды жеңіп, еліне хан болып барша мұратына жетеді.  
Сары аттың бейнесі тұрғысынан баяндағанда эпостың қысқаша сюжеті осындай. Сонымен «Ер 
Көкше»  ежелгі  архаикалық  эпосындағы  Сары  аттың  бейнесі  несімен  ерекшеленеді  деген  сауалға 
жауап іздесек, аттың төмендегідей бірнеше типтік белгілерін атап өтуге болады: 
а) ат көбіне батырға тəуелсіз, өз бетінше əрекет қылады, ол батырға бағынышты жануар сияқты 
емес, терезесі тең жан сияқты əрекет етеді;                          
ə) солай болғанымен де ат ылғи батырға шын берілген, оның қамын істеп жүреді; 
б)  ат  болашақты  болжап,  алда  қандай  оқиғалар  болатынын  біліп,  батырға  бағыт-бағдар  беріп 
отырады; 
в) ат батырсыз-ақ жаумен соғыса алады, тіпті жалғыз өзі біраз жауды қырып тастайды;   
г) ат өлген адамды тірілте алады (яғни, шамандық қасиеттерге ие);  
ғ) атта магиялық сиқырлы, құдіретті қасиеттер бар;   
д) ат адамдармен сөйлесе алады, ойлай біледі.  
Эпостағы аттың осы аталған бүкіл қасиеттерін жинақтап, қорытындылайтын болсақ, ол батырға 
бағынышты көмекші  емес, оның  айтқанынан, еркінен шықпайтын  жануар  ғана емес, толыққанды 
жеке  дара  кейіпкер  дəрежесіне  көтерілгенін  байқаймыз.  Сонымен  қатар,  аттың  көп  жағдайда 
батырды  өзіне  бағындырып,  алға  бастап,  бағыттап  отыратынын,  ал  бас  қаһарманның  өз  атының 
айтқанын екі етпей орындап отыратынын көреміз.  
Қорыта  айтар  болсақ, «Ер  Көкше»  ежелгі  архаикалық  эпосындағы  ат  бейнесі    бірыңғай 
көркемдік-бейнелеушілік  құралдар  арқылы  жасалуымен  ерекшеленіп  тұр.  Бұл  эпосдағы  ат 
образынан шамандық мифтерден мен инициация салтынан, тағы да басқа ежелгі салттардан, ұғым-

№2. 2014 
 
 
239 
түсініктерден, ритуалдардан келген мотивтер анық байқалады. 
 
ƏДЕБИЕТ 
 
1 Ел қазынасы — ескі сөз (В.В. Радлов жинаған қазақ фольклорының үлгілері). –Алматы: Ғылым, 1994. -616 бет. 
2 «Маадай Кара». Алтайское сказание. Горно-Алтайск, 1957.  
3 Ястремский С.В. Образцы народной литературы якутов.  
4 Типология народного эпоса. М., Наука, 1975 -328 с.  
5 Пропп В. Я. Исторические корни волшебной сказки. Изд. ЛУ 1986. -368 с. 
6 Монголо-ойратский героический эпос / Пер., вступ. ст. и примеч. Владимирцов Б.Я. Пг.: Госиздат, 1923.  
7 Козин С.А. Джангариада: Героическая поэма калмыков. Введение в изучение памятника и перевод торгутской его 
версии. М.; Л.: Изд-во АН СССР, 1940.   
8  Сказания  о  богатырях:  Тувинский  героический  эпос / Предисл.,  пер.  и  коммент.  Гребнева  Л.В.  Кызыл: 
Тувинкнигоиздат., 1960.  
9  Аносский  сборник.  Никифоров  Н.Я.  Собрание  сказок  алтайцев  с  примечаниями  Г.Н.  Потанина. –Зап  ВСОРГО, 
Омск, 1915, т. XXXVII. 
10 Афанасьев А.Н. Народные русские сказки, т. 1-3/ Подготовка текста, предисловие и примечание В.Я. Проппа. М., 
1957.  
11 Сказки М.М. Коргуева. Кн. І /Зап., вступ. статья и комм. А.Н. Нечаева. Петрозаводск, 1939. (Сказки Карельского 
Беломорья, І).  
                                          
Резюме 
 
 Мақалада «Ер  Көкше» архаикалық эпосындағы ат бейнесі туралы сөз болады  
                                  
Резюме 
В статье рассматривается образ коня в архаическом эпосе «Ер Кокше». 
                                             
Summary 
 
This article considers the imade of the horse in the avchean efic «Еr Kokshe». 
                                                         
 
 
 
 
 
 
 
УДК 373.75 
 
Ə.Ж .АХАНТАЕВА 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы 
 
ҚАЗАҚ ТАРИХЫ ҒЫЛЫМЫНЫҢ – ТАРЛАНЫ 
 
Əбдеш Ташкенұлы Төлеубаев – 60 жаста 
 
Аннотация 
         
Қазақ  тарихы  ғылымының  тарланы - Əбдеш  Ташкенұлы  Төлеубаевтың    өмірі  мен  еңбек  жолы  жəне 
археология, этнология ғылымдағы орны,  ашқан ғылыми  жаңалықтары қарастырылған. 
Тірек  сөздер:  археология,  археолог,  этнология,  этнография,  этнограф,  экспедиция,  ғалым,  профессор, 
алтын адам, сақ,   Шілікті қорғаны,  обалар, алтын  сынама. 
Ключевые  слова:  археология,  археолог,  этнология,  этнография,  этнограф,  экспедиция,  ученый, 
профессор, золотой человек, саки, Курган Шиликти,  могильник, золотая проба.  
Keywords: archaeology,  archaeologist, ethnology, ethnography, ethnographer, expedition, scientist, professor
gold man, bags, Kurgan of Шиликти,  burial ground, gold test. 
  

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
240  
Əбдеш  Ташкенұлы  Төлеубаев 1953 жылы 15 қарашада  Қытай  Халық  Республикасының 
Шəуешек  қаласында  қызметкерлер  отбасында  дүниеге  келген.  Атасы  Төлеубай  Зайсан  уезінде 
Кеңес департаментінің мүшелерінң бірі, 1922-1927 жылдары Зайсан уезінің мировой соты болған. 
1929 жылдардан бастап Кеңес үкіметінің ұжымдастыру саясатына қарсы шығып, Ақсуат өңірінде 
ұлт-азаттық қарсылық көтерілісін ұйымдастырған. 
1930 жылы Қытайға ауып кеткен. Əкесі Тəшкен 1950 жылдан бастап кеңес азаматтығын алып, 
Шəуешек қаласындағы Кеңес азаматтық қоғамының қосалқы мал шаруашылығын басқарған. 
Əбдеш  Ташкенұлы 1959 жылы  ата-анасымен  Қазақстанға  оралады.  Бала  кезден  тарихшы 
болуды армандаған. 1970 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Көкжыра ауылындағы М.О. Əуезов 
атындағы орта мектепті бітіріп, С.М. Киров атындағы қазіргі əль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінің  тарих  факультетіне  оқуға  түседі.  Осы  университет  қабырғасынан 1971 жылы 
археология жəне этнология кафедрасының ашылуына байланысты осы мамандыққа ауысады. 
Университетте  оқып  жүрген  шағында, 1971-1976 жылдары  археология  жəне  этнология 
кафедрасының  бірінші  меңгерушісі  Əбдіманап  Медеуұлы  Оразбаев  жəне  академик  Əлкей 
Хақанұлы  Марғұланның  басшылығымен  Орталық  Қазақстанға  жасалған  экспедицияларға  қатыса 
бастайды. Міне сол кезден бастап Қазақстанның облыстарында тіптен қазақ жерінен жырақта өмір 
сүріп  жатқан  қандастарымызды  зерттеу  үшін  түрлі  археологиялық  жəне  этнографиялық 
экспедициялар ұйымдастырып оларды басқарып жүр.  
1975  жылы  ҚазҰУдың  тарих  факультетін  археология  мамандығы  бойынша  үздік  «қызыл 
дипломмен» бітірген.  
Əбдеш  Ташкенұлы 1975 жылы  Мəскеу  қаласындағы  Миклухо-Маклай  атындағы  Этнология 
институтының  аспирантурасына  түсті.  Ол  онда  этнография  жəне  археологияның  қабысуында 
болған,  өзінің  ғылыми  қызығушылығымен  сəйкес  келген  «Қазақтардың  ислам  дініне  дейінгі 
наным-сенімі»  атты  тақырыппен  шұғылданды.  Оның  ғылыми  жетекшілері  Орталық  Азия  жəне 
Қазақстанды зерттеуші, атақты ғалымдар С.П. Толстов, Т. А. Жданко, Г.П. Снесарев болған. Ə.Т. 
Төлеубаев 1979 жылы Мəскеу қаласындағы Миклухо-Маклай атындағы этнография институтында  
кандидаттық диссертациясын қорғаған.   
1979  жылы  Москвадан  оралғанда  Ө.А.  Жолдасбековтың  шақыртуымен  археология  жəне 
этнология  кафедрасы-на  жұмысқа  орналасты.  Содан  бері  Ə.  Төлеубаевтың  барлық  оқытушылық 
жəне  ғылыми  өмірі  əл-Фараби  атындағы  ҚазҰУдың  археология  жəне  этнология  кафедрасымен 
байланысты. 1992 жылы докторлық диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының докторы, 1995 
жылы профессор атағын алған. 
Профессор   Əбдеш Ташкенұлы қазақ этнологтарының ішінде бірінші болып шет елде тұратын 
қазақтардың этнографиясын зерттеуді бастаған. Оның басшылығымен Орынбор, Астрахань, Омбы 
облысы  жəне  Ресей  Федерациясының  Алтай  аймағындағы    қазақтардың  этнографиясын  зерттеу 
мақсатында экспедиция ұйымдастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізген. 
Осы  зерттеу  нəтижесінде  алынған  ғылыми  мағлұматтар  арқылы  монография  жəне  көптеген 
мақалалар жазылған.  
Ш.  Уалиханов  атындағы  бірінші  мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  ҚР  БҒМ  «Қазақстан 
Республикасы  ғылымының  дамуына  қосқан  үлесі  үшін»  белгі  иегері,  ҚР  Өнер  Академиясының 
академигі,  əл-Фараби  атындағы  ҚазҰУдың  үздік  оқытушысы.  Қазақстанның  тұңғыш  кəсіби 
археологы  Əбдіманап    Оразбаевтың  шəкірті  болып  табылады.  Ол  осы  жерде  студенттіктен 
ассисент, профессор, кафедраның меңгерушісіге дейін өсті. 18 жылдай уақыт кафедра меңгерушісі 
болды.  
1988-1993жылдар  аралығында  əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  тарих 
факультетінде  студент  кезімізде  Этнография  жəне  археология    мамандығы  бойынша    «арнайы 
курстан» сабақ берді жəне сол кезде кафедра меңгерушісі болатын.  
Əбдеш Ташкенұлы ұстазымыз өте кішіпейіл, қарапайым болатын. Кафедра меңгерушісімін деп 
көкірек керуді білмейтін, қарап отырсақ сол кездегі қазақтың маңдайындағы жалғыз  «мемлекеттік 
университетінің»  кафедрасын  басқару  əркімнің  маңдайына  бұйыра  бермейтін  кезең  болатын.  
Біздер  яғни  студенттермен  түрлі  археология  мен  этнография  ғылымының  қызығы  мен 
қыйындығын  əңгімелеп,  өзімен  тең  дəрежеде  ұстап  біздермен  ашық  пікірлесетін,  сабағы  өте 
қызықты  өтетін,  тіптен  тоқсан  минуттың  қалай  өтіп  кететінін  де  білмей  қалатынбыз.  Бұл 
біріншіден  ұстазымыздың  кішіпейілдігі,  қарапайымдылығы  болса,  екіншіден  үлкен  ғалымға  тəн 

№2. 2014 
 
 
241 
қасиет,  үшіншіден  далалық  экспедицияның  қызығы  мен  қыйындығы  ұстаз  бен  шəкіртті  одан  əрі 
жақындастырып бір-біріне бауырдай бір үйдің баласындай болып кетуімізден де шығар.       
Жақында    Əбдеш  Ташкенұлының  бастамасымен  əл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  жанынан 
археология  жəне  этнология  Орталығы  ашылды.  Орталықтың  директоры  болып  Ə.Т.  Төлеубаев 
сайланды.  Профессор  Əбдеш  Ташкенұлы  Төлеубаев  республикада  жəне  шет  елдерге  танымал 
археолог-этнолог.  Көптеген  археолог-этнолог  мамандарын  дайындап,  өзінің  ғылыми  мектебін 
қалыптастырды.  Осы  ұстазымыздың  берген  терең  білімі  мен  өнегелі  тəрбиесінің  арқасында 
«этнография  ғылымы»  саласына  бет  бұрып  ҚР  ҰҒА-ның  Ш.Ш.  Уəлиханов  атындағы  Тарих  жəне 
этнология институтында кандидаттық диссертациямды қорғап  «тарих ғылымдарының кандидаты 
«тарихшы-этнограф»»  деген  ғылыми  атаққа  ие  болдым. ( Осы  жерде  айта  кететін  жайт  ғылыми 
жетекшілерім  Қазақтың  Ұлттық  Ғылыми  Академиясының  ғалымдары,  тарих  ғылымдарының 
докторлары -  Серік Ескендірұлы Əжіғали мен Ахмет Уахан ұлы Тоқтабай).  
Қазіргі  жахандану  заманында  көпшілік  бизнес  саласын  немесе  «пайдалы»  мамандықтар  деп 
таңдап жатқан заманда менен қандай маман иесі болар едіңіз десе «тарихшы-этнограф» деп жауап 
берер  едім  жəне  осы  университетте  қазақ  тарихының:  этнографиясы-археологиясы-антропология 
саласының  аталары - Халел  Арғынбаев,  Оразақ  Исмағұлұлы  Исмағұлов,  Уахит  Хамзаұлы 
Шалекенов,  Əбдіманап  Оразбаев,  Карл  Молдахметұлы  Байпақов,  Əбдеш  Ташкенұлы  Төлеубаев, 
Мадияр  Елеуұлы  Елеуовтардан  дəріс  алып  салалы  да  сапалы  білім  алғаныма  еш  уақытта 
өкінбеймін қайта кеудемде мақтаныш кернейді. 
Ə.  Төлеубаевтың  этнографиялық  экспедициясының  құрамында  қазіргі  уақытта  Жоғарғы  оқу 
орындарында,  музейлерде,  мектептерде  жұмыс  істеп  жүрген  ондаған  студент  түлектер 
археологиялық  зерттеулердің  далалық  мектебінен  өтті.  Əбдеш  Ташкенұлы  республикадағы 
этнология жəне археология саласының көрнекті ғалымы болып табылады. Оның археология жəне 
этнология бойынша еңбектері жақын жəне алыс шет елдері ғалымдарының арасынан қолдау тапты. 
Ол  оннан  аса  ғылым  кандидаттарын  дайындап  шығарды,  екі  докторлық  диссертацияның  ғылыми 
кеңесшісі  болып  табылады.  Əбдеш  Ташкенұлы  екі  монографияның,  үш  ғылыми  жəне  ғылыми-
танымдық кітаптар, үш оқулық жəне жүздей ғылыми мақалалардың авторы болып табылады. 
 Тарих  ғылымындағы  археологиялық-этнографиялық  зерттеулері  мынандай  өзекті  мəселелерге 
арналған:  мемлекеттіліктің  көзі  жəне  генезисі,  қазақ  диаспорасының  этнографиялық  мəдениетін 
зерттеу,  сақ  қоғамындағы  əлеуметтік  стратификация,  элитарлы  қорғандар  мəселесі,  үйсін 
мəдениетінің таралуының ареалы, этнографиялық  дінтану,  халықтың дəстүрлі дүниетанымы. 
Қазақстандағы тарих ғылымына зор үлес қосқан А. Төлеубаевтың Қазақстанда тағы да бір «сақ 
алтын  адамын»  табуы  Қазақстан жəне шетел ғалымдарының жоғарғы бағасын алды. Бұл ғылыми 
ашылымға мемлекеттің президенті Н.Ə. Назарбаев та жоғары баға берді.  
Алтай мен Атыраудың аралығын алып жатқан қазақтың кең даласынан табылып жатқан «алтын 
адамдар»  мен  «көне  қалалардың»  орындары,  өткен  дəуірлеріміздің  сыры  мен  шынын  айдай  етіп 
ашуда. 
Осыншама   мол,  археологиялық  бай  мұраларды  қолға  ұстай  отырып,  бүгінде  қазақ  даласы 
тұнып  тұрған  тарих, «отырықшы  өркениет»  пен  «көшпенділер  өркенниетін»  қатар  алып  жүрген 
недеген бай мəдениетті жасаған халықпыз деп айтуымызға болады. 
Қараша айының соңында Əбдеш ағамыздың 60 жылдық мерейтойы қарсаңында (осы жерде айта 
кететіуіміз  керек  бұл  кешке  археолог-ғалым  ағамыз  Мадияр  Елеуұлы  Елеуовте  шақырылған 
болатын)  Қазақтың  Ғылымы  мен  Білімінің  қара  шаңырағы  Қазақ  Ұлттық  Аграрлық 
университетінде  «Ұлттық  тарихты  зерттеудің  өзекті  мəселелері»  атты  студенттермен  кездесу 
кешінде  «Алтын  адамды»  зерттеу  барысындағы  қызықтары  мен  қыйыншылықтары  жөнінде 
кеңінен əгімелеп берген болатын. 
«Есік» қорғанынан табылған  алғашқы жəдігерден кейін қазақ жерінен үш алтын адам табылды. 
Солардың ішіндегі ең ерекшесі – үшінші «Алтын адам». Ол Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданы 
Шілікті ауылынан  табылған  болатын. Тарих  ғылымының  докторы, профессор  Əбдеш  Тəшкенұлы 
«Алтын  адамның»  түр-тұлғасы  мен  киген  киімін,  сондай-ақ  əшекей  бұйымдарын  жан-жақты 
зерделей  келе    б.д.д. VIII ғасырда  өмір  сүрген  сақт  патшасы  болған  дейді. «Алтын  адамның» 
маңдайында  бес  жұлдыз  бар.  Бұл  адамның  құдіреттілігін  көрсетеді.  Осыдан  келіп  біз  ол  патша 
болған деген шешімге келдік», – дейді Əбдеш Төлеубаев.  
Қазіргі  таңда  қазақ  халқының  түп  негізі  сақтарда  жатыр  деген  пікірдің  жан-жақты 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
242  
дəлелденгендігін  тарих  ғылымдарының  докторы  Əбдеш  Тəшкенұлы  Төлеубаев  Шіліктіден 
табылған жəдігерлермен байланыстыра айтып отыр.  Шілікті - Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан 
ауданының  аумағында  орналасқан.  Ұзындығы – 80 ені – 30 шақырым,  оңтүстігінде  Тарбағатай, 
шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр. Бұл жазықтың - жазы 
салқын,  қысы  қарсыз  жəне  жылы  болып  келеді,  сондықтан  тайпалар  қола  дəуірінен  бері  
қоныстанып  келген.  Ал,  осы  жердің  “Шілікті”  аталуы: “ мұнда  шілік  өскендіктен,  осы  атауы 
қалыптасқан  болуы  керек”  деп  тұжырымдайды  жергілікті  халық.  Шілікті  даласында  көне  сақ 
мəдениеттің өркендеген кезңі б.з.д. Ι-мыңжылдыққа сай келеді. Шіліктіде 200-ден астам сақ дəуірі 
ескерткіштерінің  бар,  соның 50-ге  жуығы  ақсүйектер  мен  патшалардың  зираты.  Шілікті 
даласындағы обалар кезінде орыстарды да бей-жай қалдырмағанын көреміз. Мысалы: алғаш 1909-
1910  жж.  Шіліктінің  шығысында  орналасқан  Шаған  обасын  Семейлік  гидротехник  Г.Н.  Бокий 
қазды,  ал  одан  кейін 1949 - 1962 жж.  аралығында  орыс  ғалымы  профессор  С.С.Черников  қазба 
жүргізіп, 13-тей  обаны  қазып  зерттеді.  Қазіргі  уақытта    Черниковтың  тапқан  алтын  бұйымдары 
Эрмитаждың төрінде тұр. 1965 ж. «Алтын адамның құпиялары» атты еңбегін шығарды.  
2003 жылдан бастап профессор Əбдеш Тəшкенұлы Төлеубаев зерттеп келеді, ол жерден үшінші 
алтын  адамды  тапты.  Тынымсыз  археологиялық  зерттеудің  нəтижесінде  екі  үлкен  жəне  бірнеше 
шағын  обаларда  қазба  жұмыстарын  жүргізген. «Бəйгетөбе»  деп  аталатын  үлкен  обадан  «Алтын 
адамның»  тамаша  жəдігерлері  табылды.  Бірақ,  обалардың  барлығы  тоналған.  Диаметрі 100 метр, 
ұзындығы 8 метр топырақ пен тастан үйілген оба, ішіндегі қабірхана батыс жағына қарай 10 метр 
ойыстырып  салынған.  Археологтар  ақылдаса  отырып,  жоспар  құрдық,  мақсатымыз  «Алтын 
адамның» үстінен түсу болатын.  Қазба кезінде обаның тонауға түскенін көрдік. Орыс патшасы І 
Петрдің  тұсында  қазақ  даласындағы  сақ  обаларын  тонау  белсенді  түрде  жүзеге  асқан,  табылған 
құнды  заттар  мемлекетке  тапсырылып  отырған.  Археологтар  обаның  өте  ірі  көлемді  болуына 
қарап,  жерленген  адамның  қоғамда  өте  жоғары  мəртебеге  ие  болған - “Ел  басқарған  патша 
жерленген”  деп  болжам  жасап отыр. Себебі, обаның  тоналғанына қарамастан,  өте  бағалы  заттар 
«Алтын  адамның»  киімінің  алтын  əшекейлерінің  ұзын  саны 4432 –ні  құрап  отыр.  Жалпы 
қабірхананың  іші  үй  секілді  бір-бірімен  қиыластырып  салған.  Қабірхананы  самырсын  ағашпен 
жапқан.  Ағаш  осы  уақытқа  дейін  өз  формасын  сақтап  тұр.  Обаларда  ішкі  микроклиматы  бір 
қалыпты  температурада  сақталғандығын,  сақтар  адамдарды  жерлегенде  міндетті  түрде  арнайы 
дəрілермен  мумификация  жасаған.  Ол  адам  денесінің  жақсы  сақталуы  үшін  жасалатын  болған. 
Шіліктіде  қазылған  обалардың  барлығындағы  адамдарға  мумификация  жасалған.  Шіліктіден 
табылған  алтын  заттарды  түгел  металлографиялық  зерттеуден  өткіздік.  Қ.  И.Сатпаев  атындағы 
Қазақтың  Ұлттық  Политехникалық  университетінің    геология    лабораториясында 200-ге  тарта 
алтын  əшекейге  сараптама  жасалды.  Ондағы  лабораторияның  сараптамасы  бойынша 930-970 
сынамасын  көрсетіп  отыр.  Бұл    Қазақ  жерінен  табылған  алтындардың  ішіндегі  ең  жоғарғы 
сынаманы құрайтынын атап өтті. 
Атап  айтар  бір  жайт,  осыған  дейін  сақ  обаларының  ішінен  табылған  алтын  əшекей  бұйымдар  
негізінен жұқа қаңылтыр  немесе фольга түрінде кездесетін. Ал құйма алтыннан жасалған өте бай 
əшекейлер осы патша обасынан ғана табылған.  
Зерттеу  жұмыстары  барысында  түр-тұлғасы  мен  киген  киімі  қалпына  келтірілген  Сақ 
патшасының сызба нұсқасы жəне макеті де əзір. 
Бұл «Алтын адам» сақ патшасы. Өзіне дейінгі Есіктен табылған «Алтын адамнан» екі жарым үш 
ғасыр  бұрын,  ал  Аралтөбе  «Алтын  адамынан»  мың  жыл  бұрын  өмір  сүрген.  Оның  үстіне  мұның 
алтынмен безендірілген киімдері екендігі белгілі болды. Яғни ритуалдық киімі емес.  
Сақтар өз билеушілері қайтыс болған кезде басына үлкен қорған салған. Сақтар заманында бұл 
арнайы  мемлекеттік  ұйғарым  дəрежесіне  дейін  барған.  Өйткені  биік  обалар  тек  патшаларға  ғана 
тұрғызылған.Сақтар    билеушілері  қайтыс  болған  кезде  олардың  қоғамдағы  орнына  сай  биік  оба 
салу ғұрпын  заңдастырып, өздерінің арасында əртүрлі əлеуметтік топтарға қандай биіктіктегі оба 
салуды қоғамда заңмен бекіткен болулары керек.  
Əбдеш  Төлеубаевтың  пікірінше: «көптеген  зерттеушілер  сақтарды,  скифтерді  үнді-ирандық 
тілде  сөйлейді  дейді.  Шындығында  оларда  үнді-ирандық  мəдениетпен  қатар,  түркі  мəдениеті  де 
болған жəне ол басым түсіп отырған. Түркі дəуірі бастаулары сақ мəдениетімен астасып түркілік 
текке ие». 
Шіліктідегі он жеті обаның ең үлкені жəне оқшау тұрғаны осы. Бұл обадан үлкен етіліп басқасы 

№2. 2014 
 
 
243 
салынбаған.  Одан  кейінгілер  біртіндеп  кішірейе  береді.  Бұлар  да  сол  кездегі  батырлар  мен  ру 
басшыларының  тағы  да  басқа  қоғамдағы  беделді  адамдардың  моласы  екендігі  сөзсіз.  Ғылымнан 
белгілі тірі кезінде алтын бұйымдар тек патшалардың ғана киіміне жапсырылған. 
Ертедегі  сақтар  өздерінң  тектілігін  аңдар  бейнесінде  көрсетуге  тырысқан.  Мұндағы  алтын 
бұйымдардың  бəрі  сол  символмен  жасалған.  Көне  сақтардың  кейбір  тайпалары  адамды  жердің 
астына  емес,  үстіне  жерлейтіні  де  ғылымнан  белгілі.  Ғалымның  ойынша:  «кейінгі  зоороастрлық 
діндегі адамды жер бетіне жерлеу идеясы осы сақтардың ғұрпынан алынуы мүмкін, ол адам денесі 
шіріп, қасиетті жерді ластамасын деген ұғымнан туған» - дейді.   
Əбдеш  Тəшкенұлы    «Шіліктіге  жəне  одан  табылған  «Алтын  адамға»»  байланысты  үлкен  бір 
монографиялық  зерттеу  еңбекті  аяқтап  қалғандығын  айтты.  Сол  монографиялық  зерттеуіме 
Черниковтың  тапқан  түрлі-түсті  суреттерін  қосу  үшін  Эрмитаждың  ғылыми  қызметкері 
Петровский деген ғалымға хат жазғандығын, олар сол суреттерді беру үшін өте қымбат ақша сұрап 
отырғанын  айтты.  Бұл  да  бір  қазақ  тарихына  жəне  ғылымына  жасалған  қиянат  деп  ойлаймын. 
Кезінде  еліміздегі  мұраларымызды  тонап  əкеткенімен  қоймай,  ата-бабаларымыздың  мұрасын 
өзімізге сатқалы отыр.  
Еліміздегі  көне  тарихи  ескерткіштерді  зерттеп-зерделеудің  маңызы  зор.  Осы  бағытта  тəуелсіз 
елдің археолог ғалымдарының еңбегін ерекше атап өтуіміз керек. Себебі Егемендік алған 22 жыл 
ішінде  қазақ жерінен 3 алтын  (жалпы саны4) адам табылып отыр. Ал ортағасырлық қалалар саны 
1000-нан  асып  кетеді.  Археологиялық  ескерткіштер  қазақ  тарихының  өзекті  мəселелерін 
айқындауға,  сондай-ақ,  ежелгі  жəне  ортағасырлық  кезеңдердегі  халқымыздың  тыныс-тіршілігін, 
тұрмысын,  мəдениетін,  байлығын,  өскелең  өркениетін  жəне  мəдени  мұраларымен  танысуға  кең 
жол ашады.  
Дүниежүзі  халықтары  əрқашанда  жер  бетіндегі  теңдесі  жоқ  тарихи  мұраларға  қашанда 
қызығушылыкпен,  құлшыныспен  қарайды.  Жаһан  жұртшылығының  қайсысы  туристік  сапарға 
шыға    қалса,  міндетті  түрде  тарихи  бай  өлкелерді  тамашаламай  кетпейді.  Мысалыға:  Египеттің 
пирамидаларын,  Ұлы    Қытай  қорғанын,  Өзбекстандағы  Регистон  қалашығын,  Ақсақ  Темір 
мавзолейін көру əрбір сұлулыққа жаны құмар адамның арманы болар. 
 Міне  Қазақ  жерінде    де  көптеген  археологиялық    қазбалар  табылып  жатыр.  Көне  қалалардың  
орны    халқымыздың    бай  тарихынан    сыр  шерткендей.  Осы  еліміздің  теңдесі  жоқ  тарихи 
байлықтарымыз  да  шет  ел  туристерін  қызықтырып  отырған  жəйі  бар,  ендеше  бүгінде    көптеген 
туристердің таңдана отырып  аралайтын мекеніне айналған. 
  
ƏДЕБИЕТ 
 
1
 
Толеубаев  А.Т.  Характеристика  золотых  изделий  из  ІІ  Чиликтинского  могильника // Материалы 2-ой  
Международной Гумбольдтовской конференции. А. 2004. – с. 161-164. 
2
 
Төлеубаев Ə.Т. Сақ қауымындағы қоғамдық құрылыс жəне мемлекеттілік мəселесі // Мемлекеттілік жəне ұлы 
дала. Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары. Астана. 2006. 214-217 бб. 
3
 
Төлеубаев Ə.Т. Үшінші алтын адам // Егеменді Қазақстан. 2003. 1 қараша. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет