Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет20/35
Дата06.03.2017
өлшемі6 Mb.
#8395
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35

ISSN 1991-3494                                                              
№ 5. 2014 
 
 
161 
14. Национальные игры (тoғыз құмалақ, көкпар, бәйге, асық, ақсүйек, қыз қуу). 
Цель  изучения  этнокультуроведческой  лексики  –  повышение  речевой  культуры  иноязычных 
студентов,  создание  условий  для  выработки  навыков  самостоятельной  работы,  отбора  и 
употребления  языковых  средств  в  письменной  и  устной  речи,  формирование  интереса  к  языку  и 
его носителю – народу. 
На практических занятиях студентами было использована система словарной работы.  
Были предложены следующие виды работ. 
Работа  над  лексическим  значением  слова:  шаңырақ  –  киіз  үйдің  негізгі  бөлігі,  отбасы; 
дастарқан – түрлі ас, молшылық.  
прием развернутого толкования слов: жеті ата – жанұя шежіресі, қара шаңырақ – ата-ананың 
үйі. 
прием показа лексической сочетаемости: наурыз көже, бесік той, жеті ата, ақ жаулық). 
подбор синонимов: кіндік қаны тамған жер – Отан, түтін түтеткен жер – үй. 
Составление таблицы этнокультуроведческой лексики по тематическому признаку. 
Работа с текстами, содержащими этнокультуроведческую лексику. 
Комплекс  заданий,  направленных    на  выявление  совокупности  представлений  и  знаний  о 
казахской национальной культуре. 
Типы заданий. 
Правильно закончить пословицу (Ағасы бардың жағасы бар,………………………). 
Верно соотнести человеческое качество с животным (Жылқы мінезді, бота……..). 
Верно  написать  имена  ярких  представителей    культуры  в  соответствии  с  родом  их   
деятельности (Абай -  ………….., Қажымұқан -…………………….). 
Назвать  несколько  известных    блюд  национальной  кухни,  народных  игр,  народных 
праздников, названий (тағам…………., ұлттық ойын …………….., салт-дәстүр …………..). 
 
Сопоставительный  паспорт  двух  языков  казахского  и  турецкого  также  пособствовало 
формированию лингвокультурологической компетенции. Он строился    – по принципу «Своего и 
Чужого» в рамках национальных культур. Он заключался в соизучении языка и культуры – это не 
только  повышало  общий  уровень  владения  языком,  но  и  мотивировало  к  успешному  изучению 
казахского языка.  
Итак, культурные ошибки иноязычного студента могут восприниматься намного болезненнее, 
чем  ошибки  языковые  и  часто  производят  отрицательное  впечатление.  Поэтому  в  процессе 
обучения  необходимо  предусмотреть,  объяснить,  предотвратить  неадекватные  ассоциации, 
обусловленные  культурно-психологическими  особенностями  и  своеобразием  национальной 
культуры.  
Изучение  состояния  проблемы  в  теории  и  практике  позволило  нам сделать  принципиальный 
вывод  о  том,  что  лингвокультурная  компетентность  не  образуется  самостоятельно  и  требует 
целенаправленных действий по ее формированию. 
Культуроведческая  компетенция  в  преподавании  казахского  языка  на  начальном  этапе 
обучения  решает  не  только  познавательную  задачу,  но  и  воспитательную:  формируя  такие 
понятия,  как  культура,  патриотизм,  толерантность.  Таким  образом,  знание  ритуалов,  речевого 
этикета той страны, где находится носитель другой культуры – это настоятельная необходимость, 
важное условие эффективной деятельности и залог успеха в общении. 
Формирование 
лингвокультурной 
компетентности 
иноязычных 
студентов 
– 
это 
систематизированное  накопление  позитивных  количественных  и  качественных  изменений  в 
содержании  лингвокультурной  компетентности  и  достижение  единства  ее  составляющих  в 
целенаправленном специально организованном образовательном процессе вуза. 
Для  формирования  лингвокультурологической  компетенции  в  рамках  Университета 
Сулеймана  Демиреля,  как  показывает  практика,  возникает  необходимость  изучение  ряда 
дисциплин:  «Лингвокультурология»,  «Введение  в  теорию  межкультурной  коммуникации», 
«Лингвострановедение  и  страноведение»,  «Практикум  по  культуре  речевого  общения» 
включающих  следующие  значимые  для  формирования  лингвокультурной  компетентности 
вопросы: культурный фонд, фон, культурное пространство, целостная языковая личность, модель 
языковой 
личности, 
компоненты 
содержания 
языковой 
личности: 
ценностный, 

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
162  
культурологический,  личностный;  проблема  понимания  в  межкультурной  коммуникации, 
формирование межкультурной компетентности и др.  
 
ЛИТЕРАТУРА 
 
[1]
 
Кажгалиева  К.Ш.  Национально-культурная  специфика  фатической  речевой  коммуникации  в  казахском  языке. 
Автореф. дисс. ...канд.фил.наук. – Алма-Ата, 1991. 
[2]
 
Сәтенова  С.К.  Лингвомәдениеттану  және  лингвомәдени  бірліктер  //  Жалпы  және  салғастырмалы 
фразеологияның өзекті мәселелері. Ғылыми мақалалар жинағы. –Алматы: Альянс -2, 2003. -22-29 б. 
[3]
 
Ахметжанова  З.К.  К  вопросу  о  национально-культурной  специфике  речевого  общения  //  З.К.Ахметжанова. 
Сопоставительное языкознание: казахский и русский языки. –Алматы, 2005, -С.335. 
[4]
 
Иасбеков  С.Е.  Фразеология  и  межкультурная  коммуникация  //  Вестник  КазНУ  им.  Аль-Фарби.  –  Серия 
филологическая. – Алматы, 2001. -№16 (50). 
[5]
 
Закирова Г.Д. Понятия межкультурной коммуникации и лингвокультуроведения. Их роль в практике обучения 
инострнному языку // Материалы международной научно-практической конференции. –Алматы, 2005. –С. 448-456. 
                                                              
ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДА ШЕТ ТІЛДІ СТУДЕНТТІҢ  
ЛИНГВОМӘДЕНИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ  
Нұржанова А.Б., Бұрбекова С.Ж. 
 
Тірек  сөздер:  лингвомәдени  құзірет,  ұттық  лексика,  стереотип,  тілдік  дүние  бейнесі,  концепт, 
мәдениаралық коммуникация. 
Аннотация.  Мақалада  қазақ  тілін  шет  тілі  ретінде  оқытуда  шет  тілді  студенттің  лингвомәдени 
құзіреттілігін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Қазақ тілін деңгейлеп оқытуда шет тілді студенттің 
мәдени  құзіреттілігін  қалыптастыру  арқылы  оның  мәдениеттілік,  отансүйгіштік,  толеранттылық  сияқты 
ұғымдар туралы түсініктерін, сондай-ақ өзге тіл иесінің сөз мәдениетін, әдет-ғұрыптарын танып-білу арқылы 
тілдік  ортада  кедергісіз  тілдесе  алу  мүмкіндігін  қалыптастыруға  болатындығы  сөз  етіледі.  Бұл  мәселенің 
отандық 
лингвистикада 
қарастырылуын 
сұрыптай 
келе, 
мәдени 
құзіреттілік 
өз 
бетінше 
қалыптаспайтындығы, ал оны қалыптастыру үшін бұл мәселе жүйелі зерттелу қажеттілігі анықталды.   
 

ISSN 1991-3494                                                              
№ 5. 2014 
 
 
163 
BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES  
OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
ISSN 1991-3494 
Volume  5,   Number   5(2014),  163 – 167 
 
 
UDC 336.741.28 
 
LEGAL BASIS FOR FOOD SECURITY 
 
А.А. Еsekeyeva, A.M.Ashim 
akim_ainash@mail.ru,  erkezhanym - 85@mail.ru 
Kazakh National University named after Al -Farabi. Almaty, Kazakhstan . 
 
Key words: Government Control, Agroindustrial Sector, Food Security, Legal Support, Government Functions.  
Abstract.  The  purpose  of  this  article  is  to  describe  challenges  associated  with  enhancement  of  government 
control  over  agroindustrial  sector  in  order  to  maintain  food  security.  The  need  for  government  control  over 
agricultural  industry  stems  from  the  fact  that  the  State  is  accountable  to  its  citizens  for  establishing  their  standard 
living  conditions,  food  and  other  agricultural  product  supplies.  This  article  explores  the  concepts,  objectives  and 
enhancement  techniques  for  government  control  over  agroindustrial  sector,  challenges  associated  with  maintaining 
food security and the ways to address these challenges. The article describes one of the most important elements of 
the social functions of the state - food policy. The author explores the state of food security in modern Kazakhstan. 
Based on scientific analysis of legislation the author reveals the specific  features of the legislative  food security in 
modern Kazakhstan. The national interests of the Republic of Kazakhstan in the food sector are analyzed. The main 
threats  and  risks  associated  with  food  security  are  regarded.  To  illuminate  the  problems  stated  in  the  article,  the 
author widely used methods for the analysis of legal acts that regulate food safety issues, comparative historical, and 
other methods of scientific research. Analyzing the state of food security in modern Kazakhstan, the author came to 
the conclusion that to date in the field of study there are some serious problems that require adequate solutions. The 
author concludes that food security is an integral feature of the policy of the welfare state.  
 
 
УДК 336.741.28 
 
АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ 
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
А.А. Есекеева, А.М. Ашим 
 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы 
Tіpeк  сөздер:  мемлекеттік  реттеу,  агроөнеркәсіптік  кешен,  азық-түлік  қауіпсіздігі,  құқықтық 
қамтамасыз ету, мемлекет қызметтері. 
Аннотация.  Мақала  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатындағы  агроөнеркәсіптік  кешенді 
мемлекеттік  реттеудің  жетілдіру  мәселелеріне  арналған.  Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  мемлекеттік 
реттеудің қажеттілігі негізделеді, мемлекет өзінің азаматтары алдында өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға, 
азық-түлік  қауіпсіздігі  мен  басқа  да  ауыл  шаруашылық  тауарларын  қамтамасыз  етуге  жауапты.  Мақалада 
агроөнеркәсіптік  кешенді  мемлекеттік  реттеуді  жетілдірудің  түсінігі  мен  мақсаттары  және  азық-түлік 
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері мен оларды шешу жолдары зерттеледі. 
Мақалада мемлекеттің әлеуметтік қызметінің негізгі маңызды элементтерінің бірі  – азық-түлік саясаты 
қарастырылады.  Автор  қазіргі  Қазақстандағы  азық-түлік  қауіпсіздігінің  жағдайын  зерттейді.  Заңнамалық 
актілерді  ғылыми  талдаудың  негізінде  автор  қазіргі  Қазақстандағы  азық-түлік  қауіпсіздігінің  заңнамалық 
қамтамасыз  етілуінің  арнайы  белгілерін  айқындайды.  Азық-түлік  аясындағы  Қазақстан  Республикасының 
ұлттық  мүддесі  талданды.  Азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етумен  байланысты  негізгі  тәуекелдер  мен 
қауіптер  қарастырылған.    Ұсынылған  мақаланың  мәселесін  баяндау  үшін,  автор  азық-түлік  қауіпсіздігінің 
мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің әдістерінің талдамасын, салыстырмалы тарихи және 
басқа  да  ғылыми  зерттеулердің  әдістемелерін  кеңінен  қолданады.  Қазіргі  Қазақстандағы  азық-түлік 
қауіпсіздігінің жағдайын талдай отырып, автор қорытындыға келеді, бүгінгі күні зерттеу аясындағы дәлме – 

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
164  
дәл  шешімді  талап  ететін  шынайы  мәселелер  қатары  бар.  Автор,  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 
әлеуметтік мемлекет саясатының бөлінбейтін бөлігі деген қорытындыға келеді. 
 
2006-2008  жылдары  болған  азық-түлік  дағдарысы  әлемнің  көптеген  елдерін  шарпып  өтті, 
халықаралық  нарықта  күріш,  астық  және  жүгері  өнімдерінің  бағасы  бірнеше  есе  өскен  болатын. 
Халықаралық  нарықта  бағаның  өсуі  елдердің  ішкі  бағасының  өсуіне  әсер  етті.  2006-2008  жылдары 
болған азық-түлік дағдарысы әр елге әртүрлі әсер етті, соның ішінде кедей елдер үлкен зардап шекті. 
2009 жылы 11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-
түлік  қауіпсіздігі  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Заң 
қабылданды. Онда бірқатар қолданыстағы заңдарға толықтырулар енгізілді. 
Заңда  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  азық-түлік  қауіпсіздігіне  төнетін  қауіп-
қатерлердің  алдын алуға және оларды  бейтараптандыруға  бағытталған  әлеуметтік-экономикалық, 
ғылыми-техникалық,  әкімшілік  және  өзге  де  шараларды  әзірлеу  және  іске  асыру  арқылы  жүзеге 
асырылатыны айқындалған. 
Елімізде  өндірілетін,  сонымен  бірге,  шетелден  әкелінетін  және  өткізілетін  азық-түлік 
тауарлары  сапасының  Қазақстан  Республикасының  тамақ  өнімдерінің  қауіпсіздігі  туралы 
заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс. 
Заңға  сәйкес  мемлекеттік  органдардың,  жеке  және  заңды  тұлғалардың  азық-түлік 
қауіпсіздігінің жай-күйін нашарлататын, азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз көтерілуін, азық-
түліктің  ішкі  ресурстарының  төмендеуін  арзандататын,  азық-түлік  тауарларын  Қазақстан 
Республикасының  шегінен  тысқары  жерлерге  заңсыз  әкетуге  ықпал  ететін,  сапасыз  және  халық 
үшін  қауіпті  азық-түлік  тауарларын  ішкі  нарыққа  әкелуге  ықпал  ететін  шешімдер  қабылдауына 
және іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді. 
Ал енді Елбасының 2010 жылғы халыққа арнаған Жолдауының негізгі арқауының бірі еңбек 
өнімділігін арттыруға қатысты болды. «Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төмені және 
жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 
50-70 мың долларды құрайды екен. Ауыл үшін өсу перспективасы міне осында. Сондықтан біздің 
міндетіміз  –  2014  жылы  агроөнеркәсіптік  кешенде  өнімділікті  кем  дегенде  екі  есе  арттыру.  Бұл 
күрделі міндетті аграрлық-индустриялық әртараптандыру ғана, яғни ауылшаруашылық шикізатын 
қайта  өңдеуді  шұғыл  арттыру,  жаңа  құрал-жабдықтар,  жаңа  технологиялар  мен  ауыл 
шаруашылығындағы  жаңа  көзқарас  шеше  алатын  жағдайда.  Әлемдік  тәжірибені  пайдалану,  оны 
біздің  ауыл  шаруашылығымызға  жедел  ендіру  керек.  Екіншіден,  елдің  азық-түлік  қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету», дей келіп, азық-түлік тауарлары ішкі рыногының 80 пайыздан астамын отандық 
тағам өнімдері құрауы тиіс екенін, оған бізде бұл үшін мүмкіндіктер бар деп мәлім етті [1]. 
Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне арнайы 
тоқталып,  Қазақстанның  аграрлық  секторы  үлкен  экспорттық  мүмкіндіктерге  және  инновациялар 
енгізу  үшін  жоғары  әлеуетке  ие  екендігін,  ал  азық-түлікке  деген  қажеттілік  әлемде  жыл  сайын  өсе 
беретінін, сондықтан біздің елге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайтынын ескертті. 
Бәрімізге  белгілі,  Мемлекет  басшысы  2012  жылы  14  желтоқсанда  еліміздің  келешегіне  айқын 
бағдар көрсеткен, ХХІ ғасырдағы басты міндеттерді қамтыған «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария 
етті. Елбасы әлемдегі үшінші сын-қатер деп жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді атады. 
Президент өз сөзінде жер-жаһанда халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт 
шиеленістіре түсетінін, бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық 
адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіріп отырғанын еске салып өтті. 
Жолдауда берілген осы салаға қатысты тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Үкімет өте 
қысқа мерзім ішінде Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту жөнiндегi 2013 
– 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын әзірледі. Бұл құжат Үкiметтiң 2013 
жылғы 18 ақпандағы арнайы №151 қаулысымен бекітілді [2]. 
Бағдарлама тиімді орындалған жағдайда күтiлетiн нәтижелерге келсек, мемлекеттiк реттеудiң 
тиiмдi  шараларын  пайдалану,  АӨК  бизнесiн  дамыту  үшiн  қолайлы  жүйелi  жағдайлар  жасау, 
қамтамасыз  етушi  инфрақұрылымды  дамыту,  секторға  тартылатын  орташа  жылдық 
инвестицияларды екi есе арттыру, өнiмдiлiктi өсiру нәтижесiнде бағдарламаның негiзгi нысаналы 
индикаторларына қол жеткiзіледі. АӨК субъектiлерiн субсидиялау есебiнен 2020 жылға қарай ауыл 

ISSN 1991-3494                                                              
№ 5. 2014 
 
 
165 
шаруашылығын мемлекеттiк қолдау көлемiн 4,5 есе арттыру мақсаты көзделіп отыр. Бағдарламада 
көзделген iс-шараларды қаржыландыру мемлекетіміздің заңнамасына сәйкес тиiстi қаржы жылына 
арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бекiту кезiнде нақтыланатын болады [3]. 
2013  –  2014  жылдар  кезеңінде  астық  сақтау  инфрақұрылымын  дамыту  мақсатында 
сыйымдылықтардың  барынша  тапшылығын  бастан  кешіп  отырған  негізгі  астық  өндіруші  өңір 
Солтүстік  Қазақстан  аумағында  астық  сақтауға  арналған  жаңа  қуаттылықтар  салу  жүзеге 
асырылатын  болады.  Осыған  байланысты,  қолданыстағы  қуаттылықтар  кеңейтіледі  және  жаңа 
астық сақтау қоймалары салынады. Астық нарығына мемлекеттің қатысуын күшейту мақсатында, 
сондай-ақ астық экспортының батыс және оңтүстік бағыттарын дамыту үшін елдің оңтүстік және 
батыс өңірлеріне астықты қайта тиеу үшін жаңа қуаттылықтар салу жүзеге асырылады [4]. 
Қазақстандық астықтың экспорттық әлеуетін ұлғайту мақсатында 2020 жылға дейін астықты 
батыс бағытында тиеп-жөнелту қуаты ұлғайтылатын болады. 
Қытайдың өсіп келе жатқан халқын және тұтыну құрылымының бидайдан жасалған өнімдерді 
тұтынудың  ұлғаюына  қарай  өзгеруін  ескерсек,  Қытай  нарығы  Қазақстан  үшін  барынша 
перспективалы болып табылады. Сонымен бірге Қытай Қазақстан астығын Оңтүстік Шығыс Азия 
елдеріне  және  осы  бағыттағы  басқа  да  елдерге  экспорттау  үшін  транзиттік  мемлекет  болуға 
қызығушылық  танытады.  Осыған  байланысты,  астық  экспортын  ынталандыру  үшін  шығыс 
бағыттағы астық терминалының құрылысы жүргізілетін болады. 
Осыған байланысты, 2015 – 2020 жылдар кезеңінде мемлекеттік астық сақтау қуаттылықтарын 
кемінде 2 млн. тоннаға дейін жеткізген және ұстаған, Қор табысты жұмыс істеген жағдайда 3 млн. 
тоннаға дейін жеткізген жөн болмақ [5]. 
Қазіргі уақытта Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірушілер  
ретіндегі ішкі қатерлерге төмендегілер жатады: 
- егін алқаптарының қысқаруы және астық жинаудың төмендеуі
- ауыл шаруашылық малдарының қысқаруы; 
- ауыл шаруашылық өнімін сақтау және өңдеу салаларының дамымағандығы; 
- ауыл шаруашылық өндірушілеріне несиелеудің тиімді механизмінің болмауы; 
- жер ресурстарының тозуы, топырақтың құнарлығының төмендеуі және  
тұздануы; 
- импорттық азық-түлік пен ауылшаруашылық технологияларына тәуелділіктің өсуі; 
- табиғи апаттарға: жер сілкінісі, қуаңшылық, су тасқыны және т.б. жағдайларға дайындықтың 
болмауы; 
- агроном кадрларды дайындау сапасының төмендігі; 
- ауыл жастарының қалаға массалық ағылуы, бұл ауылдың демографиялық дағдарысына алып 
келеді. 
Зерттеуші ғалымдар «егер мемлекет 25 пайыз азық-түлікті сырттан алатын болса, бұл ел азық-
түлік  қауіпсіздігінен  айырылады»  деп  тұжырымдайды.  Ал,  Қазақстан  жағдайында  қарастыратын 
болсақ,  бізде  40  пайызға  жуық  сүтті,  29  пайыз  етті  және  43  пайыз  көкөністерді  сырттан  әкеледі. 
Азық-түлік қоры мол деп есептелетін Ресейдің өзі тамақ өнімдерінің 40 пайызға жуығын шетелден 
тасымалдайды.  Ауылшаруашылығының  шикізаттық  сипаты  азық-түлік  қауіпсіздігіне  кедергі 
келтіреді.  Елдегі  ауылшаруашылық  өнімдерінің  80  пайызы  шикізат  күйінде  шығарылады  және 
дайын  өнім  шығару  деңгейі  төмен.  Әлемдік  тәжірибеде  азық-түлік  қауіпсіздігіне  байланысты 
көптеген  шаралар  жүргізіледі  және  олардың  құқығын  қорғайтын  заңдар  қабылданған.  Сонымен 
қатар, дамыған елдерде азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында әр жылда 40 млрд. доллар қаржы 
бөлінеді [6]. 
Қазақстанның  азық-түліктен  тәуелділігінің  өсуі,  елдің  экономикалық  қауіпсіздігінің 
әлсізденуіне  әкелуі  мүмкін,  өйткені  азық-түлікті  сатып  алуға  қаржы  шығындары  елдің  алтын-
валюта резервтеріне ауыртпалықты арттырады, бұл ұлттық валюта бағамына қатер төндіреді және 
инфляциялық күтудің деңгейі белгісіз. 
Қазақстанның азық-түліктік қамтамасыз ету дәрежесі, тек қана өндірілген өнім санымен ғана 
емес, халықтың негізгі массасының төлем қабілеттілігінің деңгейімен де анықталады. 
Азық-түлік  қауіпсіздігінің  үш  деңгейі  бар.  Біріншіден,  әр  мемлекетте  қолжетімділік  болуы 
тиіс, яғни өнім мемлекеттің өзінде өндірілуі керек немесе ондай жағдай болмаса шетелден әкелінуі 

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
166  
қажет.  Екіншіден,  азық-түлікті  халықтың  сатып  алуға  мүмкіншілігі  болуы  керек.  Басқаша 
айтқанда, азаматтың өз қаражатына азық-түлік қоржынын нарықтық бағамен алуға шамасы келуі 
тиіс.  Ал  үшінші  деңгейде  азық-түлік  сапасы  жоғары  болуы  қажет.  Бұл  ретте,  зертханалық 
тексерістерді  өткізу  сынды  мемлекеттің  арнайы  жүйесі  болғаны  маңызды.  Біздің  мемлекетіміз 
бүгінгі күні өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.  
 «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауынан  -  әлемдік  халық 
саны  өсуінің  жоғары  қарқыны  азық-түлік  проблемасын  күрт  шиеленістіріп  отыр.  Бүгіннің  өзінде 
әлемде  миллиондаған  адам  аштыққа  ұшырап,  миллиардқа  жуық  адам  тағамның  ұдайы 
жетіспеушілігін  бастан  кешіруде.  Тамақ  өнімдерін  өндіруде  революциялық  өзгерістер  жасамаса, 
осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек. Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер 
бар.  Біз  қазірдің  өзінде  астық  дақылдарын  аса  ірі  экспорттаушылар  қатарына  ендік.  Бізде  аса  ірі 
экологиялық  таза  аумақтар  бар  және  экологиялық  таза  тағам  өнімдерін  шығара  аламыз.  Ауыл 
шаруашылығы  өнеркәсібінде  сапалы  секіріс  жасау  толықтай  қолымыздағы  нәрсе.  Бұл  үшін  бізге 
жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады [7]. 
Азық-түлік  қауіпсіздігі  қай  елдің  болмасын  тәуелсіздігінің,  еркін  дамуы  мен  халқының  әл-
ауқатының  артуының  кепілі  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда  ауыл  шаруашылығын  мемлекеттік 
қолдау арқылы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыcтар 
атқарылуда. Ауыл  шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі 
бір саласы ғана емес, сонымен бірге ол – азық-түлік қауіпсіздігінің де кепілі. Сондықтан да бүгінде 
жүзеге  асырылып  жатқан  мемлекеттік  аграрлық  саясатқа  ерекше  назар  аударып,  оның  алдағы 
уақыттағы  даму  көрсеткіштері  мен  негіздерінің  қалай  көш  түзейтініне  болжам  жасай  отырып, 
заман талабына сай стратегиялық бағыттарына қажетті өзгерістерді ізденіп, енгізуіміз керек. Азық-
түлікпен  қамтамасыз  етудің  бірден  бір  бағыты  –  ауыл  шаруашылығында  кәсіпкерлікті  өрістету, 
шаруа  қожалықтарын  кеңінен  дамыту.  Технологияның  жедел  игерілмеуі  салдарынан  шикізаттың 
уақытылы  өңделмеуі,  жыл  бойы  жанталасқан  шаруалар  еңбегінің  зая  кетіп  отырғанының  бір 
көрінісі. Сондай-ақ, бұл жерде тікелей жеткізу жүйесінің дамымауы, яғни сатушы мен тұтынушы 
арасындағы тікелей сауда жасау жүйесінің жоқтығы да – жиналған өнімнің бекер жарамсыз болып, 
желге  ұшуына  себеп.  Сондықтан  да  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуде  орны  ерекше 
аталатын агросекторды жан-жақты жоспарлай отырып, дамытудың маңызы мол [8]. 
Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін арттыру үшін төмендегі шаралар жасалуы қажет: 
-  Қазақстанда  азық-түлік  саласына  терең  талдау  жасап,  әр  өнім  түрі  бойынша  елімізде 
өндірілу,  сырттан  әкеліну  көрсеткіштерін  есептеу.  Бұл  ретте  азық-түлік  түрлерінің  өзіндік  құны 
мен бәсекеге қабілеттілігі шарттарын ескеру керек; 
-  Талдау  қорытындысы  бойынша  әрбір  салаға  бөлінетін  қаржы,  әкімшілік,  жер,  кадр 
ресурстары  мәселелеріне  қатысты  нақты  шешімдер  қабылдау  және  оны  орындауда  жауапты 
тұлғаларды бекіту; 
-  Ішкі  нарықты  қамтамасыз  ету  үшін  өндірілетін  азық-түлік  түрлерінің  тек  қоймаларда  есеп 
беру үшін сақтап қоймай, жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету; 
- Азық-түлік сапасына зерттеулер жүргізіп, белгілі бір жүйеге келтіру; 
- Әр облыс, әр қалада азық-түлік қауіпсіздігі бойынша шағын аймақтық кластерлер құру. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет