Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет24/40
Дата22.12.2016
өлшемі7,17 Mb.
#26
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40

 
ӘДЕБИЕТ 
 
[1]
 
Кузьменкова  М.А.  Корпоративные  коммуникации  в  информационном  обществе:  интегрированный  подход  // 
Вестник Моск. ун-та, сер. 10. Журналистика. 2004, № 3. – с. 39-47.  
[2]
 
Мурзин Д.А. Новые корпоративные стратегии коммуникаций в современной России // Вестник Моск. ун-та, сер. 
10. Журналистика. 2005, № 1. – с. 55-67.  
[3]
 
Мурзин Д.А. Феномен корпоративной прессы. М.: Хроникер, 2005 – 192 с.  
[4]
 
Петербургская школа PR: от теории к практике. Вып. 2: Сб. статей / Отв. Ред. А.Д. Кривоносов.  – СПб.: Роза 
мира, 2004 – 174 с.  
[5]
 
Петербургская школа PR: от теории к практике. Вып. 3: Сб. статей / Отв. Ред. А.Д. Кривоносов.  – СПб.: Роза 
мира, 2005 – 146 с.  
REFERENCES 
 
[1]
 
Кuzmеnкоva М.А. Corporate Communications in the Information Society: an integrated approachю Vеstniк Моsс. un, 
sеr. 10. Journalism. 2004, № 3. – p. 39-47. (in Russ.). 
[2]
 
Мurzin D.А. New corporate communication strategy in modern Russia.  Vеstniк Моsc. Un., sеr. 10. Journalism. 2005, 
№ 1. – p. 55-67.  
[3]
 
Мurzin D.А. The phenomenon of corporate press. М.: Hrоniкеr, 2005 – 192 p. (in Russ.).  
[4]
 
PR St. Petersburg School: from theory to practice. V. 2: Coll. of articles. Ed. А.D. Кrivоnоsоv. – SPb.: Rоzа mirа, 2004 
– 174 p. (in Russ.). 
[5]
 
PR St. Petersburg School: from theory to practice. V. 2: Coll. of articles. Ed. А.D. Кrivоnоsоv. – SPb.: Rоzа mirа, 2005 
– 146 p. (in Russ.). 
 
 
Интранет-портал как эффективное средство ведения бизнеса 
С.Н. Исабаева, М.К. Чанбаева, А.Ж.Скакова 
e-mail: chmoldir_79@mail.ru 
Казахский государственный женский педагогический университет, Алматы, Казахстан 
Казахский экономический университет им. Т.Рыскулова Алматы, Казахстан 
Ключевые слова: интранет-портал, фирма, компания. 
Аннотация: В статье рассматривается о выгодности интранет-порталов для эффективной работы фирм, компаний.   
 
 
Поступила 15.03.2015 г. 
 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
186  
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 2, Number 300 (2015), 186 – 189 
 
 UDC 373.1 
 
The role of communicative competence in the learning of foreign language 
 
Ismagulova R.S. 
irauzya@mail.ru 
Kazakh National Technical University after K.I.Satpayev, Almaty, Kazakhstan 
 
Key words: communicative competence, communication, components, learning process. 
Abstract.  In  this  article,  the  formation  of  communicative  competence  in  the  process  of  learning  foreign 
language  in  school  was  considered  carefully.  When  implementing  communicative  competence  students  should  be 
able  to  communicate  in  a  foreign  language  and  be  ready  and  able  to  live  in  a  modern  multicultural  world. 
Communicative  competence  includes  various  communicative  components  and  sociocultural  competence  of  human, 
providing  the  opportunity  to  navigate  and  adapt  to  the  language  environment.  Success  in  the  learning  foreign 
language can be achieved only with the correct development of the communicative competence. 
 
ӘОЖ 373.1 
 
Коммуникативтік құзыреттіліктің шет тілін оқып үйренудегі рөлі 
 
Исмагулова Р.С. 
irauzya@mail.ru 
Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы, Қазақстан 
 
Тірек сөздер: коммуникативтік құзыреттілік, қарым-қатынас, компоненттер, оқу процесі.  
Аннотация.  Бұл  мақалада  орта  мектептерде  шет  тілін  оқытып-үйретудегі  коммуникативтік 
құзыреттілікті  дамытудың  жолдары,  маңыздылығы,  ақсаты,  яғни  оқушылардың  шетелдік  өзге  тіл 
өкілдерімен  түсінісіп,  еркін  қарым-қатынас  жасауды  оқып-үйренудің  жолдары  қарастырылады.  Мәдени 
аралық  мотивацияға  алып  келетін  коммуникативік  құзыреттілік  пен  оның  компоненттерін  дамытуды 
қалыптастырудың  тиімділігі  мен  қарым-қатынас  кезіндегі  маңыздылығына  оқытудың  барлық  кезеңінде, 
жүйелі  оқыту  барысында  ғана  оқушылардың  қол  жеткізетіндігі  және  олардың  тілді  меңгеру  жетістіктері 
екендіктеріне көз жеткізуге болатындығы баяндалады 
 
Шет  тілін  оқып-үйрену  қазіргі  таңда  қолжетімді  мәселе  және  мемлекет  тарабынан  қолдау 
тауып  отыр.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 
міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде 
жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіптік  шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім  үшін 
қажетті  жағдайлар  жасау;  жеке  адамның  шығармашылық,  рухани,  күш-қуат  мүмкіндіктерін 
дамыту,  адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  даралықты 
дамыту  үшін  жағдай  жасау  арқылы  ой-өрісін  байыту»  делінген  [1].  Оқушылардың  шет  тіліне, 
әлемдік және ұлттық мәдениетке дұрыс бағыттағы көзқарастарын дамыту, ұлттық құндылықтарды 
сақтау,білім  алуға  мүмкіндік  жасау-  білім  жүйесінің  алдында  тұрған  маңызды  мәселелер  және 
оларды шешу міндеті жүктеледі. 
Қоғамның  даму  кезеңінде  еліміздің  жоғарғы  және  орта  мектептерінде  білім  беру  мазмұнын 
коммуникативтік  бағытта  дамытуға  күш  сала  отырып,  білім  беруді  жаңашаландырудың  жоғарғы 
деңгейдегі бағыттарының бірі ретінде білім жүйесінде ақпараттық және әлеуметтік-экономикалық 
пәндермен  қатар  шет  тілін  оқытуды  жалпылай  ақпараттандыруға  қажетті  жағдайлар  жасалуы 
керек. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
187 
Орта  мектептерде  шет  тілін  оқытудың  мақсаты  –  оқушыларға  шетелдік  білім  берудің 
коммуникативтік  құзыреттілігін  дамытудың  жоғарғы  деңгейіне  жету  жетістіктері,  яғни 
оқушылардың  шетелдік  және  өзге  тіл  өкілдерімен  түсінісіп,  еркін  қарым-қатынас  жасай  алуы 
болып табылады [2]. 
Шет тілін еркін меңгеру,  тіпті шектеулі дәрежеде сөйлей білу  – қыр-сыры көп аспектілердің 
бірі  десек,  ал  қажырлы  оқудың  нәтижесі  –  коммуникативтік  құзыреттілік  –  өте  күрделі,  көп 
компонентті  құбылыс  болғандықтан,  шет  тілін  оқытудың  мақсатына,яғни  күрделі  интеграциялық 
тұтастықты  көрсете  отырып,  мәдени  аралық  құзыреттілікке  алып  келеді  Бұдан  мәдени  аралық 
мотивация, коммуникативтік қатынасқа түсетін екі немесе одан да көп қатысушылардың, әртүрлі 
әлеументтік  лингвоэтномәдени  өкілдерінің  байланыстарының  туатынын  білеміз.  Ендеше,  мәдени 
аралық  мотивацияға  алып  келетін  коммуникативік  құзыреттілікті  төмендегідей  деңгейде  игеру 
керек: 

 
шет тілінің жүйелі білімін және тілдік құралдарды тілдік қатынас кезінде пайдалана білу; 

 
коммуникативтік  икемділік,  яғни  түсіне  білу,  оны  жеткізе  білу  (белгілі  бір  сферада, 
тақырыпта, ситуацияда); 

 
ауызша  және  жазбаша  түрде  байланыс  жасай  білу,  түрлі  көлемдегі  мәліметтерді  хабарлай 
білу, мәнді-мағыналы, жүйелі жауап қайтара білу, ойын жеткізе білу, мағлұмат ала білу, қатынас 
жасаушының ойын түсіне білу; 

 
түрлі  мәліметтерді  дыбысталған  немесе  жазылған  мәтіндерден  әртүрлі  тәсілдермен  ала 
білуде қолдана білу және талдау. 
Шет  тілін  оқып-үйрену  процесі  кезінде  коммуникативтік  құзыреттіліктің  мынандай 
компоненттерін дамытуға аса мән бергеніміз жөн [2]:  
1.
 
Сөйлеу  құзыреттілігі  –  оқушылардың  сөйлей  алуы  (диалогтық  және  монологтық  сөйлеу), 
оқу және жазу; 
Шет  тілін  оқытуда  қойылған  мақсатқа  жету  үшін  оқытудың  әр  түрлі  құралдарын  пайдалану 
көзделген.  Оқу  құралдарына  оқытуды  ұйымдастыруда,  оқыту-тәрбие  процесін  жүргізуде 
қолданылатын барлық материалдар жатады [3]. Әр оқу құралдарын тиімді пайдалану оқытушыға 
байланысты.  Соған  орай,  ол  қажетті  нәтижеге  қол  жеткізе  алады.  Сөйлеу  құзыреттілігін  дамыту 
үшін төмендегідей оқу құралдарын пайдалану қажет: 

 
оқулық  -  оқытудың  ең  басты  және  негізгі  құралы,  ол  оқытудың  барлық  әрекетін  қамтитын 
оқу материалдарынан тұрады; 

 
оқуға  арналған  кітап  -  ол  әр  оқушының  қолында  болуы  тиіс.  Әр  түрлі  тақырыптардағы 
мәтіндерді оқу практикалық, тәрбиелік, білімділік, дамытушылық мақсаттарды жүзеге асырады [3]; 

 
оқу  құралы  -  жеке  және  өзіндік  жұмысқа,  практикалық  сабаққа,  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына арналған. Мұндай оқу құралдарын түгелдей немесе жартылай сол оқу орындарының 
мұғалімдері жасап шығаруы мүмкін; 

 
аудио- және видеожазбалар - ағылшын тілін оқытуда маңызды рөл атқарады. Ол балаларға 
ағылшын  тілінде  нақты  ағылшынша  сөйлеуді,  яғни,  ағылшынның  сөйлеу  мәнерін  тыңдауға 
мүмкіндік  береді,  ол  оқушылардың  сөздерді  дұрыс  айту  сапасын  арттырады,  тыңдау  қабілетін 
дамытады

 
компьютерлік  программа,  интернет  жүйесі  -  оқушылардың  функционалды  компьютерлік 
сауатын  қамтамасыз  етеді.  Өз  бетінше  және  қашықтықтан  білім  алуына  мүмкіндік  береді. 
Оқушылардың ең осал тұстары, жазбаша коммуникативтік икемділіктерін дамытады. 
2.
 
Тілдік  құзыреттілік  -  сөйлеудің  айтылу,  лексикалық,  грамматикалық  жақтарын  меңгеруді 
қамтиды, графика мен орфография. Тілдік құзыреттілікті дамытудың негізгі оқыту құралдары: 

 
жұмыс дәптері - үйде өздік жұмысты орындау үшін қажет, ағылшын тілінің графикасы мен 
орфографиясын меңгеруге, лексикалық грамматикалық материалдарды әр сабақта тапсырмаларды 
орындау кезінде игеруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тексеруге, түзетуге, бағалауға үйретеді [3]; 

 
таблицалар,  схемалар,  үлестірмелі  материалдар,  түрлі-түсті  суреттер  -  мүмкіндігінше 
сөйлеу  әрекетінің  барлық  түрлерін  меңгерудегі  қабілеттілігін  дамыту  мен  қалыптастыру 
процесінде белсенді болуы мен даралануына мүмкіндік береді және де оқушылардың тілдік және 
сөйлеу бірліктерінің жинақталу процесін дамытады; 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
188  

 
оқулық; 

 
аудиоматериалдар; 

 
компьютерлік программа, интернет. 
3.
 
Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік - оқып жатқан тілде сөйлейтін елдер туралы әлеуметтік-
мәдени білімін жинақтауға (мінез-құлық, әдеп) және оны қарым-қатынаста қолдана білуге, сондай-
ақ  өз  елін  және  оның  мәдениетін  өзгелерге  жеткізе  білуге  үйрету.  Қазіргі  жаhандану  заманында 
шет тілін оқытудағы әлеуметтік-мәдени компонентін дамыту – маңызды мәселелердің бірі. 
Тіл  үйренушінің  өзге  ортада  әлеуметтік-мәдени  құзыреттілігін  келесідей  құралдар  арқылы 
дамытуға болады:  

 
таспаға жазылған мәтіндер (нақты шетелдік азаматтардың және тіл тасушылардың оқыған 
мәтіндер жазбасы); 

 
видеоматериалдар - олар кезіндегі және қазір де белгілі құралдар (олар сол елдің мәдениетін 
беруші беделді құрал); 

 
виртуалды ену – оқушылардың әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін дамытудың тиімді құралы. 
Бұл  виртуальды  кеңістік  интернет,  басқа  да  компьютерлік  технологиялармен  бірге  қолданылады 
[4]. 
Әлеуметтік-мәдени  құзыреттілікті  дамытудың  ең  тиімді  құралы,  әрине,  сол  тілде  сөйлейтін 
елдерде болып қайту. Ондай елдерге барып қайтқан оқытушылар оқушылар үшін «көрнекті құрал» 
тәріздес, себебі, олардың сол ел туралы көрген-білгендері көп. 
4.
 
Компенсаторлық құзыреттілік - ақпаратты алуда және беруге тілдік құралдардың жетіспеу 
жағдайында қиындықтан шыға білу. Бұл құзыреттілік келесідей құралдар арқылы дамытылады:  

 
оқулық; 

 
интернет; 

 
сол тілде сөйлейтін елде болып қайту. 
5.
 
Оқу-танымдық  құзыреттілік  -  жалпы  және  арнайы  оқу,  тілді  өз  бетінше  үйренудің  әдіс-
тәсілдері,  соның  ішінде  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану.  Оқу-танымдық 
құзыреттілікті дамытуға жататын құралдар: 

 
әртүрлі  сөздіктер  (ағылшынша-орысша,  орысша-ағылшынша,  түсіндірме).  Оқушыларға 
жаттығуларды орындауда көп көмегі тиеді, білуге құмарлығын, тілге қызығушылығын арттырады 
[3]; 

 
оқулық; 

 
оқуға арналған кітап

 
оқу құралдары; 

 
компьютерлік программалар, интернет. 
Шет  тілін  оқытуда  оқушылардың  тілдік  икемділігін  одан  ары  дамытуды,  ана  тілінде,  шет 
тілінде  сөйлейтін  елдердің  жалпы  мәдениетін,  оның  ұқсастығы  мен  айырмашылығын, 
ерекшеліктерін  салыстыра  отырып,  түсіне  білуге  үйрену  қабілеттерін  дамыту  қажет.  Шет  тілін 
оқыту  процесінде  оқушылардың  сол  ел  туралы  жеке  көзқарастарын  қалыптастыра  отырып,  осы 
тілде  сөйлейтін  өзге  де  елдің  мәдени  және  рухани  ерекшеліктері  мен  мәдени  аралық  қарым-
қатынасқа  қол  жеткізу  тәсілдерін  талдап,  тани  білуге  үйрете  отырып,  өз  ана  тілдерінің  тіл 
мәдениеті  мен  өз  елдерінің  рухани  құндылығын,  мәдениетін  шет  тілде  сөйлейтін  елдермен 
салыстыруға, синтез жасай білуге мүмкіндік беру керек. Сын көзбен қарай отырып, өзге елдің өмір 
сүру  дағдылары  мен  мәдениеті  арқылы  өздерінің  дүниетанымын,  білімін,  ой-санасын  дамыту 
көзделуі тиіс. Жоғарыда айтылған педогогикалық және прагматикалық аспектілердің бәрі ескеріле 
отырып, шет тілін оқытудың ең маңызды екі мақсаты негізделеді: 
1.
 
когнитивті коммуникативтік мақсат, 
2.
 
когнитивті дамытушы мақсат. 
Когнитивті  коммуникативтік  мақсат  ең  алдымен  оқушыларға  аутенттік  мәтіндерді  оқыту 
арқылы беріледі және оған коммуникативтік іскерліктердің барлық түрлерін (оқу, тыңдау, сөйлеу, 
жазу)  бірікіре  оқыту  арқылы  шетелдік  аутенттік  мәтіндерді  оқудағы  өзгерістерді  оқып-үйрену 
жатады.  Негізгі  ерекшеліктерді  игере  отырып,  оқушы  практикада,  өмірлік  жағдайда  пайдалануға 
мүмкіндік алады. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
189 
Екінші  мақсат  –  когнитивті  дамытушы  –  ол  бірінші  мақсатпен  тікелей  байланысты  және 
аутенттік мәтендерді оқыту процесінде қалыптасады. Шет тілін оқытудағы когнитивті дамытушы 
мақсат оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық және танымдық қасиеттерімен бірге ойлау, 
сөйлеу  қабілеттерін  дамытуда  тілдік  формаларға  мән  бере  отырып,  лингвистикалық 
қызығушылыққа  қол  жеткізеді,  демек,  басты  мақсатымыз  когнитивті  коммуникативтік  мақсатқа 
алып келеді.  
Қорыта  келе,  бұл  мақсаттарға  жету  үшін  оқыту  этаптарынан  өту  керек.  Көптеген  түрлі 
тапсырмалар орындалуға тиіс. Сабақтардың сан алуан түрлерін өту – қажетті деңгейде еңбектенуді 
қажет  етеді.  Демек,  оқытудың  барлық  кезеңінде  жүйелі  оқыту  барысында  ғана  қол  жеткізуге 
болады  Коммуникативтік  құзыреттілікті  қалыптастырудың  тиімділігі,  қарым-қатынас  кезіндегі 
маңыздылығы – оқушылардың тілді меңгеру жетістігі екеніне көз жеткіземіз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
[1]
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Алматы, 2008. 
[2]
 
Биболетова  М.З.  Примерные  программы  среднего  общего  образования.  Иностранные  языки.  –  Москва, 
Просвещение. – 2005. 
[3]
 
Рогова  Г.В.,  Верещагина  И.Н.  Методика  обучения  английскому  языку  на  начальном  этапе  в  общего 
образовательных учереждениях. – Москва, Просвещение. – 2004. 
[4]
 
Сафонова  В.В.  Коммуникативная  компетенция,  современные  подходы  к  много  уровневому  описанию  к 
методических целях. – Москва, НИЦ Еврошкола. – 2004.  
 
REFERENCES 
 
[1]
 
The Law of Education of Kazakhstan Republic. - Almaty, 2008. (in Kaz.). 
[2]
 
Biboletova M.Z. Sample programs of secondary education. Foreign languages. – Moscow, Prosveshenie. – 2005.  (in 
Russ.). 
[3]
 
Rogova  G.V.,  Vereshagina  I.N.  Methodology  of  teaching  English  at  the  initial  stage  in  the  general  Educational 
Institution. – Moscow, Prosveshenie. – 2004. (in Russ.). 
[4]
 
Safonova  V.V.  Communicative  competence,  modern  approaches  to  multi-level  description  for  methodological 
purposes. – Moscow, RSC Euroschool. – 2004. (in Russ.). 
 
УДК 373.1 
 
Роль коммуникативной компетенции в обучении иностранного языка 
Исмагулова Р.С. 
irauzya@mail.ru 
Казахский национальный технический университет им. К.И. Сатпаева, г. Алматы, Казахстан 
 
Ключевые слова: коммуникативная компетенция, общение, процесс обучения, компоненты 
Аннотация. В данной статье рассмотривается формирование коммуникативной компетенции в процессе обучения 
иностранного  языка  в  средней  школе.  При  реализации  коммуникативной  компетенции  обучающиеся  должны  уметь 
общаться  на  иностранном  языке  и  быть  готовым  и  способным  жить  в  современном  поликультурном  мире 
Коммуникативная  компетенция  включает  в  себя  различых  коммуникативных  компонентов  и  социокультурную 
компетенцию человека, обеспечивающие ему возможность ориентироваться и адаптироваться в языковой среде. Успех 
при  обучении  иностранному  языку  может  быть  достигнуть  только  при  правильном  развитии  коммуникативной 
компетенции. 
 
ISMAGULOVA R.S.  
MASTER  OF  EDUCATION,  LECTURER  OF  THE  DEPARTMENT  OF  FOREIGN  LANGUAGES,  INSTITUTE  OF 
BASIC  EDUCATION  OF  KAZAKH  NATIONAL  TECHNICAL  UNIVERSITY  AFTER  K.I.  SATPAYEV,  ALMATY, 
KAZAKHSTAN 
Поступила 15.03.2015 г. 
 
 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
190  
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 2, Number 300 (2015), 190 – 192 
 
Application of computer technologies in the education system 
 
Duisenova N.B., Baykazieva R.T., Nusipbekova A.N. 
duisenovanur@mail.ru, raya_07.87@mail.ru, alfiya_aszb@mail.ru. 
Kazakh state woman pedagogical university, Алматы, Kazakhstan 
 
Key words: Animated slide films, sound and video clips, illustration as a means of communication. 
Abstract. Today there is a developing of not only class education, but also distance learning  with the help of 
computer. For this you need a computer with Internet access. With distance learning you need to perform the task, 
and with the extended primer person receive knowledge by yourself looking at these books, send the answers to these 
tasks, or participate in teleconference. This form of training is much cheaper, and anytime you can teach and perform 
tasks. 
 
ӘОЖ 372.800.465.02 
 
Білім беру жүйесіндегі компьютерлік технологияны қолдану 
 
Дүйсенова Н.Б., Байказиева Р.Т., Нүсіпбекова А.Н. 
duisenovanur@mail.ru, raya_07.87@mail.ru, alfiya_aszb@mail.ru. 
 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан 
 
Тірек  сөздер:  анимациялы  слайд-фильмдер,  дыбыстық  және  бейнефрагменттер,  коммуникация, 
иллюстрациялық құрал. 
Аңдатпа:  Қазіргі  кезде  компьютердің  көмегімен  тек  белгілі  бір  аудиторияларда  ғана  емес,  сонымен 
бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін интернет желісіне қосылған компьютер керек. 
Қашықтан  оқыту  кезінде  тапсырманы  және  онымен  бірге  ұсынылған  оқулықтарды  қарап  отырып  білім 
алғысы  келетін  адам  өзі  ізденіп,  жауаптарын  салып  жібереді.  Немесе  бірлескен  телеконференцияларға 
қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа 
мүмкіндік береді.  
 
Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында:  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті- 
ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 
адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар 
жасау;  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық 
ғаламдық    коммуникациялық  желілерге  шығу»  -  деп  білім  беру  жүйесін  одан  әрі  дамыту 
міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір 
мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол 
ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. 
Қазіргі  кездегі  жоғары  білім  беру  қоғам  талаптарын  қанағаттандырудың  бірнеше  жүйелерін 
қарастырады,  яғни  ғылымды,  білімді  және  өндірісті  интеграциялау  түрі  ретінде  ғылыми  оқу-
өндірістік  кешендер  құру;  оқытуды  және  студент  еңбегін  дараландыру,  білім  беруді  ізгілендіру; 
оқытушылардың кәсіби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді 
даярлау  мен  олардың  кәсіби  деңгейін  көтеруде  педагогикалық  мұғалімдерді  жаңа  технологиялар 
негізінде  көтеру.  Мұндай  үдеріс  әлемнің  түрлі  елдерде  өздерінің  ұлттық  ерекшеліктеріне, 
экономикалық  жағдайына,  білім  беру  жүйесінің  дәстүрлеріне  қарай  әртүрлі  деңгейде  көрініс 
тапқан. 
Қазіргі  заман  талабына  сай  адамдардың  мәлімет  алмасуына,  қарым-қатынасына  ақпараттық-

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
191 
коммуникативтік  технологиялардың  кеңінен  қолданысқа  еніп,  жылдам  дамып  келе  жатқан 
кезеңінде  ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  қажетті  шартқа  айналып  отыр.  Келешек 
қоғамымыздың  мүшелері  –  жастардың  бойында  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  қоғамның 
алдында  тұрған  ең  басты  міндет.  Жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту  шеңберінде  білім  берудің 
мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» деп алатын жаңа ұғымның пайда болуына 
ықпал  етті.  Бұл  ұғымның  мәнін  білім  беру  үдерісін  өздігінше  дамытатын  жүйе  деп  түсінуге 
болады,  онда  білім  алушылардың  қызметі  жетекші  фактор  болып  табылып,  оқыту  мұғалім  мен 
білім  алушының  субьект  аралық  өзара  әрекетін  қарастыратын  және  олардың  мүмкіндіктерін 
қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді. 
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап 
етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті  технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады. 
Қазіргі  ақпараттық  қоғамда  өндірістің  дамуының  негізгі  құралы  болып  ақпараттық 
ресурстардың  қажеттілігі  көрінеді.  Сондықтан  білім  беру  саласы  да  өзінің  дамуы  үшін  жаңа 
қадамдарға  баруда.  Осыған  байланысты  адамға    ақпараттар  кеңістігінде  дұрыс  бағытты  таңдауға 
мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.  
Жаңа  ақпараттық  технологиямен  орындалатын    қызмет  өзінің  кез  келген  нақты  формасында 
тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. 
Ұрпақ  үшін  кітаптың  маңызы  қандай  болса,  компьютер  де  оқушы  үшін  қоршаған  әлемді 
танудың  табиғи  құралы  болып  табылады.  Олай  болса,  барлық  сабақтарды  компьютерлердің 
қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.  
Соңғы  жылдары  білім  беру  аясы  жүйесінде  компьютерлік  техниканы  пайдалану  белсенді 
түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және 
оқу-әдістемелік  материалдар  жинағы,  оқу  қызметіндегі  есептеуіш  техниканың  техникалық 
құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін 
жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, 
ақпараттық технология  – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы  әдістер 
мен формалар және балаларға білім беруші құрал. 
Ақпараттық  технология    қызметінің  құралы  ретінде  жаңа  ақпараттық  технологияның 
компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың 
дамып  жетілуіне  байланысты  ғылыми  сипаттағы    компьютерлік  бағдарламаларды    жасау  керек 
және ол оқушының іс әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс. 
Ақпараттық  әдістемелік  материалдар  коммуникациялық  байланыс  құралдарын  пайдалану 
арқылы  білім  беруді  жетілдіруді  көздейді.  Заман  ағымына  қарай  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны  қолдану  айтарлықтай  нәтиже  беруде.  Кез-келген  сабақта  электрондық  оқулықты 
пайдалананып,  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,  логикалық  ойлау 
жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сабақта компьютерлік 
технологияны  тиімді  пайдалану  арқылы  оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамытып,  өз  бетінше 
жұмыс істеуге дағдыландыру. 
Педагогикалық  және  әдістемелік  әдебиеттерде  оқытуда  ақпараттық  технологияларды 
пайдаланудың  бірнеше  бағыттары  көрсетілген,  солардың  ішінде  мектептегі  оқу  практикасында 
қажеттілерінің  негізгілері  мыналар:  компьютер    -  оқушы  білімін  бағалау  құралы;  компьютерлік 
модельдеуді  қолданатын  зертханалық  практикум;  мультимедиа-технология,    жаңа  материалды 
түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы. 
Мұғалім  жұмысы  практикада  оқушы  білімін  бағалау  үшін  алатын  тақырыптық  тестерден 
көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісі болуы мүмкін.  
Бұдан  басқа  да,  тест  генераторлары  деп  аталатын  тестілеуші  бағдарламалар  құруға  болатын 
арнайы  компьютер  бағдарламалары  (қосымшалар)  бар.  Бұл  жағдайда  мұғалім  тестің  сұрақтарын 
және барысын өздігінен таңдап алады. 
Қазіргі  кездегі  ақпараттық  технологиялар  оқу  материалдарын  иллюстрация  жасау  кезінде 
(мысалы  анимациялы  слайд-фильмдер)  қолданылады.  Бұл  оқу  үрдісін  қозғалыста  бейнелеуге 
мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация 
жасауға болады. 
Қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  өз  білімін  көтеру  тиімділігін  де 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
192  
арттырады.  Бұл  бірінші  кезекте  сандық  түрде  жазылған  ақпараттарды  пайдалану  кезінде  қажетті 
мәліметтерді  оңай  табуға  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  кезде  көптеген  әлемге  танымал 
энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған.  
Білім  беру  үдерісінің  барлық  қатысушыларымен-  оқушылар,  мұғалімдер,  басшылық,  ата-
аналар,  қоғам  мүшелерінің  арасындағы  ақпараттық  ағындардың  жүруін  қамтамасыз  етеді.  Оқу 
үрдісінде  компьютерлік  техниканы  қолданудағы  қиыншылықтар  көбіне  мұғалімнің  дербес 
компьютерді  дидактикалық құрал ретінде қабылдауына дайын екендігіне байланысты. 
Қорытындылай  
келе 
біздің  
мақсатымыз 
қазіргі  заман  талабына  сай  ұрпақ  тәрбиелеу,  оларды «оқи» білуге  үйрету, қашықтан  оқытуға 
үйрету,  көп   материалды  аз   уақытқа  қабылдай   білуге   үйрету.  Осылардың   бәрін   іске 
асыру   үшін   жаңа   технологияларды   сабаққа   қолдана  білуі.  Егер  біз  барлық  мүмкіндіктерімізді 
толық  пайдалана  алатын  болсақ,  онда  біздің  келешек  ұрпағымыз  компьютерлік  технологиямен 
толыққанды білім ала алады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет