ЛИТЕРАТУРА
[1]
«Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011 - 2020 годы», Указ
Президента РК от 7 декабря 2010 года № 1118, «Казахстанская правда», 14.12. 10. – №338(26399).
[2]
Батина Е.В. Курс по выбору «Вода удивительная и удивляющая» [Текст] /Е.В. Батина// Химия в школе –
2006. – №5. – С.25–26.
[3]
Батина Е.В. Использование технологии модульного обучения на уроках физики [Текст]: учебно-методическое
пособие для учителей физики/Е.В. Батина. Ярославль. – Изд-во ЯГПУ, 2009. – 96 с.
[4]
Браверман Э.М. Уроки физики: какими им быть сегодня [Текст] /Э.М.Браверман //Физика в школе – 2009. – №2
– С. 19–23.
[5]
Волков В.В. Научное познание как вид самостоятельной учебной деятельности по физике [Текст] / В. В.
Волков // Материалы УШ Международной научно-методической конференции «Физическое образование: проблемы и
перспективы развития», Часть 2. – Москва: МПГУ, 2009. – С. 13–16.
[6]
Волков В. В. Формирования компонентов научного познания при обучении физике: рабочая тетрадь [Текст] /
В. В. Волков; Яросл. гос. ун-т им. П. Г. Демидова. – Ярославль: ЯрГУ, 2009. – 50 с.
[7]
Давыдов В.В. Теория развивающего обучения [Текст] / В.В. Давыдов. – М.: ИНТОР, 1996. – 544 с.
[8]
Жохов А.Л. Познание математики и основы научного мировоззрения: мировоззренчески направленное
обучение математике: Учебное пособие [Текст] / А.Л. Жохов. – Ярославль: Изд-во ЯГПУ, 2008. – 183 с.
[9]
Жохов А.Л., Юнусов А.А., Бердалиева А.М., Саидахметов П.А., Нурмаханбетова Г.К. О важных
методологических понятиях методической науки// Журнал "Успехи современного естествознания", №12 (часть 4), 2014
год
[10]
Инновационные технологии обучения физике в школе [Текст]: коллективная монография / под науч. ред.
И.А. Иродовой. – Ярославль: изд-во ЯГПУ, 2012. – 236 с.
[11]
Монахов В.М. Педагогическое проектирование – современный инструментарий дидактических исследований
// Школьные технологии, № 5, 2002.
[12]
Новиков А. М. Методология образования [Текст] / А. М. Новиков. – Издание второе. – М.: Эгвес, 2006. – 488
с.
[13]
Разумовский В.Г. Физика в школе. Научный метод познания и обучение [Текст] / В.Г. Разумовский, В.В.
Майер. – М.: Гуманитарный изд. центр ВЛАДОС, 2004. – 463 с.
[14]
Пёрышкин А.В. Физика 9 кл. [Текст]: учеб. для общеобразоват. учеб. заведений/А.В. Пёрышкин, Е.М.
Гутник. – 5-е изд., стереотип. – М: Дрофа, 2002. – 256 с: ил.
[15]
Пёрышкин А.В. Физика 7 кл. [Текст]: учеб. для общеобразоват. учреждений/А.В. Перышкин. – 9-е изд.,
стереотип. – М.: Дрофа, 2007. – 192 с: ил.
[16]
Пёрышкин А.В. Физика 8 кл. [Текст]: учеб. для общеобразоват. учреждений/А.В. Перышкин. – 11-е изд.,
стереотип. – М.: Дрофа, 2007. – 191, [1] с: ил.
[17]
Сборник нормативных документов. Физика [Текст] /сост.Э.Д. Днепров, А.Г. Аркадьев. – 2-е изд., стереотип. –
М.: Дрофа, 2006. –111[1]
REFERENCES
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
166
[1]
"State Program for Development of Education of the Republic of Kazakhstan for 2011 - 2020", Presidential Decree
dated December 7, 2010 № 1118 "Kazakhstan Pravda", 14.12. 10. - №338 (26399). (in Russ.).
[2]
Batina E.V. Elective Course "Water wonderful and wonder" [Text] /E.V. Batina // Chemistry School 2006. - №5. -
P.25-26. (in Russ.).
[3]
Batina E.V. Using the technology of modular training in physics lessons [Text]: a teaching aid for teachers of physics /
E.V. Batin. Yaroslavl. - Publ YAGPU, 2009. - 96 p. (in Russ.).
[4]
Braverman E.M. Lessons of physics: what they have today [Text] /E.M.Braverman // Physics at school - 2009. - №2 - P.
19-23. (in Russ.).
[5]
Volkov V.V. Scientific knowledge as a form of self-learning activities in physics [Text] / V.V. Volkov // Proceedings of
VIII International Scientific Conference "Physical education: problems and prospects", Part 2 - Moscow: Moscow State
Pedagogical University, 2009. - P. 13-16. (in Russ.).
[6]
Volkov V.V. Formation components of scientific knowledge in teaching physics: Workbook [Text] / V.V. Volkov;
Yarosl. state. Univ them. Demidov. - Yaroslavl: Yaroslavl State University, 2009. - 50 p. (in Russ.).
[7]
Davydov V.V. The theory of developmental education [Text] / VV Davydov. - M .: INTOR, 1996. - 544 p. (in Russ.).
[8]
Zhokhov A.L. Knowledge of mathematics and the foundations of the scientific worldview: ideologically directed
learning mathematics: Textbook [Text] / A.L. Zhokhov. - Yaroslavl: Izd YAGPU, 2008. - 183 p. (in Russ.).
[9]
Zhokhov A.L., Yunusov A.A., Berdalieva A.M, Saidakhmetov P.A., Nurmahanbetova G.K. On the important
methodological concepts // methodical science journal "Successes contemporary science", №12 (Part 4), 2014 (in Russ.).
[10]
The innovative technology of teaching physics at school [Text]: collective monograph / under scientific. Ed.
I.A. Herod. - Yaroslavl: Izd YAGPU, 2012. - 236 p. (in Russ.).
[11]
Monakhov V.M. Instructional Design - modern tools of didactic research // Technology School, № 5, 2002.
(in Russ.).
[12]
Novikov A.M. Methodology of Education [Text] / A.M. Novikov. - Second Edition. - M .: Egves, 2006. - 488
p. (in Russ.).
[13]
Razumovsky V.G. Physics in school. The scientific method of learning and training [Text] / V.G.
Razumovsky, V.V. Meyer. - M.: Humanities ed. Center VLADOS, 2004. - 463 p. (in Russ.).
[14]
Peryshkin A.V. Physics 9 cells. [Text]: studies. for general educ. Proc. institutions / A.V. Pёryshkin, E.M.
Gutnik., 5th ed., A stereotype. - M: Bustard, 2002. - 256 p: ill. (in Russ.).
[15]
Pёryshkin A.V. Physics 7 cells. [Text]: studies. for general educ. institutions / A.V. Peryshkin., 9th ed., A
stereotype. - M .: Bustard, 2007. - 192 p: ill. (in Russ.).
[16]
Pёryshkin A.V. Physics 8 cells. [Text]: studies. for general educ. institutions / A.V. Peryshkin., 11th ed., A
stereotype. - M .: Bustard, 2007. – 191. (in Russ.).
[17]
Collection of normative documents. Physics [Text] /sost.E.D. Dnieper, A.G. Arcadia. - 2nd ed., A stereotype. -
M .: Bustard, 2006. -111. (in Russ.).
Мектеп оқушыларының физикадан білімін және шеберлігін критериальды бағалаудың мәселелерін
шешудің кейбір негіздері мен жолдары
Турмамбеков Т.А. Т
1
, П. А. Саидахметов
2
, М.А. Нуруллаев
2
, А.Е Серимбетова
2
1
Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы
2
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ., Казахстан Республикасы
Түйінді сөздер. Критериальды бағалау, деңгейлі диференциация, оқыту нәтижесін бағалаудың деңгейлік шкаласы,
оқу іс-әрекетінің қалыптастыру критерииі, оқу жағдайы, оқу міндеті.
Аннотация. Қазіргі заманда біздің елімізде білім берудегі бірден –бір жаңа даму бағыты деңгейлік дифференция
арқылы жүзеге асырылатын, білім берудің дербес бағыты болып табылады. Оқытуды дифференциалдау білім
алушының даму деңгейінің программалық оқу материалын, сонымен қатар оны бағалау әдістемесін игеру деңгейінің
байланысының мәселесін ұсынады. Физикадан оқушының білімі мен шеберлігін критериалды бағалау мәселесін
шешуде, дәстүрлі критерийлермен қатар білім алушының оқу іс- әрекетін қалыптастыратын критерийді қосады. Оқу
іс-әрекетін , дағдыны және шеберліктің қалыптасу деңгейін көрсететін оқу құралының бірі ретінде, оқу міндеті
беріледі. Оқу үрдісін оқу жағдайы және негізгі мектептегі міндеттер арқылы құруда көптеген педагогикалық әдістер
қарастырылған, бұл жеткіншектің оқудағы өзіндік санасын дамытудың қажетті шарты болып табылады.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015
167
Торебай
Абдырахманович
Турмамбеков
ф.-м.ғ.д.
кафедра менгерушісі
Х.А.Ясауи
атындағы
ХҚТУ
Торебай
Абдырахманович
Турмамбеков
д.ф.-м.н. зав.кафедрой
МКТУ им.Х.А.Ясави
Torebay
Abdyrahmanovich
Turmambekov
D.Sc.
Head
of
Department
ICGS im.H.A.Yasavi
tore_bai@mail.ru
Саидахметов
Пулат
Аблатыевич
ф.-м.ғ.к.
кафедра менгерушісі
М.Әуезов
атындағы
Оңтүстік
Қазақстан
мемлекеттік
университеті
Саидахметов
Пулат
Аблатыевич
к.ф.-м.н.
зав.кафедрой
Южно-Казахстанский
государственный
университет
имени
М.Ауезова
Saidahmetov Pulat Ablatyevich
с.p.s.-m. Head of Department
South-Kazakhstan state university
of the name М.Аuezov
timpf_ukgu@mail.ru
Нуруллаев
Марат
Амангельдыевич
оқытушы
М.Әуезов
атындағы
Оңтүстік
Қазақстан
мемлекеттік
университеті
Нуруллаев
Марат
Амангельдыевич
преподаватель
Южно-Казахстанский
государственный
университет
имени
М.Ауезова
Nurullayev Marat Amangeldyevich
teacher
South-Kazakhstan State University
named after M.Auezov
nurmarat75@mail.ru
Серимбетова Асель
Есенғалиқызы
Магистран
М.Әуезов
атындағы
Оңтүстік
Қазақстан
мемлекеттік
университеті
Серимбетова Асель
Есенғалиқызы
Магистран
Южно-Казахстанский
государственный
университет
имени
М.Ауезова
Serimbetova
Asel
Esenғaliқyzy
highway
South-Kazakhstan State University
named after M.Auezov
timpf_ukgu@mail.ru
Поступила 15.03.2015 г.
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
168
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 2, Number 300 (2015), 168 – 172
Formation of kazakh professional traditional
song art and carrying out features
Babizhan B.Zh.
baglan_2004@mail.ru
Kazakh State Woman Pedagogical university, Almaty, Kazakhstan
Key words: professionalism, song, zhir, tradition, art, performance, voice, singer, school, teacher, syncretism,
timbre, articulation, instrument, dombyra, accompany, research.
Abstract. The Kazakh professional performing art shaped in the 19-th centuary has reached our days without
losing its original shades. In three well-developed traditional Kazakh permorming schools, each singing art has its
distinctive features. Though the performers and audience both were well-aware about these certain features, they
have not been yet recorded theoretically. Although the professional performing art had been taught more than 30
years, such issues like the history of traditional schools, their teaching ways and methods, and style features because
of lacking special research works have not been solved yet properly. In this article we review the characters of
professional performing arts. Additionally, their distinctions from each other and the syllable chronology of all the
previous traditional singers have been identified.
Становление казахского профессионального
песенного искусства и исполнительские особенности
Бабижан Б.Ж.
baglan_2004@mail.ru
Казахский Государственный Женский Педагогический университет
Ключевые слова: профессионализм, песня, терме, эпос, традиция, исскуство, исполнительство, голос,
певец, школа, учитель, синкретизм, тембр, артикуляция, инструмент, домбра, аккомпонирование,
исследование.
Аннотация: Казахская народно-профессиональная песенная традиция, сложившаяся в XIX веке дошла до
нашей дней, исконно, в устном виде. Профессиональное песенное исскуство в Казахстане развивалось в трех
традиционных школах, каждая из которых имела свои особенности. Хоты испольнитель и слушатель слышали и
чувствовали различия между традициями, теоретически этого материала нигде не было. Несмотря на то что
больше тридцати лет народно-профессиональное песенное исскуство обучается в учебных заведениях –методика
обучения и преподавания, история певческих школ, стилистические особенности песенных традиций и многие
другие проблемы традиционного пения до сих пор не исследованы на должном уровне. В этой статье выявлена
специфика традиционного пения, осебенности каждой традиционной школы, и представлена степень развития и
буынная хронология казахского традиционного пения.
Қазақтың кәсіби әншілік өнері Қазақстанда XIX ғасырдың басында қалыптасып, ғасыр
ортасында шарықтау шыңына көтерілді. Өзінің қалыптасу кезеңінен бастап кәсіби әншілік
өнереліміздің жағрафияляқ орналасуына байланысты бірнеше мектептерге бөлінеді. Ғалым-
зерттеуші Ақселеу Сейдімбековтың пайымдауынша кәсіби әншілік өнер бес мектепке бөлінеді:
Арқа, Жетісу, Шығыс-Түркістан, Сыр бойы, Батыс. Бұл мектептердің әрқайсысы өзіндік
музыкалық-стильдік, орындаушылық өнерімен ерекшеленеді. Алайда, қазіргі кезде дәстүрлі ән
мамандығын оқытатын жоғары оқу орындарында осы мектептердің үшеуі ғана бекітіліп,
оқытылады – ол Арқа, Батыс, Жетісу әншілік мектептері, қалған екеуі сол мектептердің
репертуарына еніп, бірге оқытылады. Арқа, Жетісу әншілік мектептері ақындық дәстүрдің
негізінде, ал Батыс әншілік дәстүрі жыршылықтың негізінде қалыптасты.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015
169
Батыс әншілік мектебінің іргетасын қалаған Мұхит сал, оның жалғастырушылары Ауқат, Қиса,
Аманғали, Қайып, Ғарекеңдер болса, Арқадағы әншілік - Ақан сері, Біржан сал, Сегіз сері, Жаяу Мұса,
Мәди, ұзын тізбегі он шақты әнші-композиторлардың есімдерімен байланысты. Ал Жетісудағы әншілік
мектептің қалыптасуына себепші болған, діңгегіне ту тіккен - ән дүлділі Кенекең деп айтсақ
қателеспейміз. Зерттеуші-ғалым Мырзатай Жолдасбеков өзінің „Тоқсан толғау” атты еңбегінде Жетісуда
Кененнен де бұрын әншілердің болғандығын жазады.Ғалымның пайымдауынша олар XIX ғасырдың
басында өмір сүрген Ақан, Біржандардың замандастары Дәурен сал, Тәкен сал деген сал серілердің
жұрнағы, әнші-сазгерлер [1,39]. Жетісуда да әншілік мектеп бірталай әнші-композиторларды тудырған.
Олардың алды Қапез, Пішан, Сәдіқожа, Сауытбектер болса, кейінгі әншілік өнер Қарға, Әсімхан,
Дәнештермен жалғасқан. Жетісу әншілік дәстүрі туралы толық мағлұматты С.Медеубекұлы мен
Б.Мүптекеевтың «Жетісу әуендері» атты жинағынан алса болады [2].
Бұл мектептердің қай-қайсысы да сол өңірге жақын кәсіби ақындық немесе жыраулық
институттардың қосындысынан пайда болған. Соның нәтижесінде жартылай жырдың
мақамдарына, жартылай қара өлеңдерге, халық әндеріне ұқсас әндер туындап „кәсіби ән” деген өз
еншісін алып кеткен. Кәсіби әншілік өнердің қалыптасуы жөнінде музыка зерттеуші- ғалым
С.Елеманова «Казахское традиционное песенное искусство» атты еңбегінде жазған болатын [3].
Зерттеуші еңбегінде Арқа әншілік мектебі, Біржан сал, Майра, Маңғыстау әншілері - «Жеті
қайқы» өнеріне бөлек-бөлек тарауларда тоқталған.
Әдебиет пен өнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақтың әншілік өнері ақындық,
жыршылық дәстүрдің негізінде қалыптасқан. XV-XIX ғасырлар аралығында өмір сүрген
ақындардың ең басты сипаты – ерлік, батырлық жырларды жырлап, тарату болғанын әдебиет саласында
Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов сияқты ғалымдар айқын байқап, ол туралы өз еңбектерінде құнды пікірлер
қалдырған. Жалпы қазақтың әншілік дәстүрі туралы академик А.Жұбанов: «Қазақтың халықтық музыка
мәдениетінде, оның ішінде әннің дамуында жыршылар да үлкен рөл ойнады» [4, 419], – деген. Әндегі,
әншіліктегі жыршылық сипат әсіресе Батыс өңірінің ән орындау мәнерінде байқалады. Шынтас пен
Шайхы, Сартай мен Молдабай сияқты әнші, жыршылардың дәстүрін жалғастырушы, айтулы әнші, актер
Ғ.Құрманғалиевті академик А.Жұбанов: «Ол дауысы шалқып жатқан кең дариядай айта қалғандай әнші.
Термелеп, желдірмелетіп кетсе алдына қара салмайтын жыршы» [4, 373], – деп бағалаған.
Ғ.Құрманғалиевтың шәкірттері де, барлық Батыс әншілік дәстүрді насихаттап жүрген қазіргі заман
әншілерінің барлығының репертуарларында жыр-термелердің міндетті түрде болуы жазылмаған заң
сияқты. Термелетін, төгіп-төгіп айту – Батыс өңіріндегі әнші, жыршыларға тән қасиет, терме, жыр
генетикалық жадында сақталған мағлұмат.
XIX ғасырда өмір сүрген барлық кәсіби әншілер синкретті өнер иелері. Олар тек ән айтып
қана қоймай, сол әннің сөзін шығарған ақын, әуенін шығарған композитор да болған. Зерттеуші
Т.К.Джумалиева әнші-ақындардың бұл өнері туралы былай дейді: «Бір адамның басына түскен
мұндай ақындық, әншілік, орындаушылық қасиеттер жалпы адамзаттық өнер тарихында өте сирек
кездесетін құбылыс» [5, 90] Синктеттік өнер - қазақтың кәсіби әншілерінің бірден-бір
ерекшеліктері деп нық айтуға болады.
Кәсіби әндерді шығару және орындау тек қана кәсіби әнші-композиторлардың, ақындардың
еншісінде болған. Ән міндетті түрде аспап сүйемелімен орындалатын. Қазақтың кәсіби әнші-
композиторлары әнді домбыра, сырнай, қылқобыздың сүйемелдеуімен айтқан. Аспаптық сүйемел –
кәсіби әншілік өнердің ажырамас, маңызды бөлігі. Кәсіби әншілік өнер халық шығармашылығынан,
әдет-ұрып, салт-дәстүр әндерінен ең әуелі осы аспаптық сүйемелімен ерекшеленеді. Бұл мәселені
Б.Қарақұлов, Д.Амирова сияқты музыка зерттеушілер өз еңбектерінде қозғаған [6], [7].
Кәсіби әндер халық шығармашылығынан, сондай-ақ, орындау мәнерімен және орындау
сапасымен ерекшеленеді. Кәсіби әнді орындаушы міндетті түрде жақсы дауыс иесі, ұстаз алдын
көрген, және ерекше қабілетті жан болу керек. Кәсіби әншілердің әдемі дауысы – дала мектебінде
қалыптасқан ерекше «вокалдың» нәтижесі. Ел ішінде әдемі дауыс иелерін –– «демі зор әнші»,
«алты қырдан дауысын асырған әнші», «күмiс-көмей, жезтаңдай», «көмейіне бұлбұл ұя салған»
деп атап жатады [8,20].
Дәстүрлі әншілердің кәсіби ән орындау кезінде дыбыстардың бай палитрасы, пианиссимодан екі
фортеға дейін баратын динамика, жіңішке нюанстар, әр түрлі дыбыстық тембрлер, артикуляциялық
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
170
техника қолданады. Бұл туралы нақтырақ музыка зерттеуші Д. Амированың «О казахском народно-
профессиональном песенном исполнительстве» атты қолжазба еңбегінде жазылған.
XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында Қазақ даласына көптеген орыс және Европа
зерттеушілері келген. Олардың көбісі қазақ әндерін тыңдағандағы көңіл-күйлерін, әндердің
ерекшеліктерін, әнді орындаушылар туралы өз естеліктерінде жазып кеткен. Белгілі француз
ғалымдары Капю және Бунвало 1881 жылы қазақ даласында Ыдырысқұл деген әншімен кездескен,
және алған әсерлерін 1882 жылы «Кавказ» газетінің №17 санында жариялаған: «Оның құлағы өте
сезімтал, ол әуенді өзгертіп, оны біртіндеп нәзік дыбыстармен әшекейлеп, түрлендіре бастады.
Ыдырысқұл – нағыз артист. Оның орындаушылық шеберлігіне ме, әлде әннің сұлулығына ма –
қайсысына таң қаларлығыңды білмейсің» [9,67] – деп, әнші мен оның орындаған әніне тамсанады.
Дәстүрлі кәсіби әндер, қалыптасқан кезеңінен бастап осы заманға дейін, міндетті түрде аспап
сүйемелімен орындалған. Қазақтар әнді әртүрлі аспаптармен сүйемелдеген: домбыра, қобыз,
сырнай, соңғы кезде үш ішеті домбыра және жетігеннің де сүйемелімен әндер айтылып жүр. Әнді
қай аспаппен орындаса да әншілер әннің басында міндетті түрде кіріспе-әуен ойнайды, ол көбінесе
қайырма әуенінде құралады. Ән сөздері басталғанда сүйемел міндетті түрде бәсеңдейді, себебі
әнші дауысының өзін кейде пианиссимоға басады, ал фортеға жеткізген кезде сүйемелді де
қаттырақ ойнайды.
Қазіргі таңда үлкен сахналарда орындалып жүрген және оқу орындарында оқытылып жүрген
негізгі үш әншілік мектеп сүйемелінің өзара айырмашылығы бар. Бұл айырмашылықты әнші де,
тыңдаушы да құлағымен естігенімен түсіндіріп бере алмайды. Осы уақытқа дейін де бұл мәселеге
көп зерттеушілер бас ұрған жоқ. Арқа әндері – сол өңірдің күйшілік дәстүрі сияқты шертіп
сүйемелденеді. Домбыра сүйемелі кейде қос ішекте, кейде бір ішекте, жоғары мен төмен ішекте
кезекпен-кезек жүруі мүмкін. Дауыс созатын жерде әнші қанша уақыт созса, сонша уақыт бір
ішекте сол биіктіктегі нотаны шертіп тұра береді. Арқа әндерінде әннің соңында тоникаға келу
үшін доминанталық дыбыстар пайдалады, мәселен «сольға» келу үшін оның алдында домбыра
сүйемелінде де дауыста да «фа диез» ойналады. Жетісу әндерінің сүйемелі Арқа әндеріне өте
ұқсас. Мұнда әндер шертпе қағыспен де біркелкі ырғақтағы қағыспен де сүйемелденеді. Шертпе
қағыспен сүйемелденетін әндер көбінесе күрделі әндерге жатады. Жетісу әндерін стереотипты, қос
ішекте квартамен жүретін кіріспе-әуендерінен ажыратуға болады. Бұл өңірдің әндері арқа әндеріне
қарағанда жүрдек орындалады. Құрылысы жағынан қарапайым болып келеді. Батыс өңірінің әндері
– ең әуелі аспап сүйемелімен ерекшеленеді. Өсы өңірдің күйлері сияқты әндері де өте жылдам
айтылып, қос ішекте, жылдам, орама, кейде теріс, стокаттолық ырғақтағы қағыстармен
сүйемелденеді. Бұл әндердің кіріспе-әуендері домбыра мойнының төменгі жағында, яғни жоғарғы
ноталарда ойналып барып төменгі тониқаға келеді. Батыс әндерін тыңдағанда әр жолдың
соңындағы «а-о-йа» деген артикуляциялық ереже бірден есте қалады. Бұл өлкенің әндері әншіден
үлкен дем, күш-қайрат қажет етеді.Қәсіби әншілік мектептердің өзара айырмашылықтарын,
ерекшеліктерін анықтау болашақта жүйеленіп, бір ізге түсері сөзсіз.
Дәстүрлі әншінің жоғары деңгейде ән орындауын бұл күнде ғылыми ортада «концертное
исполнение» деп атайды. Шын мәнінде де ол орындаушылық сол атауға өте лайық. Тыңдаушыны
ерекше сезімге бөлеу, әнді ұғындыру, жүрегіне жеткізу – үлкен шеберлікті қажет етеді. Ал ондай
шеберлер әбден шыңдалған, концерттерге үнемі шығып жүрген сахна майталмандары ғана.
Қазақ даласында қалыптасқан кәсіби әншілік дәстүр барлық түркі халықтардың ауызша өнері
сияқты «ұстаз-шәкірт» үрдісі бойынша қалыптасқан. Бұл үрдіс түркі халықтарын дәстүрлі музыка
жүйесінде біріктіретін, ортақтастыратын бірден-бір дәстүр. Әр халықтың зерттеушілері бұл тақырыпты
зерттеу нысанына алған. Әдетте, әнге құмар жас бала ауылына келген, үлкен әншінің өнеріне тәнті
болып, оның соңынан еріп, қасында біраз жүреді. Әнші-ұстаз шәкіртіне өлең шығарудың, ән шығарудың,
ән орындаудыңқыр-сырын үйреткен соң, батасын беріп, ол шәкірті өз алдына өнерпаз болып ел аралап
кететін. Кейде әнші баланың ата-аналары, өздерінің көңілінен шыққан әншіден бата сұрап баратын.
Үлкен әншіден бата алған жас орындаушы халықтың ішінде зор мәртебеге ие болатын. «Бата» сөзінің
мағынасы туралы қазақ өнерінің үлкен зерттеушісі С.А.Күзембаева былай дейді: «Бата-соз – один из
древнейших видов традиционной культуры многих тюркоязычных и других (славянских, европейских)
народов. Магическая сила слова выкристаллизована многовековой жизненной и творческой практикой.
Бата создает особую благотворную ауру, положительное психологическое состояние и
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015
171
высоконравственный настрой» [10,7]. Бата алған адамның ерекше күшке ие болатындығын, өзін жоғары
сезінетіндігін ғалым осылай жеткізеді.
Шын мәнінде де халықтық ұғымда «бата алған адам» деп дайын өнерпазды, дайын әншіні
айтатын болған. Кәсіби әншілік өнерде «Үстаз-шәкірт» үрдісі осы күнге дейін сақталып келеді.
Қазақ жерінде қалыптасқан үш дәстүрлі мектептің ең кең тарағаны және мықты дамығаны -
Арқа әншілік мектебі. Сол себепті зерттеуімізде кәсіби әншілік өнердің даму сатысы осы мектептің
негізінде жасалды. XX ғасырдың басында қазақ даласында қалыптасқан дәстүрлі кәсіби әншілік
өнердің екінші толқыны, яғни, өткен ғасырдағы әншілердің шәкірттері осы өнерді кейінгі ұрпаққа
жеткізіп, оны әрі қарай дамыта бастады. Бұл кезеңге Әміре Қашаубаев, Ғаббас Айтбаев, Байғабыл
Жылқыбаев, Қали Байжанов, Қуан Лекеров, Жабай Тоғандықов, Мұрат Толыбаев тағы басқа
әншілер өнері жатады. Осы кезде дәстүрлі өнер синкретизмі өзгеріске ұшырай бастады. Бұлардың
көбі тек жеткізуші болды. Яғни композиторлық өнер бірте-бірте сирей бастады.
XX ғасырдың екінші жартысында бұл толқынды тағы бір мықты әншілердің буыны іліп алып
кетті, олар – Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Мәдениет Ещекеев, Игілік Омаров тағы басқа
әншілер. Бұлардың қатарында тек Манарбек Ержанов қана композиторлық дәстүрді жалғастырды,
дегенмен ол әндерінің сөзін басқа ақындарға жаздырды. Осылай кәсіби әншілік өнердің синкреттік
үрдісі ыдырай бастады. Осы кезеңде дәстүрлі ән орындау европаландырылған бағытқа да беттеп
көрді. Күйсандықтың (фортепиано), сырнайдың сүйемелдеуімен ән айтыла бастады. Бұл өнерді
Жамал Омарова, Үрия Тұрдығұлова, Рабиға Есімжанова, Рахима Мұсабекова Құрманбек
Жандарбеков, Елубай Өмірзақов тағы басқа әншілер дамытты. Мұнда көптеген дәстүрлі әндер
өзгеріске ұшырап, біркелкі ырғақпен орындала бастады. Алайда бұл дәстүр кірме дәстүр болған
соң, қазақ сахнасында көп тұрақтамай, кейінгі толқын әншілері қайтадан кәсіби әндерді
домбырамен орындай бастады.
1970-80 жылдары кәсіби әншілік өнер қайтадан нығая бастады. Бұл кезде Қайрат Байбосынов,
Жәнібек Кәрменов, Ғалым Мұхамедин, Тұрсынғазы Рахимов тағы басқа да әншілер өнердің
дамуына бар күшін салды. Олардың арасында өздері де осы дәстүрде ән шығаратын композиторлар
болды. Дәстүрлі әншілік өнердің қайтадан қалпына келуіне Республикамызда арнайы оқу
орындарының ашылуы да көп септігін тигізді. 1965 жылы Алматыда эстрада-цирк студиясы
ашылып, онда алғашқы дәстүрлі ән класына еліміздің алыс шалғай жерлерінен домбыра ұстаған
жастар келіп, арнайы білім алуға мүмкіншілік алды. 80-ші жылдары дәстүрлі әншілер арасында
Республикалық байқаулар ұйымдастырылып, ел ішінен тағы бір топ өнерпаздар суырылып алға
шықты. Міне бұл дәстүрлі әншілердің төртінші буыны еді. Бұлардың ішінде Бекболат Тілеухан,
Дүйсенбек Өміралиев, батыс әндерін насихаттаушы Сәуле Жанпеисова, Жетісулық Ержан
Қосбармақовтарды ерекше атап кетуге болады. 90-шы жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ
Ұлттық консерваториясында «Халық әні» кафедрасы ашылып, жоғарыда аты аталған әншілер
кейінгі буынды тәрбиелей бастады. Қазіргі кезде үлкен сахналарда дәстүрлі әншілік өнердің
бесінші, алтыншы буын толқыны өнер көрсетіп жүр. Әншілердің арасында қосымша,
композиторлық, ақындық, зерттеушілік өнерді бірге алып жүрген өнерпаздар да баршылық.
Кәсіби әншіліктің зерттелуі туралы соңғы жылдары Халықаралық және Республикалық
конференция, симпозиумдарда көп айтылып келеді. Бұл мәселені жоғары деңгейге көтерген атақты
музыка зерттеушілер Ф.Караматов, Л.Шахназарова, С.Елеманованың осы салада сіңірген еңбектері
зор. Ауызша өнердің кәсібилігі туралы мәселенің осы күнде де аса маңызы зор екендігі туралы
С.А. Кузембаева мен Т.Ж. Егінбаеваның соңғы жылдары шыққан еңбектерінде де жақсы
жазылған: «Возрастающий интерес к устно-профессиональному творчеству народов Востока,
характерный для современного этномузыкознания, обусловил появление работ, посвященных
методологическим принципам изучения профессиональной музыки устной традиции. Обоснование
профессионального характера музыкального искусства казахов, определение его типа и
соотношения с непрофессиональным творчеством, рассмотрение музыкальной стилистики
народно-профессиональной песни находится в центре внимания исследователей» [11, 265]. Шын
мәнінде де қазақтың кәсіби әншілік өнері, оның ерекшеліктері жайында соңғы жиырма жыл ішінде
айтарлықтай зерттеулер жасалды. Бұл тұрғыда қазақ әндерінің ырғақтық ерекшеліктерін анықтаған
А.Е.Байгаскинаның, кәсібилік мәселесімен айналысқан С.А.Елеманованың, Д.Амированың,
әндердің симметриясымен шұғылданған Б.И.Қарақұловтың, өлшем ерекшеліктерімен айналысқан
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
172
И.К.Қожабековтың, әндердің қайырмаларын зерттеген А.Р.Бердібайдың, сондай-ақ, әндердің
аймақтық ерекшелерін анықтаған О.Мұсаханның,т К.Төлеутаевтың, Б.Тұрмағанбетованың тағы
басқа зерттеушілердің еңбектері ерекше атап кетуге тұрарлық. Соңғы жылдары дәстүрлі ән
орындаушылардың ішінде әншілердің ішінен әнші-зерттеушілер шығып, қосымша теориялық білім
алып, зерттеушілік жолға түсіп, осы өнерді өздері зерттей бастағаны қуантарлық жағдай. Осы
уақытқа дейін атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша түрде жеткен кәсіби әншілік өнер, дамуын
тоқтатпай, одан әрі өрісі кеңейіп келеді. Қәсіби әншілік өнердің тарихы, жеке әншілердің
шығармашылық портреті, аспап сүйемелі, әншілік мектептердің ерекшеліктері сияқты тақырыптар
болашақта ғылыми тұрғыда терең зерттеледі деген сенімдеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |