ІІ. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру: Отан Жанүя Туған жер Қазақстан
Бір мезгіл табиғатқа шығып тыңдап көрелікші.
“Отан” әні тақтаға ілінеді
Әні: Л. Хамиди
Сөзі: Д. Әбілов
Отаным кең далам орманды
Болаттан соғылған қорғанды
Бақыттың, шаттықтың мекені
Қолдаймын, қорғаймын ордамды
Қайырмасы.
Туған жер-алтын таң
Кең далам таулы орман
Ұл мен қыз қорғаймыз
Бақытты Ұлы Отан
Айдын қол, дархан ел, туған жер
Жастарың - жалынды жауынгер
Жарқын жаз - үйрек, қаз жүзетін
Күміс су, кең - байтақ, жасыл бел
Сәнді тау, бақша бау, шалқар көл
Малға жай, кенге бай, туған ел.
Тәтті күй, әсем би, сұлу ән
Ойнайды ер, шырқайды ел, шаттық жел.
Л. Хамидидің “Отан” әні Отанымыздың кеңбайтақ екенін, берік шымыр бір ауызды екенімізді жырлайды. Туған елге деген шексіз сүйіспеншілігін, жырлайды. Туған елге деген шексіз сүйіспегеншілігін, қазақтың кең байтақ даласын, оның сұлу табиғатын бейнелейді. Латиф Абдулхайұлы Хамиди 1906 жылы қазіргі Татарстанның Апас ауданында туған сазгер, педагог, ҚазКСР-нің Халық артисі 1938 жылы Москва консерваториясы жанындағы татар опера студиясын бітірді. 1942 жылдан Алматы музыка Училищесінде, ал 1944 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық етті. Л.Хамиди 1930 жылдары халық арасына кеңінен танылды. Сазгер осы жыл-дары “Бес жылдықтың ерлері”, “Қызыл қыран”, “Отанға ант”, “ Қазақстан”, “Отан” атты вокалдық шығармаларында туған елге деген шексіз сүйіспен-шілігін, қазақтың кең – байтақ даласын, оның сұлу табиғатын бейнелейді. Мінекей, балалар Л.Хамиди “Отан” әнін осындай сүйіспеншіліктен жазған екен. “Отан” әні одан әрі баян аспабының сүйемелдеуімен үйретіледі.
Сергіту сәті: Балалар өнер туралы нақыл сөздер айтып жарысады.
“ Өнерді үйрен де жирен ”.
“ Өнерлі өрге жүзеді ”.
“ Ақыл көпке жеткізер ,
“ Өнер көкке жеткізер ”, т.б.
Отан туралы мақал - мәтелдер: “Отан” - елдің анасы.
“Ел - ердің анасы”
“Отан үшін - отқа түс, күймейсің”
“Отан үшін күрес,
“Ерге тиген үлес”, т.б. мақалдарды балалар түсіндіреді.
Үйге тапсырма: 1. “Отан” әнін жаттап келу.
2. Л. Хамиди өмірін оқып келу.
3. Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдер жазып келу.
Бағалау: Сұрақтарға, тест жұмыстарына жауап берген оқушыларды баға-лап, марапаттау.