ІІ. МУЗЫКА ТЫҢДАУДЫҢ ЖАН - ЖАҚТЫ ӘДІСТЕРІ. 2.1. Музыка тыңдауды ұйымдастыру жолдары. Жасөспірімдерге музыкалық тәрбиенің мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқушылардың музыкалық шығарманы орындап қана қоймай оны терең сезім-мен, саналы түрде қабылдай біліп тыңдауға үйрету керек. Егер көпшілік айтатын әндер жалпыға бірдей таныс болса, кейбір күрделі дауысқа арналған немесе жеке аспапқа арналған музыкалық шығармаларды тек музыканы терең сезініп қабылдай білетіндер ғана тыңдайды. Көпшілік қауым күрделі музыкалық шығармаларды дұрыс түсінбегендіктен оны тыңдай алмайды, себебі ондай адамдардың музыкалық түсінігі, білімі таяз. К.Маркс: «Егер де өнерден ләззат алғың келсе, онда өзіңнің көркемдік талғамың мен білімің жоғары болсын» деген. Музыка сыншысы А.Серов: «Бетховенның симфо-ниясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білудің керек» дегендей, музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, терең сезімін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.Оқушылар мектептегі музыка сабақтарындағы ән айту процесіне музыканы сауатты түрде тыңдауды үйрене бастайды. Музыканы көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп, оның сиқырлы әлеміне бойлауүшін ең талдымен оны дұрыс тыңдай білу өте қажет. Музыка сабақтарында тыңдау процесінің мақсаты-музыканттар дайындау емес, жалпы жас өспірімдердің өнерге деген мәдениетін көтеру, қазіргі заманның талабына сай тәрбиелеуге бағытталған адамгершілігі мол, нәзік сезімді, қайырымды, мейірімді, шығармашылық қаблеттері мол ұрпақ дайындауға көптеген әсері бар құрал ретінде пайдала-натын жұмыстардың бірі болып есептеледі. Өйткені, музыкавлық шығарма-ны адамның рухани азығы десек қателеспейміз. Музыканың үні арқылы адам баласының сезімі қалыптаса-ды. Сезім арқылы адам түсінеді, дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Қандайда музыкалық шығарма болмасын адамның өмір тарихымен, сол адам өмір сүрген қоғам тарихы арқылы туындайды. Оған мысалға көптеген музыкалық шығармаларды алуға болады.
Бірақ, олар туралы музыка тыңдаудың әдіс-тәсілдерін үйрету барысында тереңірек тоқталамыз. Ал сол музыканы тыңдауды үйретуді баланың жас кезінен бастап қалыптастырған дұрыс. Бұл туралы Э.И.Бальгитис дейтін ғалым: «Баланың музыкалық талғамы оның балауса жас кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің ықпалымен дамиды» деген болатын. Сондықтан қазақ балаларының музыкалық талғамын қазақтың әндері мен күйлерін тыңдату, үйретуден бастап қалыптастырған жөн. Қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетіне бар жанрлардың түрлері, халық әндері мен күйлері мол.Бұл ретте музыка тыңдауды сәби дүниеге келгеннен аенасының әлдиі «Бесік» жырларынан, өз ұлтының әуенін ана сүтімен бойына дарытудан бастайды да, одан әрі біртіндеп ұлттық әуенді таныстыру арқылы күрделене түседі. Мектепте сынып оқушыларына өз ұлтымыздың өнерін, халқымыздың асыл қазынасын бойларына сіңірту мақсатында музыка тыңдаудың рөлі өте зор, халықтар арасындағы достықты сақтау үшін, әр халықтың жақсы ісімен өткен тарихты насихаттау үшін, жақсы мен жаманды айыру, табиғат сұлулы-ғын, ерекшелігін сезіну, қайырымды, мейрімді, адал болу үшін-жалпы айт-қанда оқушылардың өмірге деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеуіміз керек.
Идеялық бағыттылық жоғары көркемдік сана қабылдау мен орындауға ыңғайлылық балалар репертуарына қойылатын негізгі талаптар. Ән бала-ларға музыкалық тәрбие мен оқытудың маңызды құралы болуға тиіс. Әнді таңдағанда оның тәрбие істерін шешуге ұғымды кеңейтіп, сезімдерді терең-
детуге қалай көмектесетінін, ән дағдыларын меңгеруге нендей жаңалық енгізетінін және оны, орындаудың қиыншылығы қандай екенін, балалардың ынта-ықыласымен қажеттеріне сай келетін-келмейтінін ескеру қажет.Балалар әндерінің музыкалық ілі ерекше маңызды орын алады. Педагогтың әнімен алдын-ала танысуы әннің мазмұнын түсінуіне, әсерлі орындалуына, оны балалармен бірге қандай ретте үйрену қажеттігін ойластыруға көмектеседі. Сонымен қатар балаларға үйретілетін дағдылар белгіленеді, дыбысшығару, таныс дикция, әсерлі дұрыс интонация, әнді тұтас айту жөнінде қажет болатын жаттығулар ойластырылады. Әнді тыңдай отырып, оқытушы оларды ойындарда пайдалану мүмкіндігін көздейді, мерекелерге әзірлік кезінде қосымша репертуар үйренген артық болмайды. Бағдарламада балалардың музыкалық естірту есту қаблетін жетілдіру көзделеді. Баланың вокалдық интонациясын оқытушы құлақ салып тыңдауға үйретеді. Ән репертуарының методикалық тәсілдері балалардың әншілік дағдыларын меңгеруіне бағыт-талған. Интонациямен дыбысты дұрыс шығаруды жетілдірумен шұғылдан-ғанда оқытушы әнді тіпті екі - үш баланың бұзып айтуының, өзі коллектив болып орындаудың сапасын келтіретін есте ұстай отырып, балаларды тұрақты түрде жаттықтырады. Әнді үйрете бастағанда оны фортепиананың сүйемелдеуімен, ол одан кейін оның онсыз орындалғаны жөн. Егер бала тапсырманы орындай алмаса онда оны сабақтан соң жаттықтырған жөн. Балалар бірін-бірі тыңдай отырып әннің орындалу сапасын дәл емес жерлерді аңғарады. Әрі бұлай тыңдау әнді анағұрлым жақсы дәлірек орындауға ұмтылдырады. Сонымен қатар музыкалық есту қаблеті артады .
Әншілік дауысты жетілдіруге мына жаттығулар көмектеседі, екі–үш дыбыстан тұратын қысқа әндер. Бұлар ыңғайлы ұштасатын буындар түрінде дыбыс сапалығының түрлі сатысында әншілік диопозонында бірте–бірте кеңейте отырып балалрдың әр қайсысының мүмкіндіктеріне қарай орындала-ды. Мұндай жаттығуларды сабақ сайын өткізген дұрыс. Әсіресе бала қысқа әнді өздігінен айта алатын болса, сүйемелдеусіз орындаған ол пайдалы. Мұндайда әннің айтылуы сапасын баланың өзі белгілі бір дәрежеде бақылай-ды. Дыбыстардың диапазонын биіктігіне қарай ажыратуды талап ететін бейнелі тапсырмалар беруге де болады. Мұның өзі бірте-бірте дыбыс биікті-гін түсінуіне жақындатады. Ән үйрену процесінде кейбір шығармашылық көрініс-тердің алғашқы шарттарын дамыта білген жөн. Ән үйрету сабағында оқытушының мынадай кезекте жүргізілуін талап етеді. Музыкалық шығарма-ны алдынала талдау, бағдарламалық дағдыларды айқындау, оқытушылық тәсілдерді нақтылай түсіну. Методикалық тәсілдер әр қашанда әншілік дауысты, әуенді есту қаблетін жетілдіруге, дағдыларды үйретуге бағытталад.
Ән айта бастаудан бұрын балаларға жеке дыбыстарға құралған жаттығу-ларды немесе тағы басқа әндерді айтып көруге ұсынылады. Музыка туралы алғашқы мәліметтермен балалар әндерді үйрену кезінде танысады. Онда олардың дыбысты естілу қаблетін, орындалу екпіні, динамикасы жайлы біледі. Балалар бұл мәліметтерді әннің мазмұны, оның естілу сипаты туралы әңгімеле-генде пайдаланылады. Әр сабақта 2–3 ән орындалады. Әдепте әуелі есту қабле-тін дамытатын вокалдық ән айтылады және жаттығулар орында-лады. Одан соң көбірек зейін қоюды талап ететін жаққа ән үйретіледі. Ал одан кейін балаларға таныс бірақ оны орындау үшін әліде біраз машықтану-ды керек ететін ән айтылады. Соңында балалар өздері жақсы көретін әндерін орындайды. Әндік репертуар мазмұны, тақырыбы, шығарманың музыкалық мәнерлік құралдары жағынан алуан түрлі болып келеді.
Музыкалық шығарманы қабылдау кезеңінде шығарманы игеру процесін мынадай төрт кезеңге бөлуге болады:
1) мұғалімнің кіріспе сөзі,
2) алғашқы тыңдау,
3) шығарманы талдау,
4) шығарманы қайталап тыңдау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі оқушылардың зейінін орындалатын шығармаға аудару мақсатында болуы керек. Тыңдалатын музыканың мазмұнын толық ашып баяндап берудің қажеті жоқ, олай ету оқушылардың өздерінің ойлау, түсіну, елестету қаблеттерін дамытпайды, керісінше музыканы тыңдамас бұрын олардың зейнін толық әзірлеп, тыңдап отырғанда нені байқайсыңдар, музыка нені баяндар екен, көз алдарыңа нені елестетер екнсіңдер? деген сияқты қызықтыра, ынталандыра түсетін тапсырмалар берген дұрыс, мұндай тапсырмалар оқушылардың бойындағы қиялын, шығармашылық қасиеттерін дамытады. Кіріспе әңгіменің барысында тыңдатылатын музыканың авторы – сазгер туралы қысқаша түсінік беріп, осы тыңдатылатын шығармаға байланыстыра баяндау керек. Кейбір музыка пәні оқытушлары тыңдатыла-тын шығарманың сазгерлері туралы толық лекция оқып, туған, өлген жылдары оның бүкіл өмірінің белестерін айтып жатады, бұл дұрыс емес, әсіресе бастауыш сынып оқушылары соншама көп мағлұматтарды еске сақ-тай алмайды, қайта олардың музыка туралы өте тиянақты, қысқаша мағлұмат берілгені дұрыс. Оқулықтағы, немесе музыка кабинетіндегі портретін көрсетіп таныстырып кету артықтық етпейді. Мысалы І - сыныпта «Қобыз үнін тербеткен Ықылас» туралы оқулықта берілген мағлұмат жеткілікті, ал ІІ - сыныпта Тәттімбеттің «Саржайлауы» немесе Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» күйлерін тыңдатқан езде Тәттімбеттің күй тарту ерекшелігіне тоқтала кетіп, ол шығыс Қазақстанның күйшісі екендігін. Құрманғазы мен екеуінің күй тарту шеберлігінің айырмасын түсіндіре кету артықтық етпейді. Қорқыт атаның қазақ халқындағы күй өнерін алғашқы негізін қалаған «күй атасы» кіндігін, оның «Қорқыт» аты туралы аңызбен таныстырып «қайда барсақ қорқыттың көрі» деген мақалмен байланыстыра кетуге болады. Әрине әр сазгердің шығармасына байланыстыра әдемі де нақты сөйлем құрастырып жымдастыра білуі - оқытушының шеберлігіне байланысты. Музыканы алғашқы тыңдау барысында жоғарыда айтып кеткендей, оқушыларға тапсырмалар беріп тыңдатасмыз да, олардың кім, қаншалықты түсініп, байқағандарын талдау кезінде білеміз. Алғашқы тыңдау кезінде сыныпта тыныштықты сақтауды қалыптастыру керек. Егер де бір адам тыныштықты бұзса ол барлық оқушылардың тыңдауына кедергі келті-ріп қана қоймайды ол оқушы осы музыкалық шығарманы, және оны шебер орындаушы силамайтындықтарын, музыканы түсінбейтіндіктерін оқушылар өздері сезіне білу мәдениетін қалыптастырамыз. Бөлмедегі тыныштықты қалыптастыр уоқытушының тыңдатылатын музыкаға деген оқушылардың қызығушылығын, ынтасын, зейнін ұйымдастыра білуіне байланысты. Музы-ка ойналып жатқанда оқытушының өзі де бір орында отырып, не тұрып, қозғалмай тыңдауы керек, әйтпесе оның сәл қимылы, қағаздарды қозғауы, әрлі-берлі жүруі оқушылардың көңіл бөліп тыңдау процесіне кері әсер етеді. Мұғалім, тыңдап отырған оқушылардың әрқайсысын зейін салып бақылап, кімнің қаншалықты тыңдап отырғанын байқап, айыра білуі керек. [14]
Кейбір оқушы тып - тыныш отырғанымен соңынан қойған сұрақтар арқы-лы оның мүлдем тыңдамағанын байқауға болады. Мұндай оқушылардан көбірек сұрап, үнемі қадағалап, музыка тыңдауға бүкіл ойын - зейінін, ынтасын жұмылдырып отыруы керек. Магнитофон немесе күй табақтан музыка дыбысының таза шығуын, немесе оқытушы өзі ойнап тыңдатқан кезде де музыканың әдемі, мәнерлі, таза қатесіз орындалуын қамтамассыз етуі керек. Музыканы талдау эмоциялық қабылдауға кедергі келтіріп, тыңдаушының ойын бөледі. Сондықтан орындаған музыканы тереңдетіп талдау өте қиынға түседі. М.Горький «Музыка туралы сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, музыканың тілі сөйлеуден де бай» дегендей музыкалық шығарманы түсіну мен сезіну бірдей емес, сөйлемдер құрап талдауға бола-ды. Бірінші сынып оқушылары көңіл, мұңды деген ұғымдардан бастап, көңілді деп кейін бірте – бірте, қуанышты, шатты, көтеріңкі, жігерлі т.б. ұластыру, мұңды деген ұғымға қайғылы, қатты, ойлы, дабылды, құпия сырлы т.б. ұқсас түсініктер қалыптасады. Музыканың ырғақтың екпінін жылдам, жай, орындалуын айыра білуге тәрбиелеу кезінде қойылатын сұрақтар, оқушылардың өз түсініктерін толық жеткізе білетіндей болып қойылуы керек. Музыка жылдам ойналып тұр ма, әлде жай ма, орташа ма ? Оқушы-ларды шығарманың қандай аспапта орындалып тұрғанын тембріне қарай айыра білуге тәрбиелеу керек. Бұл ретте музыкалық аспаптардың суреттерін көрсетіп, осы аспаптардың қайсысымен музыкалық шығарма орындалып тұр деп ? сұрақтар қою арқылы жүргізуге болады. Ал дыбыс жоғарылығын айыра білуіне дағдыландыру мақсатында бұл шығарма (музыка) қандай дыбыстар-мен орындалып тұр, төмен (жуан) дыбыстармен бе, әлде жоғары (жіңішке) дыбыстармен орындалып тұр ма? деген сұрақтар қоя отырып дыбыс жоғары-лығын сезінуге бірте - бірте үйрету қажет. Музыкалық шығарманы тыңдата отырып музыкалық сауаттылықтарын арттыра, музыканың жанры туралы түсініктерін кеңейтеміз. Мысалы, марш екпініндегі музыкалар, би жанрын-дағы әндер, күйлер тыңдату арқылы осы жанрлардың әрқайсысының ырғақ-тық, әуендік ерекшеліктері мен қасиеттерін сезіндіреміз. Дыбыс күшін, ырғағын, сазын, құрылымын талдау арқылы музыканың мәнерлеу ортасымен танысады. Осы сауаттылықтарды меңгеру тыңдатылатын шығармалардың, барысында жүріп отырады да, сол шығарма тығыз байланыстырылған болу керек.
Музыка тыңдау кезінде көрнекі құралдарды, яғни көркем суретпен үнемі байланыстырып отырудың қажеті жоқ. Кейбір оқытушыларо әр сабақ сайын тыңдатылатын музыкалық шығармаға байланысты көркем суреттер қолда-нып отырады, ондайда оқушылар тыңдаған музыканың мазмұнын түсінбей, тек көру арқылы қабылдағандарын баяндап бере алады деген ұғым. Көркем суреттерді тіпті қолданбау керек демейміз, кейбір оқушылардың қиын, маз-мұны таныс емес шығармаларды тыңдаған кездерде бейнелеу құралын пайдалануға болады. Тыңдатылатын музыкалық шығарманың мазмұнын түгел бейнелеп қоймай, тек сол тақырыпқа жалпы байланыстырылған көркем суреттерді қолдануға болады. Мысалы табиғатқа байланысты «Саржайлау», «Сарыарқа» күйлерін тыңдатқан уақытта, қазақ даласының әсем табиғатын бейнелейтін жалпы көріністік көркем суретті, аспаптармен таныстыру мақсатында тыңдатылатын шығармаларға (күйге) байланысты аспаптар суреттерін (қобыз, жетіген, сыбызғы, үскірік т.б.) оркестрлермен таныстыру барысында оркестр құрамындағы аспаптар суреттерін қолдануға болады. [16]
І - сыныпта халық күйі «Нар идіргенді» тыңдатқанда, дәл осы күйге байланысты көркем суретпен баяндалған көрнкілік қолданылса оқушылар-дың өздерінің түсініктері, өз пайымдаулары тек суретке байланысты қалып-тасады, бұдан олардың шығармашылық қаблеттері дамымайды.
ІІ - сыныпта Қорқыттың күйі «Ұшардың ұлуы », халық әні «Елім – ай» т.б. күйлерді тыңдаған кезде оқушылардың өз қиялы, елестету бойынша түсінгендерін арқылы шығармашылық қаблеттерін дамытуға болады.
Ал осы қиялдарын, түсініктерін көркем суретпен бейнелеуді, немесе әңгіме құрастыруды, өлең сөздерімен баяндауды т.б. оқушылардың бойла-рындағы шығармашылық қаблеттерін дамыту мақсатында үй тапсырмасы ретінде беруге болады. Музыкалық шығарманы тыңдаудың соңғы кезеңі сол шығарманы қайта тыңдау болып табылады. Музыкалық шығарманы қайталап тыңдау, оқушылардың сол шығарманы (күйді, әнді, симфонияны, балетті) тереңірек түсінуі қабылдауы үшін, шығарманы жақсы көріп, есте сақтауы үшін өте қажет. Қайталап тыңдау арқылы оқушылар музыкалық шығарманың мазмұнын, құрылысын жақсы түсіне бастайды, сол музыканы сүйіп тыңдау-ға дағдыланады. Бір рет тыңдағанда оқушылар әлі ештеңені пайымдай алмай, есеріне ештеңе сақтай алмайды. Ал қайталап тыңдау арқылы олардың көздері ашылып музыкалық шығарманы саналы түрде түсініп талдай алатын жағдай-ға келеді. Бір рет тыңдау кезінде оқушылар тыңдаған музыка туралы ештеңе айта алмайды, ал бір рет тыңдағаннан кейін толық ойларын, пікірлерін жеткізе алатын болады. Неғұрлым музыкалық шығарманы көбірек тыңдаса соғұрлым оқушылардың естерінде сақталу мүмкіндігі нақты болады да келесі тыңдатылатын музыкалық шығармалардан айыра алатын қаблеттері артады. Әрине бастауыш сыныптарда, әсіресе 3 - 4 сыныптарында музыка пәні 1 сағаттан өткізілетін болғандықтан бір сабақта музыка тыңдау бөлімінде музыкалық шығарманы қайталап көп тыңдауға уақыт жетпейді. Әйтсе де оқытушы музыкалық шығарманы бір рет тыңдатып қана қоймай қайталап тыңдауды үйымдастыруы керек. Музыкалық шығармаларды тереңірек көбірек тыңдату үшін музыкадан сыныптан тыс сабақтарын, үйірмелер, концерттік сабақтарын ұйымдастырып отыруы керек. Оқушылардың жан–жақтылығын, музыкалық мәдениетін дамыту барысында радио - көгілдір экраннан музыкалық шығармаларды тыңдатып отырудың рөлі зор.
Музыка сабақтарында музыкалық шығарманы тікелей тыңдау негізі көр-некілік болып табылады. Ал музыкалық шығарманы сапалы түрде тыңдату үшін техникалық құралдардың маңызы зор. Магнитофон, грампластинкалар арқылы шығарманы тыңдату барысында таспа жазбасының, пластинка жазбалароының дыбыстарында музыкалық шығарманың таза орындалуын қадағалау керек. Музыка тыңдату сабағын тиімді дәрежеде өткізу үшін әдейі жабдықталған музыка бөлмелерінде өткізуі міндетті түрде болуы керек. Музыка кабинетінде сазгерлер портреттері, музыка ұжымдарының яғни, оркестрлердің (ұлт - аспаптар, симфониялық, үрмелі аспаптар) хор ұжым-дарының суреттері, оркестр құрамына енетін аспаптар суреттері т.б. болғаны оқушылардың тыңдау кезінде музыкалық сауаттылықтардын толықтырып отыруларына әсері бар. Оқушыларға симфониялық шығармалардан, опера, балеттерден үзінділер (фрагменттер), халық әндері, термелер т.б. магнитофон немесе грампластинкалардан тыңдату арқылы шығарманы қабылдау мүм-кіндігін пайдалана отырып, экраннан орындаушының бейнесін, сазгер бейнесін немесе опералық спектакльдерден, балеттерден, симфониялық оркестр, ұлт аспаптар оркестрі, т.б. үзінділер көрсетіп отыруға толық жағдай бар. Ал, тыңдаған шығармағаның дыбыс тембрін, әуен құрылымының әдемілігін, әр түрлі аспаптар дыбыстарының айырмашылығын айыру арқы-лы оқушылардың есту мәдениеті дамиды. [17]
Көрнекі құралдар мен техникалық құралдары қолдану тәсілін тиімді ұйымдастыру үшін: музыка сабағын жаңа заманға сай өткізуге қойылған талаптарды ескеріп, оқушыларға жан-жақты тәрбиелі білім беру мақсатын-да оқу процесінің деңгейін тек жалпы пәндер арқылы ғана емес, сонымен қатар музыка сабағын жоғары дәрежеде өткізу арқылы жүргізу керек. Музы-ка сабағында көрнекі құралдарды, техникалық құралдарды, бейнелеу (көркем суреттерді), телеэкранды т.б.тиімді пайдалану арқылы музыка пәнін оқыту одан да сапалы, нақты деңгейде болады. Көрнекі құралдарды орынды қолдана білу арқылы оқушылардың музыкалық шығармаларды терең түсініп, қабылдау, талдай білу қаблеттерін дамытамыз, музыкалық образдарды қабылдау дағдыларын қалыптастыра отырып, музыкалық білім деңгейлерін, ойлау, түсіну сезімдерін бойларындағы шығармашылық қаблеттерін жетілді-ру мүмкіндігін дамытамыз. Оқушылардың музыкалық шығармаларды қабыл-дау мүмкіндіктерін жақсарту үшінміндетті түрде көрнекілік, техникалық құралдарды комплексті түрде қолдану керек: а) көркем әдебиеттер (сазгерлер туралы оқулықтар, брошюролар, журналдар т.б.). б) техникалық құралдар (магнитофон, күй табақтар, телевидео аппаратуралар, т.б. ).
Оқушыларға музыкалық - эстетикалық тәрбие беруде негізгі рөл атқара-тын жан - жақты талапқа сай жабдықталған музыка кабинеті болуы керек. Ән сабағында музыканың үнін бірден қатты шығармай, дыбыс күшейткішті бірте - бірте көбейту арқылы өз деңгейіне жеткізу керек. Музыканың үнін өте қатты шығару оқушылардың музыкалық шығарманы сүйсіне тыңдауына кедергі келтіреді. Ал музыкалық шығармаларды күй табақтан тыңдатқанда тыңдатылатын шығарманың басталатын жерін алдын - ала белгілеп, дыбыс күшейткішті басып қойып, шығарманың сол екендігіне көзі жеткеннен кейін ғана дыбысты біртіндеп қосу керек. Сондықтан қатар, оқытушы тыңдатыла-тын музыкаға байланысты компьютер арқылы немесе плакаттар арқылы, көркемсуреттер қолданатын болса алдын - ала дәл кезінде ғана пайдалана-тындай етіп дайындап қоюы керек. Ал, қоданып болғаннан кейін суреттерді жинап, компьютердегі бейнені айырып тастауы керек. Бұлардың барлығы оқушылардың көңілдерін алаңдатпай зейіндерін тиянақты білімге, тыңдауға жұмылдыруы үшін өте қажет. Музыканы тыңдау арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады. Сонымен бірге бұл музыканы тыңдаумен қатар оны қабылдау арқылы басқа ғылыми сала-ларын жетік меңгеруге үлкен септігін тигізетіні анық. Музыканы сезінген бала, ол математика пәнін жетік меңгеріп, жоғары көрсеткіш көрсететіні баршаға аян. Музыканы сезініп қана қоймай, оны көз алдына елестете білген оқушы ана тілі мен әдебиет пәндерін жетік меңгеретін болады. Кейбір балалар музыканы жай ғана тыңдап, ешқандай әсер, сезіну, қобалжу, эмо-циялық әсер ала алмаса, ол оқушы музыкадан басқа жалпы пәндерден білім көрсеткіші төмен болады. Музыка дұрыс түсініп тыңдап білуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың ой - өрісін, сезімін, санасын, қиялын, талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз. Ұлы ғалым Чарльз Дарвин былай деген: «Егер маған қайтадан екінші рет өмір сүруге тура келетін болса, мен белгілі мөлшерде өлеңдерді оқып, белгілі мөлшерде әрі кеткенде музыканы аптасына бір рет тыңдауы өзім үшін ереже еткен болар едім... Бұл талғамдардан айырылу бақыттан айырылумен тепе – тең». Музыкалық шығарманы қабылдау үрдісі үстінде оқушы оны толық тыңдайды, бірақ толық түсіндеуі немесе мүлде түсіне алмауы мүмкін, әғни оқушының музыканы тыңдаудағы тәжірибесіне байланысты. Музыкадағы барлық оқиға желісі дыбыс үнінің құдіретті тілі арқылы беріледі. [19]