КЕСТЕ № 6 МУЗЫКАҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Музыкаға көркемдік – эстетикалық көзқарас қалыптастыру.
Балалардың музыка өнеріне қызығушылығын ояту.
Музыкалық қаблеттерді дамыту.
Іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Дүниежүзілік музыка мұрасы «Алтын қорынан» музыкалық
шығармалардың әр түрлі формаларымен, жанрларымен танысу.
Музыкалық шығармаларға талғамын тәрбиелеу.
Музыкалық шығармаларды таңдай білуге үйрету, ән салуға,
аспаптарда ойнай білуге, би қимылдарын музыкаға сай жасай білуге
үйрету.
Музыкалық тәрбие ісінде шығармашылық бастамаларының
туындауы.
КЕСТЕ №7 МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ
Музыкалық тәрбиенің міндеттері
2.2. Музыка тыңдаудың жан – жақты әдістері. Мектеп оқушыларының музыканы қабылдауы негізінен музыка сабағын-да қалыптасады. Музыкалық шығарманың мәнін түсініп қабылдау үшін, оқушы музыка өнерінің өзіндік ерекшеліктерін айқын аңғарып, табиғат құбылыстарын, өмір шындығын музыкалық дыбыстар қандай жолмен бей-неленетінін түсінуі қажет. Музыка тілі - өнердің басқа салаларымен салыс-тырғанда күрделі тіл. Оның күрделілігі музыкалық шығармалардағы мәнер-леу құралдарын, бейнелер мен суреттеулерді әдебиет, бейнелеу өнері мен театрдағыдай көрнекі түрде, көзбен көре алмайтындығымызда. Музыка өнерінде айтылатын ой мен оқиға дыбыстар арқылы беріледі. Сондықтан музыканы қабылдауды оқушылардың бойында қалыптастыру елеулі қиын-дықтар тудырып, жан - жақты ойластыруды қажет етеді. Музыка өнерінің ерекшелігі - сөз бен тіл жеткізіп айта алмайтын адам жан дүниесіндегі құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік туғызуында. Музыка таза сезімге яғни эмоцияға әсер ете отырып, адамның қиялымен көңіл күйіне байланысты қабылданады. Музыканы қабылдау үрдісі туралы орыс ғалымы О.Апраксина: «... кез келген қабылдау күрделі үрдіс, оған түрлі сезім мүшелері қатысады, нәтижесінде күрделі шартты рефлекторлық байланыс-та жиынтығы түзіледі. Музыканы қабылдау - оның мәні шындықтың көркем бейнесін музыкалық шығармадан ести алу және оның мазмұнын көркемдік бірлік ретінде сезіне отырып бастан кешіре білу қаблеті» - деп атап көрсетті. Музыкалық шығарманы қабылдау үрдісі үстінде оқушы оны толық тыңдай-ды, бірақ толық түсінбеуі немесе мүлде түсіне алмауы мүмкін, яғни оқушының музыканы тыңдаудағы тәжірибесіне байланысты. Музыкадағы барлық оқиға желісі дыбыс үнінің құдіретті тілі арқылы беріледі. Сөзі жоқ, ішкі мазмұны музыка тілі арқылы берілетін күрделі шығармалардың негізгі өзегі оның әуені болып табылады. Музыкалық шұығарманы қабылдау үрдісі музыкалық шығарманы тыңдау мен қатар, есіте алу үрдісі ретінде қарасты-рылады. Музыкалық шығарманы қабылдап, түсіну үшін музыканың мазмұ-нын түсіну қажет. Музыкалық шығарманың мазмұнын ашуда сазгер тыңдаушы мен орындаушының мүмкіндігі, талғамы мен талаптарын ескере отырып белгілі бір жанр ерекшеліктерімен ұштастырады. Тыңдаушы музы-калық шығарманың мазмұнын барынша жете түсіну үшін музыкалық жанрлардың (ән, күй, би,марш) жасалу ерекшеліктерінің мәнін білуі керек. Сондықтан да оқушылардың музыканы қабылдауын тәрбиелеуде музыканы тыңдап қана қоймай, олардың музыка жөніндегі қорының өсуіне, талдай білу қаблетінің дамуына да ерекше мән беріледі. [20]
Оқушыларға музыканың құрамдас бөліктерін әсем әуені, үнінің әсерлігі, аспаптық ерекше бояуы, қою гармониялық негізін жеке дара емес, бір тұтас шығарма ретінде түсіндіру қажет. Оқушының музыка жөнінде дұрыс пікірі қалыптасуы үшін, музыкалық шығарманың мазмұнын құрайтын элементте-рі: әуен, ырғақ, саз, гармония (үндестік), дыбыс күші, екпіні екендігін игерту қажет. Музыкалық шығарма тыңдату кезеңдері былай бөлінеді:
1. Музыкалық шығарма туралы ақпарат, мәліметтер беру (музыкалық шы-ғарманың шығу тарихы, авторлары туралы мәліметтер т.б.).
2. Музыкалық шығарманы ойнап орындап көрсету, немесе аудио – бейне жазбаларда тыңдату (қолда бар мүмкіншіліктерге қарай шығарманы оқушы-ларға дұрыс жеткізе білу, техникалық құралдар пайдалану).
3. Оқушылардың музыкалық шығарма тыңдаудағы алған әсерлері туралы тадау, салыстыру, әңгімелесу, жауаптарын талқылау.
Жоғарыдағы келтірілген музыкалық шығарма тыңдау үрдісінің кезеңдері барысында әр - түрлі өзгеруі де мүмкін, яғни музыка пәні мұғалімінен ұс-таздық, орындаушылық, жан - жақты шеберлік қажет етіледі. Музыкалық шығарманы талдау әңгімелесу әдісімен жүргізіледі. Көркемдеу құралын, көркем бейнелердің жасалу жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде алынған белгілі бір мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын кеңейтіп, сөздік қорының молаюына жол ашады. Музыкалық шығармада адам сезіміне әсер етудің қайнар көзі - музыкалық тақырып болып табылады. Тақырып шығар-маның мазмұнын түсінуде басты роль атқаратындықтан, оның басталуы мен аяқталуын анықтау қажет. Сондықтан шығарманы тыңдап, талдауда оқушы музыкалық тақырыпқа барынша зейін қоя мән беріп, сол арқылы көңіл күйдің өзгерісін бақылап сезінуге үйренеді. Музыкалық шығарма оқушының эстетикалық сезіміне ерекше әсер етеді. Эстетикалық сезім мен эмоция, көңіл күй арқылы оқушы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Музыкалық шығарманы тыңдату әдістеріне тоқталайық:
Оқытушының кіріспе әңгімесі. Музыка сабағында музыкалық шығар-маны талдап, тыңдау екі түрлі іс-әрекеттен тұрады.
1. Музыкалық шығарма туралы мұғалім мен оқушының әңгімесі. (Мазмұны әр - түрлі болуы мүмкін).
а) әр - түрлі музыкалық аспаптар төңірегінде құралған әңгіме;
ә) музыкалық шығарма мазмұнын түсінуге жетелейтін әңгіме;
б) тыңдататын шығарманың шығу тарихына негізделген әңгіме;
Әңгіменің мазмұны оқушының тыңдайтын музыкаға қызығушылығын арттыратындай болуы қажет. Оқытушының әртүрлі мағлұматтар беруі арқылы, оқушылардың дүние танымы кеңейе түседі. Сабақта тыңдалатын музыкалық шығарма әртүрлі аспаптарда ойналады. Оқытушы тыңдатар алдында аспапты сипаттап, ойналу ерекшелігіне тоқталса, суретін, мүмкүін-дікке қарай аспаптың өзін көрсете, оның ойналған кезіндегі үні оқушыға анағұрлым әсерлі болары анық.
Мысалы: сабақта өтілетін материал халық аспаптары туралы болса, яғни халықтың көне аспаптарымен таныстыру, мұнда оқушылар қазақ халқының музыкалық аспаптарға бай екенін біліп, олардың әрқайсысының ерекшелік-тері туралы түсінік алады. Бағдарламада халық аспаптарының жіктелуі яғни классификациясы берілген. Оқытушы әр аспаптың құрылысымен, дыбыс бояуымен таныстыра отырып, олардың халық өміріндегі қызметі туралы айтуы тиіс: шыңдауыл аңға шыққанда, керней мен дабыл әскери дабыл (белгі) беру үшін пайдаланылса, ал сыбызғы мен шертерді малшылар қолданған. Оқушылар бұл ретте аспаптардың ерекшеліктерін игере отыра, олардың музыканың мазмұны мен сипатына әсер ететінін де байқап түсінеді. Сабақта тыңдалатын шығармалардың барлығының алдында кіріспе әңгіме айтыла бермейді. Кейде оның орнына оқушыларға тақырыпты түсіндіруге бағытталған мақсат қоюмен шектеледі. Тыңдатар алдында қойылатын мақсат шығарманы қабылдауда тікелей басшылық рол атқарады. Шығарма мазмұнына оқушылар жете көңіл аудару үшін, оқытушы олардың бұған дейінгі біліміне сүйене отыра жүргізеді. [23]
Музыкалық шығарманы ойнап көрсету. Музыкалық шығарманы талдап, тыңдатудың екінші жағы музыкалық шығарманы ойнап көрсету болып табылады. Оқытушы шығарманы өзі ойнайды немесе күй табақтан тыңдата-ды. Аспапта ойнауға оқытушының мүмкіндігі жетпеген жағдайда, музыка-лық шығарма тыңдатылады, себеі күрделі шығармалардан үзінді орындаған симфониялық оркестрдің құрамындағы сан қырлы аспаптардың бояуын ешқандай орындау ауыстыра алмайды. Оратория, кантата, опера, симфония-дан алған үзінділерді күйтабақтан тыңдатқанда ғана сабақ мақсатына жетеді.
Музыкалық шығарманы талдау әдістері. Шығарманы тыңдап болғаннан кейін оның мазмұныни түсінуге бағытталған сұрақтар жүйесін сабақтан бұрын жан - жақты ойластырып алу қажет. Бұл мәселеде оқытушы белгілі бір жұмыстарды талдау арқылы оқушыларға нені меңгеретінін өзі анықтап алады. Қойылатын сұрақтар жүйесін дайындауда тағы бір ескеретін мәселе сабақ өтілетін сыныптың жалпы музыкалық мүмкіндігі, жабдықталу деңгейін ескере отырып, нақты сұрақтар жүйесі дайындалады. Олар анық, қысқа, дұрыс құрастырылып, мазмұны оқушылардың шамашарқына сай болуы керек. Сабақ барысында оқытушы көптеген жауаптарды нақты мәселеге қарай бағыттап, қажетті жауапты ала алатындай сұрақты түрлендіре қоюға дайын болғаны дұрыс. Талдау кезінде оқытушы оқушылардың белсенділігін сақтай отырып, дұрыс жауапқа бағыттау арқылы оларды жалпы нәрседен ең бастысын қортындылай білуге үйретеді. Музыкалық шығармаларды оқушыға үйрету үшін, оқытушы, ең алдымен, ол шығармаларды өзі жан-жақты білуі керек. Демек, музыкалық шығармаларды үйрету үшін, оқушыға әрбір шығарманы талдап, оның есінде сақталатындай дәрежеде қарапайым тілмен түсіндіре білу керек. Тәжірибе көрсеткеніндей,тек оқытушы басшылығымен үйренген музыкалық шығармалар арқылы ғана оқушының музыкалық-орындаушылық шығармалар шеберлігінің, техникасының өсіп жетілетіні біздің бұл сөзімізді растайды. Музыкалық шығармаларды үйретудің бірнеше жолдары бар, оны әртүрлі сатыға бөлуге болады. Шығарманы алғаш үйреткенде, оны оқушыға басынан аяғына дейін бір орындап шығудан бастау керек. Мұның үлкен мәні бар. Алғашқы ойыны арқылы оқушы шығарманың жалпы характерімен танысады, шығарма музыкасы оның музыкалық сезіміне айта қаларлықтай әсер етеді. Оқушы жаңа шығарманы басынан аяғына дейін ойнап танысқаннан кейін, оқытушы енді шығарманы оған өте жай ойнатып оны талдатады. [25]