Наханов Жамбыл дипломдыќ жўмыс


ЗЕРТТЕУДІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ



бет20/26
Дата10.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#91695
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
dip -muzyka-tyndaudyn-manyzy-men-maqsaty 2

ЗЕРТТЕУДІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ
Зерттеу жұмысының бұл бөлімінде мектепте өткен мемлекеттік педаго-гикалық тәжірибе кезеңіндегі жүргізілген сабақтар үлгісіндегі оқушыларға музыкалық тәрбие беру үрдісі қарастырылған. Сабақтар төменгі сынып оқушыларымен өткізілді. Жас өспірімдерге музыкалық тәрбиенің мақсатта-рын жүзеге асыру үшін оқушыларды музыкалық шығарманы орындап қана қоймай оны терең сезіммен, саналы түрде қабылдай біліп тыңдатуға үйрету керек. Егер көпшілік айтатын әндер немесе шығармалар жалпыға бірдей таныс болса, кейбір күрделі дауыста арналған немесе жеке аспапөқа арналған музыкалық шығармаларды тек музыканы терең сезініп қабылдай білетіндер ғана тыңдайды. Көпшілік қауым күрделі музыкалық шығармаларды дұрыс түсінбегендіктен оны тыңдай алмайды, себебі ондай адамдардың музыкалық түсінігі, білімі таяз. К.Маркс: «Егер де өнерден ләззат алғың келсе, онда өзіңнің көркемдік талғамың мен білімің жоғары болсын» деген. Музыка сыншысы А.Серов: «Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуің керек» дегендей, музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, терең сезімін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз. Оқушылар мектептегі музыка сабақтарындағы ән айту процесінде музыканы сауатты түрде тыңдауды үйрене бастайды. Музыканы көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп, оның сиқырлы әлеміне бойлау үшін ең алдымен оны дұрыс тыңдай білу өте қажет. Музыка сабақтарында музыка тыңдау процесінің мақсаты музыканттар дайындау емес, жалпы жас өспірімдердің өнерге деген мәдениетін көтеру, қазіргі заманның талабына сай тәрбиелеуге бағытталған адамгершілігі мол, нәзік сезімді, қайырымды, мейірімді, шығармашылық қаблеттері мол ұрпақ дайындауға көптеген әсері бар құралретінде пайдаланатын жұмыстардың бірі болып есептеледі.
Өйткені, музыкалық шығарманы адамның руханиазығы десек қателеспей-міз. Музыканың үні арқылы адам баласының сезімі қалыптасады. Сезім арқылы адам түсінеді, дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Қандай да музыкалық шығарма болмасын адамның өмір тарихымен, сол адам өмір сүрген қоғам тарихы арқылы туындайды. Оған мысалға көптеген музыкалық шығармаларды алуға болады. Бірақ, олар туралы музыка тыңдаудың әдіс-тәсілдерін үйрету барысында тереңірек тоқталамыз. Ал сол музыканы тыңдауды үйретуді баланың жас кезінен бастап қалыптастырған дұрыс. Қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетінде бар жанрлардың түрлері, халық әндері мен күйлері мол. Музыканы тыңдау және оны қабылдау музыкалық іс-әрекеттердің (ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты) барлық түрлерінің нәтижесінде қалыптасады. Музыка тыңдау процесі кезінде оқушылардың зейнін, эмоциялық сезімдерін, ойлау, тұйсіну қаблеттерін дамытамыз. Музы-каны тыңдау, оны қабылдау неден басталады десек, ол тыныштықтан басталады дер едік, өйткені музыканы қабылдай білу ең алдымен ұқыпты-лықты, зейінділікті, тыныш тыңдай білуді талап етеді. Сонда ғана әуенсаз көңілге жайлы, ақылға қонымды адам сезімін жылжытатын әсер берері сөзсіз. Ал кез келген музхыканы бірден қатарынан талғамсыз тыңдауға болмайды. Бұл біздің түйсігімізді, нәзік сезімімізді әлсіретеді, бара-бара әрбір үннің әуезін, әрбір әуеннің иірімдерін сезіну қаблетімізді кемітеді, сөйтіп музыканың эстетикалық мәнін жоғалтып аламыз.
Сабақтың тақырыбы: «ӘН ЕРКЕСІ, ЖЫР СЕРКЕСІ - АҚАН».
Сабақтың мақсаты:Ақан сері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет