Наханов Жамбыл дипломдыќ жўмыс



бет5/26
Дата10.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#91695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
dip -muzyka-tyndaudyn-manyzy-men-maqsaty 2

Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
деген Абай сөздерін еріксіз еске алуға тура келдеді. Өйткені жақсы ән мен тәтті күй, біріншіден, адамның рухани шабытын арттырады, серпілтеді, екіншіден, көңіл кірпігінің жоғалуына себепші болады. Сондай – ақ, лебімен көңілге жылы тиген музыка сарыны кейде кісінің бастан кешкендерін, жастық шақтың көз алдына елестетеді. Кейде тіпті арман асуына жетелеп, ерлікке, батырлыққа бағыттайды. [2]
Өзіміз сүйіп оқитын ақын, жазушыларымыз өз басынан өткен күйініш, сүйініш, өмірге деген көзқарасын, көрген білгенін, замандастарының еңбек-тегі ерліктерін оқырмандарына прозамен, поэзия арқылы, қаламұшымен қағаз бетіне түсіріп жеткізсе, зазгер де дәл солай еңбек етеді. Бірақ ол өзін тебіренткен жақсылық пен жамандықты, бақыт пен қайғыны, батырлық пен зұлымдықты, бостандық пен теңдікті, табиғат көріністері сияқты құбы-лыстарды дыбысқа түсіріп, образ арқылы музыка тілімен айтып береді.
Егер бау-бақша, құстардың ішіндегі ең бір сымбаттысы бұлбұл өз бетінше, өз еркінше құбылта сайрап, адамның көңіліне әуенмен әсер ететін болса, адам да, сол бұлбұлдай бас бостандығы мен теңдікті аңсап музыка ырғақтарының үнімен аңғарта, тамылжыған күйлер шығарады. Халық сазгері Дина Нүрпейісованың ой қиялынан туған тебіренісі бұлбұлдың бейнесін сан қырынан көзге елестетеді. Сазгер Альябьев пен Л.Хамидидің әйелдер даусы-на арнап жазылған “Бұлбұл ” атты әндері халық артистері Күләш Байсейітова мен Бибігүл Төлегенованың орындауында әсем де, үнді естіледі. Тыңдаушы-лардың жан жүйесін тербеп, ерекше әсер қалдырады. Әйгілі сазгер Құрман-ғазының өмірі - қазақ халқының музыкалық, өнеріндегі үлкен бір белес. Өйткені Құрманғазы Сағырбаев (1818 – 1870 ) өз кезінде жоқшылық пен жалшылыққа, зорлық пен үстемдікке қарсы күй шығарды. Бастан кешірген қиыншылықтарын сол күйлерінің негізгі тақырыбы етіп отырды. Мысалы, оның «Аман бол, шешем, аман бол !» деген күйін алайық. Бұл – бастан аяқ тыңдаушылардың желпіндіріп, өіне еріксіз тартып отыратын терең мазмұн-ды, әсем үнді шығармалардың бірі. Домбыраның күмбірлеген жағымды даусы адамның жүрегінен шыққан сөзше, «Аман бол, шешем, аман бол» деп естіліп тұрғандай. Дүниеде адамға анадан артық ештеме жоқ. Сондықтан жазушы да, ақын да, күйші де әрдайым ананың образын жасауға тырысады. Бұл салада жазушыларымыз бен суретшілеріміз сияқты сазгерлеріміз де елеусіз үлесін қосуда. Құрманғазының «Қайран шешем», «Аманбол, шешем, аман бол» атты күйлері озық ойлы ұлы жазушы Максим Горкийдің «Ана» атты романы сияқты классикалық шығармалардың бірі болып саналады. «Аман бол, шешем, аман бол» күйінен қазақтың бай–шонжарларының қанды шеңгеліне түсіп, елден ұзақ, айдауға кетіп бара жатқан Құрманғазының анасымен қоштасқан мезгілі мен қайғылы қасірет үні естіліп тұрады. Екі ішекті домбыраға осыншама күш беріп, адамша сөйлету – Құрманғазының табиғи дарыны мен шығармашылық қуатының молдығынан еді. Құрманға-зының «Балбырауын», «Адай» және «Сарыарқа» атты күйлері де әрі мазмұнды, әрі әсерлі, нағыз жүректен шыққан туындылар. Ерте кездегі қарапайым халықтың той – тамашаларын, бәйге мен қыз қуу сияқты ойын–сауықтардың, сондай – ақ кең байтақ дала бейнесін осы «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерінен естиміз. Бұларды орындап тұрғанда, қазақтың құла дала боз жоталы, тау – қыратты, тепсең – шалғынды кең даласы күмбірлеп сөйлеп, тыныштық күй қимылға түскендей сезінеміз. Тынысы кең, құшағы айлапат жазира дала күйге қосылып, күңгірлеп тұрғандай боп естіледі. Домбыра үнінен сықақ сезім құйқылжи биікке көтеріліп, дала тынысына үн қосып жатқандай адамның іш жүйесін ләззат сезім баурап алып, туған жерге сүйіспеншілік одан сайын арта түсе-ді. Қазақ халқының ерте заманнан бері келе жатқан музыка аспаптары, домбыра мен қобызда ғана орындалатын белгілі мазмұны, аты бар музы-калық шығармалардың түрін күй дейді. Музыкалық сауаты жоқ, халық арасынан шыққан өнерлі күйшілер өмірде болып жатқан әр алуан жағдай-ларға байланысты өздерінің реніш - қуанышын, жүрек сырын қос ішекке қосқан. Домбыра мен қобыздың әсем үндері арқылы тыңдаушы қауымға «адамның күй, жайы, ішкі жан дүниесінің сыры» деп баяндайтын болған. Күйді орындаушы, тыңдаушы қауымының арасында отырып, орындалатын күйдің шығу тарихын, оның қысқаша мазмұнын ауызша айтып беріп, күді орындап шығатын. [3]
Біз білетін күйлердің барлығының мағынасына сай аттары бар. Оған дәлел, Дина Нұрпейісованың «16 – жыл», «Той бастар», «Бұбұл », «Жеңіс», Дәулеткерейдің «Топан», «Қосалқа», Құрманғазының «Серпер», «Бозшолақ» «Түрмеден қашқан», Тәттімбеттің «Сары жайлау», «Былқылдақ»,т.б. туын-дылардың мазмұндары, ойналу ырғақтары шығарманың аттарына сай үйлескен. Күй аты белгілі шығарма, симфониялы поэма тәрізді сюжетке құрылған. Барлық оқиға желісі музыка тілімен беріледі. Бұндай күрделі сюжетке құрылған, сазгерлік желісі, байланысы бар кесек туындыларды тыңдай білгенмен, толық түсінем білу үлкен күшке түседі. Ол үшін күйді бірнеше рет тыңдап, түсіне ұғыну керек. Сөзі жоқ, тек музыка сазымен ойналатын күрделі шығармаларда негізгі өзек саналатын мелодиядан айырылып қалып, музыканы шала ұғып, эстетикалық ләззат алу ойдағыдай болмайды. Кейде тыңдаушының музыкалық түсінігі мен білімі аз болып, музыкалық шығарманы түсінбей қалады. Музыкалық әуенді ұға алмаған адам, сөзі жазылған әндерді, романс, арияларды жақсы түсінеді. Бірақ операларда ария сөздері ылғи естіле бермейді.Талай тамаша ариялар, әсіресе, оркестрге қосып айтқанда, жайшылыққа, ән мен сөздін қоса тыңдап үйренген көпшілікке ұғыну алғашқы кезде өте қиын соғады. Әнді тыңдап түсінген адамға ғана опера қызықты, сөзді емес, әнді ұғуға үйрену, машықтану қажет, айтқан дарынды күйшінің құдіреті саусақтарынанг тамыл-жып шыққан музыкаүнін тыңдап, ерекше ләззат алған орыстың белгілі этнографы Н.Савичев 1868 жылы « Уральские Войсковые ведомости» атты газетінде (№44) былай деп жазды: « Құрманғазы домбыраны жедел күйіне келтіріп, құлағын сәл бұрай түсті де, бірден құйқылжытып тарта жөнелді. Мен алғашқы кезде таңданып едім, кейін оның домбыра тартысына қай-ран қалдым. Екі ішекті, мұндай жұпыны аспаптан музыкаға ұқсас бірдеңе шығады ғой деп күтпеген едім, бірқадам қаблетінің күші сол емес пе, домбырадан соншалықты таза музыка естілді. Сайрауы деп айтар едім, бірақ артист қиялының ұшқырлығын біраз тежейтін аспапты қарапайымдылығына қарамастан, бұл теңдеу де тым жеткіліксіз. Қорыта айтқанда Сағырбаев – сирек кездесетін жан, егер европалық білім алса, ол музыка дүниесінің шолпан жұлдызы болар еді», деп масаттанғанын білдірді. Академик А.Қ.Жұбанов қазақ халқының сазгерлерімен әншілерінің өмірі мен шығарма-шылығы туралы көптеген зерттеулер жүргізді: «Ғасырлар пернесі» (1958 ж.), «Замана бұлбұлдары» (1967ж.) деп аталатын монографиялық еңбектері жарық көрді. Академик А.Қ.Жұбанов халық сазгері Құрманғазы туралы былай деп жазған еді: «Құрманғазы Орал түрмесінде жатып шешесіне арнап «Қайран шешем» күйін шығарды. Күй қапастағы халді суреттегендей жай басталды. Әлден кейін, жарық өтіп туған айдай, жарқын кейіпке көшеді, күй әсерленіп, қызынып, шапқан аттың алыстағы сарыны естілгендей болады. Аяғында баяғы ауыр дыбыстар, еріксіздік үндері қайталанып келіп, ең соңында тағы да үміт сәулесі елестегендей болады. Құрманғазы алдағы өмірден үміт күтеді. Осы сапарда Құрманғазының «Түрмеден қашқан» күйі шығады. Бір чиновник түрменің қасынан өтіп бара жатып, Құрманғазының осы күйді тартып отырғанын естіп: «Мына бір тұтқынның домбыра тартысы маған ұнамайды, қашу күйі сияқты, сақ болыңыздаршы», - депті. Ал шынында да, «Түрмеден қашқан» күйінде басынан аяғына дейін ат шабыс, қуу, қашу, айқай – сүрен дыбыстары бар. Еш жерінде тып – тыныштық дыбыс жоқ деуге болады. Әншілердің тілімен айтқанда, бұл күй аяғына шейін «дем алмастан» бір – ақ тартылып шығады». «Кісен ашқан» басынан аяғына дейін орнықты жай екпінді күй. Мелодиясының өткірлігі сондай сай – сүйегінді сырқыратады. Әрине, онда кісенді кесіп жатқан алмас араның құлағыңды жаратын дыбысы жоқ. Кейде аяғы кісен қиған тұтқынның жан қиналысы бар. Тіпті бір Құрманғазының емес, жалпы еңбекшінің аяғы кісендеулі тәрізді, ауыржағдай суреттеледі. Бұны психологиялық күй десек те қателеспейміз. Бірақ ескерте кететін нәрсе, кейде үлкен трагедиямен қатар үлкен астарлы күш жатыр. Халықтың үні бар. А.Қ.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», Мүқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» опералары мен Сыдық Мухамеджановтың «Ғасырлар үні» ораториясы қазақ халқының басынан кешкен тарихи кезеңін шиеленіскен оқиғаларға толы, қайшылығы мол өмір көріністерімен жайып салып, сезімге әсер беріп отырады. Бұл айтылған опералардан алғыр ойлы ағартушы ұлы ақын Абайдың, бас бос-тандығын аңсаған қазақ қыздары Ажар мен Сара, шыншыл ақын Біржанның арияларын тыңдай отырып, сонау ХІХ ғасырдағы зорлық – зомбылық зама-нындағы қазақ даласын да көз алдына келтіресің. [4]
Музыканы, өнердің басқа салалары сияқты, көзге көрсете, қолға ұстайтын-дай етіп жасауға болмайды. Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі. Адамның ой өрісінің кеңеюіне әсем әуендер арқылы ғана әсер етеді. Бұл қасиетімен музыка адам сезіміне басқа өнерден гөрі ерекше әсер етеді. Атап айтқанда, қоғамдық тартыс пен халық көтері-лісі, табиғат көрінісі, сүйіспеншілік пен өшпенділік, адамның бақыты мен қайғысы сияқты құбылыстардың барлығы да музыканың құдіретті үнді тілімен беріліп, жан – күй сезіміне толқынды күй салып, әсер туғызады. Бұл сияқты қиыннан қиысқан құдіретті күш ұлы дарын иелерінің ғана қолынан келеді. Бұндай музыкалық шығармаларды ұғынып тыңдай білу де әркімнің құштарлығы мен талабына байланысты. Музыка тыңдаудағы барлық адам-ның қаблеті, бырақ музыка тыңдауғада әркім өзінше жаттыға білуі керек. Музыканы тыңдап дұрыс түсіне алмайтын «ойға олақ» адамдардың бар екені рас. Музыканы есту қабілеті көп адамдарда бірдей оянбайды. Өткен еңбегі-не, көздеген мақсатына қарай, күйкілжің тұрмыс күйбеңі арасында жүріп, музыкаға жас кезінен көңіл бөлмейтін адамдар да кейіннен музыкалық қабілетін дамыта алады. Музыка жаза білу мен оны тыңдай білудің арасында алшақ айырмашылықтың бар екені кімге де болса белгілі. Сондай, музыка-лық шығармаларды – оның ішінде күрделі бағдарламаланған симфониялық оркестр, ораториялық туындыларды – тыңдай білу мен оны түсіне білудің де арасында көптеген айырмашылық бар. Музыкалық шығармаларды көп тыңдаумен қатар сол өнер туындылары туралы кітапшаларды, радио, теле-хабарларды, газет–журналдарды оқып жаттығу керек. Бізде күрделі шығар-малардың мазмұнын ашып, көркемдік желісін көрсетіп, музыкалық туынды-ларға біраз талдау жасап шығамыз. Осының өзі музыканы қанлай тыңдап, қалай түсіне білуге жетекшілік әдіс көрсетеді. Қысқасы, музыканы сүймей-тін, өзі де дауыстап ән айтпайтын адам жоқтың қасы. Тек оны тыңдап, түсіну қаблеті әркімде әр түрлі. Біреулер жеңіл музыка жағын ұнатса, екінші біреулер күрделі шығармаларды тыңдауды жақсы көреді. Дегенмен қандай музыкалық шығарма болмасын, оның адам жанына әсері мол, эстетикалық талғамын дамытады, ойын байытады. Қапан Мусиннің «Жайлауда» атты симфониялық поэмасын ойша тыңдайықшы, ғанибет қиялға түсеміз. Көсіліп жатқан тау етегіндегі жайылымды, көк рай шалғын шуылын, сылдырай аққан арна, бұлақты, сол жайылымда жатқан отар – отар қой мен табын – табын ірі қараны көріп, бие сауып жүрген адамдардың арасында жүргендей боламыз. Құлаққа осылардың қимылы, үні желісі түйдекпен естіліп жатады. [5]
Айта келгенде, музыкалық шығарманың қандайы болмасын автордың өз тыңдаушысына айтайын деген түпкі ойын жеткізеді. Тыңдаушы сол музыка арқылы ой түйеді, қиялын дамытады, дүние сұлулығын сезінеді. Музыка өнерінде айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі. Сондық-тан музыканы қабылдауды оқушылардың бойында қалыптастыру елеулі қиындықтар тудырып, жан-жақты ойластыруды қажет етеді. Жалпы музыка-
лық білім берудің мақсаты музыкалық мәдениетті дамыту, оқушылардың жалпы рухани мәдениетін дамыту, қалыптастыру болып саналады. Ал «оқу-
шылардың музыкалық мәдениеті» деген түсінік-ауқымы кең ұғым. Осы ұғымның мазмұнына бірінші кезекте «өмірден туындаған, өмірмен тығыз байланысты образдық өнер, музыканы түсіну қаблетін» жатқызады. Д.Б.Ка-балевский бұл туралы: «Сезімдер тілі-музыканы көңілмен қабылдау, ондағы жақсы мен жаманды ажырата білу, музыканың сипатын сезіну, орындалу ерекшелігін салыстыра білу қаблеті»,-деген. Музыкалық мәдениеттің негізіне музыкалық сауат жатады, онсыз музыка мәдениетінің қалыптасуы мүмкін емес. Сонымен бірге балалардың орындау-шылық, шығармашылық бастама-
лары да осы музыка мәдениеті ұғымына кіреді. Музыканы тану процесіне Д.Б.Кабалевский үш жанрды-ән, би, маршты алып қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет