аспаптық шығарма мен вокалдық шығарманы ажырата білуге үйрету;
балалардың әрқайсысының жеке мүмкіншіліктерін ескеріп, тапсырманы түрлендіріп беру.
Сабақ барысында оқу материалдары оқытушының сабаққа қойған мақсатын, балалардың дайындық дәрежесіне қарай іске асырылады. Әдістеме жағынан дұрыс ұйымдастырылған сабақ балалардың қызығушылығын артты-
Рып, зейіндерін шоғырландыру, жауапкершілікке үйретіп, музыкалық мәдениеттерінің қалыптасуына жол ашады.
Оқытушы музыка сабағын тоқсанға жоспарлау барысында музыкалық репертуарларды, музыкалық жұмысты жыл мезгілімен, мерекелер тақырыбымен байланыстырып алуы тиіс. Оқушылардың өз өміріне жақын болған, түсінігіне, қабылдауына қарай іріктелген мұндай оқу жұмыстары көп қуаныш алып келеді.
Тәжірибелік сабақ. Музыка сабағына жоспар құру.
Әншілік дауысты дамытатын дауыс ашу жаттығуларын құрастыру.