Зерттеу әдіснамалық және теориялық негіздері: Жалпы ғылыми, философиялық, музыкатану, музыкалық–психологиялық, музыкалық–педаго-гикалық концепциялар мектеп оқушыларының музыка тыңдауды қалыптас-тырудың біртұтас жүйелі қағидалары.
Зерттеу әдістері: Зерттеу әдістері бойынша философиялық, психоло-гиялық, музыкалық–педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, мектептегі оқу үрдісін бақылау, оларды сараптау, эксперимент жұмыстарының нәтиже-сін бақылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Музыка пәні арқылы мектеп оқушысының жалпы музыкалық мәдениетке тәрбиелеу;
- Музыка сабағын жүргізудің жаңашыл әдістері, көрсеткіштері, деңгейлері анықталады;
- Музыка сабағында іс-әрекеттері жүгізудің әдістемелік шарттары анықталады;
- Музыка сабағындағы іс-әрекеттерді жүргізу әдістемесі жасалады, тәжірибелік эксперимент жұмыстары барысында бақыланып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі;
Зерттеудің практикалық маңызы:
- Зерттеу нәтижелерін музыка пәні оқытуда, әдістемелерді жетілдіру мақсатында мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде, жоғарғы оқу орнында музыкалық білім бөлімдерінде пайдалануға болады;
Зерттеу базасы:
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Жаркент қаласының Балалар музыка мектебінде мемлекеттік педагогикалық тәжірибелік жұмысы жүргізілді.
Дипомдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, екі тараудан, эксперимент нәтижелерінен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде: Зерттеу жұмысының көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы, практикалық маңызы, базасы, кезеңдері, құрылымы қамтылады.
Негізгі бөлімінің бірінші тарауында «Ән сабағында музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістемесі» музыка сабағы-өнер сабағы, музыка тыңдауға қойылатын талаптардың тәрбиелік мәні, бастауыш музыка сабағының пәндік ерекшеліктері, негізгі іс-әрекеттер мен қосалқы іс-әрекеттерге анықтама берілді.
Екінші тарауында мектептерде музыка сабағындағы музыка тыңдаудың жан-жақты әдістері, іс-әрекеттерді жүргізу арқылы музыкалық тәрбие беру-дің жолдары қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |