Наханов Жамбыл дипломдыќ жўмыс


Музыкалық тәрбие берудің мақсаттары төмендегідей



бет6/26
Дата10.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#91695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
dip -muzyka-tyndaudyn-manyzy-men-maqsaty 2

Музыкалық тәрбие берудің мақсаттары төмендегідей.
- Музыкаға көркем-эстетикалық көзқарас, қызығушылықты дамыту, тәрбиелеу;
- Музыкалық қаблетін дамыту;
- Іскерлік дағдыларын қалыптастыру;
- Дүниежүзілік музыка мұрасы-«алтын қор» музыкалық шығармалардың әр түрлі формаларын туындауына таныстыру;
- Балалардың музыкалық талғамын тәрбиелеу, музыка тыңдау процесінде шығармашылық бастамаларының туындауына бағыт беру;
- Музыкалық өнерге қызықтыру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- Оқушылардың адамгершілік-эстетикалық дамуын қалыптастыру, музыка-лық қаблетін ояту;
- Мектеп оқушыларының музыкалық қаблеттерін ояту арқылы музыкалық әрекеттерге, музыка тыңдауға, ән салуға, аспаптарда ойнауға, ырғақтық қимылдар жасауға үйрету;
- Сабақта сабақтан тыс музыка өнерін бойға сіңіруге талпыну;
- Музыка өнерінің әсері арқылы балалардың шығармашылық іс-әрекетте-рінің туындауына жол ашу, бастамашыл болуға баулу;
- Музыкалық тәрбие әдістемесі педагогика ғылымы негізінен педогогика-ның жалпы заңдылықтарына бағынады, дидактикалық принциптерге сүйенеді:
Оқытудың тәрбиелік принципі:
а) оқу материалының ғылымилығы және қабылдауға оңтайлылығы;
ә) көрнекілік принципі;
б) білім, дағды, іскерлік беріктігі;
в) оқушылардың музыкалық іс-әрекетінің белсенділігі;
г) музыкалық тәрбиенің өмірмен байланысы;
д) оқушылардың қызығушылығы; мектептегі музыка пәнін оқыту әдістеме-сі оқу ерекшелігіне қарай өз принциптерін ұсынады;
е) музыкалық шығармаларды қабылдаудағы көңіл күй мен саналы прин-циптілігі. Музыканы қабылдауды дамыту әр түрлі көңіл күйдің, әсерлердің молайғандығын талап етеді. Әр шығарманың мазмұны, орындалу ерекшелігі, көңіл күйге берер әсері оқушылардың жан дүниесін байытады, ойын, сезімін қиял жетегіне ілестіреді. Оқушылардың қабылдау, бағалау қаблеттерін дамы-
тады, қызығушылығы мен талғамын тәрбиелейді.
ж) көркемдік және техникалық принциптің бірлігі музыкалық шығарманың мәнерлі, көркем орындалуы үшін іскерлік пен дағдының сай болуын талап етеді;
з) музыкалық білім беру ісінде музыка мен өмірдің тығыз байланысы, оқу материалдарының мазмұнын ашу, музыкалық репертуарлардың жинақталуы, өрбіту әдістері;
к) музыкалық іс-әрекеттегі оқу материалдарының түрлерін, ерекшелікте-
рін, ұқсастықтарын табу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет