Өндiрушiлер өздерiнiң және бәсекелестерiнiң тауар сипаттамаларына, бағасына, жарнамасына тұтынушылар қалай жауап беретiндiгiн бiлуi қажет. Тауарды таңдау кезiнде сатып алушыларға мынадай факторлар әсер етедi: мәдени; әлеуметтiк; жеке тұлға қасиеттерi; психологиялық

Мәдени факторы мәдениет және қоғам топтарының қасиеттерiмен сипатталады. Мәдени саладағы процестер адамның сатып алуына әсер етедi. Себебi, адамдар қоғамда өмiр сүрiп, тiршiлiк жасаған соң, оның әсерiне түседi. Қоғам байлық түрлерiн, үлгi, салт-дәстүр, мәдениет сипатын анықтайды және мәдениет ережелерi адамдардың жүрiс-тұрысына, өмiр сүруiне әсер етедi.
Референттiк топтар дегенiмiз адамдардың өзара қатынасына және жүрiс-тұрысына әсер ететiн топтар.
Отбасы және оның мүшелерi тұтынушы iс-әрекетiне әсер етедi. Отбасы мүшелерiн екi топқа бөлуге болады:
Отбасы және оның мүшелерi тұтынушы iс-әрекетiне әсер етедi. Отбасы мүшелерiн екi топқа бөлуге болады:
жетекшi тұлға (жасы үлкенi)
жетекшi емес (жұбайы және балалары)
Сатып алу жөнiнде шешiм қабылдау кезiнде отбасы мүшелерiнiң ролi және әсерi әр түрлi болып келедi. Осыған байланысты зерттеушiлер отбасының өзiн төрт түрге бөледi:
автономиялы отбасы-барлық мүшелерi бiрдей өз бетiмен сатып алу туралы шешiм қабылдайды;
ерi басқаратын отбасы- көбiнесе сатып алу туралы ерi шешiм қабылдайды;
Жеке тұлға қасиеттерi мыналарға байланысты: адамның жасына, қызмет орнына, тұрмыс жағдайына, тұрмыс сипатына, отбасының өмiр циклiне, жеке тұлға бейнесiне.
Сатып алынатын тауар ассортименттерi адам жасына тығыз байланысты болады. Мысалы, балалар ойыншық, арнайы балалар тағамын қажет етедi. Адам есейген сайын оған қажет тауар түрлерi өзгере бередi.
Психологиялық фактор көрсеткiштерi: белгiлi әрекетке талаптану себептерi, шешiм қабылдау барысы, iсiн меңгеру, алушыны сендiру қабiлетi.
Шешiм қабылдау процесiн кең мағынадақоршаған әлемдi тануға арналған адамның ақпаратты түсiну, оны игеру және тауарды таңдау әрекетi деп анықтауға болады.
Адамның iс-әрекетi бiлiмiне қарай белгiленедi. Iстi меңгеру дегенiмiз жинаған тәжiрибеге байланысты жеке адамның iс-әрекетiндегi қолы жеткен белгiлi жетiстiктерi, нәтижелерi.