Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Абайдың отыз екінші қара сөзіндегі ақыл кеселдерінің зиянын дәлелдеп жазыңыз



бет14/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
16. Абайдың отыз екінші қара сөзіндегі ақыл кеселдерінің зиянын дәлелдеп жазыңыз

Қазақтың бас ақыны, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы халқына 45 ғақлия тарту еткен болса, соның әрбірі терең философиялық астарға, кең мағынаға, мол ғибратқа толы екенін «Абайды оқып, таңырқағандардың» барлығы дерлік біледі. Адамзаттың Абайы өз қара сөздерінде қазақ халқының барлық өмірін, қазақтың салты мен санасын, ұлттық дәстүрлері мен мұраларын, адамзат мінезін, ілім-білімді сөз етеді. Сондай маңызды, мағынасы терең, айтар ойы алуан ғақлияларының бірі – отыз екінші қара сөзі. Ұлы ақын бұл ғақлиясын «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар» - деп бастап, ілім, білім үйренушілерге алты түрлі талап қояды.


Бірінші талапта ақын «дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бірақ соған себеп қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады» - дейді. Яғни, ақын бұл сөзі арқылы, білім-ғылымды шынайы ықыласпен үйреніп, «білемін» деп айтудан аулақ болып, әрдайым білімге, жаңа нәрсеге құштар болу қажеттігін, адамның көңілі білімге шынайы мейірленер болса, сол адамға ілім-ғылымның да мейірі түсіп, басына білім тез қонатынын басты мәселе етіп алады. Расымен де, білгенімізбен тоқтап қалмай, жаңа нәрсе үйренуге ашық болу адам бойындағы білімнің деңгейін де, көрсеткішін де арттыра түсіп, бойдағы білімі адамға қызмет ететініне шүбам жоқ.
Екінші талапта ғылымды үйренгенде ақиқат үшін үйрену қажеттігін, бахасқа бола, яғни мақтаншақтық үшін үйренудің қажеті жоқ екенін ескертеді. Бахасқа болабілім үйренетіндердің бойын көп жағдайда мақтаншақтық жеңіп, дәл осындай типті адамдар өтірік айтудан да, ұрлық жасап, қорлық көрсетуден де ада болмайтынын айтады ақын.
Үшінші талабында Абай әрдайым ақиқатқа тырысып, шындықтан айырылмау қажеттігін құп көреді.
Төртінші талабында ұлы ақын білім-ғылымды көбейтудегі басты екі қаруды атап өтеді: бірі – мұлахаза болса, екіншісі – мұхафаза. Дәл осы қасиеттер зораймай, дәл осы қарулар күшеймей, адам бойындағы білімнің де артпайтынын тілге тиек етеді.
Бесіншіден, ұлы Абай ақыл кеселдеріне төрт нәрсені жатқызады. Олардың ішінде уайымсыз салғырттық деген кеселден сақтанып жүру қажеттігін қатаң ескертеді. Себебі жалғыз осы кеселдің өзі бірінші – құданың, екінші – халықтың, кейіннен дәулеттің, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпанына айналады деп орынды пікір білдіреді.
Соңғы талапта ақын Абай Құнанбайұлы ғылымды, ақылды сақтайтұғын ең маңызды сауыт – мінез деген сауыт бұзылмасын деп сөзін қорытады.
Қорытындылай келе, Абай Құнанбайұлы осы қара сөзі арқылы адам баласын ілім-ғылым үйеренген кезде ақыл-ой кеселдерінен сақтанып, әрдайым білімге құштар, талабы биік, талғамы жоғары шәкірт болғанымызды қалайды. Абай айтқан кеселдерден сақтансақ, ұлттық түр-тұрпатымыз да, адамзаттық сипатымыз да асқақ болар ма еді?!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет