Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


М.Әуезовтің «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні» деген пікірінің келелі екенін бүгінгі күнмен байланыстырып жаз



бет30/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
35. М.Әуезовтің «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні» деген пікірінің келелі екенін бүгінгі күнмен байланыстырып жаз

Абай – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз. Абай Құнанбайұлын бізге, бүкіл әлемге танытқан тұлға – М.Әуезов те, Абайдың атын мәшһүр еткен туынды – «Абай жолы» романы. Аталмыш романдағы Абайдың лебін, Абай үні мен тынысының заман тынысымен байланысын талдап көрейін.


«Абай жолы» романында автор ұлы ақынның жеке өмірін, күресін ғана суреттеп қоймайды, сонымен бірге ақын өмір кешкен сол дәуірдің шындығын мейлінше мол әрі терең бейнелейді. Абайдың өмірі мен күресін шынайы суреттеу арқылы жазушы бүкіл халықтың өмірі мен тағдырын, күресі мен ілгері ұмтылуын және соның тарихи перспективасын ашып көрсетеді.
Романда Абай алуан түрлі қыры бар, шытырман, қат-қабат өмір кешеді. Автор оны сол заманның сипатын белгілеген кесек те күрделі оқиғалардың қалың ортасында көрсетеді. Абай романның әрбір тарауында өсіп, кемелденіп отырады.
Абайдың адамгершілік, тұлғалық бейнесі оның қоғамдық істерге араласа бастаған уақытымен тұспа-тұс келеді. Ауыл халқына Тәкежан, Ысқақ секілді болыстардың жасап жатқан озбырлықтарына, әділетсіздіктеріне шыдамаған Абайдың ендігі кезекте тұлғалық бейнесі бой көрсетеді. Дәркембайдың және оның көршілерінің малдары жұтта қырылып жатқан кезінде, Базаралыны жазықсыз соттатпақ болған кезінде де тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қойып, қаналып жатқан халықтың жаршысы болған да – ұлы Абай.
Жұтқа ұшыраған кедей ауылдарының малы аман қалуына Абай жағдай туғызады. Абай оларға өз қолындағысын бөліп береді. Бұл оның терең гуманизмін көрсетеді. Абайдың халық қамын жеп айтқан патриоттық ойлары мен мақсаттары Бөжей асының қадірлі қонағы боп келген Қадырбай ақынмен сөйлескен сөздерінен де айқын танылады. Бұл тұста ол өз халқының бүгінгі ащы өмірін ғана емес, ертеңгі күнін де толғайтын ойшыл ретінде көрсетеді.
Романдағы Абай образы сан қырынан танылады. Абайдың балалық бейнесі, халық қамқоры бола білген Абай образы, ел ісіне араласқан, үстем тап өкілдерімен аяусыз күрескен Абай образы, ғашықтық образы, әке Абайдың образы, білім жолындағы Абай образы, кемеліне келіп, тұлға болған, ел ағасы болған Абай образы, бәрі-бәрі романның көркемдік жүйесін арттырып, қуаттап тұрған образдар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет