Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет



бет31/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Қорытындылай келе, «Абай жолы» романындағы Абай образы – теңдессіз образ. Ұлы жазушы Ұлы ақынның образын жасауда асқан шеберлік пен қырағылық, тарихилық пен дәлелділікті алға тартқаны, бәрі – бәрі жоғары деңгейде екенін асқан ұқыптылықпен байқаймыз. «Абай жолы» романындағы Абай бейнесі – бүкіл бір халық бейнесі, Абай бейнесі – ұлт бейнесі, Абай бейнесі – мәңгілік өлмейтін, өшпейтін, асқар таудай алып бейне болып қала береді. «Абай жолы» романы арқылы ұлы жазушы М.Әуезов қазақтың ұлы ақыны Абай бейнесін сан ғасырлар өтсе де ұмытылмастай етіп, уақыт та уытын дарыта алмайтын, жоқтық та таңбасын түсіре алмайтын Абай бейнесіне мәңгілік ескерткіш орнатты. Абай тынысының заман тынысы екендігін жазушы аталмыш романда айқындап береді.

36. Абайдың «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» деген өлең жолдарын бүгінгі күнмен байланыстырып жазыңыз

Абай шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік туындыларының бірі – «Сегіз аяқ» өлеңі. Аталмыш өлеңде «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» - деген жолдарды келтіру арқылы ақын еңбектің, адалдықтың маңызын асқақ етіп көрсетеді. Бүгінгі таңда тамағы тоқ, жұмысы жоқ жандардың айналысар бір ермегі – пара, жемқорлық деп санаймын. Олай болса, осы мәселе төңірегінде ойымды өрбітіп көрейін.


Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Алайда тез таралып, тез жұғатын эпидемиялық індет сияқты. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дерттің өршіп кетпеуіне бір кісідей атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Тамағыңның тоқтығының, жұмысыңның жоқтығының кесір-әсері тиетін тағы бір фактор – парақорлық. Пара - адамды еңбек етпей, тер төкпей арам жолмен оп-оңай олжаға батырады. Еңбексіз, бейнетсіз жан қиналмай келіп жатқан дүние, мүлік, ақша адамды арамтамаққа айналдырып, оның жұмыс істеу қабілетін жояды, ой-өресін тарылтып, адалдықтың ақ жолынан адастырады. Абай атамыз айтқандай: «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» деген азғындық жолға түсіреді.
Тағы бір айта кететін жәйт, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтықтың кесірі нашақорлыққа да әкеліп соқтыруы мүмкін. Бос уақыты көп адам ылғи жаңа нәрсеге дағдылауға бейім келеді. Ал, нашақорлық кез келген адамды оп-оңай уысына түсіре алатын ауыр індет. Хакім Абайдың аталмыш һсиет сөзі ұрпаққа бекер айтылып, бекер ескертілмеген. Расында да, тамақтың тоқтығы, жұмыстың жоқтығы, жатыпішер жалқаулықтың кері әсері міндетті түрде адамдарға тиеді.
Қорытындылай келе, Абай Құнанбайұлы айтқан «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» - деген жолдардағы азғындыққа түспес үшін күпірлігімізді емес, шүкірлігімізді арттырып, жалқаулықты емес, еңбекқорлықты серік етіп, болашаққа нық қадамдар жасауымыз қажет!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет