Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


«Қаныш Сәтбаев – ұлттық индустрияны дамытуға еңбек сіңірген ұлы тұлға» тақырыбында ақпараттық мәліметтерді пайдалана отырып, эссе жазыңыз



бет3/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Жаратылыстану-метематикалы ба ытта ы эссе жиынты ы «Адамзат бал

3. «Қаныш Сәтбаев – ұлттық индустрияны дамытуға еңбек сіңірген ұлы тұлға» тақырыбында ақпараттық мәліметтерді пайдалана отырып, эссе жазыңыз

Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – қазақ халқының маңдайына біткен, маңдайы жарқыраған ұлы тұлға, қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы соны құбылыс. Қаныш Сәтбаев даңқы жайылған, атақты ғалым-геолог қана емес, табиғат зерттеушісі, өз заманында әлемдік деңгейге көтерілген ойшыл ғұлама, ғалым. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Қазақстанның индустриясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға ретінде тарихта есімі алтын әріптермен қашалды. «Қаныш Сәтбаевтың қазақ индустриясына қосқан үлесі қандай?» - деген тақырыпта ой қозғап көрейік.


Қаныш Сәтбаев 1926 жылы Томск технологиялық институтын тау-кен инженер геологы мамандығы бойынша үздік бітірген ең алғашқы қазақ болған. Қаныш Сәтбаев ең алғаш болы Жезқазған кен орнында мыс қорының өте мол екендігін анықтаған ғалым болды. Ғалымның өлшеусіз еңбегінің арқасында 1938 жылдың ақпан айында Жезқазған металлургия комбинатының құрылысын тез арада бастау жөніндегі жарлық шықты.
Сондай-ақ, Қаныш Сәтбаев геология ғылымының барлық салалары бойынша жұмыс жүргізген ғалым болып саналады. Қаныш Сәтбаев тек осы салада емес, соғыс кезінде бар күш-жігерін Отанды фашизмнен қорғау ісіне арнаса, соғыс аяқталған соң, ұлы ғалым халық шаруашылығын өркендету, дамыту, жолға қою ісіне бар күш-жігерін сарп етті.
1946 жылы құрылған Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті болып Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. Сан салада қызмет атқарған ұлы ғалым туралы ұлы жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Оның үлкен бір ерекшелігі – ол химикпен де, биологпен де, физикпен де, медик пен тарихшымен де, филологпен де өз ғылыми тілінде сөйлесе біледі» - деген пікір білдірген.
Қаныш Сәтбаев өзінің бүкіл саналы ғұмырын тек индустрияны өркендетіп, металлургияны, геологияны дамытуға ғана емес, Қазақстан геологиясы мен металлогениясын зерттеу ісіне арнаған тұлға. Академиктің бастамасымен тың игеру жылдарында да көптеген істер атқарылды, атап айтар болсақ, тыңайған жерлерді игеретін аудандарды су және құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында Маңғышлақ, Мұғаджар және Торғай төңіректерінің табиғи минералды ресурстарын зерттеу бойынша өнімді еңбек етіп, сапалы жұмыстар жүргізді. Ғалым Қаныш Имантайұлы өзінің барлық творчестволық өмірінің ескерткіші етіп Үлкен Жезқазғанды, Геологиялық ғылымдар институтын, Қазақ КСР Ғылым академиясын ғана қалдырып кеткен жоқ, ғалымның тынымсыз еңбегінің жемісін бүгінде дамыған халық шаруашылығының әр саласынан көре аламыз, олар – Қарағанды металлургия зауыты, Соколов-Сарыбай комбинаты, Атасу темір рудалары, т.б
Қорытындылай келе, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – қазақ индустриясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет