Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Нашақорлық – адамның денсаулығы мен елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер



бет6/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Жаратылыстану-метематикалы ба ытта ы эссе жиынты ы «Адамзат бал

7. Нашақорлық – адамның денсаулығы мен елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер

Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет. Адам жанының саулығына да, тәнінің саулығына да айтарлықтай зор залал тигізіп жатқан бұл фактор ең алдымен ой өрістің дамуына, рухани тұрғыда жетілуге кедергі келтіретіні айдан анық. Өкпені ірітіп, бауырды шірітетін, естір құлақтың өзіне ауыр тиетін «нашақорлық» күні бүгін біздің елімізде ғана емес, күллі әлемге тамырын тереңге жайып, орнығу үстінде. Әрбір ақыл-есі жетіліп, санасы қалыптасқан адам бұл қасіреттің алдын алуды өзінен бастап, өз бойын жаман әрекеттер мен зиянды заттардан, пайдасыз дүниелерден аулақ ұстауы тиіс. Сонда ғана біздің қоғамдағы «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты жанайқай шешімін тауып, нақ осы зауалмен күрес басталмақ.


- Жаны саудың тәні сау, -деген қазақта жүйелі сөз бар. Түтіні бұрқыраған темекіні түтетіп, ақ «суды» қолына серік еткен жандардың денсаулықтарына кірбің келетіні белгілі. Қазіргі уақытта ондай жандар да аз емес. Дәл осындай улы дүниелермен дос болып алған жандардың болашағы қандай болмақ? Олардың қоғамдағы рөлі қандай? Иә, бұл сұрақтың шешімін табу қиынға соға қоймас. Улы затпен уытлып, маскүнемдікке жолы түскен жандардың қоғамға берер пайдасынан зияны мол. Күні бүгін қолына арақ ұстап, суша ішіп жүрген жігіттер қауымы ертеңгі күні нашақор әке, темекіні төл тағамындай көріп, аузынан тастамай жүрген нәзік жандылар нашақор ана атанып, ең алдымен дүниеге келген сәбидің денсаулығын, кейіннен болашағын бұлдыр ететіні хақ. Ұлт денсаулығы мен ұрпақтар сабақтастығының алтын жібі үзілмесін десек, нашақорлыққа қарсы бүкіл ел болып күресіп, бір мемлекеттің тағдырын сақтауға жүйелі түрде жұмылуымыз қажет.
- нашақорлық бір адамды, бір отбасыны, немесе бір ауылды ғана сергелдеңге түсіріп, өмірін уламайды, нашақорлықтың кері кеткен әсері бүтін бір ұлттың улануына әкеп соқтырады.
- нашақорлық ұлттық сипаттың жоғалуына түрткі болады;
-нашақорлық қоғамдық ахуалға, халық денсаулығына кері әсерін тигізіп, қауіп туғызады;
-нашақорлық бүтін бір ұлтты тамырымен жойып жіберуге мүдделі індет;
Қазіргі уақытта жастар арасында есірткіге бой ұру жиілеп барады. Бұның да өзіндік себептері бар. Біріншіден, жасөспірім жаста бозбалалар мен бойжеткендер өздеріне не керек екенін білмей, еліктеушілікке салынып кетсе, екіншіден, бір сәттік рахат үшін шоқ басып қиналып қалатындай. Абайша айтсақ, «тамағы тоқтық, уайымы жоқтық аздырар адам баласын» -дегеннің кері келмес үшін, Қазақстан жастарының алдында нақты мақсат, мүдде болса, соған жету үшін жан аямай еңбек етсе, қоғамдық, өмірлік маңызы бар бұндай проблемалар кез келген адамды айналып өтер ме еді?!
Қорытындылай келе, басқа елдермен тереземізді теңестіріп, алдыңғы қатарлы елдер санатынан боламыз десек, нашақорлық атты індеттен іргемізді аулақ салуымыз керек. Дәл қазіргі таңда әр шаңырақтың есігінен үңіліп, терезесін торып жүрген ғасыр індетінен сақтануымыз қажет. Ұлттың қауіпсіздігі мен елдің жарқын болашағы нашақорлық пен жемқорлықтан іргелерін алшақ ұстаған елде болады. Бүкіл ұлтымыздың тыныштығы үшін әр жеке тұлға нашақорлықтан аулақ болуға мүдделі. Адам қауіпсіздігі –ұлт қауіпсіздігі!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет