Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Сенің болашақ мамандығыңның адам өмірін сақтаудағы маңызы қандай?



бет5/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Жаратылыстану-метематикалы ба ытта ы эссе жиынты ы «Адамзат бал

6. Сенің болашақ мамандығыңның адам өмірін сақтаудағы маңызы қандай?

Адам танымы мен қалауы, ізденісі мен еңбегі, қызығушылығы мен көзқарастарының түйіні белгілі бір шешімге немесе таңдауға тіреледі. Адам өміріндегі ең маңызды екі таңдауды барлығымыз білеміз: бірі – жар, екіншісі – мамандық. Менің де қате болмаған таңдауым – мамандығым. Мамандық таңдау – күрделі процесс.Ұстаздық – менің өмірлік жолым, қоғамға тигізер пайдам, саналы ұрпақ тәрбиелеудегі ең маңызды қызметім. Абайша айтсақ, «адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан» - демекші, «адам өмірін сақтаудағы менің мамандығымның маңызы қандай?» - деген сауал аясында ой өрбітіп көрейін.


Дәрігерлер адам өмірін сақтау үшін дертпен алысады, өрт сөндіргіштер төтенше жағдайда өртпен алысады, дәл сол сияқты мұғалімдер қауымының да адам өмірін сақтаудағы маңызы орасан зор. Себебі, мұғалім – қоғамның бөлінбес бөлшегі, ұлттың, елдің тірегі десек, артық айтқанымыз емес. Адам өмірін сақтаудағы мұғалімдік мамандықтың маңызы мынандай:
Біріншіден, мұғалімдер қауымы адамзат баласын жанның рухани кеселінен, мәңгүрттіктен, надандықтан сақтайды. Ұлты, жұрты надан халықтың болашағынан үміт те күтпейтініміз рас. Ал осындай халықтың надандығымен, білімсіздігімен күресетіндер – мұғалімдер. Бұл сөзімізді Сәбит Мұқановтың «елдің надандығымен алысатын адам – мұғалім» - деген пікірі дәлелдей түседі. Жоғарыда Сәбит Мұқанов айтқандай, мұғалім – бір үйдің немесе бір мектептің ғана тұлғасы емес, мұғалім – халықтың надандығымен алысатын бүтін бір елдің тұлғасы. Қай-қай ел болмасын, әдебиеті, мәдениеті, білімі, тілі жоғалса, ол ел түгелімен жойылары хақ. Ал, мұғалімдер қауымы ұлттың жойылуымен, ілім-білімнің тозуымен ашық күресетін ұлы міндет жолындағы күрескерлер.
Екіншіден, мұғалімдер қауымы адам баласын тәрбиесіздіктен сақтайды. Ілім-білімнің орны, әрине, бөлек. Бірақ, балаға ата-ана беретін үйдің тәрбиесі бөлек те, мектептегі мұғалімнің тәрбиесі мүлдем бөлек. Ата-ана бала бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріп өсірер болса, мұғалім сол қасиеттерді одан әрі дамытып, оқушының қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауын, мәдени тұлғасын қалыптастырушы тұлға. Надан емес, мәңгүрт емес, өте білімді тұлға бола тұра, тәрбиесіз адам болса – оның қоғамға тигізер пайдасы, арқалап жүрген «адам» атының қасиеті де шамалы ғой. Осы орайда, атақты ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген өсиеті есімізге оралады. Тәрбиенің маңызы, білім беру үрдісіндегі тәрбиенің рөлі туралы әлімсақтан бері, талай-талай замандар мен дәуірлер көшінде талайлаған ғұламалар жазды, айтты әрі көз жеткізді. Бұл сөздің ақиқатын өмір тәжірибесі де дәлелдеген болатын.
Қорытындылай келе, мұғалімдер қауымының адам өмірін сақтаудағы маңызының зор екеніне толықтай көз жеткіздік. Ия, олар адамның тән ауруын жаза алмауы мүмкін, бірақ дәл осы жандар сол тән ауруынан да қауіпті, тән ауруынан да қиын жанның ауруымен күреседі, рухтың кеселімен алысады. Сол себепті де, мұғалімдер қауымының адам өмірін сақтаудағы рөлі зор, бүтін бір ұлттың жойылуының алдын алып жүрген мұғалімдер қауымының еңбегі ерен. Мұғалімдер қауымы – надандық пен мәңгүрттіктің алдын алатын, білімсіздік пен сауатсыздықтан арылтатын, ұлтқа ұлы қызмет ететін ұлы тұлғалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет