Сифонды клизманы қою үшін сыйымдылығы 0,5-2 л воронка, резеңкелі иілгіш ұштық немесе ұзындығы 20-30 см резеңкелі ішек түтігі жалғанған, диаметрі 1 см-ден кем емес, ұзындығы 1-1,5 м резеңкелі ұзын түтікті қолданады. Ұзын ішек түтік және резеңкелі ұштықтың орнына жуан асқазан зондын қолдануға болады.
Сонымен хирургиялық науқастарды операцияалды кезеңде жоғарыда айтылған емдік іс – шараларды кешенді түрде қолдана дайындау хирургиялық емнің жалпы нәтижелігіне, операциядан кейінгі ерте кезеңнің жағымды өтуіне тікелей әсер етеді. Осы шараларды әрбір хирург – емгер міндетті түрде орындағандары абзал.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз: Абдоминалды операция кезіндегі анестезия