Дульдолакс пико (Гутталакс) Триарилметан тобындағы ішек айдағыщ зат. Электролит пен судың сіңірілуін төмендетіп, ішек перистальтикасын жоғарылатады.
Препараттың активті компонеті ішек микроорганизмдерінің гидролиздік әсерінен туындап, ішек қабырғасының нервтік құрылымын тітіркендіріп, нәтижесінде ішек құрамының жылжуын жылдамдатады.
Қолдану тәртібі:
Ішке қабылдауға арналған тамшылар 15 немесе 30 мл флаконда шығарылады.
күніне 1 стақан суға 20 тамшыдан араластырып 2 күн бойы операцияға дейін ішеді.
Жағымсыз әсерлері:
жүрек айну, құсу;
диарея;
дегидратация.
Қарсыкөрсеткіштер:
қысылған жарық;
АІЖ қан кету;
цистит;
ішек өтімсіздігі;
метрорагия;
жүктілік (І триместр);
препаратқа жоғары сезімталдық.
Клизмалар
Клизма деп диагностикалау және емдеу мақсатында әр түрлі сұйықтықтарды тік ішек арқылы енгізуді айтады.
Диагностикалық клизманы ішек өтімсіздігін анықтау үшін қолданады. Тоқ ішекті рентген арқылы зерттеу үшін (ирригоскопия) рентгеноконтрасты препараттың қоспасынан тұратын контрасты клизма жүргізеді. Емдеу мақсатында тазалау, сифонды және дәрілік клизмалар жасайды.