Научные работы



бет4/7
Дата02.12.2023
өлшемі28,31 Kb.
#132477
1   2   3   4   5   6   7

Қорытынды


Инклюзия енгізілген мектептерде жағымды нəтижелерге қол жеткізілді, оқу үдерісін ұйымдастырудың түрлі сызбалары əрекет етеді.
Оларға сəйкес тьютор үш əр түрлі ұйымдастырушылық міндеттер орындай алады.

  1. Тьютор – дамуындағы ерекшеліктері бар баланың жеке қолдаушысы. Қазақстандық мектептерге инклюзияны енгізу бойынша мамандардың бағалауы бойынша, бүгінгі таңда инклюзивті сынып оқытушысы баланың дамуында бұзылысы бар саланың маманы болып та- былмайтын, ал керісінше, тьютор сəйкес арнаулы білім бар болатын көрінісі шындыққа жана- сады. Осындай жағдайда тьютор барлық сыныптың оқыту сапасын кемітпей, дамуының ерек- шеліктері бар оқушының қажеттіліктеріне оқытушының ыңғайласуына көмек көрсетіп, қарас- ты бала үшін оқу үдерісін нақты жəне ыңғайлы етіп құрайтын маман функциясын өзіне алады.

  2. Тьютор – оқытушының көмекшісі. Бұл жағдайда оқу жүктемесі оқытушымен қа- лыптастырылады, ал тьютор барлық оқытушылардан дəптерлерін жинап, сыныптың тəртібін оқытушының тапсырмаларын орындау уақытында сақтай отырып, ұйымдастырушылық сəт- терде көмекшісі ретінде шығады.

  3. Тьютор – сыныптағы екінші оқытушы. Өзіндік оқуға мүмкіндігі жоқ баланы мойындау құқықтарын бұзуға жатады, дамуындағы ерекшеліктері бар бала оқитын сыныпта барлық балаларға, дамуында ерекшеліктері бар балаға басымдырақ көлемде оқуға кезектеп көмек көрсететін екі оқытушы жұмыс істейді.

Тьютор баланың ынтасын қолдайды, бағдарламаны игеруіне көмек көрсетеді, оқыту мен əлеуметтенудің бірінші нəтижелеріне талдау жасайды. Қажеттілік туындап жатса, бала- ның оқу бағдарламасына түзетулер енгізіледі. Баяулап баланың жекелігінің деңгейіне арта бастайды жəне тьютордың көмегі азая бастайды.
Əр кезеңде тьютор барлық қатысушыларды түзетушілік-оқыту үдерістегі баланың оқуы мен əлеуметтенуінің табыстылығы туралы ақпараттандырады, қажеттілік туындап жатса, баланың кеңесшілерден кеңес алуын ұйымдастырады жəне білім алуда ерекше қажеттілігі бар баламен жұмыс жасайтын басқа да ұйымдардың мамандарымен өзара байланысты үйлестіреді. Тьюторлық қолдаудың ұзақтылығы бейімделушілік бағдарламаның тиімділігіне, бала-
ның табысты əлеуметтенуі мен табыстылығының деңгейіне байланысты анықталады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында білім беру мекемелеріне балаларды тьюторлық қолдаудың түрлі тəжірибесі жинақтала басталды. Сонымен қоса, отандық білім беруде жақында ғана инклюзивті білім беру жүйесінде тьютор қызметін реттеуге көмек бере- тін нормативтік құжаттардың жобалары туындай бастады, инклюзивті тəжірибеде тьютор- лық қызмет тəжірибесін меңгеру мүмкін болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет