Научные работы



бет2/7
Дата02.12.2023
өлшемі28,31 Kb.
#132477
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БІЛІМ АЛУДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ ТЬЮТОРЛЫҚ ҚОЛДАУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ

Кілт сөздер: білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар, инклюзивті тəжірибе, тьютор, тьюторлық қолдау, əлеуметтік орта.


  1. Кіріспе


Қазақстанның білім беру жүйесі қазіргі қоғамның сұраныстарына өзінше əсер етіп, мектеп оқушысы, студент, тəрбиеленушінің түрлі салаларда білім алуына ғана емес, сонымен қатар осы білімді алуда өзінің білім алуындағы дара жолын анықтауға, таңдауға үйренуге мүмкіндіктер туады. Сондықтан заманауи мектеп – бұл түрлі пəндердің оқытушылары ғана емес, сонымен қатар болашаққа бағдары, жеке қызығушылықтары мен басымдылықтары бар баланың үлгісінде жұмыс істейтін мамандардың қатары.

Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басымды міндеттерінің бірі – əр бала- ға, оның ішінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға сапалы білім алуға бірдей қолжетімділіктерін қамтамасыз ету болып табылады. Сапалы білім алудағы ерекше қажетті- ліктерін қанағаттандыру мақсатында оқушылардың осы санатына арнаулы білім алу жағдай- лары құрылғанда қол жетілетін болады.
ҚР «Білім туралы» заңына (2007) сəйкес арнайы білім беру жағдайларына арнайы бі- лім беретін оқыту бағдарламалары, арнайы оқыту əдістері, техникалық құралдар, өмір сүру ортасы жатады.
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды табысты оқыту үшін оқыту үдері- сіне психологиялық-педагогикалық қолдауды іске асыру қажет. Инклюзивті тəжірибе сала- сындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, жаңа педагогикалық тұрғыда білім беру кеңес- тігінде жаңа педагогикалық ұстаным – инклюзивті мектептегі тьюторды қалыптастыру үшін жақсы жағдай жасалған.
  1. Материалдар мен əдістер


Дамуындағы ерекшеліктері бар бала (немесе осындай балалар білім алатын топтар) үшін тьютор – дамуындағы ерекшелігі бар баланың арқасында, оған қарамастан айтарлықтай жоғарғы білім беру жəне əлеуметтік деңгейіне қол жеткізу мүмкіндігі туындайтын ресурс.
Тьютор қызметінің мақсаты – инклюзивті тəжірибе жағдайында баланы жалпы білім беру ұйымының ортасына білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыны табысты ара- ластыруы. Тьютор əр білім беру кезеңінде педагогтарды, арнаулы педагогтарды, психолог- тарды, басқа да бала үшін қажет мамандарды үйлестіруді қамтамасыз ететін байланыстыру- шы буын болуы мүмкін.
Тьютор қызметінің мазмұны мен ерекшелігі бірнеше факторлармен шарттастырылады, бұл – баланың бұзылыстарының ерекшеліктері, оның белсенділігінің деңгейі, түзетушілік үдерістегі ата-анасының қызығушылығы, мекеменің инклюзивті білім беруге дайын болуы [1]. Алайда бүгінгі таңда тьюторлық жұмыс нормативтік рəсімдеу толығымен қарастыры-
лып жəне заңмен бекітілмеген. Осыған байланысты қолдаушы маман-тьютордың қызметін түсіндіретін нақты нормативтік құжаттаманы əзірлеу өзекті болып табылады жəне қолданба- лы сипатқа ие, себебі инклюзивті тəжірибедегі білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушы- ларды қолдау бойынша қызметтің мазмұнды құрамдастарына бағдарлайды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының əлеуметтік саясатының басымды бағытта- рының бірі болып азаматтардың барлық санаттары үшін қолжетімділік пен сапаны арттыруға бағытталған білім беруді жаңғырту болып табылады, ол өз тарапынан білім алуда ерекше қа- жеттіліктері бар оқушыларды оқыту жəне білім беру жолдарын өзгертуді анықтайды.
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға білім беру мобильді экономикаға қатысты əлеуметтік-бейімделген іс-əрекеттің дағдыларын игерген əлеуметтік-белсенді тұлға- ны қалыптастыруға жəне дамытуға бағытталған. Осы міндетті іске асырудың жолдарының бірі кедергісіз білім беру ортасын қалыптастыру бойынша басты идея іске асырылады. Осын- дай ортаның көрсеткіштерінің бірі кешенді қолдау жүйесі болып табылады, оның ішінде тьюторлық та бар.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет