Білім беру саласындағы тьютор кəсібінің туындауы əлеуметтік жəне мəдени шындық- тағы өзгерістермен шарттастырылған, атап айтқанда бірнеше жылдар бойы жалпы білім бе- ретін тəжірибеден тыс қалған білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін инклю- зивті көзқарас аясында жалпы білім беретін мектепте білім алудағы өз құқығын іске асыру мүмкіндігін алды. Мектеп өз тарапынан білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың білім мен дамудың тиімді үдерісінің жағдайында қалыптастыру проблемасын кезіктірді.
Инклюзивті білім беру жағдайында тьюторлықты жүргізу аталған проблемаларды ше- шеді жəне оқу үдерісін максималды жекешелендіруге, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың əлеуметтік-психологиялық бейімделуіне мүмкіндік жасайды.
Тьютор – жалпы жəне жеке білім беру үдерісінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қолдайды, жеке білім беру бағдарламаларын əзірлеуге қатысады, дəстүрлі оқытушы мен білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушысының арасындағы көпір болып табылады. Тьютордың оқу үдерісін жекешелендіруі ерекше қажеттілікттерді қажет ететін оқушылардың білімін, біліктілігін, қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін есепке ала оты- рып қана іске асырылады. Жалпы алғанда тьютор қызметінің мақсаты білім алуда ерекше қа- жеттіліктері бар оқушының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын, қызығушылықтары мен проблемаларын есепке ала отырып оқыту бағдарламалары мен оқу жоспарларын қолдау жə- не түзету ретінде жасала алады.
Талқылау
Бүгінгі таңда оқыту тəжірибесі мен теориясында «тьютор» түсінігінің анықтамасының жəне оқыту жүйелерінің осы анықтамаларына сəйкес келетін бірнеше жолдары бар. Отандық зерттеушілердің көбінің көзқарасы бойынша, «тьюторлық қолдау жетістіктерінің қызығушы- лықтары мен талпыныстарына тұрақты рефлексиялық қатынасында құралатын баланың білім берудегі қимылын ұйымдастырудан тұрады». Сонымен қоса, Т.М. Ковалеваның түсінігінше, тьютор – жекешелендіру қағидаты бойынша əрекет ететін педагог жəне білім алушылардың өзінің жеке оқыту бағдарламасын қалыптастыруды демейді.
П.Г. Щедровицкий, Т.М. Ковалева, Н.В. Рыбалкинаның зерттеулері айтарлықтай та- нымалдыққа ие.
Тьюторлық қолдау – оқушылардың оқыту мотивтері мен қызығушылықтарын анық- тауға жəне дамытуға бағытталған білім беруді жекешелендіру бойынша педагогикалық қыз- мет, жекешелендірілген оқыту бағдарламасын қалыптастыруға арналған оқыту ресурстарын іздеу.
Осыдан келіп, тьюторлық қолдау жетістіктерінің қызығушылықтары мен талпыныста- рына тұрақты рефлексиялық қатынасында құралатын баланың білім беру қимылын ұйымдас- тыруымен шарттастырылады. Тьютор оқытудың алғашқы кезеңдерінде мектептің білім беру кеңістігіне баланы өткізуші ретінде шығады.
П.Г.Щедровицкийдің ойынша, тьютор – оқушының кеңесшісі: ол оған жеке оқыту бағдарламасын дайындап шығуға, осы үдерістің өзінде жəне оның жекелей элементтерінде өзін-өзі анықтауына көмектеседі. Бір жағынан, ол оқыту нəтижелерін қалай пайдалануға бо- лады жəне осы нақты адамның жеке дамуының үдерісіне аталған оқу бағдарламасын, оқу қызметін ауыстырып беру керек деген сұраққа жауап береді.
Тьютор қызметіндегі негізгілердің бірі ретінде білім алушының дамуының жеке бағдарламасын əзірлеу, оның ресурстық картасымен жұмыс істеу, оның жеке білім беру жо- лын қолдау болып табылады. Ресурстық картаны қалыптастыру үшін тьютор əлеуметтік жə- не мəдени ортаның барлық қолданыстағы мүмкіндіктерін пайданалады, ол үшін тьюторлық іс-əрекетінің толыққандылықтың негізгі қағидаттары – антропологиялық, əлеуметтік жəне мəдени қағидаттарын басшылыққа алады.
Е.А. Суханова, А.Г. Чернявская өз еңбектерінде тьюторлық қолдау – белгісіз таңдау жағдайларында адамның білім берудегі қызметін қолдаудың жəне даму кезеңдері бойынша қолдаудың ерекше түрі, бұл жағдайда оқушы білім алу əрекеттері, ал тьютор оларды жүзеге асыру жəне түсіну үшін жағдайлар жасайды.
А.А. Теровтың пайымдауынша, тьюторлық қолдау əр жеке оқу бағдарламасын өзіндік əзірлеу жəне іске асыру кезінде оқушыны педагогикалық қолдауды көрсету деп санайды.
Педагогикалық қолдау – оқушы əрекет ететін, ал педагог осы іс-əрекетті іске асыру жəне түсіну үшін жағдайлар жасау барысында туындайтын өзара байланыс. Қолдаудың негізгі нəтижелері – тек білімдер, жұмыс істеу тəсілдер, жекелей білім беру қызметі ғана емес, со- нымен қатар оқушының өзінің білім беру нəтижелері, мағынасы мен мəнін санасына жеткізуі.
Педагогикалық қолдау оқытушыдан оқушыға жауапкершілікті тапсыруды түсіндіреді. Қолдаудың негізгі нəтижелері – оқытушы жəне оқушы деп бағдарланатын өзара байланыс нормалары. Осыдан келіп, педагогикалық қолдаудың екі түрін айқындап алуға болады:
сырттай берілген нормаларға негізделген нормативтік қодау;
қолдауға қатысушылардың өздерімен анықталатын нормаларға негізделген гумани- тарлық қолдау.
С.В. Дудчик оқушы əрекеттерді жекелей əзірленген нормалар бойынша орындайтын жəне одан əрі тьютормен талқылайтын əрекеттер орындаған кездегі оқушыларды тьюторлық қолдауды ерекшеледі [2].
Т.М. Ковалева қандай да бір қызметті тьюторлық ретінде бағалауға болатын негізде- мелер ойлап тапты: диагностика; ұсыныстардың түрлілігі; ұсыныстарды таңдау; жеке оқу бағдарламасын іске асыру маршрутын таңдау; жеке оқу бағдарламасын қолдау; рефлексия [3].
Инклюзивті білімде тьютор – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыны білім беру жəне əлеуметтік ортаға табысты араластыру үшін жағдайлар жасайтын жəне баланың қоғамда табысты болуына, мектеп ортасына бейімделуіне, өз мүмкіндіктерін көрсетуге көмек ететін маман.
М.И. Чернованың көзқарасы бойынша, тьютор – жалпы жəне жеке оқыту үдерісінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қолдайтын, жеке оқу бағдарламаларын орындауға қатыса- тын, дəстүрлі педагог пен мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасында көпір болатын маман. Тьютормен оқу процесін жекелендіруі ерекше оқушының білімін, біліктіліктерін, қызығушы- лықтары мен мүмкіндіктерін есепке алған жағдайда ғана іске асырылады.
И.В. Карпенкова мен Е.В. Кузьмина өз зерттеулерінде тьютор – білім беру мекемесі- нің білім беру жəне əлеуметтік ортасына ерекше қажеттіліктері бар баланың табысты кірігуі үшін жағдайлар жасайтын маман деп пайымдайды. Оқытушымен мамандармен жəне ата-ана- лармен тығыз байланыста тьютор табысты оқуы мен əлеуметтік бейімделуі үшін балаға қо- лайлы орта қалыптастыруы керек [4].
Т.А. Дорофеева, Л.И. Плаксина, Е.В. Селезневаның зерттеулерінде инклюзивті білім беру жүйесінде тьютор ерекше қажеттіліктері бар тəрбиеленушінің, сонымен қатар оның отбасының білім беру үдерісін қолдап қана қоймай, оған тиесілі əлеуметтік-мəдени ортаны да қалыптастыруы керек. Нəтижесінде, тьютордың жұмысының мақсатын баланы мектеп ортасына табысты араластыруды ұйымдастыруда деп көреді, ал бұл табыс когнитивті, ком- муникативті жəне эмоциялық орта тарапынан анықталады, сонымен қатар олардың жекелігі де қарастырылады, алайда тьютордың осындай балалармен жұмысы көмектің бірнеше түрле- рін пайдаланудан туындауы керек, олар: ынталандырушы, бағыттаушы жəне білім беруші.
Е.И. Казакова қолдауды оның дамуындағы өзекті проблемаларды шешуде көмектің ерекше түрі ретінде қарастырады, оның ерекшелігі проблемаларын өзі шешуіне көмектесуі жəне дамуындағы үдеріс нəтижесі болып табылатын қолдаушының жəне қолдалушының өза- ра байланысының күрделі үдерісі екенін атап өтуінде.
Е.В. Шилова қолдау үдерісі деп инклюзивті білім беру жүйесінде жұмыс істейтін ма- мандарының (психологтар, əлеуметтік педагогтар, педагог-дефектологтар) əр түрлі күш салу- ларын біріктіру есебінен дамуында білім алушыларға көмекті қамтамасыз ету деп түсінеді. Атап өтетіні, аталған тұлғалардың бір топқа бірігуі жəне олардың түзету, білім беру жəне т.б. Айтарлықтай ерекшеліктері бар қолдау əдістерін меңгеруі білім беру үдерісінде білім алу- шының дамуының психологиялық-педагогикалық жəне медициналық-əлеуметтік қолдалу мазмұнын өзгертуге мүмкіндік береді.
Қолдау мақсаты – өмірлік жолының барлық кезеңдерінде саналы өмірлік таңдау жа- сауда білім алушыға көмек көрсету болып табылатын психологтардың, педагогтардың жəне басқа да мамандардың кешенді жұмысының жұмысы деп есептейтін ұқсас тəсілді С.В. Але- хина жəне И.В. Вачко, сонымен қатар М.Н. Сартаннан табамыз.
Авторлар қолдаудың мамандарының пəнаралық тобында өзара байланысты біріктіру қажеттілігі, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының арасында өзара қатынасты рет- теу, қайшылық тудыратын жағдайлардың алдын алу жəне шешу, ынтымақтастық пен өзара көмек қатынастарын қолдау, білім алушылардың ата-аналарымен өзара байланысты ұйым- дастыру, əлеуметтік əріптестермен – инклюзивті білім беру мекемелерінің бірыңғай жүйесі-
мен байланысты немесе білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға инклюзивті білім беру идеясын дамыту жəне қолдауда қызығушылықтары бар мекемелермен жəне ұйымдар- мен білім беруді ұйымдастырудың өзара əрекеттестігін үйлестіру қажеттілігі айтылады.
Е.А. Мартынова қолдау мен оның құрамдастарын білім беру ұйымдарының маманда- рымен іске асырылатын оқушыларды үздіксіз, кешенді жəне толығымен оңалтуға функцио- налды бағынушылықта инклюзивті білім берудің компенсаторлық, вариативтік компонентте- рінің жиыны деп қарастырады, ол білім беру ұйымының мамандарымен іске асырылады жə- не психологиялық-педагогикалық, медициналық, əлеуметтік-орталықтан тұрады.
Қолдаудың кешенді мақсаты үздіксіз жəне барлығын қамтитын оңалтудан, инклюзив- ті оқытуды жүзеге асырудан жəне оқушыларды əлеуметтік қолдаудан тұрады.
Қолдау мақсаты бар проблемалар мен кемшіліктерге қарамастан, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерінің арқасында қаншалықты көп нəрсеге қол жеткізетінінде жатыр.
Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінде мектепте жеке педагогикалық кəсіп маманды- ғы – тьюторды енгізу үшін нақты мүмкіндіктер бар. Алайда қызметтегі педагогтармен, пси- хологтармен, сынып жетекшілерімен, тəрбиешілермен тьюторлық қолдау мақсаттары мен міндеттерін іске асыру туралы да сөз қозғалуы мүмкін. Бұл жағдайда тьюторлық құзыретті- лік туралы мəселе туындайды.
Тьютордың құзыреттіліктері – жеке оқу бағдарламаларын қолдауға мүмкіндік беретін заманауи педагогтардың құзыреттіліктері. С.В. Попованың пікірінше, жоғары білім берудегі тьюторлардың құзыреттіліктері екі топқа бөлінеді: жалпы (əмбебап) жəне кəсіби (пəндік-ма- мандандырылған). Осындай жіктеме инклюзивті білім берудегі тьютор үшін де қарастырыл- ған, бір жағынан білім беру үдерісінің əлеуметтік-мəдени негіздемесін сақтап тұруы керек, ал екінші жағынан – өз ісінің маманы болуы керек.
Базалық немесе əмбебап құзыреттіліктер педагогикалық білім берудің жалпы мазмұ- нына жатады жəне келесі сапалардың қалыптасуын қамтамасыз етуге тартылған, олар: төзім- ділік, эмпатия мүмкіндігі, икемділік, көмекке келуге дайын болу, күрделі жəне стандартты емес кəсіби жағдайлардағы жеке тиімділігі, жауапкершілік, жеке шешімдер қабылдауға мүм- кіндігі, алынған білімдерін тəжірибеде қолдана алу біліктілігі, коммуникативтілік, ынталы- лығы, өмір бойы кəсіби жетілуге тіленісі мен қабілеттілігі.
Пəндік құзыреттіліктердің нақты сипаттамасы мен қалыптасу мүмкіндігі бар:
білім берудің дəстүрлі формаларынан инклюзивті білімнің айырмашылығын түсіне алуы жəне білуі;
баланың жас ерекшелік жəне тұлғалық дамуының психологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктерін білуі;
білім алуда ерекше қажеттіліктері бар жəне əлеуметтік айналасы бар баламен өзара байланысу жəне өзара əсер ету талдау дағдылары;
арнайы педагогика мен арнайы психология саласындағы білім;
коммуникативтік мүмкіндіктер: өз ойын түсінікті жеткізе алуы жəне басқаларын тыңдай алуы, қайшылықтарды шеше алуы, кіші топтарда өзара байланысты орнату, бірнеше тұлғалық қарым-қатынас технологиясын пайдалану;
ұйымдастырушылық мүмкіндіктері: жоспарланған қызметті іске асыруға қатысу, жеке жəне ұжымдық қызметтің келешегін көру, жеке білім алушылар мен топтардың қызы- ғушылықтарын көруі жəне қолдауы, қызметтің жақсы тəсілдерін табуы жəне істі соңына дейін жеткізуі;
білім беру ортасының барлық нысандарының арасында педагогикалық өзара байла- нысудың түрлі əдістерін іске асыра алуы (оқушыларымен жекелей жəне топтарда, ата-ана- лармен, оқытушылармен, мамандармен, басшылықпен);
аналитикалық мүмкіндіктері: құрылымдау біліктілігі, рефлексиялық əдістерді жəне психологиялық жұмыс жолдарын игеруі;
болжамдық мүмкіндіктері: өсудің жəне білім алушының танымдық қызығушылықта- рының дамуының мүмкін болатын нүктелерін анықтай алуы; оқыту жағдайларының нəти- желерін алдын ала көре алуы.
Жоғарыда аталған құзыреттіліктердің барлығын игерген тьютор инклюзивті білім бе- руде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаға арналған жалпы білім беретін мекемеде оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыра алады жəне қолдай алады.