Научный журнал


ВОПРОСЫ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ



Pdf көрінісі
бет32/37
Дата12.03.2017
өлшемі2,58 Mb.
#8988
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

ВОПРОСЫ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
193 
зінуге  итермелейді.  Егер  оқушылардың  өз 
халқының  музыкалық  өнеріне  деген  құш-
тарлығы  болса,  оңда  өнер  туындыларына 
деген  тарихи  танымды  қалыптастыру  да 
жүйелі  сипатқа  ие  болады.  Оқушыны 
музыка  өнеріне  баулу  үстінде  оның  өзіне 
және жас мөлшеріне тән ерекшеліктерін ес-
керген  жөн.  Оқыту  ісіндегі  психологиялық 
үрдіс ұлттық танымды дамыту үстіне педа-
гогикалық  бағдар  берудің  мазмұнын  да 
айқындайды. 
Музыкалық  туынды  тыңдаушыдан 
эмоциялық негіздегі қабылдаумен қатар са-
налы  түрдегі  талдауды  да  талап  етеді.  Мұ-
ның өзі тыңдаушының музыканың көркем-
дік құралдарын игеріп, мазмұн мен форма-
ның  бірлігінен  туындайтын  көркем  құ-
былыстардың  маңызын  түсінеді  деген  сөз. 
Сондай - ақ, тыңдаушы орындаушылық ше-
берлік  мәселелерін  де  сезініп,  оның  қыр  - 
сырына қаныға түседі. 
Педагогтік  тәжірибеде  көркем  шы-
ғарманы қабылдау қабілетінің дамымай, ке-
рісінше,  құлдырайтын  кездері  де  кездесіп 
отырады.  Ол  көбіне  мұндай  қабілетті  тәр-
биелеудің  мақсатты  түрде  жүргізілген-
дігінен  туындайды.  Мұндай  қасиеттердің 
төтелей  жас  ерекшелігіне  тәуелді  болмай-
тынын  тәжірибе  көрсетіп  отыр.  Оқушы-
лардың  музыкалық  танымының  қалыптасу 
процесі  тұрғысынан  келгенде,  бұл  салаға 
біз бағалау қызметін де жатқызамыз. Оның 
мазмұны  музыкалық  шығарманы  эмо-
циялық тұрғыдан қабылдау және қазақ хал-
қының  тарихы  мен  мәдениеті  тұрғысынан 
ойлы  да  саналы  түрде  бағалаумен  өлше-
неді. 
Оқушылармен  жұмыс  үстінде  көр-
кемдік  -  эстетикалық  танымның  тереңдеу-
іне орай музыкалық ақпарат көлемін де ұл-
ғайтып  отыруға  болады.  Көркем  таным 
оқушының  тұрақты  белсенділік  деңгейін 
танытатын  жеке  тұлғаға  тән  қасиет  бол-
ғандықтан,  оның  жас  ерекшелігі  жағынан 
қалыптасу  процесі  де  ерекше  назар  ау-
дарады.  Себебі,  жеке  тұлға  -  бір  жағынан, 
өзінің  өсу  -  өркендеу  жолында,  екіншіден, 
педагогтік  тұрғыдан  әсер  етудің  нәти-
жесінде  қалыптасады.  Жеке  тұлғаға  тән 
көркем  таным  адам  дүниетанымын  қалып-
тастыратын  қоғамдық  пәндердің  ықпалы-
мен де жинақталады. 
Педагогтік  басқару  міндеттері  оқу-
шылардың  көркем  танымының  қалыпта-
суына  тигізетін  кездейсоқ  жерлерді  жеңіп 
шығуға, сонымен бірге тарихи - музыкалық 
даму  негізінде  құрылатын  бағалау  талап-
тарының  жиынтығын  қалыптастыруға  ба-
ғытталады. 
Жоғарыда  айтылғандардың  барлығы 
да белгілі  дәрежеде көркем  ойлаудың жал-
пы  заңдылықтарын  анықтауға  қызмет 
істейді.  Мұның  өзі  даму,  жетілудің  нәти-
жесі  ретінде  байқалады.  Сондықтан  музы-
калық  көркем  шығармаларға  қатысты  көз-
қарасты  дамыту  міндеті  бірыңғай  эстети-
калық  емес,  сонымен  бірге  тарихи  таным 
шеңберінде  шешілуі  шарт.  Эстетикалық 
әсерді  музыкалық  танымда  тыңдай  білу, 
түсіне  білу,  түйсіну  тәжірибесінен  тыс  қа-
лыптастыруға  болмайды.  Осыған  биік  са-
налы  деңгейдегі  тарихи  және  көркем  ақ-
параттың қажетті мөлшерін де қосамыз. 
Жоғарыда  айтылғандарды  саралай 
келе  айтарымыз,  музыкалық  танымның  қа-
лыптасуы - оқушының өсіп - жетілуінің нә-
тижесі  ғана  емес,  ең  алдымен,  мақсатты 
түрдегі  педагогтік  процестің  қорытын-
дысы.  Оның  жүзеге  асуы  барысында  оқу-
шылардың  мүддесіне  қатысты  басымдық 
танытатын  сапа  ерекшеліктерін  де  ескеру 
қажет. 
Бұл  талап  -  тілектер  халық  музы-
касының  құрылымында  байқалатын  өзге 
тарихи  -  теориялық  өлшемдерге  де  қа-
тысты.  Көптеген  халық  әндерінің  көркем-
дік  жүйесін  салыстыра  келіп,  оқушылар 
шығарманың  мазмұны  мен  көңіл  -  күйіне 
жете  мән  беріп,  олардың  әр  түрлі  музы-
калық  дыбыстардың  өзара  алмасып  ке-
луіне,  ырғақтық  ерекшеліктеріне  бай-
ланысты  екенін  байқайды.  Екпін  мен  ыр-
ғақты  тұтас  көркемдік  жүйенің  бөлшегі 
ретінде  қабылдау  ісін  өте  қарапайым  ыр-
ғақтық  жүйеден  бастаған  абзал.  Ол  му-
зыкалық  ырғақтың  ұсақталуы  немесе  жи-
нақталуы болуы да мүмкін. Оқушылар бұл 
бағыттағы  қызығушылығы  мен  ынта  –  жі-
герін жоғалтып алмас үшін, оқу процесінің 
бұл түріне де үлкен мән беру керек. 
Оқушылардың  тарихи  танымын  тәр-
биелеудің  алғашқы  кезеңінде  олардың  на-
зары шығарманың мазмұнын бағдарлаумен 
дараланбайды.  Себебі,  алғашқы  кезде  олар 
халық  әндерінің  нәзік  пернелерін  жете 
ұғына  бермейді.  Сондықтан,  бұл  мәселені 

ВОПРОСЫ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
194 
оқу процесінің алуан түрлеріне енгізіп оты-
ру қажет. Сол арқылы балалар халық музы-
касы  саласында  ұғым  түсінік  алып,  білігін 
тереңдетіп,  оның  көркемдік  құралдары, 
жалпы  эстетикалық  деңгейі  және  тарихи 
мазмұнына  қаныға  түседі.  Осы  мақсатқа 
орай  біз  педагогтік  тұрғыдан  барынша 
ұтымды әдіс - тәсілдер қолданып, ал нақты 
шығармашылық  шешім  шығаруды  оқу-
шылардың  өздеріне  қалдыруды  ұсынамыз. 
Олардың  өз  күштерімен  мәселенің  байы-
бына  барып,  түйінін  шешуі  сынып  оқу-
шылары  арасында  үлкен  қуаныш  туғызып, 
шығармашылық әсерге бөлейді. Мұның өзі 
оқушылардың 
музыкалық 
танымын 
қалыптастырудың басты бір құралы. 
 
Музыка сабағында оқушылардың 
шығармашылығын дамыту жолдары 
Музыка  -  эстетикалық  тәрбиенің  ма-
ңызды  бір  бөлігі  бола  отырып,  жеке  тұл-
ғаның  ақыл  -  ойы  мен  дене  бітімін  жетіл-
діріп, жан - жақты өмір тәжірибесін кеңей-
туге,  қызығушылық,  біліктілігін  және  ой-
лау қабілетін дамытуға, шығармашылық іс-
керлікке  тәрбиелеуге  мүмкіндік  туғызады, 
оқушыларды халықтық музыкаға баулиды. 
Эстетикалық  тәрбиелеу  көркемдік 
әсер етуге тірелмейді, оның құралдары алу-
ан  түрлі.  Ол  -  өнер,  оның  ішінде  музыка  - 
сол  құралдардың  бірі  ғана.  Бірақ,  мұнда 
өнердің,  оның  ішінде  музыканың  атқарар 
рөлі ерекше. 
Тек өнер ғана адамның шындыққа та-
рихи  қалыптасқан  эстетикалық  қарым  - 
қатынас  тәжірибесін  ашады,  қорытынды-
лайды.  Бұл  музыканы  эстетикалық  тәрбие 
берудің ерекше әсерлі және ешнәрсемен ал-
мастыруға  болмайтын  құралына  айнал-
дырады.  Өнердің  эстетикалық  тәрбие 
беруге  қатысуы  оның  міндетті  қызметте-
рінің бірі болып табылады. 
Музыканың мынадай қызметі бар: эв-
ристикалық  (адамдардың  шығармашылық 
мүмкіндіктерін  белсендіру  және  дамыту), 
коммуникативтік  (адамдар  арасындағы  қа-
рым  -  қатынастың  ерекше  қызметі,  өзіндік 
құралы ретінде әрекет етуі және т.б.) 
Музыка  арқылы  эстетикалық  тәрбие 
берудің  тікелей  міндеті  музыканың  идея-
лық  мазмұнымен  анықталады.  Тұлғаның 
мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды 
талап  ететін  эстетикалық  тәрбие  беру  му-
зыкасыз,  оның  адамға  көп  түрлі  әсерін, 
оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зер-
делеусіз мүмкін емес. 
Музыка  ісі  оның  жан  -  жақты  әсер 
ететіндігіне (ерік - жігерге, ақыл - ойға, ой-
лауға, «логикалық сезім») байланысты; 
Музыкалық  шығарманы  оқып,  орын-
дай  отырып  оқушы  эстетикалық  тұрғыдан 
«өзінен-өзі»  дамиды  және  ол  үшін  мұғалім 
тарапынан арнаулы күш - жігер жұмсаудың 
қажеті жоқ деген пікір теориялық жағынан 
қате.  Тәжірибенің  көрсетуіне  қарағанда, 
жан  -  жақты  дамыған  тұлғаны  қалыптас-
тыру  үшін  эстетикалық  тәрбие  беру  мә-
селелеріне көңіл бөлуді қажет етеді. 
Музыкалық  материалды  игеру  үс-
тінде  оқушыларда  гармония  жөніндегі  тү-
сінікті,  эстетикалық  қабылдауды  қалып-
тастыратын  нақты  педагогикалық  тәсілдер 
қажет. 
Сабақтың  сапалы  болуы  үшін  оның 
ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жо-
ғары  дәрежеде  дәлелденуі,  ал  мазмұны  қа-
зіргі  теория  ғылымында  жаңалықтарға  сай 
болуы шарт. 
Ешкім  де  педагог  болып  тумайды, 
бірте  -  бірте  қалыптасады.  Ол  үшін  оның 
бойында: 
а) психологиялық - педагогикалық бі-
лім; 
ә) шеберлікпен шектесетін ептілік;  
б)  дентологиялық  мүмкіндіктері, 
ерекше  ұстаздық  мінез  -  құлық,  ойлау  қа-
білеті болмағы ләзім. (Дентологиялық мүм-
кіндіктері  деген  -  жүріс  -  тұрыстығы,  қы-
лықтығы,  әрекеттегі  пайыздылық  туралы 
ілім). 
Мақсатымыз  өз  ұлтының  тарихын, 
мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны 
жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құнды-
лықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға 
тәрбиелеу. 
Оқушылардың  музыкаға  деген  тия-
нақты  ынтасы  мен  сүйіспеншілігін  тәр-
биелеу,  бірлесе  отырып  оркестрде  ойнау, 
ән айту, олардың музыкалық қабілетін (ес-
ту,  ырғақ,  есте  сақтау)  қалыптастырумен 
қатар,  ортақ  табысқа  қуана  білу,  эстети-
калық талғам - сезімдерін дамытуға тәрбие-
лейді.  
Оқушылардың  ән  айтуын  дұрыс 
үйрету  үшін  олардың  дауыстарын  жүйелі 
қалыптастырып,  ән  айту  аппаратының 

ВОПРОСЫ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
195 
дамуы, музыкалық аспапты ұстау, оны ше-
берлікпен  меңгеру,  педагогикалық  –  пси-
хологиялық  дайындық,  әдістемелік  шебер-
лік, жаңа технологиялар енгізу қажет. 
Дауыс  ерекшеліктерін  дамытудың 
әдістері мынадай жағдайларды қамтиды: 
1.  Балалардың  жас  ерекшеліктеріне 
қарай  дауыстарының  мөлшеріне  үнемі  ба-
ғыт беріп отыру. 
2.  Әнді  еркін,  қиналмай  айту,  со-
нымен  қатар  әншілік  өнердің  ережелерін 
қатаң сақтау. 
3.  Жаймен,  асықпай  дем  алу  және 
оны біртіндеп шығару. 
4. Көмейдің тұрақты қалпы, оның ма-
ңызды қасиеті. 
5.  Дауысты  дыбыстарды  дұрыс  айту, 
дауыссыз  дыбыстарды  қысқа,  нақты  кел-
тіру. 
6.  Музыкалық  шығармаларды  терең 
түсініп, өз мәнерінде айту. 
Сонымен  бірге  проблемалық  іздену 
жағдайын  жасау  арқылы  оқушылардың  ой 
–  қиялын  өрістетуге,  белсенділігін,  ұмты-
лысын,  істі  ақыл  -  оймен  атқару  қабілетін 
қалыптастыруға  жаңа  технология  үлкен 
жол береді, негіз болады. 
Музыканы  үйрету,  есту,  тыңдау  ба-
рысында  оқушының  ой  -  толғанысын  жан-
дандырады,  жігерлендіреді,  ой  -  қиялын 
өсіреді. 
Оқушылардың  шығармашылық  қа-
білетіне  импровизация  да  жатады.  Импро-
визация  -  музыканы  түрлендіре  білу  қа-
білеті. 
Бұл тапсырмалар оқушының ой - өрі-
сін ұштайды. Балалардың қиялдай білуінің 
мәні  айрықша.  Баланы  музыка  арқылы  қи-
ялдауға  үйрете  отырып,  өмірге  дайын-
даймыз.  Бұл  проблема  ізденуге  жағдай  ту-
дыру  әдісі  арқылы  жүргізіледі.  Ол  тө-
мендегі  жолмен  саналы  түрде  жүзеге  аса-
ды: 
1.  Оқушы  алдына  мұғалімнің  қойған 
нақты мақсаты. 
2.  Мұғалім  мен  оқушының  мәселені 
шешудегі бірлескен әрекеті. 
3. Толық, жан  - жақгы  жасалған  соң-
ғы қорытынды. 
Музыка пәнін түсініп қабылдау үшін 
бұл өнер саласының өзіндік ерекшелігін ай-
қын  аңғарып,  табиғат  құбылыстарын,  өмір 
шындығын  музыкалық  дыбыстар  қандай 
жолмен бейнелейтініне ой жүгірткен жөн.  
Музыка  тілі  басқа  өнердің  сала-
ларымен  салыстырғанда  күрделі  тіл.  Му-
зыкада айтылатын  ой  мен  оқиға  сазды  ды-
быстар арқылы беріледі. 
Музыка  өнерінің  ерекшелігі  сөз  бен 
тіл  жеткізіп  айта  алмайтын,  адамның  жан 
дүниесіндегі құбылыстарды, сезімді дыбыс 
арқылы  беруге  мүмкіндік  тудыруында. 
Музыка  таза  эмоцияға  әсер  ете  отырып, 
адамның  қиялы  мен  көңіл  күйіне  бай-
ланысты қабылданады. 
Бала  өзінің  жан  дүниесіне  үлкен-
дердің  өктемдігін  сезсе,  ашылмай  тұйық-
талып  қалады.  «Балалығын  тыйған,  оның 
есейгендегі  даналығын  тыйғанмен  бірдей» 
-  деп  Ж.  Баласағұн  айтпақшы,  музыка  са-
бағында жаңа технологияларды пайдалану, 
оқушыларды  аялап,  эстетикалық,  рухани 
байлығын кеңейтіп қанағаттандыру. 
 
Жеке тұлғаның қалыптасуына өнер 
саласының рухани және адамгершілік 
ықпалы 
Бүгінгі  таңда  елімізде  жеткіншек  ұр-
паққа  рухани  -  адамгершілік  тәрбие  беру 
маңызды  орын  алып  отыр.  Елбасының 
«Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты 
Жолдауында  айтылғандай,  «Білім  беру  ре-
формасының  басты  өлшемі,  тиісті  білім 
мен  білік  алған  еліміздің  кез  келген  аза-
маты еліне  қажетке жарайтын маман бола-
тындай  деңгейге  көтерілу  болып  табы-
лады». 
Қоғамның  бет  -  бейнесі  әр  адамның 
рухани  байлығына,  жеке  өмірге  деген  көз-
қарасына байланысты. М. Жұмабаевтың се-
зінем  айтсақ:  «Рухани  байлықсыз  адамзат-
тың өсіп - өркендеуі мүмкін емес».  
Жеке тұлғаның рухани көзқарасының 
қалыптасуымен  мектеп  жасында  айна-
лысқан  дұрыс,  себебі  баланың  жүрегі  пәк, 
таза кезінде оны дұрыс жолға салып, бағыт 
-  бағдар  беру  мектеп  ұстаздарының  орасан 
еңбегінің арқасында іске асырылып келеді.  
Мектеп оқушыларына саналы тәрбие 
беруде  өнердің  алатын  орны  ерекше.  Өйт-
кені кез келген өнер туындысы ең алдымен 
адамгершілік  қасиеттерді  уағыздайды.  Ай-
талық,  математикалық  есептер  немесе  фи-
зиканың  заңы  оқушыны  адамгершілікке 
баулиды деп айту қиын. 
Жас  ұрпаққа  эстетикалық  тәрбие  бе-

ВОПРОСЫ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
196 
ріп,  олардың  бойына  туған  өлкесіне,  хал-
қына  деген  адамдық,  сүйіспеншілік  сезім-
дерді  сіңіруде  музыканың  алатын  орны 
ерекше.  Жалпы  өнермен  айналысқан  бала-
ның  жан  дүниесі  ерекше  болады.  Ол  еш-
қашан жаман әрекеттерге бармайды. 
Саз  өнеріне  келетін  болсақ,  ол  жеке 
тұлғаның  адамгершілік  сезімінің  қалып-
тасып дамуына тигізетін әсері мол өнердің 
бір түрі. 
Бала  бойындағы  рухани  байлықты 
дамытудың  аса  маңызды  саласы  -  музыка 
мәдениеті.  Өнер  саласында  эстетикалық 
тәрбие  беру,  яғни  музыкада  -  дыбыс,  су-
ретте - бояу, әдебиетте - сөз арқылы өрнек-
теледі. 
Ғұлама  ғалым  Әл  -  Фараби  өз  ең-
бектерінде  эстетикалық,  этикалық  мәсе-
лелерге  көңіл  бөліп,  көркемдік,  сұлулық, 
бақыт  категорияларының  негізін  дәлелде-
генін аңғарамыз. Адамның эстетикалық қа-
жеттіліктерін  қанағаттандыруда  музыкаға 
үлкен  мән  бере  отырып,  оның  сұлулықты 
сезінуде  рухани  күш  екендігін  атап 
көрсетті. 
Қазақтың  ағартушы  демократтары 
Ш.  Уәлиханов,  Ы.  Алтынсарин,  А.  Құнан-
баев  және  ақын  -  жырау,  жазушыларымыз 
халқымыздың  рухани  дамуына  өлшеусіз 
үлес  қоса  отырып,  рухани  -  эстетикалық 
тәрбиенің маңызына ерекше мән берген. 
Жасөспірімдерге  рухани  –  адам-
гершілік  тәрбие  беруде  халық  мұрасының 
тәрбиелік  күшін  ұлы  Абай  да  жоғары  ба-
ғалаған.  Жасөспірімдердің  сұлулыққа,  әде-
мілікке  деген  көзқарасын,  рухани  сезімін 
тәрбиелеп  қалыптастыруда  Абай  өлеңде-
рінің рөлі ерекше. 
Аса  көрнекті  жазушы  Л.  Толстой  өз 
шығармаларында  өнерді  эстетикалық  тәр-
бие  мен  руханилықты  құралы  ретінде  көр-
сете отырып:  «Өнер дегеніміз - ойын емес. 
Бұл  тек  адамдардың  өзара  қарым  –  қаты-
насы,  бұл  қарым  -  қатынас  оларды  сол  бір 
сезімдер  арқылы  байланыстырады»,  - 
деген. 
Музыкалық  тәрбие  берудің  негізгі 
мақсаты  -  рухани  дүниесі  жан  -  жақты  да-
мыған,  салауатты  өмір  салтын  берік  ұста-
ған жеке адам тәрбиелеу. Мектепте музыка 
сабағын  оқытудың  негізгі  мақсаты  -  оқу 
программасында оқушылардың Отанға, ту-
ған  жерге  сүйіспеншілігін  арттыру,  олар-
дың рухани байлығын, эстетикалық сезімін 
тәрбиелеу,  ой  -  өрісін  кеңейту,  талабын 
байқау.  Өйткені,  музыка  сезімтал  болуға, 
өмірдің  әсемдігі  мен  сұлулығын  білуге, 
мейірімді болуға тәрбиелейді. 
Рухани  -  адамгершілікке  тәрбиелеу-
дің  мақсаты  -  оқушылардың  белсенді  өмір 
жолын,  қоғамдық  борышқа  саналы  көз-
қарасын,  адамгершілік  нормаларынан  ау-
ытқуларына жол бермеуді қалыптастыру. 
Оқушыларға  саналы  тәрбие  беруде 
мектеппен  бірге  қосымша  мекемелер,  яғни 
музыка, спорт, өнер мектептерінің қосатын 
үлесі мол деп айтсақ қателеспейміз. 
Мектеп  оқушыларының  кейіннен 
өмірден  өз  орнын  тауып,  шығармашылық 
жұмыстармен  айналысуына  және  рухани  – 
адамгершілік  көзқарастарының  дамуына 
осы өнер мектептері ықпал етеді. 
Біздің  мектебімізде  бірнеше  өнер 
үйірмелері  жұмыс  жасайды.  Олар:  дом-
быра, қобыз, би және вокал үйірмелері. Үш 
жылдан  асты  №  43  мектеп  жанынан  Өнер 
мектебі  ашылып,  қарқынды  жұмыс  жасап 
келеді.  Әрине,  бұл  нұр  үстіне  нұр.  Яғни, 
оқушылар  өздерінің  сабақтан  бос  уақытын 
тиімді пайдаланады. 
Жалпы  Гауһар  Қайырбаеваның  осы 
мектепте  жұмыс  істегеніне  он  жылдан 
астам уақыт өтті. Өзекті тақырыбы:  «Жеке 
тұлғаның  табиғи  дарындылығын  еске  ала 
отырып,  олардың  рухани  және  адамгер-
шілік  сезімдерін  қалыптастыру,  өнерге  де-
ген  сүйіспеншілігін  арттыру»  болып  табы-
лады.  Осы  жылдар  барысында  көптеген 
дарынды балалармен жұмыс жасады.  
Баланың  ішкі  жан  дүниесі,  дарыны 
тікелей  сабақ  процесі  кезінде  айқын  бай-
қалады.  Мысалы,  бейнелеу  өнеріне  жуық 
бала  ұқыпты,  жинақы  келеді.  Ал  музыкаға 
әуес  бала  өте  елгезек,  айналасына  аса  бір 
қызығушылықпен  қарайды.  Тіпті  музыка 
аспабынан  шыққан  әрбір  дыбысқа,  орын-
далған  әндерге  үлкен  сезіммен,  ынта-
лықпен  қарайды.  Олардың  есте  сақтау  қа-
білеті,  ырғақты  сезінуі  жоғары  дамиды. 
Сондай  балалармен  жекелей  жұмыстар 
жүргізіп  үйірмеге  тартады,  дауыс  ерек-
шелігіне байланысты репертуар таңдайды.  
Оқушының  табиғи  дарыны,  дауыс 
диапазоны,  музыкалық  қабілеті,  ырғақты 
сезінуі,  есте  сақтау  қабілеті  жеке  -  жеке 
диагностикалық  жолмен  анықталады.  Ал, 

ВОПРОСЫ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
197 
бұл  қасиеттер  оның  жалпы  музыкалық  қа-
білетін көрсетеді.  
Ән айту, музыка тыңдау, музыка сау-
аттылығымен танысу және шығармашылық 
жұмыстану музыкаға тәрбиелеудің басты іс 
-  әрекеті  болып  есептеледі.  Оқушылардың 
жан - жақты дамуы баланың ішкі дүниесін 
байытады, саз өнерін терең және толық қа-
былдап  қана  қоймай,  айналадағы  дүниеге, 
өмірге,  адамдарға  деген  көзқарасын  өзгер-
теді. 
Менің  өз  ойым,  қазіргі  заман  тала-
бына сай жалпы білім беретін орта мектеп-
терде музыка пән мұғалімі жан - жақты бо-
луға  тиіс.  Яғни,  бір  емес  бірнеше  аспапты 
меңгерген  бәсекеге  қабілетті,  жан  -  жақты 
білімді,  кәсіби  маман  болу  керек.  Сонда 
ғана  алдымызда  тұрған  мақсаттарға  қол 
жеткізе аламыз деген ойдамын. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Абдразақ  С.  Нотаны  жүргізіп  оқытудың 
алғы  шарттары  //  Музыкальная  педаго-
гика, № 2, 2006.  
2. Азаров Ю.П. Сезім, техника, шеберлік. – 
М.: «Білім», 1962.  
4. Байтұқбаева Н. Халықтық өнердің інжу - 
маржаны // Музыкальная педагогика №3, 
2007.  
5. Банулов Ғ., Жағалова Г. Музыкально-эс-
тетическое  воспитание  в  школе  и  про-
блемы  организации  музыкальных  круж-
ков // Музыка в школе №3 (15), 2006. 
6.  Бәкірова  А.  Теориялық  пәндерді  оқы-
тудың сапасын арттыра түселік // Музы-
кальная педагогика №3, 2007. 
7.  Бұзаубақова  Қ.Ж.  Жаңа  педагогикалық 
технологиялар. - Алматы, 2003. 
8.  Жаманкұлова  М.  Формирование  у  детей 
национального образа мышления и куль-
туры  //  Музыкальная  педагогика  №3, 
2007.  
9.  Ильжанова  Х.  Қазақтың  ұлттық  өнері  // 
Музыкальная педагогика №3, 2007.  
10. Кипиев Қ. Музыка мектебінде білім мен 
тәрбиенің  берері  көп  //  Музыкальная 
педагогика №2, 2007. 
11. Қазақстан республикасында білім беру-
ді  дамытудың  2005  -  2010  жылдарға  ар-
налған  Мемлекеттік  бағдарламасы  // 
Егемен Қазақстан, 2004. 
12.  Қайырбаева  Г.  Жеке  тұлғаның  қалып-
тасуына  өнер  салаларының  рухани  – 
адамгершілік  ықпалы.  //  ШҚО  педа-
гогика жаршысы №2, (25) 2008.  
 
 
 
УДК 378. 978 
ОСОБЕННОСТИ РАБОТЫ КОНЦЕРТМЕЙСТЕРА В ДМШ И ДШИ 
Дурново О.И. 
 
Пианист  должен  уметь  аккомпанировать, 
прелюдировать,  разбираться  в  гармонии,  теории 
музыки,  транспонировать  и  обязательно  импро-
визировать. 
Карл Черни 
 
Концертмейстер  в  Детской  музы-
кальной школе – кто  он: помощник препо-
давателя,  аккомпаниатор,  ансамблист  или 
кто-то  еще?  В чем особенности деятельно-
сти этого специалиста и суть многообразия 
видов деятельности в процессе работы? 
Обратившись  к  музыкальным  энцик-
лопедиям,  читаем:  «Концертмейстер  (нем. 
Konzertmeister,  англ.  leader,  франц.  violon 
solo): 
1.  Первый  скрипач  оркестра;  иногда 
заменяет  дирижера.  В  обязанности  кон-
цертмейстера  входит  проверка  правильно-
сти настройки всех инструментов оркестра. 
В струнных ансамблях концертмейстер яв-
ляется  обычно  художественным  и  музы-
кальным руководителем. 
2. Музыкант, возглавляющий каждую 
группу  струнных  инструментов  оперного 
или симфонического оркестра. 
 

ВОПРОСЫ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
198 
3.  Пианист,  помогающий  исполните-
лям (певцам, инструменталистам, артистам 
балета)  разучивать  партии  и  аккомпани-
рующий им в концертах. В средних и выс-
ших музыкальных учебных заведениях есть 
концертмейстерские  классы,  в  которых 
студенты  обучаются  искусству  аккомпане-
мента  и  после  сдачи  экзамена  получают 
квалификацию концертмейстера» (6). 
Концертмейстеры  в  детских  музы-
кальных  школах  (далее  –  ДМШ)  работают 
в оркестровых классах и классах народных 
инструментов, в хоровых классах и классах 
хореографии,  сольного  пения,  дирижиро-
вания, театрального искусства. Они испол-
няют  аккомпанирующую  партию  в  произ-
ведениях,  написанных  с  сопровождением 
фортепиано, или выполняют роль аккомпа-
нирующего  инструмента,  часто  заменяю-
щего оркестр. 
Мастерство  концертмейстера  глубо-
ко специфично. Оно требует от пианиста не 
только  огромного  артистизма,  но  и  разно-
сторонних 
музыкально-исполнительских 
дарований,  знаний  особенностей  игры  на 
инструментах  в  тех  классах,  где  они  рабо-
тают,  знание  специфики  работы  на  хоро-
вых, хореографических и других отделени-
ях. 
Опыт  показывает,  что  главной  отли-
чительной чертой концертмейстерской дея-
тельности  является  необходимость  разви-
тия  навыков  и  умений  слушать  не  только 
себя, но и солиста. Именно в двойной кон-
центрации  и  активности  слухового  внима-
ния  пианиста  скрыта  главная  черта  кон-
цертмейстерской  деятельности.  Работа 
концертмейстера требует постоянных заня-
тий за инструментом, изучения и освоения 
концертного  и  учебного  репертуара.  Такая 
работа расширяет творческий кругозор му-
зыканта,  формирует  и  совершенствует  его 
артистизм,  позволяет  быть  активным  про-
пагандистом музыки. 
При всем разнообразии и определен-
ных особенностях работы в разных классах 
и  на  различных  отделениях,  можно  попы-
таться  сформулировать  ряд  общих  специ-
фических  черт  в  работе  концертмейстеров 
детских  школ  искусств  и  детских  музы-
кальных школ. 
Одной  их  таких  важных  особенно-
стей  является  умение  и  готовность  быть 
“вторым”.  Отсутствие  этого  качества  ста-
новится  особенно  заметным  во  время  пуб-
личных выступлений, так как, пытаясь вы-
делиться  -  можно  заглушить,  “забить”  со-
листа,  нарушить  ансамбль  и  не  иметь  воз-
можности  этот  ансамбль  ощущать.  Все 
должно подчиняться замыслу композитора, 
солиста  или  руководителя  коллектива, 
важно чувствовать меру, осторожно сохра-
няя звуковой баланс. 
Концертмейстер  должен  неотступно 
следовать за учеником, даже если тот пута-
ет  текст,  не  выдерживает  паузу  или  удли-
няет их. Если ученик теряет интонацию на 
короткое время, можно резким выделением 
аккомпанемента  вернуть  в  высотное  поло-
жение.  Если  потеря  интонации  наблюдает-
ся на длительном участке, следует по звуку 
снять  всю  фактуру  кроме  баса  вплоть  до 
нового эпизода. Если произошла остановка 
исполнения  и  музыкальная  подсказка  не 
помогает,  следует  спокойно  условиться  с 
учеником,  с  какого  эпизода  возобновлять 
игру (3). 
Умение  слиться  с  намерениями  сво-
его солиста и естественно, органично войти 
в  концепцию  произведения  –  основное  ус-
ловие  совместного  музицирования.  В  про-
цессе  исполнения  слуховое  внимание  пиа-
ниста  проходит  ряд  характерных  этапов 
развития  и  формирования.  А  именно:  пер-
вый  этап  непосредственно  связан  с  вслу-
шиванием  и  осознанием  собственной  пар-
тии, которую пианисту необходимо прочно 
выучить  и  свободно,  уверенно  исполнять; 
второй  этап  –  обусловлен  с  восприятием 
партии  солиста,  которую  пианист  также 
внимательно  разучивает,  подпевая  себе  во 
время  исполнения;  третий  этап  –  самый 
сложный, в нём происходит слуховая адап-
тация, постепенное слияние обеих партий в 
ансамбль  и,  наконец,  четвёртый  этап  –  за-
ключительный,  кульминационный,  когда  в 
слуховом  сознании  пианиста  обе  партии 
(сопровождающая  и  солирующая)  соеди-
няются  в  единый  звуковой  поток,  в  кото-
ром  уже  не  воспринимаются  две  партии, а 
слышится единый ансамбль. 
Все  перечисленные  этапы  очень  зна-
чимы и взаимосвязаны, так как нарушение 
их  последовательности  или  недостаточная 
работа  над  тем  или  иным  этапом  может 
стать  причиной  отсутствия  исполнитель-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет