ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
Вестник
КАСУ
96
УДК 378: 82
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА СТО
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
Амерханова Л.Б.
Халықты халықпен, адамды адаммен
теңестіретін - білім», - деп М. Әуезов айт-
қандай, қазіргі заманғы ғылыми-техни-
калық үрдіс барлық дамыған өркениетті
елдерге білім бері жүйесін адамзаттық
құндылықтарға,
ұлттық
әдет-ғұрыпты,
салт-сананы, мәдени мұрамызды, төл
мәдениетімізді, тарихымызды құрметтеуге
негізделіп, болашақ ұрпаққа жүйелі білім
беру міндеті қойылып тұр. «XXI ғасырда
білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа
тірелері анық» - деп Қазақстан Респуб-
ликасының Президенті Н.Ә. Назарбаев айт-
қан ұлы сөздің өзі бұл мәселесінің қанша-
лықты маңызды екендігін түсіндіріп және
оны іске асырушы болашақ мамандарға
жауапты міндет артады.
Бірақ жақсы маман тек білімді болып
қана қою жеткіліксіз. Әлжанды, Отаның
шексіз сүйетін, ол үшін барлығына да
дайын, өз ісіне шебер кәсіп иесі, сонымен
қатар адамгершілік, моральдік, тұрғыдан
үйлесімді дамыған тұлға болуы керек.
Жаңа уақыт өткен сайын қуса жет-
кізбестей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін
үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз
болып қалса, таң қалуға болмайды.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы»
Занның сегізінші бабында: «Қазіргі кезеңде
білім берудегі негізгі мақсат – оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық коммуника-
циялық желілерге шығу, жан-жақты
білімді, өмір сүруге икемді, іскер, өзіндік
ой толғамы бар, адамгершілігі жоғары,
қабілеті жанды қалыптастыру... Респуб-
ликадағы әлеуметтік экономикалық құры-
лымың өзгеруі білім мазмұнында жаңалық-
тар енгізуді қажет етеді» - деп айтылғаны
белгілі. Осындай мақсатты жүзеге асыруда
жаңа технологиялардың маңызы айрықша.
«Технология» терминнің тү тамыры
«techne» - өнер, шеберлік, «logos» - ғылым
мағынаны білдіреді.
Ғалым В.М. Монахов: «Педагогика-
лық технологиялар дегеніміз – оқыту үрді-
сін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің
ойластырылған моделі» - деп айтты. В.П.
Беспалько «Оқу үрдісін жүзеге асырудың
мазмұндық техникасы» - деді.
Педагогикалық технология – мұға-
лімнің кәсіби қызметін жаңартушы және
сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге
мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы.
Педагогикалық
технологиядағы
басты
міндеті – оқушының оқу-танымдық әреке-
тін жандандыра отырып, алға қойған мақ-
сатқа толық жету.
Білім негізінен пән арқылы беріл-
гендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз
деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең
маңызды мәселе болып келгені даусыз.
Әрине, терең білімде, материалдың игеруге
қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу
де мүлде нәтижесіз болды деп айта
алмаймын. Технология мен әдістеменің
мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін
қарастырады».
«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,
ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - деп Ж.
Аймауытов айтқандай, бүгінгі оқыту жүйе-
сінде әртүрлі жаңа технологияларды пайда-
лану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.
Бұлар оқушының жеке қасиетін аша
отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар
оқушының танымдық күшін қалыптастыру
және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай
жасайды. Ұстаз үшін ең басты мәселе –
оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педаго-
гикалық технологиялар оқушының жеке
тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық
ойынының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа
технологияларды
меңгеру
мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адам-
гершілік, рухани, азаматтық және де басқа
да көптеген адами келбетінің қалыпта-
суына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамы-
тып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдас-
тыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай
білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола
алады» - деген В. Сухомлинскийдің сөзін
оқытушының талмай ізденген еңбегінің
нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі
кезде білім мен техниканың даму деңгейі
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
Вестник
КАСУ
97
әрбір оқушыға сапалы және терең білім
беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы ба-
яндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқу-
шы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б.
таным әрекетерін жасайды.
Жаңа технологиялармен жұмыс істеу
үшін мынандай алғы шарттар қажет:
- оқу үрдісін интенсивтендіруді жап-
пай қолға алу;
- оқушылардың сабақтастығын бол-
дырмау
шараларын
кешенді
түрде
қарастыру.
Оның
ғылыми-әдістемелік,
оқу-
әдістемелік, ұйымдастырушылық себепте-
ріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау,
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын
зерттеп білу, пәндік білім стандартымен
жете танысу, білімді деңгейлер беру
технологиясын игеру арқылы оқушыларға
білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде
игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін
ізгілендіру
мен
демократияландыруды
үнемі басшылыққа алу. Жаңа техноло-
гияны пайдаланудың тиімді тұстары:
- Оқушының пәнге деген жеке қызы-
ғушылығын оятады;
- Танымдық қабілеттілігін қалыптас-
тырады;
- Әлеуметтік мәдени тәрбиені қалып-
тастырады;
- Оқушыны шығармашылық жұмыс-
қа баулиды;
- Оқытушының уақытын үнемдейді;
- Қосымша мәліметтер береді.
Бүгінгі таңда педагогика ғылымында
елуден астам оқыту технологиялары қол-
данысқа енгізілгені белгілі. Оқу-тәрбие үр-
дісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже
беріп жүрген жаңа педагогикалық техноло-
гиялар мыналар: дамыта отырып оқыту
әдістемесі (Л. Занков, Д. Эльконин, В.
Давыдов, В. Репин, В. Левин); оза отырып
оқыту (С. Лысенкова); іс-әрекетті бағалау
(Ш. Амонашвили, И. Волков); тірек және
тірек конспектілері арқылы оқыту (В.
Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып
қарқынды оқыту; жобалап оқыту техноло-
гиясы, сыни тұрғысынан ойлау.
Біз ұстаздар қауымы қандай болма-
сын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз ай-
қын. Жаңа технологияларды сабақта қолда-
нудың тиімділігін қашан да жолға қояры-
мыз анық. Осы мақсатты жүзеге асыру
үшін өзім қазақ әдебиет пәні бойынша оқы-
тудың «Оқу және жазу арқылы сыни ойлау-
ды дамыту» технологиясын жиі қолданып,
сабақты барынша түрлендіріп өткізуге
тырысамын.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен ең-
бегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни
Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл.
Бұл бағдарламаның мені қызық-
тырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі.
Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші,
ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім
осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдас-
тырушы.
Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына
сұрақтарға ауа тіздеп, жан-жақты пікірлесу,
талдау жасап отыру, яғни оқушының
санасын сол тақырыпқа байланысты ояту,
ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей
алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының
пікірін тыңдау,сол пікірлерді салыстыру.
Бұл технологияның негізгі ұста-
нымдар:
1) әлсін –әлі қайталау;
2) міндетті кезеңдік бақылау;
3) тіректерді пайдалану;
4) келіспеушіліктің болмауы;
5) оқушының жетістіктерінің жария-
лығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жа-
сау;
6) барлық балалар дарынды, табысқа
жетуге жағдай жасау;
7) оқытумен тәрбиенің бірлігі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау
ақпарат алудан басталып, қаралатын мәсе-
леге байланысты шешім қабылдаудан
аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас
аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі
үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау
ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының
ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай
жетістіктерге жетуге болады.
Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан
ортада оқушы:
- Нақты мақсат қоюға дағдыланады;
- Өзіне деген сенімді артады;
- Оқу процесіне белсенді қатысады;
- Жолдастарының пікірін сыйлайды;
- Өзін толғандыратын, проблемалық
сұрақтар қоя біледі;
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
Вестник
КАСУ
98
- Сараптауға, бағалауға дағдыла-
нады;
- Пәнге деген қызығушылығын арта-
ды.
«Сын тұрғысынан ойлау» жобасы
мынадай үш құрылымнан тұрады.
- Қызығушылығын ояту;
- Мағынаны тану;
- Ой толғаныс.
Осы кезеңдердің мақсат пен мін-
деттері:
I. Қызығушылығын ояту - үйрену
процесі – бұрынғы білетін және жаңа білім-
ді ұштастырудан тұрады. Оқушыларға жа-
ңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы
білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, ке-
ңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарасты-
рылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не
біледі, не айта алатындығын анықтаудан
басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту,
ми қыртысына әсер ету жүзеге асады. Осы
кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Ойлау»,
«Жұпта талқылау», «Болжау» және т.б.
әдістер жинақталған. Сонымен қатар
үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйт-
кені, үйрену - енжарлықтан гөрі белсен-
ділікті талап ететін іс-әрекет. Оқушы өз бі-
летінін еске түсіреді, қағазға жазады, қа-
сындағы оқушымен бөліседі, тобында тал-
қылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу
арқылы оның ойы ашылады. Осылайша
шыңдалған ойлауға бірте-бірте бағыт-
талады. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім
жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білім-
мен ұштастырады.
II. Мағынаны тану (түсіне білу) – ой-
лау мен үйренуге бағытталған кезеңі. Бұл
кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады,
тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсыр-
малар орындайды. Оның өзіне жұмыс жа-
сап, белсенділік көрсетуіне жағдай жаса-
лады. Оқушылардың тақырып бойынша
жұмыс жасауына көмектесетін оқыту
әдістері бар. Оқушы оқу, тақырыппен та-
нысу барысында – «білемін», «мен үшін
түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат»,
«мені таң қалдырады» белгілері арқылы
оқу тапсырылады. Оқығанын түсінуге, өз
ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үй-
рететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңы-
на тез жету, оқығанды есте сақтау, мазмұ-
нын жете түсіну - күрделі жұмыс. Сон-
дықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл
қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен
ұштастыра алмау жиі кездеседі.
III. Ой-толғаныс - сабақты қоры-
тындылау кезеңі. Күнделікті сабақ бары-
сында оқушының толғанысын ұйымдас-
тыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға
беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өз-
дері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен
айтып берулері тиіс. Бұл кезеңде оқушылар
бір-бірлерімен ой алмастырады, ой түйіс-
тіреді, өз кестелерін жасап, басқалардың да
кестелерін үйреніп алуға тырысады.
Нәтижесінде бұл, үйрену сатысы – ойды
қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын ке-
зең болып саналады. Әр түрлі шығарма-
шылықпен ой түйістіру болашақта қолда-
нылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған «Бес
жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін
жазу» және т.б. әдістер әр сабақтың ерек-
шелігін, ауырдан жеңілдігіне қарай қолда-
нылады.
Жоғарыда стратегиялар (әдіс) туралы
сөз қозғадық. Жоба 60-қа жуық страте-
гиялардан тұрады. Түсініктірек болу үшін
солардың біразына сипаттама берейік.
«Еркін жазу стратегиясы». Бұл әдісті
сын тұрғысынан ойлау жобасындағы
сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде
пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойын
қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан
алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле
түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз
пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады.
Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған
кезде оқушылар өз жазғандарымен топ
мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп
танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға
оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге
үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта
қолдануға болады.
«Венн диаграммасы». Бір-бірімен ай-
қасқан екі шеңбердің екі жағына салыс-
тыруға берілетін объектілердің сипатта-
малары жазылады. Ал айқасқан жерген еке-
уіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға
арналған тапсырмаларды осы диаграммаға
салып оқушылар қызыға толтырады, яғни
салыстыру сияқты күрделі ойлау опера-
циясын меңгереді.
«Көп деңгейлі сұрақ» стратегиясы.
Тұра сұрақтар (Litera level). Мұндай сұрақ-
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
Вестник
КАСУ
99
тар қандайда бір фразаны немесе түрлерін
еске түсіру үшін қойылады. Сұрақтардың
жауаптары мәтіннің ішінде кездеседі, оқу-
шыдан оны жаттап алып, айтып беру талап
етіледі. Өзгертуді талап ететін сұрақтар
(translation questions) жауап берушіден мағ-
лұматты басқа формада жеткізуді күтеді.
Мұндай сұрақ қою кезінде оқушы ойша
болатын жағдайды елестетіп, көріністі
суреттеп берулері керек. Яғни, оқушылар
ойша елестеткен кейіптер мен дыбыстарды
талқылайды. Олар ең алдымен елестету
тәжірибесін жинайды, содан кейін сөйлеу
арқылы басқаларды өз қабылдауымен
таныстырады.
Интерпретациялау-сұрақ-
тары (interpretation) оқушыларды идеялар
мен фактілер, анықтамалар мен құнды-
лықтар арасындағы байланыстарды табуға
үйретеді. Сұрақ - тіркеме (application
questions) оқушыларға мәселені шешуге
немесе келесі мәселенің логикасы мен се-
бептерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сұрақ
– баға (Evaluation questions) оқушыларды
жақсы, жаман деген сияқты қорытынды
шешім қабылдатады.
«Қос жазба күнделігі» стратегиясы.
Қандай да бір мәтін, әңгіме оқыған кезде
оқушылар дәптерлерінің ортасынан верти-
каль сызық жүргізеді. Мәтінді оқу бары-
сында олар сызықтың бір жағына әсер ет-
кен тұстар мен үзінділерін жазса, екінші
жағына пікірін, яғни, нені еске түсіретінін,
себеп салдарын жазады. Барлық оқушы
тапсырманы орындап болған соң жұпта,
топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс
аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған
әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауап-
тар алады.
«СТО» үйрету үшін:
1. Оқушылардың ойлауына, ойын
ашық айтуына рұқсат беру;
2. Оқушылардың белсенді іс әрекетін
қолдау;
3. Оқушының пікірін күлкіге айнал-
дырмау;
4. Оқушылардың бір-бірінің жауа-
бына жасаған сынның дәлелді, анық бо-
луын талап ету.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету
үшін мына төмендегі шаралар орындалуы
шарт:
- Сын тұрғысынан ойлауды тудыру
үшін уақыт керек;
- Оқушыларға ойланып-толғануға,
ойын ашық айтуға рұқсат беру;
- Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қа-
былдау;
- Үйрену барысындағы оқушылардың
белсенді іс-әрекетін қолдау;
- Кейбір оқушылар тәспі қалған қо-
лайсыз жағдайларды әжуаға айналдыру;
- Оқушылардың бір-бірінің жауабына
жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын
талап ету;
- Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған байла-
нысты:
- Сенімділікпен жұмыс жасау;
- Бар ынтасымен оқуға берілу;
- Пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
- Өз пікірін ашық білдіруді талап ету
қажет.
Тек сонда ғана олар:
- Мен осы мәселе туралы не ой-
лаймын?
- Осы мазмұнын алған ақпарат менің
бұрынғы осы мәселе туралы білетініме
сәйкес пе?
- Осы ақпаратты үйрене отырып мен
бірдеңе жасай аламын ба?
- Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қан-
шалықты әсер етті? Деген сауалдар төңі-
регінде ойлауға үйренеді.
Бұл жоба кез келген ұстазға сапалы
білім беруге мүмкіндік береді. Сабақта
«оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ой-
лау» технологиясын қолдану оқушылардың
білімін жетілдіруге тиімділігі зор екеніне
көз жеткізуге болады. Менің мақсатым
қазақ әдебиеті сабағында СТО жобасын
қолданудың тиімді жолдарын анықтау. Ең
бастысы, қазақ әдебиеті сабағында СТО
жобасын қолдануда әдіс-тәсілдерін таңдап
аламын. Әрбір стратегияны қолданудың
өзінің тиімділігі бар.
«Сын тұрғысынан ойлау» техно-
логиясының әдістерін тиімді пайдаланған
кезде жеткен жетістіктерім:
- Тақырыптың ең негізгі түйінің та-
буға дағдыланады;
- Оқушылар өз бетінше ізденуге үй-
ренеді;
- Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап бе-
руге машықтанады;
- Тақырыпқа деген жан-жақты түсі-
нігін аңғара отырып, ынтасын одан әрі
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
Вестник
КАСУ
100
дамытуға мүмкіндік жасайды;
- Ой идеясының ішкі астарына үңі-
луге, өзекті мәселеге терең барлауға бағыт
береді;
- Ақпаратты саралауға, жүйелі жүр-
гізуге үйренеді;
- Оқушылардың шығармашылық бел-
сенділігі мен сын тұрғысынан ойлау әре-
кеттері бағаланады;
- Сын тұрғысынан ойлай отырып,
өзіндік белсенділіктің болуы да білімге
құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге,
қиындыққа төзуге үйретеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әбеуова И. «Сын тұрғысынан ойлау мен
дамытпалы оқыту»;
2. Әбілқасымова А.Е. Студенттердің ізде-
німпаздығын қалыптастыру. - Алматы:
Білім, 1980.
3. Мирсейтова С., Иргебаев А. Про-
фессиональное развитие: из опыта
учителей. - Алматы, 2004.
4. Мирсейтова С. Философия и методы
RWCT в действии. – Алматы, 2004.
5. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту» бағдарлама жобасы
үшін дайындалған І-ІІ әдістемелік құрал
6. Профессиональное развитие из опыта
учителей. - Алматы, 2005.
7. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды
оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім -
Образование. - 2006. - №6.
УДК 378 (574)
ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДЕГІ БАЛАМАЛЫ ӘДІСТЕР
Оқасова Б.Қ., Байбатанова Ф.И.
Қазіргі уақытта Қазақстанда бірінші
кезекте тілдік-мәдени білім деңгейін кәсіби
қызметінде креативті жүзеге асыра алатын
қазақ тілінде кәсіби қарым-қатынастық
құзыреттілігі бар мамандарды даярлауды
оңтайландыру мәселесі тұр. Бірақта іс
жүзінде жарияланған мақсат орындала
бермейді. Қазақ тілін баламалы әдістер
арқылы меңгеру мәселелері қазіргі таңда
өзекті болып отыр. Өйткені қазақ тілінің
мемлекеттік тіл ретінде мәртебесінің беки
түсуі қоғамның кез-келген әлеуметтік топ
өкілінің тіл меңгеруге деген қызығу-
шылығын арттырып, қазақ тілін әр дең-
гейде білуге, тілдік мәдениетін қалыптас-
тыруға жетелеп отыр. Тіл үйретудегі өз
бақылауымыз
нәтижелеріне
сүйенсек,
Қазақстанда қазақ тілінің қолданысын
арттыру, оның мәдени аясын кеңейту
бағытында дәстүрлі білім берумен қатар,
баламалы әдіс-тәсілдердің де пайдаланы-
латынын анықтадық.
Мемлекеттік тілді меңгертуде бала-
малы әдістер, ең алдымен тіл үйрету орта-
лықтары арқылы жүзеге асырылуда. Соңғы
жылдары кеңінен өрістетіп отырған орта-
лықтарды ашу, оларды соңғы техника-
лармен және оқу кешендерімен қамтамасыз
ету, тіл үйренушілерге тілдік-мәдени бі-
лімді беруге толықтай жағдай жасай оты-
рып, мемлекеттік тілге ынталандыру жұ-
мыстары өз нәтижелерін бере бастады.
Сонымен қатар қазақ тілінің мәде-
ниетін арттыру, жастардың шығарма-
шылық қабілетін дамыту тұрғысынан жоға-
ры оқу орындарда әр түрлі курстар, үйірме-
лер, клуб жұмыстары жолға қойылған.
Әрине бұл бағыттағы істелген істердің бар-
лығы мәселенің толық шешілгендігін көр-
сетпейді. Мемлекеттік тілді үйретуде тіл
үйренушілердің креативтілік қабілеттерін
ашу, оны баламалы әдістер арқылы дамы-
туда жаңа бағдарламалар, оқу-әдістемелік
кешен қалыптастыру бүгінгі және бола-
шақта атқарылар істердің бастысы болмақ.
Қазақ тілін меңгерту сапасының қо-
ғамның барлық салалары сұранысына сай
болуы, оның ғылыми-әдістемелік негізінің
жоғары деңгейде қалыптасуымен тікелей
байланысты. Бұл тұрғыда Қазақстан әдіс-
керлерінің бүгінгі таңда қол жеткізген же-
тістіктерін ерекше атауға болады. Қазақ
тілі әдістемесі Н. Оралбаева, Ф.Ш. Ораз-
баева, Қ. Қадашева, З. Кузекова, Н.Ж. Құр-
ман, Ш.К. Құрманбаева т.б. ғалымдар ең-
бектері арқылы жаңа сатыға көтерілді.
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
Вестник
КАСУ
101
Қазіргі таңда қоғамдағы болып жат-
қан өзгерістер ең алдымен білім берудің
жаңа бағыттарын, әдіс-тәсілдерін айқын-
дауды алға тартып отыр. Қоғамның қай
саласы болмасын мамандардан өз кәсібіне
сай терең білімімен қатар оның бойынан
күрделі мәселелерді шешудегі ерекше
қабілеттілік, тапқырлық, шығармашылық
қасиеттер талап етілуде.
Жоғары оқу орындарындағы жүргі-
зіліп жатқан бетбұрыстар мамандарды да-
ярлауда білім сапасының әлемдік стандарт
талаптарына сай келуін басты бағыт етіп
алуда. Білім сапасының артуы бүгінгі таңда
білім берудегі кредиттік жүйенің енгізі-
луімен, оқылатын пәндердің көлемі мен
мазмұнының өзгеруімен, оқытудың жаңа
технологияларын іздестіру жолдарымен
жүзеге асуда.
Қазақ тілін деңгейлер оқытуда оны
сала бойынша мамандардың қолдана білу
дәрежесінде, яғни кәсіби деңгейде меңгер-
тудің мәселелері бүгінгі таңда өзекті болып
отыр. Тілдік қызметті айқындауда, оның ең
алдымен халықтың рухани байлығын,
ұлттық мәдениетті, білімді жинақтаушы,
сақтаушы және оны ұрпақтарға жеткізуші
құрал екенін ескерсек, оны үйренуде
адамның ойының кемелденуі, тіл арқылы
терең білім көздеріне қол жеткізуі басты
болмақ.
Қазақ тілін тек отбасы, ошақ қасы
деңгейде, яғни күнделікті қатынас-құралы
ретінде ғана танып, оның биік мәртебесін
аласартпау оның ғасырлар қойнауынан ұлт-
тық сана мен терең білімді ұрпақтар
бойына сіңіріп келген қызметін танумен
астасып жатыр. Белгілі ғалым Ж.А. Ман-
кеева «Тіл - бірден-бір коммуникативтік
құрал ғана емес, тілдік қарым-қатынас не-
гізінде мәдениетті де анықтайтын кешенді
ұғым» - дейді.
Яғни тілдің адамның мәдени-та-
нымдық болмысын қалыптастырушы құрал
екендігі мемлекеттік тілді оқытуда да ұмыт
қалмауы тиіс. Сондықтан да қазіргі жағ-
дайда білім беру жеке тұлғаға бағытталып,
педагогикалық үрдісте шәкіртті үнемі даму
үстіндегі әрекет иесі - субъект ретінде тану
маңызды болмақ. Осындай мәселелердің
шешімін табуда болашақ мамандардың
креативтілігін дамыту мәселесінің өзек-
тілігі айқындалады.
Мемлекеттік тілдің қазіргі таңда
нағыз ғылым, білімнің тілі деңгейінде рес-
ми тілмен қатар дәрежеде қолданылуы жә-
не оның осы бағытта дамып-жетілуі тіл
арқылы берілетін білім көлеміне де қа-
тысты.
Білім ұғымы әр жеке тұлғаға қатысты
бірнеше түрлерге бөлінеді. Ғылымилығына
қарай тұрмыстық, ғылыми деп жіктер бол-
сақ, ғылыми білім фундаменталды және
қолданбалы болып бөлінеді. Білімді жеке
тұлға қолданбалы қызметте ғылым сала-
ларында жаңалық ашуда, жоғары техноло-
гияларды игергенде пайдаланады.
Мазмұнына қарай білімді арнайы, әм-
бебап деген топтарға бөлдік. Арнайы білім
қоғамдық салалардың ерекшеліктеріне қа-
рай пайдаланылса, әмбебап білім кез-кел-
ген топтың құзіретіндегі білім болады.
Білім үшінші жаққа субъективтік жаңалық
ретінде беріледі. Осы айтылғандарды ин-
теллектуалдық капитал ретінде қарас-
тыруымызға болады. Әр ұлттың интел-
лектуалдық капиталына осы бағытта ғасыр-
лар бойы жинақталған білімнің барлық
қоры еңбек және ол үсті-үстіне толыға түс-
пек. Жеке ұлттың жинақтаған білім қорын
жалпы адамзаттық білім капиталынан
бөліп жармайтынымыз да түсінікті жайт.
Ғаламдық кеңістікте біртұтас кешенді жүйе
ретінде білім қоры үнемі алмасу, тоғысу,
даму үдерісінде болатыны да баршамызға
аян.
Мемлекеттік тілді өрістету бағытын-
дағы істерде қазақ тілінде осы білім түр-
лерінің дамуына, толығуына және оның
қолданбалық сипатына мән берілуі керек
деп ойлаймыз. Бұл ретте мемлекеттік тілді
жоғары оқу орнында оқытылуында тіл
меңгертудің баламалы әдістерін ұсынуға
болады.
Білім берудегі баламалы бағыттар
білімді тұлғаны қалыптастырудың әр түрлі
жолын іздестіруден туындайды. Сондықтан
да, жоғары білім жүйесінде баламалы білім
берудің басты бағытын төмендегідей
айқындауға болады:
1. Баламалы білім беру ошақтары –
қоғамдық және жекеменшік жоғары оқу
орындары.
2. Жоғары білім беру ошақтарында
білімгерлер ұсынылатын баламалы оқу бағ-
дарламалары.
|