Научный журнал


Турсынбек Какишев и проблемы сабитоведения



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата03.03.2017
өлшемі4,64 Mb.
#5604
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Турсынбек Какишев и проблемы сабитоведения
1
Северо-Казахстанский государственный университет 
имени М. Козыбаева, г. Петропавловск;
2
Кокшетауский государственный универсстет 
имени Ч. Валиханова, г. Кокшетау.
Поступило в редакцию 08.02.16.
Zh. T. Kadyrov
1
, S. N. Zhambek
2
Tursynbek Kakishev and the problems of Sabit-studies
1
M. Kozybayev North Kazakhstan State University, Petropavlovsk;
2
Sh. Ualikhanov Kokshetau State University, Kokshetau.
Received on 08.02.16.
В  статье  проанализированы  труды  и  взгляды  Т.  Какишева 
на  становление  истории  литературной  критики.  Рассмотрены 
научно-критические взгляды Т. Какишева, связанные с появлением, 
становлением и развитием эпохи казахской литературной критики, 
формированием  жанра  казахской  литературной  критики  и 
литературоведения, расцветом казахской литературной критики.
Систеиатизированы и проанализированы взгляды Т. Какишева 
на проблемы, сабитоведения.
This article deals with the analysis of T. Kakishev’s works and his 
views on the establishment of literary criticism. It is also connected with 
the scrutiny of his scientific-critical conceptions related to the appearance, 
establishment and development of Kazakh literary criticism and literary 
studies – genres, temporal framework, and prosperity.
T. Kakishev’s views on the problems of Sabit-studies have also been 
analyzed and systematized.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
142
143
ӘОЖ 821.512.122.32.09
Б. Д. Керімбекова
ф.ғ.к.,  ассис.профессор,  Сулейман  Демирель  атындағы  университет,  
Алматы қ.
e-mail: muza_bayan@mail.ru
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ 
ПОСТМОДЕРНИЗМ
Қазақ  әдебиеті  тарихында  әрбір  кезеңнің  өз  бағытымен 
дамитындығы анық. Қазіргі қазақ поэзиясында постмодернистік 
үрдіс  кеңінен  көрініс  табуда.  Әлем  әдебиетінде  өткен  ғасырдың 
соңына таман белең алған бұл үрдістің қазақ поэзиясына да жат 
еместігі байқалады. Көптеген ақындар постмодернистік бағыттың 
белді өкілдеріне айналды. Олар өмірге де өздеріне де сынмен, ащы 
мысқылмен қарайды.
Аталған мақалада қазіргі қазақ поэзиясындағы постмодернизм 
мәселелері Т. Әбдікәкімұлы, А. Елгезек, Ерлан Жүніс сынды ақындар 
өлеңдері аясында сөз болады. Постмодернизм үрдісімен енген ақындар 
поэзиясындағы ізденістер мен эксперименттер анықталады. Сондай-
ақ, поэзиядағы оқырман мен автор, «мәтіндегі автор» ұғымдары да 
назарға алынды.
Кілтті сөздер: қазіргі қазақ поэзиясы, постмодернизм, автор, 
оқырман, ақындық ерекшелік
Көркем шығарманың «шын өмірі» оқырманның оқуынан басталады. 
Оған дейін ол – қапқа түспеген ұн секілді, жұмсалмаған пұл секілді. Қысқасы, 
тұтынушысыз тауар іспеттес. Сапалы тауарға қашан да сұраныс бар, оның 
кейінгі тағдыры «иесін» алаңдатпайды. Ал автордың көңілі толғатып болған 
соң да күпті. Өйткені, оқырман бағасы, қабылдауы оның «іштен шыққан 
шұбар  жыланының»  тағдырын  шешеді.  Қазақстандық  ғалым  Темірғали 
Есембековтің  «Көркем  мәтін  поэтикасы»  еңбегінде  айтылғандай,  «...ХХ 
ғасырдан  бастап  мәтінге  «оқырманның»  көзімен  баға  беруге  тырысқан 
зерттеулер пайда болған. Т. Липпс, Б. Христиансен, Л. Выготский, А. Ричардс 
көркем шығармашылықтағы оқырман рөліне белсенді сипат берді. Бірақ 
әртүрлі  саяси-әлеуметтік  жағдайлар  бұл  көзқарастардың  әдеби  үдеріске 
араласуын тежеді. Бұрынғы «көркем шығарма оқырман үшін» деген көзқарас 
шетке ысырылды» [1,104].
Байқағанымыз,  бүгінгі  қазақ  поэзиясы  оқырманымен  ашық-жарқын 
араласпайды, тіпті оны кейде орта жолда адастырып, қанғыртып кететіні бар. 
Менің деңгейімде болмасаң, сенімен айтар әңгімеміз жоқ деген сыңайлы. «Теп-
тегіс жұмыр келгенге» үйренген тыңдаушы алғашында кімге кінә артарын 
білмей қалды. Бірақ, постмодернизмнің «ауасын жұтып» отырғаннан кейін бұл 
үдеріске де бейімделе бастады. Бірқатар жас ақындарымыз постмодернизмнің 
«бел баласына» айналды. Постмодернизммен келген «жаңалықтың» бірі – 
«біртүрлі» жазу, яғни, барынша күңгірт, астарлы жазуға, құпия болып көрінуге 
ұмтылу. «Қазақтың дәл өзіндей қарапайымдылық» аз. Оқырманына саналы 
түрде түсініксіз болуға ұмтылатын тұстары да байқалады. Мәселен, қазіргі 
қазақ жастар поэзиясының белді өкілі Ерлан Жүністің: 
Тү-С., І., М, – пайғамбардыкі,
Өңім – пенде,
Ақын кім?
О.-й – мұңлықы,
Зарлықы – сезім кешіп жатырмын.
Ара ұшады: Ж., Ж.,Ж.,
Гүлге қонар: М., М., М.,
Дүниенің Қ.-ы-З.-ығы-
Дүниеде құмығы.
Кәрі бақт-А. бір кісі.
С.-үйеніп тұр еменге...
Бақи-Ф.,Ә.-нидің түсі
Жорамалы  –  Ө.-лең  бе?!  /2,  36/,  –  деген  эксперименттік  «Құпия» 
атты  өлеңін  оқырман  қалай  қабылдауы,  талдап-бағалауы  мүмкін?  Бұл 
«құпияны» жазып, оқырманды «азаптаудағы» автор мақсаты не еді? Автор 
мен оқырманның интеллектуалды деңгейі бірдей болғанда ғана поэзия өз 
мақсатына жетпек. Бәлкім, мәтін табиғатын тануды автор физиологиясы мен 
психологиясын танудан бастаған жөн болар? 
«Мәтіндегі  автор»  мәселесі  сөз  болғанда  ұлттық  әдебиеттегі  оның 
көріністері  туралы  талай  әңгіме  айтылған.  Сыншылардың  бір  парасы 
автордың томаға-тұйық емес, ашық болғанын қалайды. ...Саяқ жайылған 
таутекедей  сайынға  емес,  қиынға,  ұланға  емес  ұшанға  ұмтылғанды 
тәуір  көру  бар.  Қиыннан  қозғап,  қиялға  бұлтару,  оқырманды  барынша 
сынауға деген авторлық ниеттер қолдауға лайық» [1, 50 б.], – дейді ғалым  
Т. Есембеков. Әрине, ізденіс болған жерде ілгерілеу бары анық, ақынның бұл 
бір эксперименті болар. Бәлкім, ақынның мұнысы «Оқырман үшін жазып, 
өзіңді  жоғалтып  алуға  болады,  өзің  үшін  жазып  оқырманды  жоғалтуға 
болады. Шын жазушы екінші жолды таңдайды. Өйткені, өзің үшін жазып, 
оқырманды жоғалтсаң, бірақ күндердің күнінде оқырман қайта айналып 
келеді», - деген әдеби қағидаға сая ма? [3]. 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
144
145
«Іңірдегі пессимизм» атты өлеңінде ақын: 
Жоғалған армандарыма 
Көңіл айтып қара түн 
Жыладым... 
Жарығы түбінен артпаған шамдай – 
Бұл қала мені жылыта алмады..! 
Жанымның сыңар қанатын 
Көтере алмай 
Сұладым – 
көз жасындай салмағы! [2,16].
«Жылаған»  һәм  «Жылатылмаған»  лирикалық  кейіпкер  екіұдай  күй 
кешіп, өзіне-өзі қарсы келіп отырады. Бүгінгі жас ақындардың поэзиясына 
тән ерекшеліктің бірі – өздерін мысқылдай отырып, ішкі қарсылығын білдіру. 
Дымқылдау қараша демін. 
Жұтамын бар жандай өші. 
Бір досым бар еді менің – 
Ал оның жоқ екен досы. 
... Тәңірім, осы бір сәттің 
Ешқандай жауабы жоқ па? 
Мен бүгін – өзіме жатпын, 
Бауырмын – 
өзіне жатқа! [2,31].
ЖАЛҒЫЗДЫҚ, ЖАТСЫНУ, ОҚШАУЛАНУ сынды ХХ ғасырдың бас 
кезіндегі әдебиетте бой көрсете бастаған құбылыстар бүгінгі ХХІ ғасыр 
поэзиясынан да жиі байқалады. Бірақ, мұндағі жатсыну қоғамнан, ортадан 
емес, өзін жатсыну. «Постмодернизм үрдісіндегі қазіргі қазақ поэзиясында 
айналасына  көңілі  толмау  сарыны  бәрінен  басым.  Лирикалық  кейіпкер 
тартысты ғұмыр кешеді. Әлемдегі  техногенді заман өзгерістеріне  жылы 
ұшырай алмады. Байырғы ұлттық құндылықтардың жойылып бара жатуына 
наразылық күшті. Тәркі дүние соққыларына төтеп беру қиын» [4], – дейді 
ғалым Б. Майтанов. 
Әрине, әдебиетке де инновация керек. Сен неге Абайша жазбайсың 
немесе Мұқағалиша жазбайсың деп талап қоя алмаймыз. Не десек те, бүгінгі 
еркін заманның ақындары сөз қолдануда да өте еркін. Өз қалауларын бірінші 
орынға қоятын қалау райындағы «жылағым келеді», «жазғым келеді», «көргім 
келеді», «өлгім келеді», т.с.с. сарындағы өлеңдер жиі жазылуда.
Жылағым келеді...
Жылағым келеді егіліп,
Ойыма бәрі оралып,
Көзіме бәрі көрініп,
Сабырым мүлде тоналып,
Жылағым келеді...
...Неліктен, неге екенін,
Сұрама, жаным, сұрама,
Айтпаймын оны, себебі
Жылағым келеді...[5, 54 б.], – дейді жас ақын Бауыржан Қарағызұлы 
«ЫММ» өлеңінде. Қазіргі қазақ поэзиясының «көз жасы» да қызық. Бәлкім, 
неге жылағысы келетінін лирикалық кейіпкердің өзі де білмейтін болар. 
Оқырманға да оның себебі қызық емес болар, дегенмен оқырман эмпатиясы 
арқылы өлеңнің эмотивті қуаты арта түседі. «Әдеби туындының өзі де кезінде 
бәзбір өмір сұрақтары мен сауалдарына жауап іздеуден туған деген пікірге 
ден қою керек осындайда», – дейді ғалым Темірғали Есембеков. Эстетикалық 
тұтастықты  әлсіретпеу  үшін  автор  өзі  қойған  сұрақтарын  мәтінде  анық 
көрсете бермейді [1, 134 б.]. 
Тәуелсіз күннің ақыны Танагөз Толқынқызы:
Өлгім келеді! Өлгім келеді! 
Тек сені ғана көргім келеді! 
Қаңғырып жүрмін, қарашы маған, 
Қажет пе саған желдің дерегі? 
Кеткім келеді... 
Өбкім келеді... 
Өлімге бұлттай шөккім келеді! 
Құшақтап тұрып әлдебіреуді, 
Жанымды ақтарып төккім келеді! 
…Өлгім келеді! Өлгім келеді! 
Жоқ, маған сенсең, жердің керегі! 
Ауа да! Ай да! Күн қажет емес! 
Тек  сені  ғана  көргім  келеді!!!  [6],  –  дейді  өзінің  «Өлгім  келеді» 
өлеңінде.  Өлім  –  әдебиеттегі  мәңгілік  тақырыптардың  бірі  болғанымен, 
«Өлгім келеді» деп дауыстап айту бұрынғы-соңды поэзияда болмаған. ХХ 
ғасырдың басындағы «Мені де өлім, әлдиле» деген Мағжанның «оқырман мен 
суреткерді жақын табыстыратын» /Л.Толстой/ – символизмі сол уақыттағы 
қазақ поэзиясында сілкініс тудырған. Десек те, автор айтуға болмайтын 
нәрсені айта білуімен, интеллект әлеуетімен оқырманнан биік болғаны жөн 
емес пе? «Менің өлеңдерімде көбіне тақырып қойылмайды. Ол бала кезден 
келе жатқан әдет. Сондықтан өзгелер белгілі бір қажеттілікпен: «Бұл өлеңнің 
тақырыбын  не  деп  жазайық?»  –  деп  сұрағанда,  өлеңнің  бірінші  жолын 
тақырып етіп ала салыңыз деймін», – дейді ақын бір сұхбатында.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
146
147
Шығарма атауы қай өнер түрінде болмасын маңызды рөл атқарады. 
Өлеңді  де  көп  оқырман  атауына  қарап  оқиды.  Т.  Есембеков  айтқандай, 
«Көркем туындыны оқу оның атымен танысудан басталады, поэзияда оның 
қызметін кейде өлеңнің бірінші жолы атқаруы мүмкін. Шығарма атауын 
оқырман  назарын  аударатын  минимәтін  деп  тану  бар,  оның  құрамына 
автордың  аты-жөні,  лақап  аты  кіргізіледі,  өйткені  бұл  ақпараттардың 
предикативтік  мағыналары  болатыны  мәлім»  [1,  94  б.].  Сонымен  қатар, 
ғалым:  «Шығарманың  атауы,  жанры,  эпиграфы  мен  авторлық  арнау 
оқырманға ақпарат беру үшін ғана емес, сонымен қатар оның оқырмандың 
ынтасын қалыптастыру үшін қызмет етеді. Француз ғалымы П.Колердің 
әдеби жанрларды өнерді өндіруші мен тұтынушының арасындағы келісім 
шартқа теңегені тегін емес. Көркем мәтіндегі «кодтар» /астарлы образдар, 
дәйексөз, дерексөз/ да оқырманға салмақ салады [1, 87]», – дейді. 
Қазіргі жас ақын Ақберен Елгезек жырларында да мұң, жалғыздық, 
қара түс басым. Өлеңдерінің атауы да осыны аңғартқандай: «Депрессия», 
«Абстракция»,  «Нала»,  «Жалғыздық  симфониясы»,  «Күзгі  элегия»,  т.б. 
«Жастар өз ішінен өзін іздеп жүр, – дейді Ақберен. Бірінші орынға Жаратушы 
Тәңірді тану мен Оны сүю мәселесі шықты. Мұның иманды әдебиеттің 
қалыптасуына әсер ететіні хақ. Демек, жастардың рухани дүниесінде өзің 
арқылы әлемді қабылдау, Жаратқан арқылы өзін табу жұмысы жүріп жатыр. 
Ал оған барар жол мұң алқабы арқылы өтеді. Мұң деген бұл жерде түңіліс 
емес, сұлу жолсерік есебінде айтылып отыр» [7].
... Қара барқыт көбелек қанаттарын қомдайды,
Қалтыраған гүл оған нала хатын жолдайды.
Түнгі қара сұлбамды қабырғаға жапсырып,
Кісікиік көлеңкем болмысымды сомдайды.
...Мұхит асты тізеден кіріп кетіп аяғы.
Қара кісі – қара жын алақанын жаяды.
Оны басты тілегі амандығы өлеңнің,
Сосын менің өмірім, қиялдарым баяғы…[7].
Қазақтың  дәстүрлі  ұғымында  «қара»  қасиет  пен  киенің  символы 
болғанымен, мұндағы «қара» автордың ішкі дүниесіндегі күйзелістерден, 
сыртқы  әлемге  қатынасынан  хабар  беретін  сигнал  қызметін  атқарады. 
Әр кезеңнің поэзиясынына тән түстер болады және ол түстердің атқарар 
семантикалық қызметі болады. Қара барқыт көбелек, алақанын жайған қара 
жын, кісікиік көлеңке, қабырғаға жапсырылған қара сұлбалар – Ақбереннің 
автометафоралары.
Түстерімде сабылып сан аруақ,
Біреу маған сыбырлар таң астында. 
 
Періштеге тіл қатпай оң жақтағы.
Сайтанға сағым шашып иықтағы. 
 
…Жындарына еріп кетті бір адам,
Барар жері белгісіз… 
Көшелерде сұлбалар жүр бұлыңғыр,
Марғау ғана есінейді тау ғана.
Ол күрсініп, бір шындық айтқан болар:
Балам, балам Астанада баспана қымбат…
Содан кейін денеме қарап алып,
Шошып кетіп сұрақ қояды маған:
«Бас қайда, шырақ?!..» [7].
Мифологиялық  ойлаудан  туған  ақын  өлеңде  оқырман  мистикалық, 
реалдық  екі  әлемде  қатар  өмір  сүреді.  Ұлттық  поэзиямызда  әріден  келе 
жатқан  архетиптерді,  тылсым  күштерді  постмодернистерге  тән  құбылта 
қолданған ақын өлеңіне осылайша астарлы мағына дарытқан. Әр ғасыр өз 
өлеңін тудырады. Жаһандану дәуірінде қазақ поэзиясы томаға-тұйық жалғыз 
өмір сүріп жатқан жоқ. Ақпараттық дамудың биігінде тұрған бүгінгі күнде 
ізденіске жол ашық. 
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
Есембеков, Т. Көркем мәтін поэтикасы: Оқу құралы. – Алматы : Қазақ 
университеті, 2012 .
Жүніс, Е. Киелі түндердің дұғасы. Өлеңдер жинағы. – Астана : Профи 
Медиа, 2011.
Әсемқұлов, Т. Коммерциялық әдебиеттің бүгіні мен ертеңі//Қазақ 
әдебиеті. – 05.02.2010. 
Майтанов, Б. Қазіргі поэзия және постмодернизм. Кітапта: Тәуелсіздік 
– күрес мұраты. – Алматы, 2012. 
Қарағызұлы, Б. Өң. Мен. Түс. Өлеңдер жинағы. – Алматы : Жалын, 
2011.
6 http://www.massagan.com
7 аbai.kz ақпараттық порталы. 
22.01.16 баспаға түсті.
Б. Д. Керимбекова
Постмодернизм в современной казахской литературе

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
148
149
Университет имени Сулеймана Демиреля, г. Алматы.
Поступило в редакцию 22.01.16.
 
B. D. Kerimbekova 
The postmodernism in Kazakh poetry
Suleyman Demirel University, Almaty.
Received on 22.01.16.
Данная  статья  посвящена  проблемам  постмодернизма  в 
современной казахской литературе. А так же рассматриваются 
понятия  «автор»,  «читатель»,  «текст»  в  контексте  поэзий   
Т. Абдикакимова, А. Елгезек, Е. Жуниса. 
It is clear that every period of Kazakh literature develops in its own 
way. In modern Kazakh poetry the postmodernism is widely distributed. 
This tradition also is not strange for Kazakh poetry. Many Kazakh poets 
became representatives of postmodernism. The problem of postmodernism 
mentioned  in  poems  of  poets’  such  as:  T.  Abdikakimuly,  A.  Elgezek, 
E.  Zhunis.  There  appeared  postmodernism  poems’  experiments  and 
investigations. Although, the view – reader and author,”author of article” 
are mentioned. 
ӘОЖ 372.8 
А. А. Косбармахова
магистрант, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Алматы қ.
e-mail: azi_92.kz.92@mail.ru
АРНАЙЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ 
ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН 
КОГНИТИВТІ ЛИНГВОМӘДЕНИ КЕШЕНДІ ҮЛГІЛЕУ
Еліміздің  әлеуметтік  жағдайына  түбегейлі  өзгеріс  енгізу 
мен  қоғамның  барлық  саласын  интернационалдандыру  шетел 
тілін  еліміздегі  әр  түрлі  ұлттар  мәдениеті  арасындағы  қарым-
қатынас құралы ретінде пайдалану мүмкіндігін арттырды. Білім 
беру  саласына  қойылатын  бүгінгі  күннің  басты  талабы  –  сабақ 
барысында берілетін дайын білімді игеріп қана қоймай, игерілген 
білімді  өз  бетімен  ұштастыруға  бейімдей  отырып,  оқушының 
танымдық іс-әрекетін қалыптастыру. Бұл тұрғыда оқушылардың 
бойында iзденiмпаздық әрекеті және оны қалыптастыру, үйреніп 
отырған шет тілінің мәдениет ерекшелігін ескере отырып жүйелі 
қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу 
материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету 
қажеттілігі туындайды. 
Кілтті сөздер: арнайы мектеп, танымдық іс-әрекет, когнитивті 
лингвомәдени кешен, үлгілеу.
Еліміздің әлеуметтік жағдайына түбегейлі өзгеріс енгізу мен қоғамның 
барлық  саласын  интернационалдандыру  шетел  тілін  еліміздегі  әр  түрлі 
ұлттар мәдениеті арасындағы қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану 
мүмкіндігін арттырды.Қоғамның барлық өмірлік салаларының түбегейлі әрі 
тиімді өзгеруінің келесі үрдісі оқушылардың өзбетімен және шығармашылық 
әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған білім берудің жаңа стандарттары 
негізінде қалыптасқан білім беру саласынының жаңаруын талап етеді. Сонымен 
бірге, бүгінгі күннің басты талабы – сабақ барысында берілетін дайын білімді 
игеріп қана қоймай, игерілген білімді өз бетімен ұштастыруға бейімдей отырып, 
оқушының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру. Бұл тұрғыда оқушылардың 
бойында iзденiпаздық әрекеті, іздемпаздықты қалыптастыру, үйреніп отырған 
шет тілінің мәдениет ерекшелігін ескере отырып жүйелі қорытынды жасай 
білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап 
салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.Осы орайда, Қазақстан 
Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында,  елбасымыздың  «Болашақ», 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
150
151
«Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан -2030» атты Қазақстан халқына 
Жолдауында, «Қазақстан Республикасында» білім беруді дамытудың 2005-2010 
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында” білім беру саласындағы 
мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін 
ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын 
арттыру мәселелері айқындалып, басым міндеттер қатарына қойылған [1]. 
Бүгінгі күні де оқытушыға қойылатын негізгі мақсат-оқушыны танымдық 
іс-әрекеті арқылы жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істейтін 
жеке тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады.Аталмыш мәселені шешу 
оқушының танымдық іс-әрекетке, білім алуға, ғылымға және танымның 
ғылыми әдістеріне деген жағымды көзқарасын қалыптастырады. Танымдық іс-
әрекеттер тұлғаның мақсатты, жоспар мен алдағы әрекеттің мазмұнын алдын-
ала ұйғаруына, аталмыш әрекет барысын, өз іс-қимылы мен мінез-құлқын 
санасында елестету, өз әрекеттерінің қорытындысын алдын-ала болжай алу 
мен орындау барысында өз әрекетін бақылай алуға ықпал етеді.Оқушының 
білім алуының оңтайлығы мен тиімділігі оның танымдық іс-әрекеттерінің 
даму деңгейіне байланысты.
Т. И. Шамованың пайымдауынша, оқушылардың танымдық белсенділігін 
арттырудың құралы ретінде оқу мазмұны, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру 
формалары есептеледі. Ғалымның пікірінше танымдық белсенділікті арттыру 
құралдарының жүйесі төмендегідей талаптарға жауап беруі тиіс:
– оқытуды ұйымдастырудың барлық кезеңдерінде оқушылардың ішкі 
оқу ынтасын ояту мен дамыту,
–  оқушылардың  алдына  қойған  іс-әрекетінінің  мақсатын  қою  мен 
жоспарлауды қамтамасыз етуге бағдарлауды көтермелеу;
– оқушылардың оқу ақпаратын өңдеуде интеллектуальдық іскерлігін 
қалыптастыру;
– оқушылардың өзін-өзі бақылауы мен түзетуі негізінде оқытуда оқу 
танымдық іс- әрекетін қамтамасыз ету.
Оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін  қалыптастыру  –  оқу  үдерісін 
ойдағыдай  ұйымдастырудың  негізгі  шарты  болып  табылады.  Ол  оқу 
үдерісінің тиімділігін арттыру, оқушылардың оқу әрекетінің психологиялық 
ерекшеліктеріне сай дидактикалық әдіс-тәсілдерді қолдануды, оқытудың 
дамытушылық қызметін толық пайдаланып, танымдық іс-әрекетті дамытуды 
талап етеді.Оқушылар танымдық міндеттерге өз бетінше қол жеткізуі арқылы 
дамитын танымдық іс-әрекет мәселесі өткен ғасырдың ортасынан кеңінен 
талқылана бастады. Оның ішінде, мектептер мен жоғары оқу орындарында 
танымдық іс-әрекетті қалыптастыру – оқушылардың оқуға деген ынтасы 
мен  құлшынысы  дамыту  құралы  (Дж.  Брунер,  Л.  С.  Выготский,  П.  Я. 
Гальперин, Н. Ф. Талызина, А. Е. Әбілқасымова, Р. С. Омарова т.б.); тұлғаны 
танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісі барысында дамыту (Б. Г. Ананьев,  
А.Н.  Леонтьев,  В.  А.  Петровский,  Л.  С.  Рубинштейн  т.б.);  іс-әрекет 
түрлерін оңтайлы оқыту үрдісінде қолдану (И. Я. Лернер, М. И. Махмутов,  
И. М. Чередов т.б.) ретінде қарастырады.
Өз  елімізде  бүгінгі  таңда  танымдық  іс-әрекет,  шығармашылық 
қызығушылық,  ізденімпаздық  мәселелері  жеке  бағыттар  ретінде  
А.  Е.  Әбілқасымованың,  А.  С.  Мустояпованың,  Р.  С.  Омарованың,  
Б.  Т.  Абыканованың  Т.  С.  Сабыровтың,  М.  А.  Асылжанова  және  т.б. 
ғалымдардың зерттеулерінде тереңдетіледі.
Орыс  ғалымы  Г.Н.Щукинаның  пайымдауы  бойынша,  танымдық 
іс-әрекеттің  субъектісі  болу  оқушы  болуға  тиісті  деп  есептейді.  Олай 
болса, әлеуметтік-педагогикалық негізі бар оқып-үйренудің де «қайнаған 
ортасында» оқушы, оның жеке басының тұлғасы, оның санасы, танылуға 
тиісті және танылу үстіндегі айнала қоршаған дүниеге қатынасы, таным 
процесіне қатынасы және танымдық іс-әрекетке қатысушы – оқушыларға, 
оқып-үйрену  ісін  ұйымдастырушы  және  бағыт  беруші  мұғалімдерге 
қатынасы, көзқарас болады. Әрі бұл оқып үйренудің әлеуметтік мақсатқа, 
оны мұғалімнің ұйымдастырумен бағыт беруіне тәуелділікте болатындығын 
және соған қарамастан өзінің субъективтік-тұлғалық негізін жоғалтпайтынын 
ұмытпауға тиіспіз [2, 44-45 б.].
Танымдық іс-әрекетін қалыптастыру үрдісі нәтижелі жүргізілу үшін оқу-
танымдық үдерісте оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын, ерік-жігерін 
дидактикалық негізделген дидактикалық принциптерге бағыттау қажет деп 
пайымдайды А. С. Мустояпова өзінің жұмысында. А. С. Мустояпова ойының 
әрі қарай дамығаны Омарова Р. С. жұмысынан байқалады. Ғалым танымдық 
іс-әрекет терминіне келесідей түсінктеме береді: танымдық іс-әрекетті таным 
үдерісінде кездескен қиындықтарды жеңе білуімен байланыстырып, ол үшін 
жеке тұлғаның белгілі бір деңгейде ерік-күш жұмсауы және өзінің танымдық 
іс-әрекетін  саналылықпен  реттеуі  қажеттігін  негіздейді  және  танымдық 
іс-әрекеттің  негізгі  құрылымдық  бөлімдерін:  танымдық  қызығушылық, 
танымдық ізденімпаздық және шығармашылық әрекет ретінде ажыратады.
Қоғамның  бұл  талаптары  оқушылардың  танымдық  іс-әрекеттерін 
дамытуға бағытталған жаңа әдістер мен оқытуды ұйымдастыру, оны жүргізу 
құралдарын  іздестіруді  жеделдетті.  Оқытудың  жаңа  тиімді  әдістері  мен 
амалдарын іздестіру үлгілеу арқылы жүзеге асады. Яғни, шеттілдік білім 
беру  іскерліктерін  дағдыландыруды,  осы  іскерліктерді  тиімді  басқару 
үрдісін ұйымдастыру жолдарын іздестіруді үлгілеу деген сөз. Білім беру 
үрдісінде үлгілеуді кең көлемде қолдану, стратегиялық және тактикалық 
жоспарда бір уақытта келесі екі міндетті орындау қажеттілігіне шартталған: 
прагматикалық-қатысымдық және дидактикалық. Бұл екі міндет шындыққа 
жақын оқу жағдаяттарына сай кәсіби дәлме-дәл міндеттерді үлгілеу үрдісінің 
тиімді әдістемесімен қамсыздандырылады.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
152
153
Пассовтың пайымдауы бойынша «үлгілеу» ұғымының астарында үлгіні 
жасау арқылы нақты жүйені сәйкестендіру, яғни, осы жүйені ұйымдастыру 
ұстанымдары мен оны іске асыру арқылы жаңғырту деген түсінік жатыр. 
Шеттілдік  білім  берудегі  үлгілеу  –  қатысымға  түсушілердің  өзара 
әрекетінің арнайы үлгісін жасау. Бұл үлгі келесі талап бойынша жасалады: 
коммуниканттардың болашақ кәсіби іскерліктеріне нақты жағдаяттарымен 
жақынырақ, яғни, болашақ маман иесін қатысымға еркін түсуге дайындау мен 
шеттілдік кәсіби дайындығының нақты деңгейін қалыптастыру талаптары 
орындалуы тиіс [3, 47 б.]. Яғни, қарым-қатынас үрдісін үлгілеу тиімдірек 
болып саналатын қатысымдық іскерлікті қалыптастыруға бағытталған оқыту-
басқарушылық амалына, тілдік әрекеттің барлық түрін (айтылым, жазылым, 
оқылым, тыңдалым) бір уақытта әрі кешенді қалыптастыруды қамтамасыз 
ететін  мамандықтың  оқыту  кешенінің  пәндік  мазмұнын  ашу  әдісіне 
негізделеді. Оқыту кешенінің негізі ретінде Д. Н. Кулибаеваның «қатысымдық 
кешені» алынады. Ғалымның пайымдауынша, шетел тілін арнайы-кәсіби 
бағыттылығы жағдайындағы қарым-қатынастың функционалды ерекшелігі 
шетел тілі курсының кәсіби-бағытталған пәндік мазмұнына негізделген, 
сонымен қатар, бұл өз кезегінде оқыту өлшемдерін қатысымдық кешенге 
құрылымдайды . Осындай кешеннің көмегімен этикетті, байланыс орнатушы, 
бағалаушы және басқа да еркін кәсіби қатысымға өтуге бейімдейтін сипаттар 
көмегімен  метақатысымдық  функционалды-бағытталған  іскерліктерге 
жағдай  жасалады.Ғалым  қатысымдық  кешен  құрамына  аталмыш  салаға 
тиесілі тақырыптар жиынтығын, күнделікті қарым-қатынас жағдаяттарын, 
метатілдік  лингвистикалық  материалдарды,  әр  түрлі  инофонды  тілдік-
шығармашылық мәтін түрлерін (суреттеу, сипаттау, баяндау және т.б.), тілдік 
жанрларды (интервью, дискурс, көрсетілім, пресс-конференция және т.б.) 
қосуды ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет