Научный журнал


алмайсын.  Еріншек  қолдағы  барынан  айырылады.  Ал  еңбекқор  болса,  бұйырғанын тіпті арыстанның ауызынан алады



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата03.03.2017
өлшемі4,64 Mb.
#5604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

алмайсын.  Еріншек  қолдағы  барынан  айырылады.  Ал  еңбекқор  болса, 
бұйырғанын тіпті арыстанның ауызынан алады. 
Аққа жақ ел байғұстар келіп қалыпты, ризамын бәріне де. (Ғабит 
Мүсірепов «Оянған өлке» романынан үзінді). 
Адамның  бойында  оң  көзқарас  туғызатын  кейбір  міңез-құлықтары 
болады:  мейірімділік,  елгезектілік,  қайсарлық,  табандылық.  Қазақтарда 
мейірімді адам туралы былай дейді: еніреген (еніреп туған). Мағынасы: 
мұнаятын, Халқының еркіндігі мен бақыты үшін жанын пида ететін. Өзіне 
тән ерлік, кең пейілділік және мәрттік қасиеті бар адам орыстың «Үрей мен 
жазғыруы жоқ сері» атағына лайық. 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
48
49
Мазмұны тікелей, біркелкі дәл келді. Құрбай Танабекұлы болса, халық 
қамы дегенде көкірегінен жалын атып жүрген еніреген ердің бірі. (Қ. М. 
Өзіме де сол керек).
Ит терісін басына қаптау. Тура мағынасы: иттің терісін басына кию. Ал 
ауыспалы мағынада: біреуді қарғап-сілеу. Орыс тілінде бұл мақал бірнеше 
мағынан береді: Басты сабындау, жоңқаны жону, жерден алып, жерге 
салу, басына қара бұлт төндіру.
Мақал барлығына бір «басына» - «голова» сөзімен біріктірілген. Сол 
жолы  Нұртаза  болыстың ит  терісін  басына  қаптағаныңыз  әлі  есімде.  
(Т. Ә. Кертолғау). 
Жүрегі қарс айрылу. Тура мағынасы:  адам жүрегінің тілім-тілім 
болып жұлынып кетуі. Бұл сөз біреу-міреуге жанға батар сөз айтылса, 
есіркеу  сезімі  туылған  жағдайларда  айтылады.  Орыс  тілінде  бұл  мақал 
былай:  Жүрек  қанға  толы.  Жүрек  қақ  айырылды.  Тура  мағынада 
айтылған сияқты болып көрінгенімен, мақал мен мәтелдердің мағынасы 
тереңде.  Өйткені,  әр  халық  жан  дүниесін  сезім  арқылы  жеткізген. 
Нәтижесінде мағынасы жағынан біркелкі болатын, балама мәні бар ойға 
жатқызылады. 
Ақбала бұл таңды ұйқысыз атырды. Ауық-ауық тынысын тереңнен 
тартып жүрегі қарс айрыла күрсініп қояды. (Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан 
мен тер» трилогиясы ). 
Адамдардың  толықтай  ұқсастығы  немесе  көзқарастарының  бірдей 
болуын  мақұлдайтын,  міңездеме-салыстыруды  қарастырғанда  қазақ 
халқының мақалдарына жүгінуге болады: ағама женгем сай, апама жездем 
сай. Тура мағынасы: ағама өзінің жары, ал апама сүйіп қосылған жары 
ұқсайды.  Орыс  фразеологизмы  екі  адамның  ұқсастығын  ғана  көрсетіп 
қоймай,  оларға  деген  теріс  қарым-қатынасты  да  білдіреді.  Қазақтарда 
болсын, орыстарда болсын, бірдей түсіндірме тең келеді. Біріне бірі сай. 
біреуі екіншісінен асқан. Ағама женгем сай, апама жездем сай демекші, 
өзіңе балаң да сайма-сай екен ғой. (ҚЕ). 
Қазақ пен орыс нақылдарының образды негізінде түйісетін жерлері көп. 
Адам міңезінің ерекшелігі әртүрлі. Бұл ерекшелікті бейнелейтін Фразеология 
да түрліше болып келеді. Мысалға, жағасы жайлау, төбесі қыстау. Тура 
мағынасы: барлығы үшін сүйеніш, бауырмал, сезімтал адам. Жаған 
жайляу, төбең қыстау аға едің, қалай шыдайын. Қасыңда мылтықты адамдар 
журген соң, қоштасуға жасырын келдім. (Ғабиден Мұстафин «Дауылдан 
кейін» романы). 
Биік шыңға ұшатын маңғаз мырза. Айтқаны өтіп, атқаны жетіп тұр. 
Тура мағынасы: айтқанының барлығын мүлтіксіз орындалып, атқан оғы 
дәл тиеді. Бұл сөз әдетте, лауазымы жоғары, беделі бар адамдарға айтылады. 
Маңғаз адам. Айтқаны өтіп, атқаны жетіп тұрғанда, сені бұл жерге келеді 
деген үш ұйықтасам ойымда жоқ еді. (АТ) Сені бұл жерден кездестіремін 
деп ойламаппын, маңғазданып кетіпсің ғой.
Мәтел Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда. Бірақ аяғыңды 
етігің қысса, дүниенің кеңдігінен не пайда? (М. Ә. Шығ.) Егер жан-жақтан 
қысым көрсең, жер жаһанның кеңдігінен не пайда? Еңбек етсең ерінбей, 
тояды қарнын тіленбей. Ықтиярлық пен еңбек барлығын женбек. Еңбек 
етпеген, тамақ жемеген. Қазақта Табан ақы, маңдай тер. Тура мағынада: әр 
басқан қадамына ақы төлеу, маңдайдан терің сорғалау. Адал еңбекпен тапқан 
нан әрқашан тәтті болмақ. 
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
Кожахметова, Х. К., Жайсакова, З. Е., Кожахметова, Ш. О. Қазақша- 
орыша фразеологиялық сөздік. Казахско-русский фразеологический словарь. 
– Алма-Ата : Издательство «Мектеп», 1988. – 224 с.
Григорян, Л. Т. Язык мой – друг мой. Пособие для учителей. М. : 
Издательство «Просвещение», 1976. – 224 с.
3  Казахская  литература:  учебное  пособие  для  7  класса.  Сост.:  
Сариева К. Н., Махракова И. Р., Молдахметова З. Н., Ставицкая Н. Н. – 
Алматы : ЗАО «Жеті жарғы», 1999. – 312 с.
4  Солодуб,  Ю.  П.  Путешествие  в  мир  фразеологии,  Пособие 
для  учащихся  старших  классов  средней  школы.  –  М.  :  издательство 
«Просвещение», 1981. – 64 с.
5  Особенности  народной  педагогики  и  воспитания  представителей 
казахского этноса. Сборник. – М. : База знаний ALLBEST, сайт Allbest. ru, 
29.06.2010 г. - 38,1 К
20.01.16 баспаға түсті.
Н. К. Анафина
1
, Л. Н. Садыкова
2
, Д. Қ. Күнгозина
3
Сравнение казахских и русских пословиц и поговорок
1
Павлодарский государственный университет
имени С. Торайгырова, г. Павлодар;
2
СОШ имени К. Кеменгеров, Баянаульский район
Палодарская область; 
3
СОШ №21, г. Павлодар.
Поступило в редакцию 20.01.16.
N. K. Anafina
1
, L. N. Sadyaova
2
, D. K. Kungozina
3
Comparison of Kazakh and Russian proverbs and sayings

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
50
51
1
S. Toraighyrov Pavlodar State University;
2
K. Kemengerov School; 
3
School № 21, Pavlodar.
Received on 20.01.16.
Авторы  статьи  для  иллюстраций  употребления  пословиц 
и  поговорок  в  казахском  и  русском  языке  приводят  примеры  из 
художественных текстов, сравнивая полные эквиваленты, которые 
совпадают по своему содержанию.
Authors of article, for illustration of using proverbs and sayings in 
Kazakh and Russian languages, take the examples from art texts, compare 
comprehensive equivalents, which coincide in content. 
ӘОЖ 81’271; 82.085; 808.5
Н. Ә. Әміреев
1
, Л. Бегалиева
2
1
аға  оқытушы,  Педагогика  ғылымының  магистрі, 
2
ф.ғ.к.,доцент,  Алматы 
менеджмент университеті, Алматы қ.
e-mail: nurlan.amreev@mail.ru
ІСКЕРЛІК ҚАТЫНАСТАҒЫ ЖАЗУДЫҢ РӨЛІ
Мақалада іскерлік қарым-қатынас саласында ойды жазбаша 
жеткізудің  негізгі  қағидалары  мен  оны  іске  асырудың  әдістері 
қарастырылған. Автор серіктестермен жүргізілетін іскери қарым-
қатынастағы ойды ауызша жеткізу мен жазбаша хат алмасудың 
ерекшеліктеріне тоқталып, Кәсіби қазақ тілі сабақтарында оны 
студенттерге игертудің тиімді тәсілдерімен ой бөліседі.
Кілтті  сөздер:  іскери  қарым-қатынас,  келіссөз,  кәдімгі 
пирамида, төңкерілген пирамида, жазбаша ой.
Кімде-кім өзінің және өзі жұмыс істейтін ұйымның іскерлік қатынаста 
үлкен табыстарға жетуін негізгі мақсаты етіп қойса, онда ол іс қағаздарын 
жүргізу жүйесін де жан – жақты білуі қажет.
Басқа ұйымдармен іскерлік қарым-қатынас жүргізу барысында жеке 
басыңыздың абыройы болып табылатын сіздің сыртқы түр-тұлғаңыз, киім 
киісіңіз, сіздің іс-әрекетіңіз, сөйлеу мәнеріңіз табысқа жетудің бірден-бір 
кепілі бола алады. Алайда, өз ойыңызды жазбаша түрде жеткізе білу де 
сіздің абыройыңыздың өсуіне қажетті ең маңызды шарттардың бірі болып 
табылады. Сіздің жазбаша ойыңызды оқығанда адамдар нақты әрі түсінікті 
мәлімет  ала  білуі  шарт.  Жазуда  айтылатын  ойдың  нақты  әрі  түсінікті 
болуымен қатар жазу каллеграфияңыздың көркем, ойыңыздың әдеби тілде 
берілуі сіздің мәдениетіңіздің өлшемін көретеді [1, 98 б.].
Өз ойымызды ауызша жеткізу барысында әңгімелесіп отырған дамыңыздың 
сіздің сөздеріңізді қалай қабылдап отырғанын, сіздің ойыңызды қаншалықты 
дәрежеде түсінгендігін бірден бағалай аласыз. Әңгемелесушіңіздің ойыңыздың 
жақсы түсінгенін сезінесіз, сіз ойыңызды басқаша түрде құрып, тіпті әртүрлі 
ишараттар арқылы жеткізуге, қайталап, талдап түсіндіруге талаптанасыз. Ал 
ойды жазбаша жеткізуде сұхбаттасыңыз қасыңызда болмағандықтан мұндай 
өзгертулер жасай алмайсыз. Ал сіздің жазбаша мәлеметіңізді алған адамға оны 
өзінше талдауға, өзінше түсінуге тура келеді. Яғни, ол мәліметті алған адам оны 
өз түсінігінің деңгейінде қабылдайды. Ал бұл түсінік теріс болуы да мүмкін. 
Сондықтан ойды ауызша жеткізуге қарағанда, жазба түрде жеткізу басқаларға 
ойды берудегі дәлдіктікті, нақтылықты қажет етеді. 
Көптеген  жағдайда  басқа  ұйымдармен  хат  арқылы  қарым-қатынас 
жасау мәлімет алмасудың, істің шешімін табудың бірден-бір жолы болуы 
да мүмкін. Ойды жазбаша түрде жеткізе білу қатынасы сіздің адамдармен 
тіл табыса білу өнеріңіздің де өлшемі болып табылады.
Қағаз бетіне түскен сіздің жазба ойыңызға қарап сіздің жеке басыңыз, 
мінез- құлқыңыз жөнінде және сіздің өре-деңгейіңіз жайлы басқалардың 
қандай ойда болатындығы жайлы ой түюге болады.
Хат,  жаңалықтар  топтамасы,  мақала,  баяндама,  сауалнама,  әңгіме 
жазу кезінде олардың негізгі мәтінін құрастыруда мына төрт қағиданы есте 
ұстаған жөн: 
1. Мәтінде сіздің идеяңыз, ойыңыз, түсінік-пайымыңыз, көзқарасыңыз 
немесе  зерттеу  нысанаңыздың  негізгі  проблемалық  аспектілері  ерекше 
көрініс табуы тиіс; 
2. Мәтінді жазу барысында оны оқитын адамның неге қызығатындығы, 
оның қандай мәселеге ерекше мән беретіндігі ескерілуі шарт; 
3.  Сонымен  қатар,  сіз  жазып  отырған  адамыңыздың  (оқырманның) 
өмірдегі мақсатын, сенім-нанымын, жазылған мәтіннің тілін, айтатын ойын, 
түсіну қабілетін де назардан тыс қалдырмағаныңыз жөн;
4. Мәтінде автордың негізгі идеясы, айтайын деген ойы мен түсінігін 
жан- жақты жеткізе алатын тілдік құралдар арқылы оқырманға әрі нақты, 
әрі қарапайым түрде берілуі керек [2, 27 б.]. 
Кез келген жазба дүниені, мейлі ол әңгіме болсын, мейлі ол хат болсын, 
эссе, баяндама, іс қағаздары болсын, оны былай жазу керек деп нақты нұсқау 
беруге болмайды. Ол әр адамның ойлау деңгейіне, қарым-қабілетіне, ойды 
жазбаша түрде жеткізе білу шеберлігіне байланысты. Алайда, ойды жазбаша 
жеткізуде мына екі әдістің бірі үнемі қалданылып отырады: 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
52
53
1. Мұны төңкерілген пирамида әдісі деп те атайды. Бұл әдісте айтайын 
деген ойдың ең негізгі фактілерді алғашқы абзацта-ақ айтылады да, содан 
соң бұл фактілердің орын алу себептеріне жан-жақты талдау жасалынады. 
Мұнда оқырман істің қалай аяқталғанын бірден біледі де, оқиғаның басталу 
себептерін анықтауға, оған талдау жасауға деген қызығушылығы артады. 
2.  Бұл  әдісті  кәдімгі  пирамида  әдісі  деп  те  атайды.  Мұнда  оқиға 
мазмұнын оқырманға бірте-бірте, жан-жақты баяндауға мүмкіндік мол. Бұл 
үдеріс барысында кейіпкерлер туралы кең көлемде мәліметтер, олардың 
іс-әрекет үстіндегі бейнелері, оқиғаның орны, шығу себептері жайлы оқиға 
желісін ширықтыра, шарықтау деңгейіне дейін суреттей аламыз. Бұл әдістің 
тиімділігі – оқиға желісінің даму барысы арқылы оқырманның оқиғаның 
қалай  аяқталуын  білуге  деген  құштарлығын,  ынтызарлығын  ояту.  Бұл 
әдіс  шығарма,  мақалалар  жазуда  кең  түрде  қолданылып  келеді.  Кәдімгі 
пирамида әдісі бойынша жазылған көркем шығармалар оқиғасы қарапайым 
хронологиялық жүйе бойынша беріледі [3, 18 б.]. 
Жазылған мәтінді оқу барысында әрбір адам сол мәтіннен қарапайым 
алты  сұраққа  жауап  алғысы  келеді.  Ол  сұрақтар:  «кім»,  «не»,  «қашан», 
«қайда», «неліктен», «қалай». Бұл сұрақтардың мәнін ашуда әрбір жазушы, 
журналист  өз  қызметінің  алғашқы  сатысында-ақ  бетпе-бет  ұшырасады. 
Сондықтан  кез  келген  жазба  дүниеде  осы  сұрақтардың  жауабы  болуы 
шарт. Енді осы сұрақтар мәтінде қандай мағынада көрініс табуы керектігін 
қарастырып көрелік.
Кім? Көптеген жазбаша хабарламаларда, шығармаларда белгілі бір адам 
немесе халық туралы айтылады. Ол кім, оның қызмет саласына байланысты 
деректер, оның осы оқиғаға қатысына әсер еткен жағдайлар туралы жан-
жақты, толық мәлімет беріледі. 
Не? Не, қандай оқиға болып жатыр? Біз не туралы жазып отырмыз? 
Біздің жазған дүниемізден оқырман нені пайымдауы мүмкін? 
Қашан? Бұл оқиға қашан болды немесе қашан болады? Оқырманның 
бұл  туралы  іс-әрекетін  қашан  білуге  болады?  Ол  қашан,  не  айтады,  не 
істейді? Қашан жауап әрекетке көшуіміз керек? «Қашан»: сұрағы көптеген 
жағдайларда іскерлік қатынаста маңызды рөл атқарады. Мысалы: іскерлік 
кездесулер  мен  келіссөздерді  белгілеу,  бастығыңыздың  қашан,  қайда 
іссапарымен баратынын, келетінін жоспарлау т.б. с.с.
Қайда? Бұл оқиға қайда болды немесе болады? Сіз ол адаммен қайда 
кездесесіз? Сізге осы хатты (хабарламаны, мәтінді) жазып отырған адам 
қазір қайда? Қайда кетті, қайда бармақ, ол қазір қайда тұрады?
Неге, неліктен? Бұл жағдай неліктен болды, неліктен болмақ, неліктен 
болуға тиіс немесе неліктен болмайды? Осы мәселеге байланысты неліктен 
сіз солай істеуіңіз, айтуыңыз, сезінуіңіз қажет? Неліктен басқа адамдар оны 
басқаша қабылдауы тиіс? Неліктен бұл жүзеге аспады, орындалмады?
Қалай? Оқиға қалай болды? Оқиғаға байланысты жауап әрекетті қалай 
жасау керек? Оқиға сізге қалай әсер етті? Басқаларға қалай әсер етеді деп 
ойлайсыз? [4, 72 б.].
Сіздің жазба жұмысыңызда (эссе, баяндама, шығарма, хат, хабарлама, 
сөз)  осы  сұрақтарға  жауаптың  болуының  өзі-ақ  сіздің  айтайын  деген 
ойыңызды  оқырманның  бірден  түсінуіне,  дұрыс  қабылдауына  жәрдемін 
тигізеді. 
Хат, аңдатпа, шығарма, эссе жазуда, сауалнама толтыруда және т.б. әрбір 
жазба материалдарын сәтті жазу үшін, әр мәтінді құруға кірісер алдында оған 
негіз болатын мынадай төрт қағидатты есте ұстаған орынды:
1. Жазып отырған материалыңыз жолдайтын адамыңыздың назарын 
аударатындай болсын;
2. Жазылған материал оның қызығушылығын арттыратындай болуы 
керек;
3. Оқырманыңыздың талап, тілегін естен шығармаңыз;
4.  Олардың  мүддесін  ескере  отырып,  олардың  қажетті  іске  деген 
әрекетіне қоғау салуды есте ұстаған жөн [5,67].
Жазып отырған мәтініңіздегі ең қажетті, үнемі есте ұстайтын нәрсе – 
жазбаша қарым-қатынаста сіздің нені жазып отырғаныңызда емес, оны оқып 
отырған адамның іс-әректіне қозғау салу, оған бағыт-бағдар беру негізгі 
мақсат  болуы  шарт.  Бір  сөзбен  айтқанда,  оқырманның  назарын  аудару 
үшін  олардың  мүделлері  мен  тілектерін  ескере  отырып,  оларды  жауап 
әрекетке итермелеу. Бұл қағидаттарды ұтымды пайдалану сіздің жазаған 
сөзіңіздің басқаларға әсер ету күшін арттырады және көздеген мақсатыңызға 
жетуіңіздің  кепілі  бола  алады.Сіз  өзіңіздің  жазбаша  жеткіземін  деген 
ойыңызды жазуға кіріспес бұрын, нені, қалай жазу керектігін, оның негізгі 
жоспарын жасап алуыңыз қажет.
Сіз жазайын деп отырған жұмысыңыздың жоспарын жан-жақты, ойыңызды 
толық ашатын күрделі жоспар түрінде немесе ойыңыздың ең маңызды тұстарын 
қамтитын қысқа шағын жоспар түрінде де құруыңызға болады.
Жоспар қандай түрде болса да, біз жоғарыда атаған алты сұраққа жауап 
беретіндей белгілі бір жүйемен жасалуы тиіс. Сонда ғана дұрыс құрылған 
жоспар негізінде сіз айтайын деген ойыңыздың жазбаша түрдегі нұсқасын 
жан-жақты ашып көрсетуге қол жеткізе аласыз.
Жоспарда қамтылатын әрбір бөлім бір-бірін толықтырып тұратындай 
жүйелі бірізділікпен түзілуі тиіс. Әрбір келесі бөлім алдағы бөлімде айтылған 
ойдың жалғасы болып, оны әрі қарай дамытып отыруы шарт. Әрбір бөлімде 
айтылған, жазылған ой толық және түсінікті болсын. Сіздің жоспарыңыз 
бастапқыда оқырманға жеткіземін деген ойыңызды белгілі бір тәртіппен 
толық және нақты жеткізе алатындай, бүкіл жазылған материал мазмұнын 
ашып көрсететіндей ескерттелер жиынтығы іспетті болуы қажет.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
54
55
Жоспар әр бөлімде айтайын деген ойыңызды қысқаша бір-екі сөйлеммен 
берілген нұсқасы, кейде әрбір негізгі тоқталатын ойға қойылатын тақырып, 
тақырыпшалар болуы да мүмкін.
Жазылатын материалды кең түрде жоспарлауда шартты түрде мына 
қағидаларды ескерген тиімді болмақ:
1. Әрбір негізгі ойды білдіретін бөлімдерге тақырып, тақырыпшалар қою;
2. Оқырманға жеткізілетін негізгі ойдың түйіні;
3. Пайдаланылған мәлімет көздерін көрсету;
4. Өзіңіз пайдаланған материалдарды негіздеу;
5. Пайдаланатын дәйек сөздер мен сілтемелерді іріктеу;
6.  Көрнекілікпен  түсіндіру  мүмкіндіктерін  қарастыру  (кесте,  сызба 
үлгілері) [1, 38 б.].
Егер сіз айтайын деген ойыңызда не нәрсеге баса мән беру керектігіне 
жеке  тоқталғыңыз  келсе,  онда  айтылытын  әр  ойға  жеке  арнайы  жоспар 
жасағаныңыз дұрыс. Мұндайда сіздің жоспарыңыз жалпы жазылуға тиісті 
материалға жасалған жоспарды толықтырып тұратын кең көлемді жоспар 
болып шығады. 
Сондықтан жазбаша материалды оқырманға жүйелі түрде жеткізуге 
жәрдемін тигізетін, өз көзқарасыңызды ұтымды жеткізуге септігі болатын 
жоспар үлгісін таңдап және сол жоспарды басшылыққа ала отырып жазуға 
отырыңыз. Дұрыс құрылған жоспар, мейлі ол жай жоспар болсын, мейлі ол 
күрделі жоспар болсын, сіздің ойлаған мақсатыңызды жүзеге асыруға кепіл 
бола алады [3, 36 б.].
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Джон Шестера. Деловой этикет – М. : «Гранд», 1999. –182 с.
2 Деловой этикет – Киев : «Альтерпрес», 1998. – 148 с.
3 Психология и этика делового общения. – М. : «Юнити», 1997. – 126 с.
Формановская, Н. И. «Речевой этикет и культура общения». – М. : 
«Высшая школа», 1989 – 151 с.
Уәлиев, Н. Сөз мәдениеті. – Алматы: Мектеп, 1984. – 119 б.
Сыздық, Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық // 
Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана : Елорда, 2001. – 230 б.
15.02.16 баспаға түсті.
Н. А. Амреев, Л. Бегалиева
Письмо – отражение мысли
Алматинский университет менеджмента, г. Алматы.
Поступило в редакцию 15.02.16.
N. Amreev, L. Begalieva
Role of the business letter’s relationships 
Almaty Management University, Almaty.
Received on
 15.02.16.
В  статье  рассматриваются  основные  методы  реализации 
официально-делового  письма  в  сфере  делового  общения.  Автор, 
анализируя  особенности  письменного  делового  общения  между 
деловыми  партнерами,  рассматривает  эффективные  способы 
овладения письменной деловой речью студентами на занятиях по 
профессиональному казахскому языку.
There  are  reviewed  the  main  methods  of  official  business  letter 
realization in the business communication sphere in the article. The author 
analyzes the features of written business communication between business 
partners  and  considers  effective  ways  of  taking  possession  of  written 
business speech on the lessons of professional Kazakh language by students.
ӘОЖ 81. 1 
С. С. Әубәкір
1
, А. Қ. Трушев
2
1
магистрант, 
2
д.ф.н.,профессор,  С.  Торайғыров  атындағы  Павлодар 
мемлекеттік университеті, Павлодар қ.
e-mail: samal_aub@mail.ru
ТІЛ ЖӘНЕ ОЙЛАУ
Берілген  мақалада  тіл  және  ойлау  арасындағы  байланыс 
және олардың теориялық тіл білімінің ең күрделі мәселесі ретінде 
қарастырылған. 
Кілтті сөздер: психикалық үрдіс, тілдік бірлік, лингвистика, 
абстракция, дыбыс.
Тіл  және  ойлау  –  бір-бірінен  өзінің  мәні,  өздік  белгілерімен 
ерекшеленетін, қоғамдық қызметтің өз ара тығыз байланысты екі түрі. Қазіргі 
заманда бұл мәселемен әр түрлі ғылым саласындағы ғалымдар айналысуда.
Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше 
ғылым  айналысады.  Бұлардың  ішінде  логика  мен  психологияның  орны 
ерекше.  Психология  түрлі  жас  мөлшердегі  адам  ойының  пайда  болуы, 
дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
56
57
заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен 
заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып 
табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау 
ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың 
білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Тіл  дегеніміз  –  сөздік  белгілердің  жүйесі.  Ал  белгі  –  шындық  пен 
болмысты білдіретін бөлшек. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткіземіз. 
Ақыл-ой жетістігі болып табылатын, ақиқат, өмірдің бейнелуін қамтамасыз 
ететін ең жоғарғы таным-түйсік адамға ғана тән және ол-сөйлеу актісімен 
тікелей байланысты форма. Яғни адамдар бұл бейнелерді қалыптастыруда 
тілді пайдаланады, бір-бірімен қарым-қатынасқа тіл арқылы түседі, бейненің 
бар болмасын суреттеу үшін, бір-біріне жеткізу үшін тілдік блоктарды түзеді. 
Тіл  мен  сөйлеу  жайындағы  ғалымдардың  пікіріне  келсек,  ерекше 
концепция Ф. де Соссюрдің тұжырымы . Оның пікірінше, тіл дыбыстың өзі, 
дыбысталу. Яғни, тіл – барлық дыбыстық таңбалардың жиынтығы болса, 
сөйлеу – дыбысталудың жиынтығы. Ғалым «Язык – это система знаков 
и правил их комбинрования; речь же это использование нашей языковой 
систсмы в целях общения» [2]. Ф. Соссюр тілмен сөйлеуді ажырата келіп, 
олардың әрқайсынына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді. 
Тіл – әлеуметтік , ал сөйлеу –жеке құбылыс. Тіл мен ойлаудың өзара 
байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге 
философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің 
бірі  болып  саналады.  Дыбыстық  тіл  де,  абстракті  ойлауда  адамға  тән 
құбылыстар. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшелігі көрінеді. Ой 
тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының 
сәулелендіруші  әрекеті  арқылы  тілдік  единицалар  объективті  дүниенің 
заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі,мұнсыз адамдардың 
бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасауы мүмкін болмаған болар еді. 
Адамның ой тіл арқылы тілдегі сөздер және олардың тіркесі арқылы 
айтылыды да, материалдық формаға енді. Ойлаудың туып жасалуында тілдің 
ролі айрықша зор.
Белгілі  бір  тілдің  дыбыстық  комплекстері  ойлауда  сәулеленетін 
объективті  дүниенің  элементтерінің  сигналдары  ретінде  қызмет  етеді 
де,бұл  дыбыстық  комплекстерде  адам  танымының  нәтижелері  орнығып 
бекітіледі,ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. 
Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде, ал тіл мен ойлаудың 
байланысы  бірлік  ретінде  сипатталады.  Тілдің  шығуы  мен  абстракті, 
жалпылаушы ойлаудың шығуы туралы мәселелер өз ара тығыз байланысты. 
Мұны И. П. Павловтың екінші сигнал жүйесі туралы ілімі дәлелдей түсті. 
Ол екінші сигнал жүйесі адамның пайда болуымен байланысты туды және 
осымен байланысты жалпылаушы ойлау да пайда болды дейді. «Тегінде 
айналадағы дүниеге барып тірелетін біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз егер 
біз үшін шындық өмірдің бірінші сигналдары, нақтылы сигналдары болып 
табылатын болса, онда тілдің өзі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын 
ең алдымен кинэстезикалық тітіркенулер, екінші сигналдар, сигналдардың 
сигналдары болып есептеледі.
Түйсіктер,  сондай-ақ  қабылдау  мен  елестері  образдары  дүниедегі 
заттардың,  құбылыстардың  және  олардың  сапа,  қасиеттерінің  сезім 
мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Ал жалпылаушы 
және абстракті ойлау сыртқы дүниенің сезім мүшелері арқылы бізге жететін 
деректеріне, әсеріне сүйенгенімен, оның ұғым, байымдау және т.б. түрде 
болатын  нәтижелерінің  өздері  сәулелендіретін  объективті  шындыққа 
қатысы  жанама  түрде  болады.  Әрбір  ұғым  заттар  мен  құбылыстардың 
және  т.б.  бүтіндей  тобын  олардың  жалпы  және  басты  қасиеттерінде 
бейнелей отырады да, сол топтағы әрбір затқа, құбылысқа және т.б. тән 
индивидуальды қасиеттерден дерексізденеді. Кез-келген халықтың таным 
мен ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады және ол тек қана 
сол  ұлттың  тарихын,  мәдениетін  ғана  емес,  оның  өркениетін  құрайтын 
талғамдар  жиынтығын,  өмір  сүру  әдісін,  руханият,  ділдік,  материалдық 
саладағы қол жеткен жетістіктерін де белгілейді. Сол себепті тіл тек таным 
мен ойдың вербалдануы қызметін ғана атқарып қоймай, сонымен бірге ол 
тарихи,  мәдени,  өркениеттік  құндылықтарды  сақтап,  ұрпақтан  ұрпаққа 
жеткізіп, танытушы.
Бізді қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстар, олардың әр түрлі 
белгілері, бір-бірімен қарым-қатысы адам санасында ойлаудың әр түрлі 
формалары (ұғым, байымдау) түрінде бейнеленеді де, соңғылар тілде сөздер 
және сөйлемдер арқылы айтылады, осылар арқылы баянды етіледі. Адам 
санасында шындық өмірдің бейнеленуі тілсіз іске асуы мүмкін емес. Тіл 
біздің ойымызды білдіре және баянды ете отырып, бізді қоршаған шындық 
өмір жайындағы білімімізді сақтаушы болып есептеледі. Тіл объективті 
дүниедегі заттар мен құбылыстар, олардың сапа, белгілері және бәр-бірімен 
қарым-қатынасы туралы қандай бір ойды болса да айтып жеткізуге икемді 
болады. 
Тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланыста болады дегенде, тілдегі 
категорияларының  өз  ара  байланысы,  арақатысы  ескеріледі.  Мысалы, 
тілдегі сөз логикалық категория – ұғыммен тығыз байланыста болса, сөйлем 
байымдаумен (суждение) тығыз байланыста болады.
Сөз  бен  ұғым  бірлікте,  өз  ара  тығыз  байланыста  болады  дегеннен 
бұл екеуі бір-бірімен тепе-тең екен деген түсінік тумауға тиісті. Олардың 
арасындағы айырмашылықтары мыналар: кейбір ұғымдар жеке сөздермен 
емес, сөздердің тіркестерімен айтылады; фразеологиялық сөз тіркестерінің 
құрамындағы кейбір ұғымдар жеке сөздермен емес, сөздердің тіркестерімен 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
58
59
айтылады;  фразеологиялық  сөз  тіркестерінің  құрамындағы  кейбір 
сөздер ұғымды өздігінен емес, тек тұрақты сөз тіркестерінің құрамында 
қолданылғанда  ғана  білдіре  алады.  Бірнеше  мағынаны  білдіретін  бір 
сөздің өзі әлденеше ұғымды білдіруі мүмкін. Сөз кейде ұғымды ғана емес, 
байымдауды да білдіруі мүмкін. Мүндай жағдайда сөз сөйлем ретінде қызмет 
атқарады. Бұл айтылғандардың бәрі де сөз бен ұғымның тепе-тең емес, бірақ 
өз ара байланысты екендігін көрсетеді.
Ойлаудың  тілмен  тығыз  бірлікте  болатынын  ойлау  формаларының 
бірі – байымдаудың сөйлеммен байланысынан да көруге болады. Тілдің тіл 
болуы үшін ең қажетті фактор – ойлау, пайымдау екені белгілі. Адамның 
ми қабатында жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады, сөйлеу арқылы 
неше мәрте айтылса да белгілі бір сөйлеу жүйесіне бағынбаса, түсініксіз 
болады. Ой тілге әсер етеді, тіл сөзге әсер етеді, сөзден сөйлеу пайда болады.
Тіл-тұрақты және ұзақ өмір сүретін процесс, ал сөйлеу – тұрақсыз және 
жиі өзгеріп отырады.
Тіл адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын үдеріс, ал 
сөйлеу әркімнің өзі дамытып отыратын үдеріс.
Тіл – психикалық құбылыс, ал сөйлеу - психофизикалық құбылыс.
Осылайша, тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, олардың өзара 
тығыз байланысты екенін де атап өтеді.
Қазақ лингвистикасында тіл мен сөйлеуге қатысты мәселелерді анықтап, 
олардың айырмашылықтарын көрсетуге тырысқан тілші – Т. Р. Қордабаев. 
Ол: «сөйлеу дегеніміз – тілді қатынас жасау процесінде өз ойын басқаларға 
білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз», – [3, 87] дей 
келіп, тіл мен сөйлеу бір-бірімен ажырамас бірлікте – деп көрсетеді.
Тілсіз ойлаудың болмайтындығы, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетіндігін, 
яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді. 
Ф. де Соссюр ойды тілдің семантикасымен теңдестіре отырып, тілді 
қағазбен былайша салыстырады: «Ой дегеніміз, сол қағаздың бет жағы, ал 
дыбыс – астыңғы жағы, егер қағаздың бет жағын, астыңғы жағын бүлдірмей 
кесіп алуға болмайтыны сияқты, тілде де дыбыстан, дыбысты ойдан бөліп 
алуға болмайды. Мұны тек абстракциялық түрде ажыратуға болады» – дейді.
Тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланыста болады дегенде, тілдегі 
категорияларының  өз  ара  байланысы,  арақатысы  ескеріледі.  Мысалы, 
тілдегі сөз логикалық категория – ұғыммен тығыз байланыста болса, сөйлем 
байымдаумен (суждение) тығыз байланыста болады.
Сөз  бен  ұғым  бірлікте,  өз  ара  тығыз  байланыста  болады  дегеннен 
бұл екеуі бір-бірімен тепе-тең екен деген түсінік тумауға тиісті. Олардың 
арасындағы айырмашылықтары мыналар: кейбір ұғымдар жеке сөздермен 
емес, сөздердің тіркестерімен айтылады; фразеологиялық сөз тіркестерінің 
құрамындағы кейбір ұғымдар жеке сөздермен емес, сөздердің тіркестерімен 
айтылады;  фразеологиялық  сөз  тіркестерінің  құрамындағы  кейбір 
сөздер ұғымды өздігінен емес, тек тұрақты сөз тіркестерінің құрамында 
қолданылғанда  ғана  білдіре  алады.  Бірнеше  мағынаны  білдіретін  бір 
сөздің өзі әлденеше ұғымды білдіруі мүмкін. Сөз кейде ұғымды ғана емес, 
байымдауды да білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда сөз сөйлем ретінде қызмет 
атқарады. Бұл айтылғандардың бәрі де сөз бен ұғымның тепе-тең емес, бірақ 
өз ара байланысты екендігін көрсетеді.
Ойлаудың  тілмен  тығыз  бірлікте  болатынын  ойлау  формаларының 
бірі – байымдаудың сөйлеммен байланысынан да көруге болады. Тілдің тіл 
болуы үшін ең қажетті фактор – ойлау, пайымдау екені белгілі. Адамның 
ми қабатында жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады, сөйлеу арқылы 
неше мәрте айтылса да белгілі бір сөйлеу жүйесіне бағынбаса, түсініксіз 
болады. Ой тілге әсер етеді, тіл сөзге әсер етеді, сөзден сөйлеу пайда болады.
Тіл – тұрақты және ұзақ өмір сүретін процесс, ал сөйлеу – тұрақсыз 
және жиі өзгеріп отырады.
Тіл адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын үдеріс, ал 
сөйлеу әркімнің өзі дамытып отыратын үдеріс. 
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 
1 Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. – Алматы, 
2009.
2  Соссюр,  Ф.  Труды  по  языкознанию.  Перевод  под  редакцией  
А. А. Холодовича. – М. : «Прогресс», 1977.
3  Қордабаев,  Т.  Р.  Жалпы  тіл  білімі.  –  Алматы  :  Ы.  Алтынсарин 
атындағы Қаз. білім акад. Респ. баспа каб., 1999. – 195 б.
30.12.15 баспаға түсті.
С. С. Аубакир, А. К. Трушев

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет