Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года


МӘДEНИEТAРAЛЫҚ ҚAТЫCЫМ ТҰЛҒACЫН ҚAЛЫПТACТЫРУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет101/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   222
МӘДEНИEТAРAЛЫҚ ҚAТЫCЫМ ТҰЛҒACЫН ҚAЛЫПТACТЫРУДЫҢ 
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Аңдатпа 
Бұл мақалада мәдениетаралық қатысым, құзырет ұғымдарының ара қатынасы беріледі. 
Сонымен бірге мәдениетаралық қатысым тұлғасы мен мәдениетаралық құзыретті 
қалыптастырудың тиімді жолдары және мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілік 
құрамында мәдениетаралық қатысым деңгейін қалыптастыратын, оқыту жүйесін 
бейнелейтін субкомпетенциялар қарастырылады. Мәдениетаралық құзірeт тілдік тұрғыдa 
зeрттeліп, көптeгeн eңбeктeрдің ныcaны бoлғaн, бірaқтa бұл ұғымды aнықтaудa түбeгeйлі 
нeгіздің бoлмaуы, зeрттeу жұмыcы тaқырыбының қaншaлықты өзeкті eкeнін көрceтeді. Тілдің 
қaндaй дa бір мaңызды қызмeті ол мәдeниeттің тілдeгі әceрі, мәдениет тілде көрініc тaбaды, 
coл aрқылы пaйымдaлaды. Шeтeл тіліндe қaрым-қaтынac жacaу бaрыcындa қaлыптacқaн 
мәдениетаралық құзірет дaғдылaры бoлaшaқ мaмaн тұлғacын қaлыптacтырудың қaжeтті 
aлғы шaрттaрының бірі бoлып тaбылaды. Eң нeгізгі құндылықтaрды мeңгeргeн, мәдeниeті 
жoғaры, өмір cүругe қaбілeтті, біліктіліктeрі мeн іcкeрліктeрі қaлыптacқaн мәдeниeтaрaлық 
қaрым-қaтынac cубьeктіcін қaлыптacтыру зeрттeудің өзeктілігі бoлып тaбылaды.
Түйін сөздер:
қатысым, құзырет, мәдениетаралық қатысым, субқұзірет.
К
іріспе.
Тіл – адамзаттың баға жет-
пес құндылықтарының бірі. Ол- 
адамзат арасындағы қарым-қатынас пен 
болмысты танудың басты құралы ғана 
емес, қоғамдағы мәдени-рухани, тарихи 
өзгерістердің куәсі және сол ақпараттарды 
бойында сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа 
жеткізуші құрал. Тілдік зерттеулер негізінен 
екі бағытта жүргізіліп келеді: бірі-тілді 
басқа ғылым салаларымен (психология, 
мәдениеттану, әлеуметтану, философия, 
елтану) байланысты зерттеу; екіншісі тіл-
дің құрылымдық жүйесін тереңірек және 
ұлттық тілдің табиғатын толық ашып 
көрсету мақсатындағы тілдік бірліктердің 
тұлғасы мен мазмұндық жағын, олардың 
арақатынасын тілдің өз заңдылықтары 
тұрғысынан қарастыру. Өмірдің жаңа та-
лабына сәйкес маман даярлау түбегейлі 
өзгеріске түсіп отыр. Қоғамға тек маман ғана 
емес мәдениетаралық қарым-қатынасқа түсе 
алатын құзіретті маман қажет. Сондықтанда 
тіл үйренушінің санасында қалыптасқан 
өзінің төл мәдениетінің негізінде тілін 
үйреніп жатқан елдің мәдениеті арқылы, сол 
шет тілін меңгереді.
Тіл мен мәдениет ұғымдарының бай-
ланысы қазіргі кезде көптеген зерттеу ең-
бектерінде жаңаша қырынан танылуда. Тіл 
– ол тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы 
емес, ол адам өмірінің материалдық және 
рухани мәдениетінің сол ұрпаққа тән тума 
қасиеттерін жинақтаушы, сақтаушы құрал. 
Мұны тілдің кумулятивтік қасиеті деп та-
нимыз. Тілдің тағы бір қоғамдық қызметі-
әлеуметтік өмірде адамдарды жеке тұлға 
ретінде, ұлт өкілі ретінде қалыптастыру. 
Мәдениет қоғамдық фактор, бірақ оның 
мәдени тұғырға көтерілуіне әлеуметтік 
ортаның ықпалы зор, өйткені бір этностың 
мәдениеті екінші халыққа оның тілдік 
деректері арқылы баяндалады. Тілдік дерек-
тер деп отырғанымыз мәдениетті сипаттау-
шы сөз символдары мен тілдік таңбалар [1]. 
Ендеше жоғарыда аталған мәдениет ұлттық 
менталитет заңдылықтарының түп негізі тіл 
қасиетінде көрініс табады. Мәдeниeтaрaлық 
қaтыcым тұлғacын қaлыптacтыру қазіргі 
кезеңде шетел тілдерін оқытудың негізгі 
мақсатын құрайтын, мәдениетаралық байла-
ныс құзіретін негізгі бөліктерінің бірі болып 
табылады.
Мәдениетаралық байланыс құзіретінен
басқа жекеленген пәндік салалар шеңберінде 
пәндік құзыреттілік қарастырылады, яғни 
оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше 
білім, іскерлік, дағды ерекшеленеді. Негізгі 
және пәндік құзыреттіліктің білім берудің 
нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, 
шынайы және уақыты анықталған болуы 
қажет [2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет