Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года


Оқушы тұлғасының моральдық-еріктік қаситеттерін қалыптастырудың ғылыми-



Pdf көрінісі
бет35/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   222
Оқушы тұлғасының моральдық-еріктік қаситеттерін қалыптастырудың ғылыми-
теориялық негіздері
//Педагогика және психология, № 2(35), 2018, Абай атындағы КазҰПУ. 
Жалпы білім беретір мектепте өз әрекеттері мен жолдастарының мінез-құлықтарына 
жауапкершілік, жалпы табыстылығына терең қызығушылық, ерік-жігері, жоғары 


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
Педагогиканың және психологияның әдіснамасы мен теориясы/
Методология и теория педагогики и психологии /Methodology and theory of pedagogyand psychology
42
43
тұжырымдамасы ғылыми қауымдастықтың 
назарында болып, мәні жағынан оның «өмір 
бойы білім алу» идеясына жақындау екенін 
және алғашқыда балалар мен ересектерге 
арналған білімнің бірлігі идеясы ұсынғанын 
анықтады. «Continuing education» термині 
қолданылмайтын Ұлыбританияда формал-
ды білім жүйесі шеңберінде кәсіптік білімді 
жалғастыру, кәсіптік салада білімдерді, 
практикалық дағдыларды және құзыреттерді 
жетілдіру, техникалық прогресс тудырған 
өзгерулерге бейімделу, бұрынғы алған 
мамандықтың ескіру жағдайында басқа 
мамандықты меңгеру ретінде түсіндіріледі 
және бүкіл еңбекті өмір барысында 
қолжетімділікпен сипатталады. Уақыт өте 
келе «жалғастырылған білім» термині «ере-
сектер білімі» деген ұғымға дейін жетті.
Jarvis P. «Adult and Continuing Education: 
Theory and Practice» атты еңбегінде «The term 
"adult education" carries specific connotations 
in the United Kingdom which imply that it is 
specifically liberal education, and this also has a 
stereotype of being a middle-class, leisure time 
pursuit» [5], – деп атап көрсетеді. «Ересектер-
ге арналған білім» термині Ұлыбританияда 
ерекше коннотациялық мағынаға ие, яғни 
білім бердің мұндай түрін либералды білім 
ретінде қарастырады; сонымен қатар аталған 
білім түрі көбінесе орта тап өкілдерінің бос 
уақытын өткізуіне бағытталған деген сенім 
бар.
Ересектерге арналған білім шетелдік ан-
драгогикада келесі философиялық қағидат-
тарға негізделеді: 

ересек адамның мінез-құлқы белгілі бір 
дәрежеде өзгеруі мүмкін; 

ересектерге арналған білім беру адам-
дардың кемелденіп өсіп-жетілуі мен ақыл 
тоқтатуына көмектесуі қажет; 

ересектерге өздерінің ересек өмірінің 
түрлі қырларына, яғни саяси, кәсіби, мәдени, 
рухани жақтары мен денсаулығына жауапты 
әрекет ету мүмкіндігі берілуі керек; 

ересектерге неғұрлым табысты азамат 
болу міндеті жүктеледі;

ересектердің жүзеге асырылмаған мүм-
кіндіктері мол, сондықтан олар өздерінің 
ашылмаған шығармашылық әлеуеттерін 
тиімді пайдаланулары тиіс; 

әрбір саналы ересек адам белгілі бір 
білім мен дағдыларды үйренуге қабілетті; 

әрбір ересек адамға өзінің интеллектуал-
ды қабілеттерін тиімді пайдалануына көмек-
тесуге болады; 
– 
ересектер өсіп-жетілуі мен кемелденуі 
үшін қауымдастықта бірге өмір сүрулері 
қажет және оны қалай жүзеге асыру керек-
тігін білуілері тиіс; 
– 
әрбір ересек адам өзін сындарлы (конс-
труктивті) және шығармашылық түрде біл-
діру үшін барынша тырысуы керек; 

дәстүрлі оқыту процедуралары мен 
оқу құралдары әдетте талаптарға сай келе 
бермейді; 

бостандықты, тәртіпті және жауап-
кершілікті түсіну таланттың ашылуы мен 
өнімділігін арттыруына мүмкіндік береді; 

еркіндік, тәртіп пен жауапкершілік 
сияқты өмірлік маңызды ұғымдарды түрлі 
жігерлендіруші әрі рухтандырушы пәндердің 
көмегімен тәжірибе жүзінде меңгеру арқылы 
түсінуге болады; 

еркін немесе демократиялық бо-
лып есептелетін қоғам өз азаматтарының 
түгелдей дерлік үздіксіз білім алуына баса 
назар аударуы тиіс, сонда ғана ол қоғам 
өз еркіндіктерін тиімді пайдалана алады; 
оқу тәжірибесіне қатысатын әрбір ересек 
адам әріптестері мен әкімшілермен бірге 
өз алған тәжірибесіне диагностика жасауға, 
жоспарлауға, тәжірибе жүргізуге және 
оның нәтижелерін бағалауға көмек көрсету 
мүмкіндігіне ие болуы шарт; 

өркениет процесі эволюциялық үдеріс 
болып табылады және осы процесте белсен-
ді рөл атқаратын ересектердің саны мен 
интеллектуалдық сапасына қарай ұдайы өсіп 
отырады; 

көптеген ересектер білім беруді тек мек-
теппен байланыстырады;

мінез-құлықтың өзгеруіне бірден-бір 
себеп болатын ересектерге білім беру кез 
келген жерде орын алуы мүмкін, мысалы, 
үй жағдайында, діни мекемелерде, жұмыста 
және т.б.; 

ересектерге білім беру аясында қолданы-
латын құралдардың да нәтижелері сияқты 
маңызы зор; 
білім алу», «үздіксіз білім», «ересектерге арналған білім», «ересектерді оқыту», «қосымша 
ересектерге арналған білім», «қосымша кәсіптік білім» ұғымдарының мәні ашылып 
көрсетіледі. Шетелдік және отандық андрагогикадағы әдіснамалық қағидалар жүйесіне 
талдау жасалады. Әр түрлі әлеуметтік және мәдени контекстегі андрагогикалық білімнің 
бағыттары, заңдылықтары мен ұстанымдары сөз болады. Үздіксіз білім тұрғысынан ере-
сектерге арналған білімнің әдіснамасын дамытудың әлеуметтік-экономикалық және 
мәдени алғышарттары айқындалады. Андрагогикалық білімнің әдіснамасын зерттеудің ба-
сым бағыттары мен пәндік аймағы көрсетіледі. Мақалада Қазақстанның үшінші жаңғыру 
контексінде андрагогикалық білім әдіснамалық негіздері ғылыми тұрғыда нақтыланады.
Түйін сөздер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет