Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года



Pdf көрінісі
бет177/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   222
Байланысты:
annotation141066

Ойын – тарихи құбылыс.
Ұлттық ойын 
ұлт тарихына, оньң мәдениетіне жетелейтін 
соқпақ сияқты. Ұлттық ойында халық 
дәстүрі мен салт-санасынан туындаған 
ұлтқа тән ой-өріс, сапа, дене тәрбиесінің 
қажетті деп саналатын түрлері көрініс та-
бады. Мысалы, батылдық, төзімділік, 
сабырлық, 
көздемпаздық, 
мергендік, 
шапшандық 
т.б. 
сияқты 
сапаларды 
тәрбиелеуге бағышталған. Қазақ ұлтының 
дене тәрбиесінің формалары мен тәсілдерін 
қазіргі кездегі педагогикалық тәрбие ісінің 
негізіне кеңінен пайдалану мәселесі әр 
кезеңде де сөз болады деуге болады. Бұл 
мәселемен шұғылданған зерттеушілер де 
бар. Қазақтың ұлттық ойындарының тари-
хын республикамыздағы дене шынықтыру 
мен спорт тарихын байланыстырып, жары-
стыра қарастырған М.Т. Тәнекеев, 
Б.Төтенаев сияқты зерттеуші ғалымдардын 
еңбектерін айтуға болады, Сондай-ақ 
қазақтың ұлттық ойындарын жинап, 
құрастырып, оны өткізудің, пайдаланудың 
әдістемелік 
жолдарын 
құрастыратын
Ә.Бүркібаев, А.Молдағаримов еңбектері 
де ойындарды дене тәрбиесі сабақтарында 
пайдалануға мүмкіндік береді. Ұлттық 
ойындар мен спорт түрлерінің жал-
пы мектептегі, бала бақша-сындағы, 
жоғарғы оқу орындағы дене тәрбиесі 
жүйесіндегі маңызына, оның формалары 
мен түрлеріне арналған бірнеше еңбектерді, 
Е.Сағындыковтың, 
Ж.Төлегеновтың, 
Ж.Хайдаровтың, 
М.Тұрыскелдинаның, 
Қ.Құлановтың, т.б. кандидаттық диссер-
тацияларын атап көрсетуге болады. Дене 
тәрбиесі сабақтарында түрлі ұлттық ойын-
дарды пайдаланудың тиімділігі және оны 
пайдаланудың жолдары туралы жекелеген 
мақалалар мен әдістемелік нұсқаулар баспа-
дан жарық көрді [1, 62-69 бб.].
Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен 
ойындарының мазмұны, формалары мен 
түрлері жан-жақты тәрбиені қамтиды. 
Мұнда жасөспірімдерді шымыр да шапшаң 
етіп тәрбиелеумен бірге көптеген этикалық 
мәндегі мінез-құлықты тәрбиелеуте, қалып-
тастаруға, дамытуға да зор мүмкіншілік 
бар. Бұл әдістемелік құралдан мұғалімдер 
мен жаттықтырушылар, студенттер, дене 
тәрбиесі ісін ұйымдастырушылар жоғарғы 
оқу орындағы дене тәрбиесі ісін жетілдіруге 
қажетті кейбір жайларды таба алады.
Республикамыздың қазіргі қоғамдық-
әлеуметтік дамуы ұлттық спорт түрлері мен 
ойынды өз деңгейінде дамыту ісін заман та-
лабына сай қарастыруды қажет етеді.
Ұлттық спорт түрлері мен ойындардың 
мәдени де, рухани да мүмкіншіліктері мол. 
Қазіргі заманға сай салауатты өмір салтын 
қалыптастыруға, денсаулықты шынық-
тыруға тигізетін пайдасы зор. Мысалы, қазір-
гі кезде қайта жаңғырған Наурыз мерекесі 
ұмыт болған ұлттық ойындар мен сайыстар 
түрлерін жандандыра түсуге зор ықпалын 
тигізіп және оларды халық арасында кеңінен 
насихаттауға жол ашып беріп отыр.
Ұлттық спорт түрлері мен ойындар түр-
лері көптеген мектептерде, оқу орындарда 
Наурыз мерекесінде кеңінен насихатгалып, 
түрлі формада қайта жаңғыртылуда. Тек 
мереке сайыстарда ғана емес әсіресе, дене 
тәрбиесі сабақтарында және сабақтан тыс 
уақытта олардың түрлерін пайдалануды іс 
тәжірибеге енгізу ісін кешеуілдетуге болмай-
ды. Себебі тез, шапшаң қимылға негізделген 
ұлттық ойындар түрлері сабақтың әсерлілігін 
көтеруге мүмкіншілік береді. Халықтың 
тұрмыс-тіршілігінің сарқылмас күшін білуге 
жағдай туады.
Ойын – үлкен қазына, тарихы теренде 
жатыр, ұлттық ойын мазмұны мен фор-
масы жағынан әр алуан. Бірақ ұлттық
дәстүр, салт-санадан туындайтын, солардың 
көрінісі ретінде қалыптасқан ұлттық ой-
ындар командалық және командалық емес 
болып бөлінеді. Кейбір ойындар сабақтың 
дайындык, бөліміне үлкен пайдасын 
тигізізсе, кейбір ойындар негізгі қорытынды 
бөлімдерінде пайдаланылады. Көпшілік ой-
ындарды өткізу үшін қымбатқа түсетін спорт 
құралдарының қажеттігі жоқ. Олар кез-
келген аланда, ашық алаңқай жерде өткізіле 
береді. Міне, бұл тараптан да ұлттық. 
ойындардың өміршеңдігін баса айтута бо-
лады. Ойынның тәрбиелік мәні зор. Дала-
да еркін өскен қазақ халық қажырлылықты, 
шыдамдылықты, жолдастық көмекке келуді, 
тез шешім алуды т.б. көптеген саналық 
әскери-қолданбалы дайындығын жақсарту 
үшін сабақтан тыс уақыттарда «Өжет» 
әскери-спорттық ойынының, түрлі шаралары 
пайдаланылады.Төменде әскер қатарындағы 
бастапқы жылы дене дайындығынан 
қойылатын талаптарды келтіре кеткенді жөн 
санадық (1 кесте).


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
Рухани жаңғыру: ғылыми, білім беру және мәдени кеңістігі/
/Рухани жаңғыру: научное, образовательное и культурное пространство
Rukhany zhangyru: scientific, educational and cultural space
224
225
қасиеттерді тәрбиелеуге ойынның қосар 
үлесін ертеден-ақ білген, соған икемдел-
ген. Бұл құралда беріліп отырған ойындар 
адамның табиғи мүмкіншіліктерін арт-
тыруға, жасөспірімдерді шапшаң жүру, 
жүгіру, нысана көздеу, ату, күш сынасу т.б. 
сияқты сапаларды жетілдіруге көмегін 
тигізеді.
Ұлттық ойындарды өткізудін, өзіне 
тән ережесі, шарттары болады. Ойынға 
қатысушылар арасындағы қарым-қатынастар 
осы ережелерге сай реттеледі. Әр ойында 
ойнаушыларға ережеге сай әр түрлі шарттар 
қойылады.
Құралдың бұл бөлімінде қазақтың ұлттық 
ойындары мен спорт түрлерін ұйымдастыруға 
жеңілдік беретін әдістемелік кеңес беріледі.
Бұл ойындарды дене тәрбиесі сабақтарында, 
сондай-ақ сабақтан тыс уақытта да дене 
шынықтыру мақсатында пайдалануға бола-
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет