ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
Педагогиканың және психологияның әдіснамасы мен теориясы/
Методология и теория педагогики и психологии /Methodology and theory of pedagogyand psychology
44
45
ясына (жұмыссыздар, запасқа босатылған
әскери адамдар, мигранттар, кешкі мектеп
оқушылары т.с.с.) арналған білім жүйелерін
сипаттайтын педагогиканың дербес саласы
(Монахова Л.Ю., Марон А.Е.);
–
ересектерге арналған білімнің мақсатын
тұжырымдау мен оны жүзеге асыруға мүм-
кіндік беретін ғылыми білімнің межелес са-
лалар мен ересек білімінің тәжірибесін тану
және жинақтайтын ғылым (Шамес Л.Я.);
–
оқыту процесін ұйымдастыруда ересек
білім алушы мен оқытушының іс-әрекетін
негіздейтін ересектерді оқыту туралы ғылым
(Змеев С.И., Соколова А.С.);
–
оқыту процесінде ересектің өзіне жетек-
ші рөл берілетін және ересек оқушы мен
оқытушының бірлескен іс-әрекеті жүріп оты-
ратын ересектерге арналған білімді танып-
білуге дәне оның практиксын жинақтауға
бағытталған ғылым (Кибатаева Н.К.);
–
тұлғаны есею кезеңінде оқытудың ерек-
шеліктерін зерттейтін ғылым (Орлова О.А.)
және т.б.
Адам өмірінің әрбір кезеңіне психофизио-
логиялық, әлеуметтік-психологиялық, кәсіп-
тік ерекшеліктер тән болғандықтан, осы
ерекшеліктер ересектерге арналған білімді
ұйымдастырудың өзгешелігін анықтайды.
Андрагогикалық білім жүйесінің қоғамда-ғы
заманауи әлеуметтік жағдаятпен байланыс-
тылығы оның заңдылығы ретінде ересек-
тер білімінің парадигмалды негіздерін
жаңғыртуды керек етеді; андрагогикалық
білімнің нәтижелілігі ересек адамның
білімдік іс-әрекеттің субъектісі ретінде
белсенділігіне және ішкі мотивациясына
жақсару деңгейіне байланысты болады.
Н.Д. Хмельдің «Кәсіптік даярлық – еңбек
іс-әрекетінің кез келген саласы үшін кәсіптің
белгілі бір түрін меңгерумен байланысты ма-
манды қалыптастыру процесі. Мамандықты
игеретін әр адам кәсіптің үш аспектісін
(мазмұндық, тұлғалық, процессуалды) білу
керек. Мұғалімнің кәсіптік даярлығы тұтас
педагогикалық, оқу-тәрбие процесі тура-
лы білімдерді құрайды» деген [8] ғылыми
тұжырымының андрагогикалық білімнің
әдіснамалық негізін тұжырымдауда маңызы
зор, өйткені ересектерге арналған білімді
жүзеге асыруда олардың жас ерекшеліктері,
тәжірибесі, дербестігін ескеру негізінде
бірлескен танымдық, тәжірибеге бағытталған
іс-әрекет туралы ұғымдар жүйесін қамтитын
арнайы андрагогикалық дайындықтың ке-
ректігі айқын көрінеді. Демек, тұлғаның
әрекеттік және шығармашылық мәні тура-
лы ілім, жүйелік-құрылымдық тұғыр андра-
гогикалық білімнің әдіснамалық негіздері
қатарында жетекші орын алады.
Андрагогика саласындағы теорияларға
талдау жасай келе, С.И. Змеёв: «білім алу-
шы тарапынан дербес өз бетінше оқудың
басымдылығы; өзінің оқу процесін ұйым-
дастыру бойынша ересек оқушы мен оқы-
тушының бірлескен әрекетінің басым бо-
луы; оқытудың қайнар бұлағы ретінде
ересек оқушының тәжірибесіне сүйену;
оқытудың жүйелілігі мен контекстілігі;
оқыту нәтижелерін өзектендіру; оқытудың
элективтілігі; ересек оқушылардың білім-
дік қажеттіліктерін дамыту; оқытудың
саналылығы андрагогикалық принцип-
тер ретінде белгілі болып отыр», – деп
тұжырымдайды [9]. Ересектердің оқы-
туға деген саналы қарым-қатынасы реф-
лективтілік принципіне сәйкес келеді,
сондықтан да олардың ішкі мотивация-
сын күшейтуге мейлінше позитивті түрде
ықпал етеді. Андрагогикалық білімнің
әлеуметтік-мәдени алғышарттары оның
әлеуметтік тәжірибесіне, әлеуметтендіру
ерекшеліктеріне, тұлғаның ұлттық және
әлемдік мәдениетке кірігу жағдайындағы
білімдік қажеттіліктерінің өсуіне байланы-
сты.
Достарыңызбен бөлісу: