«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім сапасын бағалау департаменті



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.03.2017
өлшемі1,07 Mb.
#5455
1   2   3   4   5   6

2. Әдістемелік нұсқау құжаттары 

 

Берілген  Басшылыққа  қосымша  мұғалім  келесі  әдістемелік  нұсқаулық 



құжаттарына сүйенуі тиіс: 

 



«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  оқушыларының  оқу 

жетістіктерін критериалды бағалау ережесі; 

 

Критериалды  бағалаудың  кіріктірілген  моделі  бойынша  әдістемелік 



ұсыныстар; 

 



Оқу бағдарламалары;  

 



Оқу жоспарлары;  

 



Пәндер  мен  сыныптарда  критериалды  бағалау    бойынша  мұғалімге 

арналған әдістемелік ұсыныстар;  

 

ІЖБ  бағалау  бойынша  пәндер  мен  сыныптарға    жасалған  тест 



спецификациясы. 

 

2.1



 

 Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  дербес  білім  беру  ұйымы 



оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау ережесі 

Бұл  Ережеде  Кіріктірілген  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқып  жатқан 

оқушылардың оқу  жетістіктерін  критериалды бағалауын ұйымдастыру және 

өткізу  тәртібі  анықталған.  Құжатта    келесі  бағалау  рәсімдері  рет-ретімен 

көрсетілген: 

 



ҚБ, ІЖБ және СЖБ бағалауды ұйымдастыру мен өткізу тәртіптері; 

 



ҚБ жоспарлау мен стандарттау;  

 



ІЖБ бойынша модерация өткізу;  

 



Оқу жетістіктерінің мониторингісі;  

 



Оқушыны келесі сыныпқа өткізу тәртібі; 

 



Тоқсандық, жылдық және қорытынды баға қою тәртібі;  

ҚБ  және ІЖБ 

ВСО 

бойынша 


нәтижелер

 

мұғалімнің 



рефлексиясы

-

әдістерді 



таңдау

 

Оқуды 



жоспарлау

 

Тиімді сабақ 



беру және оқу

 

Тиімді оқу 



 

13 


 

 



Экстернат түрінде оқып жатқан оқушыларды аттестаттау. 

 

 



 

2.2

 

Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (КБКМ). 

Әдістемелік нұсқаулықтар  

 

Бұл  құжатта  оқушы  жетістіктерін  бағалауда  критериалды  бағалаудың 



кіріктірілген  моделінің  (КБКМ)  қолданылуы  туралы  сипаттама  берілген, 

әлемдік  тәжірибеге  жасалған  талдау  бойынша  ақпараттар,  терминдер  мен 

анықтамалар,  бағалау  түрлерінің  өзара  байланысы  туралы  мағлұматтар 

берілген.  Сонымен  қатар,  құжатта  оқушы  нәтижелерін  тіркеу  мен  оларды 

ата-аналары мен оқушыларға жеткізу туралы ұсыныстар мен тоқсан және оқу 

жылы аяғында қолданылатын баға қою үлгілері бар.  

 

 

2.3



 

 Оқу бағдарламалары 

 

Оқу  бағдарламалары  әр  пән  бойынша  мақсаттар  мен  құндылықтарды 



анықтап,  мұғалімге  ұстаным  ретінде  берілетін  тәсілдемелерге  сипаттамалар 

береді.  Құжатта  әр  пәннің  мазмұны  мен  құрылымы  туралы  толық  ақпарат 

берілген. 

Әр 


пән 

бойынша 


оқу 

бағдарламасының 

мазмұны 

нақты 


ұйымдастырылған  бөлімдерден  тұрады,  кейін  олар  бөлімшелерге  бөлінеді. 

«Математика»  пәні  бойынша  бөлім  мен  бөлімшенің  мазмұны  (негізгі 

мектептегі) қалай құрылғаны туралы үлгі төменде көрсетілген.  

 

№  Бағыттар 



Бөлім 



Геометрия  

Геометриялық фигуралар 

Геометриялық фигуралардың қатыстық орналасуы   

Өлшемдер   

Векторлар мен трансформациялар  

 

Оқу  мақсаттары  бөлім  ішінде  оқушының  ілгерілеуін  көрсетеді, 



мұғалімге  жоспар  құруды,  бағалауды  және  оқушының  орындауына  қажетті 

келесі  қадамдарын  айқындауды  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  оқу 

мақсаттары  бойынша  ұсынылған  іс-әрекет  түрлері  әр  пәнге  байланысты 

құрастырылған оқу жоспарында берілген.  



 

 

2.4

 

Оқу жоспары  

 

Пән  бойынша  жасалған  оқу  жоспарында  оқу  бағдарламасы  мазмұны 



бойынша  ұсыныстар  берілген.  Оқу  жоспарындағы  тапсырмаларды 

мұғалімдер  оқушылардың  барлық  оқу  мақсаттарына  жеткендігіне  және  оқу 

бағдарламасының мазмұнын білетіндігіне көз жеткізу үшін қолдана алады. 

Оқу  жоспары  қысқа  мерзімді,  орта  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді 



 

14 


 

жоспарларын қамтиды.  

Ұзақ мерзімді жоспар: 

 



оқу мақсаттарын ортақ тақырыптық бөлімдерге топтастырады

 



алдыңғы  жұмыспен,  оқу  мақсаттарымен  өзара  байланыс  орнатуға 

және оқытудың одан кейінгі жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді; 

 

 бөлімдер арасында теңестіріліп басқарылатын байланысты орнатуды 



қамтамасыз етеді. 

 



 оқу  үдерісіне  ықпал  ететін  барлық  оқу  бағыттары  мен  бөлімдерін 

қамтамасыз етеді. 

 

Орта мерзімді жоспар: 



 

мұғалімдерге өз сабақтарын жоспарлауға қажетті бөліктерді  



ұсынады; 

 



сабақ беруде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудағы мүмкіндік 

жолдарын анықтайды;  

 

оқытудың кіріспе, дамыту мен бекіту тәсілдері мен негізгі 



ресурстарын ұсынады; 

 



бағалаудың мүмкіндіктерін анықтайды; 

 



тілдік қабілеттерді жетілдіретін талаптарды анықтайды. 

 

Қысқа мерзімді жоспар: 



 

оқытуды  ұйымдастырудың  үдерісін  жаппай  оқыту,  топтық,  жұптық 



жұмыс, жеке жұмысты ұйымдастыру арқылы анықтайды; 

 



оқытудың әр түрлі тәсілдерін ұсынады; 

 



бағалауды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады және оқушының оқу 

мақсатына жетуі туралы кері байланысын ұсынады; 

 

осы оқу кезеңіне сәйкес қолдау деңгейлерін анықтайды. 



Оқушылар мен мұғалімдердің сабақ барысындағы жететін мақсаттарын 

бірдей  түсінуі  маңызды.    Бірдей  түсінікті  қолдау  үшін  мұғалімдер  әр  түрлі 

стратегияны пайдалануы мүмкін: 

 



сабақта оқушыларға түсінікті тілде оқу мақсаттарын талқылау; 

 



сабақ барысында және сабақ аяғында көңіл аударту үшін тақтаға оқу 

мақсаттарын жазу; 

 

сабақ  барысында  шағын  топтар/жеке  оқушылармен  берілген  оқу 



мақсаттарының ілгерілеуін талқылау; 

 



оқу мақсатына байланысты кері байланыс жасау

 



сабақ  басында  жазылған  оқу  мақсаттарына  рефлексия  жүргізу  үшін 

сабақ аяғында уақыт қалдыру; 

 

оқу жоспарында ұсынылатын жұмыс түрлері мысал ретінде берілген 



және  мұғалім  жұмыстың  балама  түрлерін  қолдана  отырып  оқушыларды 

бағалай алады. 

Мысал ретінде 9-сыныптағы «Кіріктірілген қазақ  тілі (екінші тіл) мен 

әдебиеті» пәнінің ұзақ мерзімді жоспарынан үзінді келтірілген.  

 


 

15 


 

 

 



1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

Тыңдалым 

Тыңдау және жауап 

беру 1  

Оқушылар ауызша 

сөйлеу дағдыларын 

мәтіндерден 

(мақалалар, сұхбаттар, 

аудиовизуалды 

материалдар) үзінділер 

тыңдау және 

сәйкесінше жауап беру 

арқылы дамытады. 

Олар: 



 



негізгі ақпаратты, 

түрлі символдар және 

олардың мағыналарын 

түсінеді; 

 

радио/теледидардағы 



сұхбаттарда аталған 

маңызды әлеуметтік 

мәселелер, таныс және 

күнделікті өмірге 

қатысты тақырыптарда 

сипатталған идеяларды 

түсінеді; 

 



сөздік қорларын 

кеңейтеді; 

 

түрлі тақырыптарда 



сөйлесе алады; 

 



тақырыптар мен 

мәтіндерге өз пікірін 

білдіре отырып, 

жауабын бере алады; 

 

өзгелердің пікірлерін 



бағалай алады. 

Тыңдау және 

жауап беру 2 

Оқушылар ауызша 

сөйлеу дағдыларын 

дамытуды 

көтерілген 

мәселелер 

маңыздылығын 

түсіне отырып, 

ауқымды мәтіндерді 

(дәрістер, 

сұхбаттар, 

пікірталастар) 

тыңдау және жауап 

беру арқылы 

жалғастырады. 1-

тоқсанға қоса, олар: 

 

әдеби тіл 



нормалары 

сақталған 

мәтіндердегі  

астарлы ойды  

табады және оның 

қазіргі өмірге 

қатынасын түсінеді; 

 



автор ниетін 

түсінеді және бейне 

фильм туралы 

күрделі сұрақтарға 

жауап береді; 

 



сөйлеушінің 

сөйлеу мәнері мен 

құрылымын 

медиақұралдар 

қолдана отырып 

айтады және 

талдайды. 

Тыңдау, түсіну 

және жауап беру  

Оқушылар ауызша 

сөйлеу дағдыларын  

дамытуды 1 және 2-

тоқсандарда 

үйренгендерін 

қолдана отырып, 

көлемді мәтіндер 

тыңдап, орынды 

жауап беру арқылы 

жалғастырады. 1-

тоқсанға қоса, олар: 

 

пікірталастардағы 



басты идеяларды 

анықтап және 

дәлелдей отырып, өз 

пікірін айтады; 

 

орта көлемдегі 



әдеби мәтіндердегі 

басты идеяларды  

сипаттайды және өз 

пікірін дәлелдейді. 



Тыңдау, 

салыстыру және 

жауап беру  

Оқушылар түрлі 

мәтіндерді 

тыңдайды, 

түсінеді және 

салыстыра 

отырып, ауызша 

сөйлеу 


дағдыларын 

дамытады. Олар 

сөздік қоры  мен 

грамматиканы  

тиімді қолдана 

отырып, түсіну 

мен сөйлеуге 

назар аударады. 

 

 

 



2.5

 

 Критериалды бағалау бойынша мұғалімге арналған методикалық 

нұсқаулық 

Барлық пәндер бойынша қалыптастырушы бағалау үшін іріктелген оқу 

мақсаттары  туралы  ұсыныстары  бар  құжаттар  дайындалды.  Берілген 

құжаттарда келесілер қарастырылған: 

 

іріктелген оқу мақсаттары; 



 

16 


 

 



бағалау  бойынша  ұсыныстар:  қалыптастырушы  бағалау  үшін 

тапсырмаларды жоспарлау бойынша ұсыныстар; 

 

жетістік  критерийлері:  оқушының  оқу  мақсатына  «жетті»  немесе 



«талпынады» деген тұжырымды анықтайтын критерийлер.   

 

Бағалау бойынша ұсыныстар: мұғалімге қалыптастырушы бағалауды 

ұйымдастыру  үшін  көмекші  ақпарат  ретінде  қолданылады,  әр  түрлі 

тапсырманың  түрлері  ҚБ  қалай  қолданылатыны  туралы  айтылады.  Бағалау 

бойынша  ұсыныстарды  оқу  жоспарында  көрсетілген  тапсырмалармен  бірге 

қолдануға  болады,  сонымен  қатар  тапсырмалардың  икемді  баламалары 

ретінде  мұғалімнің  дайындаған  тапсырмалары  қолданылады.  (қараңыз:  4.2- 

бөлімде  бағалау  ұсыныстарын  тоқсан  басындағы  әдістемелік  бірлестіктерде 

қаралған  жоспарлау  мен  стандарттау  бойынша  отырыста  қалай  қолдану 

керектігі жазылған). 

 

Жетістік критерийлері: оқушының оқу мақсатына жеткендігі туралы 

және  стандартта  көрсетілген  пәндік  білім,  дағдылар  мен  түсініктері  туралы 

білімді меңгергенін көрсетеді. Оқушы оқу мақсатына жету үшін көрсетілген 

жетістік  критерийлеріне  сәйкес  келмесе  немесе  оның  мақсатқа  жетуіне  

мұғалім тарапынан немесе басқа оқушы көмегі қажет болса, онда оқушы оқу 

мақсатына  «талпынады»  деген  шешім  қабылданады.  Мұғалім  жетістік 

критерийлерімен  оқушыларды  сабақ  басында  таныстырады  және 

оқушылардың  оны  дұрыс  түсінгендігіне  көз  жеткізеді.  Мұғалім  сабақ 

барысында  немесе  келесі  сабақта  шешім  қабылдауда  сүйенетін  жетістік 

критерийлерінің жазбаша нұсқасын міндетті түрде жүргізуі қажет.  

Мысал 

үшін 


«Критериалды 

бағалау 


бойынша 

әдістемелік 

ұсыныстарынан»  үзінді  ретінде  7-сыныпқа  арналған  «Қазақ  әдебиеті»  пәні 

бойынша бағалаудың ұсыныстары мен жетістік критерийлері келтірілген.  

 

Бағдарлама 

бөлімдеріне 

сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалау бойынша ұсыныстар  

ҮТ 6  


Сұраққа жауап  

Берілген 

сұрақтарға 

терең және 

толық жауап 

беру 


Бөлім бойынша материалды оқып, жұмыс жүргізген 

соң, оқушыларға сұрақтар қоюға болады немесе 

оқылған бөлім бойынша толық жауап алу үшін дайын 

тұжырымдар ұсынуға болады. Оқушылар өз бетімен 

сұраққа жауап жазады, жауабын мысалдармен (1 

мысал ) толықтырады.  

Мұғалім сыныптың жұмысын жалпы байқайды

жауап жазып жатқан әр оқушының жұмысын 

қадағалайды.  

Дағдылар  

Жетістік критерийлері  

Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі 

Айтылым 

Жазылым 

Сыни ойлау  

Сұраққа нақты және терең жауап береді. 

Жауабын нақтылау мақсатында кемінде бір мысал 

келтіреді.  

 


 

17 


 

 

3. Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) 

 

Оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында оқушылар түсінігінің ағымдық 



деңгейі мен ілгерілеуін анықтау үшін оларды белгілі бір уақыт бойы бақылау 

қажет.  Қалыптастырушы  бағалау  оқушының  тоқсандағы  немесе  оқу 

жылындағы  жетістіктері  туралы  шешім  қабылдауға  мүмкіндік  береді. 

Қалыптастырушы  бағалау  сабақ  берудің  және  оқытудың  бөлінбейтін  бөлігі 

болып табылады.  

 

 



3.1 Мақсаттары мен принциптері  

Әр  сыныпта  сабақ  беру  үдерісінде  мұғалім  оқу  бағдарламасындағы 

барлық оқыту мақсаттарын қамтуы керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында 

барлық  оқу  мақсаттары  үшін  ұсынылатын  іс-әрекеттер  берілген.  Оқу 

әрекетінде көрсетілгендей, білім мен дағды біркелкі және бір уақытта дамып 

отырады.  Оқушы  белгілі  сыныпқа  берілген  барлық  оқу  мақсаттарына  жетуі 

қажет.  

Қалыптастырушы  бағалау  үдерісін  ұйымдастыру  және  өткізу  үшін  әр 

тоқсанда  оқу  мақсаттарынан  бірнешеуі  іріктеліп  алынған.  Осы  оқу 

мақсаттары  мұғалім  мен  оқушыға  дағдының  және  түсініктің  ілгерілеуін 

пәндер бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Барлық немесе кез-келген оқу 

мақсаттары ІЖБ мен СЖБ кезінде бағаланады. 

Қалыптастырушы  бағалау  мұғалімнен  оқушының  оқу  мақсатына 

қаншалықты  жеткенін  көрсете  отырып,  оның  білімі  мен  түсінуін  және 

іріктелген  оқу  мақсаттарында  көрсетілген  дағдылары  туралы  кәсіби  пікір 

қалыптастыруын  талап  етеді.  Оқушының  сабақ  барысында  орындаған 

тапсырмалары  ҚБ-да  дәлелдеме  негізі  болып  табылады.  Бағалау  бойынша 

ұсыныстар  әр  оқу  мақсаты  бойынша  дәлелдемелелерді  жинақтау  жолдарын 

көрсетеді.  Кейбір  тапсырмаларды  бірнеше  оқу  мақсаттары  бойынша 

жинақталған  дәлелдемелер  ретінде  қатар  қолдануға  болады  (мысалы,  эссе, 

баяндамалар, жоба жұмысы, әңгімелер, презентациялар, постерлер, Бейнелеу 

өнері  бойынша  жұмыстар,  жасалған  бұйымдар  мен  қойылымдар).  Бұл 

тапсырмаларды  орындау  үшін  кейде  бір  сабақ  жеткілікті,  кейде  бірнеше 

сабақ  қажет.  Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті  оқыту  мен оқу  үдерісінің 

құрамдас бөлігі, сондықтан мұғалім жеке қалыптастырушы бағалауға арнап, 

тапсырма құрастырмауы керек (мысалы, тестіні).  

Мұғалім  қажетінше  дәлелелдемелерді  анықтаған  соң,  оқушының 

нәтижеге,  яғни  оқу  мақсатына  «жетті»  ме,  әлде  «талпынады»  ма  екенін 

анықтайды. Мұғалім оқушының оқу мақсатына «жеткендігі туралы» барлық 

мектептерде бірыңғай қолданылатын, бағалау бойынша стандарттарға сүйене 

қабылдайды.  Бұл  Басшылықтың  4-бөліміндегі  үдерістер    мектептегі 

мұғалімдердің  стандарттарды  барлық  сабақтарда  бірыңғай  қолдануын 

сипаттайды.  

Қалыптастырушы  бағалаудың  көмегімен  мұғалім  оқушының  оқу 



 

18 


 

мақсатына  қашан  жеткенін  көрсете  отырып,  оның  ілгерілеуін  белгілейді. 

Келешекте ол сабақ оқытуды жоспарлауда және оқытуда мұғалімге көмекші 

бола  алады.  Оқушылармен  бірге  іріктелген  оқу  мақсатына  «жетті»  және 

«талпынады»  деген  шешім  бойынша  рефлексия  жүргізуіне  болады.  Сабақ 

беру  үдерісінде  әлі  де  талпынатын  оқушылардың  оқу  мақсатына  жету 

мүмкіндігін  қарастырып,  бейімдеу  қажет.  Рефлексиядан  кейін  оқушыларға 

кері  байланысты  беру  аса  маңызды.  Оқу  мақсатына  сүйеніп,  оқушылар  қай 

жерде  жетістікке  жеткенін  және  неге  көңіл  бөлу  керектігін  анықтауға 

болады.  

Мұғалім  негізгі  кезеңдерде  бағалаудағы  «жетті»,  «талпынады» 

шешімдерінің  барлық  мұғалімдермен  біркелкі  қабылданғанын  тексеру  үшін 

бағалау  нәтижелерін  әріптестерімен  талқылап  отырады.  Қолданылатын  іс-

шаралар 4-бөлімде көрсетілген стандарттардың бірдей болуы растайды. 

 

 

3.2 ҚБ іс жүзінде қолданылуы 



 

Мұғалім  оқу  жылының  басында  қалыптастырушы  бағалауға  іріктеліп 

алынған оқу мақсаттарының оқу жоспарында  бар екендігін анықтайды. Бұл 

мұғалімнің  ҚБ  бойынша  тапсырмаларды  алдын-ала  жоспарлауына  көмек 

береді.  Оқу  жоспарындағы  ұсынылған  оқу  әрекеті  оқытуды  тиімді  өткізуге 

мүмкіндік  туғызады.  Сонымен  қатар,  мұғалім  өз  оқушыларының 

қажеттілігіне  және  оқыту  мазмұнына  сай  өз  тапсырма  жұмыстарын  бере 

алады. 


Оқу мақсаттары, тапсырмалар және жетістік критерийлері өзара тығыз 

байланыста  болады.  Жоспарлау  оқу  мақсаттарын  анықтаудан  басталады. 

Мұғалім оқушының игеретін білімі туралы шешім қабылдаған соң, оған сай 

тапсырманы  оқу  жоспарын  қолдана  отырып  жоспарлайды.  Тапсырма 

оқушының  бір  немесе  бірнеше  оқу  мақсаттарына  табысты  түрде  жетуіне 

ықпал етеді.  

 

 

 



 

Оқушы  тапсырманы  орындап  жатқан  кезінде  мұғалім  оның  оқу 

үрдісінің  қай  сатысында  екенін  анықтауға  тырысады.  Ол  ағымдағы  нәтиже 

деңгейін  осы  деңгейге  сәйкес  жетістік  критерийлеріне  жүгіне  отырып 

Оқу мақсаты

 

жетістік 



критерийі

 

тапсырма



  

 

19 


 

салыстырады.  Оқушы  оқу  мақсатына  «жеткен»  жағдайда,  мұғалім  оқушы 

білімін  әрі  жетілдіруді  ұсынады,  қиынырақ  деңгейдегі  тапсырмалар  береді. 

Оқу  мақсатына  «талпынған»  оқушыға  мұғалім  қолдау  мен  кеңес  береді,  әрі 

қарай оқу мақсатына жетудің жолдарын көрсетеді.    

 

 



3.2.1 Оқушыларға ақпарат беру  

 

Мұғалім  мен  оқушы  қалыптастырушы  бағалауға  байланысты  оқу 



мақсаттары мен жетістік критерийлері туралы ақпараттар арқылы үнемі пікір 

алмасып  отыруы  керек.  Оқушының  жас  ерекшеліктеріне  сай  болуы  үшін 

жетістік  критерийлерін  түсінікті  тілде  басқаша  өзгертіп  жазуға  болады. 

Оқушы  өзінен  талап  етілетін  дағдыларды  дұрыс  түсінгенде  және  оқу 

мақсатына  жету  үшін  нақты  ақпаратты  білгенде  ғана,  өзіне  өзі  жетістік 

критерийлеріне қаншалықты жеткендігі туралы баға бере алады.  

Кейбір  тапсырмалар  бір  емес,  бірнеше  оқу  мақсаттарын  қамтиды. 

Мұндай жағдайда мұғалім алдын-ала оқушыларға қысқаша нұсқаулар беріп, 

оларға бірнеше оқу мақсаттары мен оларға сай жетістік критерийлері туралы 

түсініктер береді.  

Мысалы,  оқушыға  ағылшын  тілінде  әңгіме  жазу  туралы  тапсырма 

берілді.  Бұл  тапсырма  төменде  берілген үш оқу  мақсаттарын  қамтиды  және 

сол мақсаттарға жетуде дәлеледеме ретінде қолданылады: 

 



8.Ж2  Өмірде  кездескен  немесе  ойдан  шығарған  оқиғаларға  және 

өткен  өмір  тәжірибесі  мен  іс-әрекеттеріне  сүйене  отырып,  жалпы  таныс 

тақырыптарға сай шектеулі сөздік қорын қодана отырып жазу;  

 



 8.Ж6  Сөйлемдерді  аздаған  қолдану  арқылы  байланысқан  абзац 

ретінде және жалпы тақырыптарға сай байланыстыру сөздерін тақырыпқа сай 

қолдана отырып тізбектеу.  

 



8.Ж9 Мәтін деңгейіндегі жазба жұмысында тыныс белгілерін жалпы 

тақырыптардың  шектеулі  диапазонында  және кейбір  тақырыптардың  кейбір 

дәлме-дәлдігін сақтай отырып қолдану. 

Бұл  жағдайда  оқушыларға  олардың  жазба  жұмысының  өткен  шақта 

жазылып, абзацтарды қолдана отыра, олардың өзара байланысы туралы және 

тыныс  белгілерін  дұрыс  қолдануы  туралы  алдын-ала  айтып  өту  маңызды. 

Сонымен  қатар,  оқушылардың  әңгімесіндегі  дұрыс  жазу  мен  тілдік 

ерекшеліктері бағаланатыны туралы айтып өту тиімді. Бұл оқушылардың оқу 

мақсаттарына  жету  үшін  неге  назар  аудару  керектігіне  ықпалын  тигізеді. 

Мұғалім ҚБ-да оқушы пайдалана алатын қажетті құралдар туралы ақпаратты 

3-бөліміндегі  «Пән  бойынша  мұғалімге  арналған  әдістемелік  ұсыныстарды» 

қолданады.  



 

 

3.2.2 Нәтижелерді тіркеу  

 

ҚБ нәтижелерін оқушы нәтижелерін тіркейтін АБЖ (ақпараттық білім 



 

20 


 

жүйесі – электрондық журнал) электрондық журналына түсіріп отыру қажет. 

Мұғалім  оқушының  оқу  мақсатына  жеткеніне,  барлық  жетістік 

критерийлерін  орындағанына  сенімді  болғанда  ғана  электрондық  журналға 

белгілейді.    Бұл  оқушының  тапсырманы  орындап  жатқандағы  дағдыларын 

бақылау  кезінде  немесе  үй  тапсырмасы  мен  сыныптағы  тапсырманы 

орындаған кездерінде өткізіледі.  Шешім қабылдау үшін мұғалімде жеткілікті 

дәлелдемелер болуы қажет (мысалы, мұғалімнің жазуы, үйде немесе сыныпта 

орындалған  тапсырма).  Мұғалім  қажетінше  оқушылардың  аты-жөні 

жазылған  дәптер  жүргізіп,  оған  әрбір  іс-әрекет  түріне  сәйкес  бағалау 

нәтижелерін  тіркеп  отыруы  ықтимал.  Бұл  мұғалім  үшін  әр  оқушының 

нәтижесін оның тапсырманы орындау барысында бақылап, жазып отыруына 

мүмкіндік  береді.  Дәптердегі  ақпарат  бағалаудан  кейін  электрондық 

журналға  көшірілуі  тиіс.  Мұғалім  электрондық  журналды  жүйелі  түрде 

толтырып отырады.   

1. ҚБ арналған оқу мақсаттары алдын-ала электрондық журналдың ҚБ 

бөліміндегі жоғарғы бағанасында көрсетілген. 

2.  Оқудың  құрамдас  бөлігі  ретінде  қалыптастырушы  бағалауды 

өкізгенде,  мұғалім  электрондық  журналдағы  «ӘБ»  (әлі  бағаланбаған)  деген 

жазудың  орнына  оқу  мақсатына  жеткен  жағдайда  –  «Ж»  әрпін,  оқу 

мақсатына талпынған жағдайда - «Т» әрпін белгілейді.  

Оқу  мақсатына  «талпынған»  оқушыларға  мұғалім  осы  тоқсан  ішінде 

мақсаттарға жету үшін басқа мүмкіндіктер береді.  Нәтижелерді көрсету үшін 

электрондық журналды жаңартып отыру қажет.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет