«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім сапасын бағалау департаменті



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.03.2017
өлшемі1,07 Mb.
#5455
1   2   3   4   5   6

4.5 ҚБ бойынша сыртқы шолу жасау 

 

Мақсаты:  Барлық  мектеп  мұғалімдерінің  жетістік  критерийлерін 

сәйкес қолдануын қамтамасыз ету.  

ПӨО  ҚБ  бойынша  сыртқы  шолуды  ҚБ  бойынша  барлық  рәсімдердің 

бірдей сақталуына сенімді болу үшін, мектеп директорларының критериалды 

бағалау  бойынша  орынбасарларының  қатысуымен  өткізеді.  Сонымен  қатар, 

олар  пәндер  бойынша  мектептегі  жоспарлау  мен  стандарттау  отырыстарда 

дәлелдеме  ретінде қарастырылған  жұмыс  үлгілерін де  сұрауы  мүмкін.  ПӨО 

бұл  дәлелдемелерге  кері  байланыс  береді,  қажетінше  өзгерістер  енгізуін 

сұрайды.  Мектеп  мұғалімдері  өзгерістер  енгізген  жағдайда,  оның 

дәлелдемелерін де бірге жіберуі қажет.  

Жылына бір рет ПӨО әр сынып пен пәндер бойынша орталық архивке 

жұмыстарды  өткізеді.  Әр  мектеп  тарапынан  ұсынылған  жаңа  мысалдар  мен 

үлгілер  қарастырылып,  орталық  архивке  енгізіледі.  КБКМ  координаторы 

отырыстарда қолданылатын материалдар ретінде орталық мұрағатта ең соңғы 

өзгерістен өткен нұсқалардың болуын қамтамасыз етуге жауапты.  



 

 



Ішкі жиынтық бағалау  

 

5.1 

Мақсаты 

 

Ішкі жиынтық бағалау (әрі қарай - ІЖБтоқсан аяғында жүргізілетін, 

оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқушылардың  білімі  мен  дағдылары 

дәлелдемелерін  жинақтау  үшін  және  оқу  бағдарламасының  мазмұнынын   

қаншалықты  түсінгенін  көрсететін  бағалау  түрі.  Бағалау  тоқсандағы  оқу 

мақсаттарында  көрсетілген  дағдылар  мен  білімді  тексереді.  ІЖБ 

тапсырмалары  мен  сұрақтары  балл  қою  кестесінде  көрсетілген  бағалау 

критерийлеріне сәйкес бағаланады.  

Бағалаудың  нәтижесін  мұғалім  мен  оқушылар  оқудағы  ілгерілеуді 

анықтау  үшін  пайдалануына  болады.  ІЖБ  нәтижесін  оқушылардың  оқу 



 

30 


 

бағдарламасының  мазмұнын  және  қандай  дағдыларды  қаншалықты  тиімді 

игергеніне сараптама жасауда пайдалануға болады. Бұл ақпарат мұғалімдерге 

болашақта оқыту үдерісін жоспарлауға көмегін тигізеді. 

 

 

5.2 



Өткізу жиілілігі 

 

ІЖБ әр сыныпта әр пән бойынша тоқсанның аяғында өткізіледі. Келесі 



ерекшеліктерді ескерген дұрыс: 

 



ІЖБ 1- сыныпта өткізілмейді; 

 



4-тоқсан аяғында сыртқы бағалауға қатысатын пәндер бойынша ІЖБ 

өткізілмейді; 

 

«Бейнелеу  өнері»  пәні  бойынша  жоба  жұмысы  тоқсан  бойы 



жүргізіліп, тоқсан аяғында бағаланады; 

 



ІЖБ «Дене шынықтыру» пәні бойынша өткізілмейді.  

 

 



5.3 Ішкі жиынтық бағалаудың тест спецификациясы  

ІЖБ  «Педагогикалық  өлшеулер  орталығы»  филиалында  дайындалған 

тестік  спецификация  негізінде  дайындалады.    Берілген  тестік спецификация 

ІЖБ-дың  мазмұны  мен  құрылымын  қамтиды  және  ІЖБ  дайындауға  негіз 

болады.  Әр  пән  мен  сынып  бойынша  тестік  спецификация  төмендегі 

ақпараттан тұрады: 

 

дағдылар тізімі; 



 

ІЖБ-ға, дағдылар тобына шолу;  



 

әр тоқсандағы ІЖБ өткізудің реттілігі;  



 

тапсырмалар түрі; 



Әр тоқсандағы: 

-  бағалауды өткізудің ұзақтығы;   

-  ІЖБ  бойынша  бөлім,  дағдылар  мен  сұрақ  түрлеріне  берілген  балл 

саны; 


- тапсырмалар үлгісі мен балл қою кестесі. 

 



қосымша материалдары; 

 



өткізу ережелері;  

 



балл қою мен стандарттау; 

 



басқа қосымша материалдар, мысалы, қажетінше калькуляторлар. 

ІЖБ берілген тапсырмалар үлгісі мен балл қою кестесі белгілі сыныпта 

берілетін  пәннің  мазмұнын  ашады  және  жазбаша  түрде  өткізіледі.    Бірақ 

кейбір  пәндер  бойынша  тест  спецификациясы  практикалық  және  нақты 

тапсырмаларға  негізделе  жасалады,  тілдік  пәндердегі  тыңдалым  мен 

айтылым, «Жаһандық көзқарас пен жобалық жұмысы» пәні бойынша зерттеу 

жұмыстары.   

Белгілі  сыныпта  пән  бойынша  өткізілетін  ІЖБ  құрылымымын  білу 

үшін, тест спецификациясымен мұқият танысып шығу маңызды. Мұғалімдер 


 

31 


 

мен оқушылар осы спецификация арқылы тест үлгісімен танысып, бағалауға 

тиянақты дайындала алады.  

 

 

5.4 

ІЖБ материалдарын дайындау  

 

Жазбаша  түрде  өткізілетін  немесе  тест  түрінде  болатын  пәндер 



бойынша ІЖБ тест спецификациясына сәйкес дайындалған тапсырмалардан, 

алдын  ала  жинақталған,  тест  спецификация  құрылымына  сай  келетін  банк 

материалдарынан тұрады. Банк сұрақтары мен тапсырмалары ішкі жиынтық 

бағалаудың  мазмұны  мен  дағдыларын  қамтитын  орталық  ресурс  болып 

табылады  және  қажетті  уақытқа  дейін  банкте  сақталады.  ІЖБ-дың  балама 

нұсқасы  ретінде  мұғалімнен  толық  ІЖБ  тапсырмаларын  дайындап  беру 

сұралуы мүмкін. 

 Әрбір 


ішкі 

жиынтық 


бағалауда 

ПӨО-ны 


жіберген 

тест 


спецификациясында  көрсетілген  барлық  талаптардың  орындалуы  қажет. 

Мұғалімдердің  кәсіби  қауымдастығы  (МКҚ)  координаторы  (критериалды 

бағалау  бойынша  директор  орынбасары)  мектептегі  ІЖБ  дайындауға 

толығымен жауап береді.  Ол мектеп мұғалімдеріне ІЖБ бойынша белгілі бір 

жұмыс  атқару  керектігін  хабарлайды.  Бұл  жеке  сұрақтар  немесе 

материалдарға  шолу,  қайта  қарап  шығу,  жұмыс  сапасын  бақылау  мен 

экспертиза жасау мен соңғы рет оқып шығу жұмыстарынан да тұруы мүмкін.   

ПӨО  мектептегі  МКҚ-мен  бірлесіп  материалдар  дайындауда  көмек  көрсету 

іс-шараларын  ұйымдастырады:  ІЖБ  тапсырмаларын  экспертизадан  өткізеді, 

дайын материалдарға олардың сапасын жақсарту мақсатымен  кері байланыс 

береді. 

Төменгі  диаграммада  ІЖБ  дайындау  үдерісіне  қатысушылардың 

атқаратын  істері  мен  банк  тапсырмаларының  дайындалу  кезеңдері 

көрсетілген.  

 

ІЖБ дайындау: ПӨО координаторының рөлі, МКҚ 

координаторының, КБКМ координаторының/ әдістемелік бірлестік 

жетекшісінің, тапсырма әзірлеушінің атқаратын рөлдері  

 

 



Педагогикалық өлшеулер орталығында:  

 

ПӨО координаторы  



 

1.

 



Пәндер бойынша тест спецификациясын дайындауды ұйымдастырады және 

жазба нұсқасын мектептерге жібереді;  

2.

 

ІЖБ тапсырмаларын мектептен қабылдайды және экспертиза жасайды; 



3.

 

Экспертиза нәтижесін  жіберіп, дайындау үдерісін үйлестіреді;  



4.

 

МКҚ координаторынан ІЖБ тапсырмаларының соңғы нұсқасын алады;  



5.

 

ІЖБ тапсырмалары банкін қалыптастырады және толықтырады. 



 

 

32 


 

Зияткерлік мектептерде:  

 

МКҚ координаторы 



(критериалды бағалау бойынша мектеп директорының орынбасары) 

 

1.



 

ІЖБ тапсырмаларын дайындауды ұйымдастырады және үйлестіреді; 

2.

 

ІЖБ тапсырмаларын экспертизаға ПӨО координаторына жібереді; 



3.

 

ПӨО координаторынан  экспертиза қорытындысын  қабылдайды; 



4.

 

КБКМ координаторына экспертиза қорытындысын   ІЖБ тапсырмаларын 



өңдеу үшін жібереді;  

5.

 



Қайта қарау үдерісін үйлестіреді;  

6.

 



ІЖБ тапсырмаларының өңделген нұсқасын КБКМ координаторына 

тапсырады;   

7.

 

ІЖБ тапсырмаларының соңғы пұсқасын ПӨО-на тапсырмалар банкіне 



жібереді;  

8.

 



Материалдардың қауіпсіздігін сақтауға жауапты болады. 

 

КБКМ координаторы/МБ жетекшісі  



 

1.

 



ІЖБ тапсырмаларын дайындауды ұйымдастырады және үйлестіреді; 

2.

 



МКҚ координаторынан экспертиза қорытындысын қабылдайды; 

3.

 



Экспертизаға сәйкес ІЖБ тапсырмаларын қайта қарау үдерісін үйлестіреді; 

4.

 



МКҚ координаторына жаңа өңделген материалдарды тапсырады;  

5.

 



Материалдардың қауіпсіздігін сақтауға жауапты болады; 

6.

 



Модерация үдерісін ұйымдастырады және үйлестіреді.  

 

ІЖБ тапсырмаларын дайындайтын мұғалім  



 

1.

 



Тест спецификациясына сәкес ІЖБ тапсырмаларын әзірлейді; 

2.

 



КБКМ координаторынан/ бірлестік жетекшісінен экспертиза қорытындысын   

қабылдайды; 

3.

 

КБКМ координаторына қайтадан өңделген материалдарды тапсырады;   



4.

 

Материалдардың қауіпсіздігін сақтауға жауапты болады; 



5.

 

Модерация үдерісіне қатысады. 



 

 


 

33 


 

ІЖБ дайындау үдерісі кезеңдері 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ІЖБ тапсырмалары мен балл қою кестесі қолдануға дайын

 

 



 

ІЖБ 

материалдар 

дайындауға 

арналған 

талаптар 

•ПӨО пән мамандары банк тапсырмаларына шолу жасайды, оны оқу бағдарламасы мен 

оқу жоспары бөлімдеріне сай жаңа ІЖБ арналған тапсырмалармен толықтырады. Олар 

мұғалімдерден қажетті бөлімдер бойынша жаңа тапсырмалар дайындауын сұрайды. 

•Пән маманы сәйкес тапсырма түрін, дағдылар бойынша мазмұны мен талаптарды 

қамтитын тақырыптар бойынша сұрақтарды анықтайды.  



 

Тапсырма 

құрастыруба

лл қою 

кестесі 

•Пән маманының сұрауына байланысты, қажет болғанда - МКҚ қолдауымен, тест 

спецификациясына сәкес ІЖБ тапсырмаларын әзірлейді. Дайын тапсырмаларды балл 

қою кестесімен бірге пән маманына өткізеді. 



Кері 

байланыс 

•Пән маманы шолу жұмысын ұйымдастырады, тапсырмалар мен балл қою кестесінің 

сәйкестігін тест спецификациясына сүйене тексереді, кері байланыс береді.   

 Шолу 

Тапсырмалар

ды өңдеу 

•Тапсырма  құрастырушы  пән маманынан алынған кері байланыс негізінде шолу 

жасайды, жіберілген қателерін түзетеді, балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді. 

 

Түзету 

бойынша 

отырыс 

•Тапсырмалар құрастырушы мен пән маманының ара қашықтықта қатысуымен өтетін 

отырыста  қарастырылып, талданады. Дұрыс орындалған тапсырмалар банкке 

енгізіледі.  



Құрастырылғ

ан 

тапсырмалар 

•ІЖБ -дың жаңа нұсқасы банктегі тапсырмалардан алынып, жасалады. Тапсырмаларды 

іріктеуде тест спецификациясына сәйкес қажетті білім мен дағдылар ескеріледі. 

Тексеру 

•ІЖБ жұмыстарын осы сыныпта сабақ бермейтін мұғалім тексереді. Ол мұғалімнің осы 

пәнді оқытуда және сыныпта жұмыс істеген тәжірибесі болуы қажет. Ол оқушы 

рөлінде ІЖБ тапсырмаларын орындап шығып, оның тест спецификациясына сәйкес 

қатесіз  құрастырылғандығына сенім білдіреді.  

Түзету 

•ІЖБ тапсырмалары оқушыға берілмес бұрын толық түзетуден өтеді.  



 

34 


 

 

Оқушының  ІЖБ-ға  қайта  кіруіне  болмайды.  Егер  ол  ІЖБ-ға  себепті 



сылтаумен келе алмаса, оның ІЖБ тапсыруына мүмкіндік беріліп, оған басқа 

жұмыс нұсқасы беріледі. ІЖБ оқушы мектепке қайтып келгеннен бастап, екі 

апта  бойы  жүргізілуі  мүмкін.  Егер  оқушы  ІЖБ  мерзімінен  қалып  қойған 

жағдайда, оған кейінірек өткізу мүмкіндігі беріледі.  

 

 

5.5 Қауіпсіздік сақтау және ІЖБ өткізу  



 

Жазбаша түрінде келген ІЖБ материалдарының құпиялылығын сақтау 

өте  маңызды.  ІЖБ  мерзімі  келген  уақытқа  дейін  олар  оқушыға  қолжетімді 

жағдай  тудырмайтындай,  жабық  шкафта  сақталуы  қажет.  Мектептегі 

жауапты  қызметкерлер  үшін  қолжетімді  болып  табылатын  ІЖБ 

тапсырмалары орталықтандырылған түрде сақталуы қажет. 



  

 

5.5.1  ІЖБ кестесі 

 

ІЖБ  кестесі  мен  оған  балл  қою  мерзімі  әр  Зияткерлік  мектеп 



директорының  келісуімен  және  бекітуі  арқылы  ұйымдастырылады.  ІЖБ 

өткізу мерзімі тоқсанның бірінші аптасында белгілі болуы керек. 



 

 

5.5.2  Мұғалімдер мен бақылаушылар 

 

ІЖБ-дың сыртқы бағалаудан айырмашылығы – оны мұғалімнің өткізуі 



болып  табылады.  Ол  жалғыз  өзі  ғана  осы  сыныпта  өтетін  ІЖБ-қа  қатыса 

алады.    Мұғалімге  көмек  көрсету  мақсатымен  басқа  мұғалімнің  сыныпқа 

кіруі  мүмкін.  Егер  кабинет  көлемі  бірнеше  оқушы  санына  қарай 

жоспарланған  болса,  бір  уақытта  өтетін  ІЖБ-ға  басқа  мұғалімдердің  де 

қатысуына  болады.  Қосымша  бақылаушы  бас  мұғалімнен  немесе  басқа 

мұғалімнен нұсқаулар алады.    

ІЖБ  өткізу  кезінде  барлық  мұғалімдерден,  бақылаушылардан  үнемі 

кабинетте болуы және ІЖБ өтіп  жатқан кезеңде өз ісіне мұқият қарап, үлен 

жауапкершілік  білдіріп,  оқушыларға  кедергі  жасайтындай  қимылдар 

жасамауы  қажет  (мысалы,  жұмыс  тексеру,  кабинеттегі  компьтерде  жұмыс 

істеу). 

 

 



5.5.3  Кабинеттерді дайындау  

 

Мұғалім  ІЖБ  өткізілетін  кабинетті  алдын-ала  дайындайды.  ІЖБ-ды 



оқушыларға  таныс  кабинеттерде  немесе  сабақ  өткізілетін  кабинеттерде 

жоспарлау ұсынылады.  

Кабинеттерді дайындауда келесі жағдайларды ескеру керек: 


 

35 


 

 



әрбір оқушының отыратын орнын алдын ала дайындап, тапсырманы 

тыныштықта және жеке орындау мүмкіндігін жасауды ескеру қажет.  

 

оқушылар жеке отырып, басқа оқушылардың жұмысына қарай 



алмайтындай, басын үнемі бір бағытта ұстауы қажет. Мұғалім мен 

бақылаушы кез келген оқушыға қажетінше келуі үшін, парталарды дұрыс 

орналастыру қажет. 

 



 негізгі нұсқау беретін тақта немесе флипчарт оқушыға қарама-қарсы 

орналасып, сағаттың да оқушының уақытты бағалау мүмкіндігіне сай 

орналасуы қажет. 

 



ІЖБ кезінде оқушыларға көмекші құралдар бола алатын плакаттар 

мен стендтер жабылуы немесе уақытша алынып тасталуы қажет. 



 

 

5.5.4  Тыйым салынған материалдар 

 

Алдын-ала 



оқушылардың 

аудиторияға 

тыйым 

салынған 



материалдарды  алып  кірмегеніне  сенімді  болу  керек.  Тыйым  салынған 

материалдар – оқушының жасырын түрде кіргізіп, қолдана алған материалы, 

мысалы, 

сөздіктер. 

Оқушылар 

өзімен 


бірге 

аудиторияға 

ІЖБ 

тапсырмаларымен  бірге  сұрақ  кітабының  сыртқы  бетінде  жазылған, 



кіргізуге рұқсат етілген материалдарды алып кіре алады.  Тыйым салынған 

материалдарды кабинетке алып кіру қатаң тәртіпті бұзу болып саналады.  



 

 

5.5.5  ІЖБ өткізуде мұғалімге арналған нұсқаулықтар 

 

Оқушылар  орындарына  отырғаннан  кейін  және  ішкі  жиынтық 



жұмысты орындауға дайын болғанда, мұғалім: 

 



сынып  журналын  ашып,  бағалауға  келмеген  оқушыларды 

белгілейді; 

 

тапсырмаларды төмен қаратып, оқушылардың партасына қояды; 



 

оқушыларға бағалаудың өткізу ережесіне сәйкес өтуін түсіндіреді; 



 

оқушыларға  бағалау  өту  кезінде  бір-бірімен  сөйлеспеуін  немесе 



көмек  сұрамауын  және  басқа  біреуге  көмектеспеу  керек  екендігін  естеріне 

салады; 


 

басталғанға  дейін  оқушыларда  тапсырма  орындауға  керекті 



құралдардың  бар  екендігіне  көз  жеткізу  керек.  Егер  де  қосымша  құралдар 

қажет  болса,  мысалы:    сызғыш  немесе  калькулятор,  олар  сұрақ 

кітапшаларының  алдында тұрады;  

 



оқушылардан  тапсырмалары  бар  парақтарды  аударып  ақпаратты 

толтыруын  өтінеді:  оқушының  аты-жөні  және  сыныбы  (мектебі) 

толтырылады; 

 



бірінші  беттегі  нұсқаулықты  дауыстап  оқып  және  оқушыларға 

тапсырманы  орындауға  қанша  уақыт  бөлінгенін  айтады.  Бағалау  өткізуде 

оқушылардың  бір-бірімен  сөйлеспеу  қажеттігі  туралы  естеріне  салады. 


 

36 


 

Мұғалім  нұсқаумен  таныстырғаннан  кейін,  жұмыс  басталғанша  барлық 

сұрақтарға жауап беріп, оқушылардың түсінгеніне көз жеткізеді;  

 



барлық  оқушылар  ести,  басталу  және  аяқталу  уақытын  тақтаға 

жазып және дауыстап айтады;  

 

 бағалау  кезінде  оқушылардың  өздігінен  және  жеке  жұмыс 



орындағанына көз жеткізеді. Олар сөйлеспеулері және жұмысты бір-бірінен 

көшірмеулері керектігін ескертеді; 

 

оқушылардың  тапсырма  орындауында  оларға  көмектесетіндей, 



қосымша тұпнұсқалардан ақпарат алатындай мүмкіндіктері жоқ екеніне көз 

жеткізеді (егер де осы заттар тест спецификациясында қарастырылмаса); 

 

оқушыларға  мүмкіндігінше  барлық  тапсырмаларды  орындауларын 



және орындай алмаса алаңдамауларын ескертеді;  

 



оқушыларға қате жауапты өшіргеннен гөрі сызып тастау керектігін 

түсіндіреді.  Графикті  немесе  диаграмманы  өшіруге  және  дұрыс  жауап 

боялып  немесе  асты  сызылып  берілсе  өшіргішті  қолдану  қажеттілігін 

айтады;  

 

«Жаратылыстану» 



және 

«Математика» 

пәндері 

бойынша 


оқушыларға  шешу  жолдарын  көрсетуді,  содан  кейін  ғана  жауап  бағанына 

соңғы дұрыс жауапты жазу керектігін түсіндіреді;  

 

Бағалау  кезінде,  жұмыс  орындау  барысында  мұғалім  нұсқаулыққа 



қатысты  сұрақтарға  жауап  беруіне  болады.  Мұғалім  оқушылардың  жұмыс 

орындауына, сұрақтарды  ауыстыруға немесе ақпарат алуға көмектеспейді.   

Ішкі  жиынтық  бағалау  кезінде  мұғалім  үнемі  оқушыларды  бақылап 

және  осыған  көп  көңіл  бөлуі  қажет.  Қай  оқушының  қатысқанын  немесе 

қатыспағанын 

белгілейді. 

Оқушылардың 

жас 


айырмашылығына 

байланысты  бағалаудың  аяқталуына  5  минут  қалғаны  туралы  хабарлап 

отыру керек.   

Егер де бір оқушы тапсырманы көрсетілген уақыттан ертерек аяқтаса, 

оған өз жауаптарын тағы да бір рет қарап шығуын немесе жауап бермеген 

сұрақтарға  жауап  беруін  ескерту  керек.  Оқушылардан  жұмысты  орындау 

үшін 

берілген 



уақыт 

біткеннен 

кейін 

жазбай, 


партаға 

каламсап/қарындаштарын  қоюларын  өтіну  керек.  Мұғалім  оқушылардан 

сұрақтар  бойынша  барлық  керекті  ақпаратты  жазғанын  қарап  шығуды 

өтінеді.  Барлық  жұмыстарды  жинап  алғанға  дейін  оқушылардың  тыныш 

отыруы және бір-бірімен сөйлеспеулері қажет.  

 

 

5.5.6  Оқушылардың  жоба  жұмысын  тексеруге  байланысты 

нұсқаулықтар 

 

Кейбір  пәндер  бойынша  ІЖБ  бойынша  оқушылар  жоба  жұмысын 



дайындайды. Оқушылар бұл жұмыс түрін өз бетімен дайындайды. Мұғалім 

оқушы  үй  тапсырмасы  ретінде  өз  бетімен  дайындаған  жоба  жұмысын  

оқушының    өзі  ешбір  қолдаусыз  орындағанына  сенімді  болуы  керек. 

Қажетінше  мұғалім  оқушыға  сұрақтар  қою  арқылы  жұмыстың  өз  бетімен 



 

37 


 

орындалғанын  анықтайды.  Мұғалім  оқушыға  оның  жоба  жұмысында  не 

себепті    белгілі  жолдарды  қолданғаны  және  қандай  техниканы  қолданып 

жасағаны туралы сұрақтар қоя алады. Бұл  әдіс арқылы мұғалім оқушының 

ІЖБ  бойынша  жұмысын  өз  бетімен  орындағаны  туралы  толық    ақпарат 

алады.  


Көп  жағдайда  мұғалім  ешбір  сұрақтар  қоймай-ақ,  онымен  жоба 

жұмысын  дайындау  барысындағы  бақылауға  сүйеніп,    жоба  жұмысын  

оқушының өзі дайындағанын анықтайды.   

 

 



6. ІЖБ бойынша сенімді нәтижелермен қамтамасыз ету 

 

ІЖБ модерациясына шолу   

 

Оқу нәтижелерін бағалаудың айқындығы  мен әділдігін қамтамасыз ету 

үшін  ІЖБ  модерациясы  бойынша  отырыс  ұйымдастырылады.  Онда 

оқушылардың  қалыптастырушы  бағалау  кезінде  пән  бойынша  орындаған 

тапсырмаларының нәтижелері талқыланады.  

Модерация  әр  тоқсанның  аяғында  өткізіледі.  ІЖБ  өткізілген  соң 

модерация 3 күн ішінде өткізіледі. Алдын-ала модерация уақыты мен өткізу 

орны  жоспарланады,  талқылауды  реттеп  отыратын  модерация  төрағасы 

тағайындалады.  Отырыстағы  төраға  рөлін  әдістемелік  бірлестік  жетекшісі, 

кез-келген мұғалім немесе КБКМ координаторы атқара алады. ІЖБ өткізілген 

соң,  мұғалім  алдын-ала  оқушылар  жұмысын  тексеріп,  балдарды 

қарындашпен қояды.  

Ішкі жиынтық бағалаудың модерациясы белгіленген тәртіп бойынша 

өткізіледі: 

1) бағалау стандарты (критерий бойынша  ең төмен және ең жоғарғы  

балл, бағалауы қиындық тудыратын  жұмыстар) болатын жетістік деңгейін 

анықтауы, осыған сәйкес жұмыстарды іріктеуі; 

2) қойылған бағалауды анықтауы, алдын ала бекітілген критерийлерге 

сәйкес оқушылардың жұмысына соңғы баға беруі және қойылған бағаларды 

талқылап стандарттауы; 

3) модерация қорытындысы бойынша оқушының жиынтық жұмысына 

балды қаламсаппен қоюы; 

4) керек болған жағдайда жиынтық бағалаудың нәтижесін жоғарылату 

және төмендетуі; 

6) модерацияны есепке алып жиынтық бағалаудың нәтижесін қоюы;  

Отырыс соңында  хаттамаға барлық қатысушылардың қолы қойылады. 

 

КБКМ  координаторы  мен  мұғалім  өзгертулерді  тоқсанды  аяқтау 



есебіне енгізеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет