«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім сапасын бағалау департаменті



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі1,07 Mb.
#5455
1   2   3   4   5   6

 

 

3.2.3 Оқушы портфолиосы  

 

Оқушы  портфолиосы  –  оқу  мақсаттарына  жетуде  оқушының 



ілгерілеуін  көрсететін  дәлелдемелері  және  ІЖБ  бойынша  оқушы 

жұмыстарының  жинағы.  Портфолио  белгілі  бір  мерзім  ішінде  оқушының 

ілгерілеуі туралы жазбаша ақпарат арқылы мұғалімді, оқушыны, ата-анасын 

хабардар  етеді.  Мұғалім  оқушының  оқу  мақсаттарына  жеткендігі  туралы 

дәлелдемелерді портфолио арқылы сақтайды, оның түрлері төменде берілген:  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

21 


 

 

 



ҚБ  бойынша  орындалған  тапсырмалардың  дәлелдемелерімен  қатар 

оқушы  портфолиосында  оның  күнделікті  іс  жүзінде  орындайтын  жұмыс 

құжаттары  болуы  да  мүмкін.  Дегенмен,  портфолио  мұғалім  үшін  қосымша 

әкімшілік  міндет  жүктейтіндей  қолайсыз  немесе  өте  үлкен  көлемді  болуы 

мідетті емес. Оқушының оқу мақсаттарын орындауда ілгерілеуін көрсететін 

дәлелдемелер бір папкада сақталып, оқушының оқу жоспарында берілген оқу 

мақсаттарына жеткендігін анықтайды.  

Төменде 


берілген 

диаграммада 

көрсетілгендей, 

портфолио 

дайындаудың түрлі әдіс-тәсілдері бар. Мысалы, оқушының жас ерекшелігіне 

сай әр түрлі болуы мүмкін. Бастауыш сыныбы оқушысының портфолиосында 

жазба жұмысының орнына мұғалімнің берген түсінігі мен бірге фотосуреттер 

болуы  мүмкін.  Нақты  айтқанда,  1-сынып  оқушылары  үшін  ҚБ  ғана 

ұйыдастырылады, 

сондықтан 

портфолио 

жоғарыда 

айтылғандай 

ұйымдастырылады.  АҚТ  пәні  бойынша  оқушы  портфолиосы  электрондық 

түрде  жүргізіліп  (е-портфолио),  компьютерде  сақталса,  «Бейнелеу  өнері» 

пәні бойынша суреттер мен аудиожазбалардан тұрады.  

 

 

3.2.4 Топтық жұмыстағы қалыптастырушы бағалау 



 

Мұғалім  қалыптастырушы  бағалауда  нақты  дағдыларды  бағалаудың 

тиімді  тәсілі  ретінде  топтық  жұмысты  жиі  қолдана  алады.  Мұғалім  топтық 

жұмысты  бағалауда  әрбір  оқушының  оқу  мақсатына  «жеткендігі»  туралы 

жеке  шешім  қабылдайды.  Мұғалім  бүкіл  топтағы  оқушыларға  бір  шешім 

Оқушы 


портфолио

сы 


үй 

тапсырмас

ы 

мұғалімні



ң жазбасы 

бейнесюж


ет пен 

презентац

ия 

ІЖБ 


бойынша 

оқушы 


жұмысы 

фотосурет, 

шығармаш

ылық 


жұмыстар 

оқушының 

жазбасы  

тапсырма 

карточкал

ары 


 

22 


 

шығара  алмайды,  ол  әрбір оқушының жеке  нәтижесін дәлелге  алып,  шешім 

қабылдауы керек. 

Мұғалім  топтық  жұмыста  әр  топтың  оқушыларын  тыңдайды  және 

бақылайды:  оқушылардың  басымы  жетістік  критерийлеріне  сәйкес  оқу 

мақсатына жете алса, мұғалім мұндай оқушыларды жазып алуы керек.  

Одан  кейін  мұғалім  әлі  де  оқу  мақсатына  талпынатын  оқушыларды 

бақылап және қосымша сұрақтар қоюы қажет: 

-

 

Сіздер бұл туралы не ойлайсыздар? 



-

 

Сіз  маған  өз  тобыңызда  нені  талқылағандарыңызды  түсіндіре 



аласыз ба? 

Топтық  жұмыс  жасау  кезінде  мұғалім  барлық  топтардың  жұмысын  

бақылауы  тиіс.  Топтағы  жұмысты  бақылауды  және  тапсырма  орындауға 

қатысуды  қатар  атқаруға  болады.  Жауаптарды  бағалағаннан  кейін  мұғалім 

әлі  де  оқу  жетістіктеріне  талпынатын  оқушылары  бар  топқа  қайта  келіп, 

оларға оқу мақсатына жету үшін тағы да бір мүмкіндік беруі керек.  

Жоғарыда аталғандардың бәрі белгілі оқу мақсаттарына жетудің дәлелі 

бола алады.  



 

 

3.2.5  Қалыптастырушы  бағалауды  оқытуды  жетілдіру  үшін 

қолдану 

 

Қалыптастырушы  бағалаудағы  іріктелген  оқу  мақсаттары  бойынша 



шешім  қабылдағаннан  кейін,  мұғалім  өз  оқушыларының  нәтижелерін 

сараптауы  маңызды.  Оқушылардың  бастапқы  білімдері  негізінде  күтілетін 

нәтижелердің қандай болатыны туралы ойлану қажет. Күтілетін нәтиже мен 

мұғалімнің  шешімі  сәйкес  келуін  ескеру  керек.  Мұғалім  келешектегі 

жұмысын  жоспарлау  үшін  рефлексияны  қолдануы  тиіс.  Мысалы, 

оқушылардың  барлығы  оқу  мақсаттарына  жетеді  деп  күтілген  жағдайда, 

кейбір  оқушылар  оқу  мақсаттарына  жетпесе,  ондай  оқушыларға  көмектесу 

үшін  келесі  сабақтардың  мазмұнын  қалай  өзгерту  керектігі  туралы  ойлану 

қажет.  Егер  сыныптың  жартысы  оқу  мақсатына  «жетті»,  ал  жартысы 

«талпынады»  деген  шешімге  ие  болса,  оқушы  ілгерілеуінің  әр  деңгейін 

қолдау  үшін  сараланған  тапсырмаларды  беру  туралы  ойланған  дұрыс. 

Саралау  әр  топ  үшін  әр  түрлі  тапсырмалар  пайдалану  керектігін,  әр  түрлі 

ресурстар  немесе  оқу  мақсатына  «жеткен»  оқушылар  үшін  қосымша 

тапсырмалар  дайындауды  ескереді.  Әр  оқушының  өз  жұмысы  бойынша 

келесі қадамын және мақсатын білуі маңызды. 

 

 

3.2.6  Оқу  мақсатына  жетуге  «талпынатын»  оқушыларға  қолдау 

көрсету 

 

Мұғалім оқу мақсатына «талпынатын» оқушыларға кері байланыс пен 



қосымша  көмек  көрсетуге  міндетті.  Ол  оқушының  қабілетсіздігін 

 

23 


 

білдірмейді,  оқушыға  оқу  мақсатына  жетуі  үшін  қосымша  ұсыныстар  беру 

арқылы  қолдау  көрсету  қажет.  Оның  мақсатқа  жетудегі  келесі  қадамдарын 

анықтамас  бұрын,  оны  ынталандыру  үшін  нені  жақсы  көрсете  алатынын 

анықтап алу қажет (кемшшіліктерді талқылау оқушыны ынталандырмайды). 

Сабақ  барысында  немесе  келесі  сабақтарда  оқушының  оқу  мақсатына  жету 

үшін  мүмкіндіктердің  берілгеніне  мұғалімнің  көзі  жету  керек.  Ол  үшін  оқу 

жоспарын  қарастырып,  ондағы  осы  оқушыларды  бағалауға  келетін  ұқсас 

тапсырмаларды  қолдануға  болады  (мысалы,  ғылыми  эксперимент).  Егер 

ұқсас тапсырмалар болмаса, мұғалім қайта бағалауды қай уақытта өткізетіні 

туралы шешім қабылдайды. Тоқсан аяғында өткізілген талқылауда  мұғалім 

қосымша  срақтар  қою  арқылы    оқушылардың  тоқсан  соңындағы  оқу 

мақсаттарына  қаншалықты  «жеткендігін»  анықтайды.  Мұғалім  мен 

әріптестерінің  дәлелдемелердің  қаншалықты  жеткілікті  екенін  шешу  үшін, 

мұғалім бұл сұрақтар мен жауаптарды жазып отыру қажет.  

Оқушылардың  жетістіктерге  әр  түрлі  жылдамдықпен  жететіні  мен 

олардың  мықты  және  әлсіз  жақтарының  болатынын  да  есте  сақтау  керек. 

Кейбір оқу мақсатына «талпынған» оқушыларға қолдау көрсету қажет.  



 

 

4. Қалыптастырушы бағалау бойынша сенімді нәтижелерді 

қамтамасыз ету  

 

ҚБ  бойынша  балл  көсеткіштері  тоқсандық,  жылдық  және  қорытынды 



бағалауда  баға  қоюда  ескеріледі.  Сондықтан  барлық  сыныптар  пен 

мектептерде  оқушыларды  бағалауда  бірыңғай  стандарттардың  қолданылуы 

маңызды.   

 

Бұл  үшін, екі бөлімнен тұратын үдеріс қолданылады: 



 

1.  Қалыптастырушы  бағалау  бойынша  шешім  қабылдар  алдында 

(тоқсан  басталмай/  тоқсан  басында)  ҚБ-ды  жоспарлау  мен  стандарттау 

бойынша  отырыс  өткізілуі  тиіс.    Бұл  отырыста  әр  параллель  сыныптарда 

беретін  пән  мұғалімдерінің  шешім  қабылдау  үшін  қолданылатын 

стандарттарды  сәйкестендіріп,  тоқсан  бойы  ұйымдастырылатын  ҚБ 

жоспарлайды.  Шешім  қабылдау  үшін  бірыңғай  стандарттарды  қолдану 

қажет, дегенмен дәлелдемелер ретінде  біркелкі  тапсырмаларды  қолданбауға 

болады.    

2.  ҚБ  бойынша  шешім  қабылданған  соң  (тоқсан  ішінде  немесе  тоқсан 

аяғында) тағы бір отырыс жоспарланады. Онда жұмыс үлгілері талқыланып, 

біркелкі  стандартты    дәйекті  қолдану  туралы  шешім  қабылданады.  Отырыс 

соңында  шығарылатын  шешімдер  бойынша    кері  байланыс  беріліп,  келесі 

тоқсандар  мен  келесі  оқу  жылында  сол  шешімдер  негізге  алынып  отырады. 

Стандарттарды  сақтау  дәлелдемелері  мұғалімнен  сұралып,  оқу  жылындағы 

келесі отырыста қаралуы мүмкін.  

Екі  отырыс  барысында  белгілі  бір  сыныптарда  бірдей  пәндерден 


 

24 


 

беретін мұғалімдер әріптестерімен кездеседі. Егер осы  сыныпта беретін пән 

мұғалімі  жалғыз  болса,  ол  осы  пәннің  ерекшелігі  мен  мазмұнын  түсінетін 

басқа мұғаліммен кездесіп, талқылайды. 

Келесі диаграммада бұл үдеріс сипаттамасы беріледі: 

 

 



 

4.1 Архивтік материалдар.  

 

4.1.1 ҚБ орталық архиві 

 

Әр  оқу  мақсаты  бойынша  «жетті»  немесе  «талпынады»  шешіміне 



сәйкес  оқушы  жұмыстарының  үлгілері  ПӨО-ндағы  орталық  архивке 

іріктелініп алынады. Олар ҚБ бойынша қажетті деңгейді көрсетеді. Орталық 

архив «жетті» немесе «талпынады» стандарттарына сәйкес жұмыс үлгілерін 

бере  алады.  Әр  мектептің  мұғалімдері  архивтегі  біркелкі  стандарттартарға 

қарап, оқушы жұмыстарын бағалай алады.  

Жоспарлау  мен  стандарттауға  байланысты  (4.3-бөлім)  отырыста 

мұғалімдер 

орталық 


архивтегі 

материалдарды 

қолданады. 

Олар 


оқушылардың  орындаған  жұмыстарын  бағалау  кезінде  орталық  архив 

Жоспарлау мен 

стандарттау 

 

•Отырыс ҚБ жоспарланған әр мектепте өтеді. Онда архивтегі материалдар 



негізінде әр оқу мақсатына сай стандарттар қарастарылып, оларға түсініктеме 

беріледі. 

•Мақсаты: Архивтегі материалдар негізінде тоқсанда өткізілетін ҚБ жоспарлау, 

оқу мақсаттарын, бағалау бойынша ұсыныстарды жәіне жетістік критерийлерін 

қарастыру.   

•Тоқсан басталғанға дейін немесе тоқсанның басында өткізіледі. 

ҚБ ішкі шолу  

•Отырыс әр мектепте ҚБ-ға  байланысты қабылданған шешімдер бойынша 

өткізіледі. 

•Мақсаты:ҚБ бойынша шешім негізінде мектептегі  барлық мұғалімдерінің 

сәйкес жетістік критерийлерді  қолдануын қаматамасыз ету және бекіту, оларға 

кері байланыс беру. 

•Тоқсан басында немесе тоқсан аяғында өткізіледі. 

 ҚБ сыртқы шолу 

•ПӨО мектептегі ҚБ жауапты директор орынбасарымен жұмыс істейді. Олар әр 

мектептегі ҚБ дұрыс ұйымдастырылып отырғанынын қадағалайды.  

•Мақсаты: ҚБ рәсімінің барлық мектептерде бірыңғай болуын қамтамасыз ету.  

•Әр жыл сайын әр пәнге, сыныпқа байланысты оқушы жұмысының үлгісіне 

шолу. 


 

25 


 

материалдарына  жүгіне  отыра,  өздері  қолданған  бірыңғай  стандарттардың 

жылдан-жылға  барлық  мектеп  мұғалімдерінің  бірдей  қолданып  келгеніне 

сенімді болады.  

Архивке  іріктеліп  алған  жұмыс  үлгілері  тек  ҚБ  құрылымы  өзгерген 

жағдайда  ғана  Білім  сапасын  бағалау  департаментінің  үйлестіруімен 

өзгертіле  алады.  Бұл  архивтегі  стандарттардың  сақталу  мерзімі  өтсе  де, 

өздерінің өзгермейтінін білдіреді. 

Тек  бірнеше  жыл  өткен  соң,  барлық  оқу  мақсаттарына  сай  бірыңғай 

стандарт  жасалады.  Әр  мектеп  мұғалімі  осы  үдеріске  ішкі  шолуға 

байланысты отырыста ұсыныстарын айтып, өз үлесін қоса алады. 

(4.3-бөлім )  



 

 

4.1.2 ҚБ мектептік архиві 

 

Орталық  архивпен  бірге  ҚБ  қолданылған    стандартқа  сай  жұмыс 

үлгілері  мектептегі  архивте  сақталады.  Онда  мектепішілік  отырыста 

талқыланған  оқушы  жұмыстарының  үлгілері  сақталады.  Бұл  мұрағат  нақты 

пән  бойынша  бірнеше  жыл  бойы  бір  стандарттың  қолданылып  келе 

жатқанына сенімді болуға ықпал етеді.  

Орталық  мұрағаттың  бірнеше  жыл  бойы  жасалуы  да  ықтимал. 

Сондықтан,  орталық  архивте  әр  оқу  мақсатына  сай  жұмыс  үлгілері 

жинақтаған  мезімге  дейін  мектептегі  архивті  пайдалануға  болады.    Барлық 

оқу  мақсаттарын  қамтитын  жұмыс  үлгілері  жиналғанда,  орталық  архивтің 

басымдылығы  артады.  Мұғалімдер  өз  мектептеріндегі  архивте  біркелкі 

стандартқа  сай  қосымша  материалдар  бар  екеніндігіне  өзара  келіскен 

жағдайда,  бұл  материалдардың  қажетті  сілтеме  ретінде  мектептегі  архивке 

сақталуы мүмкін.  

 

 

4.2. Жоспарлау және стандарттау бойынша отырыс  



 

Мақсаттары:  тоқсанға  арналған  ҚБ  жопарлау  және  оқу  мақсаттарын, 

бағалауға  байланысты  ұсыныстар  мен  жетістік  критерийлері  туралы  жалпы 

түсініктемелер беру. 

Оқу  тоқсаны  басталмас  бұрын  пән  мұғалімдері  кездесіп,  ҚБ 

байланысты  жұмысты  жоспарлайды.  КБКМ  координаторы  бұл  жұмысты 

ұйымдастырады.  Бұл  жоспарлауға  байланысты  отырыста  ҚБ  бойынша 

дәлелдемелерді  жинақтаудың  қалай  жүргізілетіні  туралы  айтылады. 

Мұғалімдер арасында оқу жоспары, бағалауға арналған ұсыныстар, алдыңғы 

жылғы  орта  мерзімді  және  қысқа  мерзімді  жоспарлар  талқыланады.  Бұл 

отырыста  бір  тапсырманы  бірнеше  оқу  мақсаттарына  сай  қолдану 

мүмкіндіктері  қарастырылады.  Мұғалімдерден  дәлелдеме  жинақтауда 

бірыңғай әдіс-тәсілдерді пайдалануы талап етіледі (мысалы, бір мұғалім эссе 

жазу туралы, екінші мұғалім презентация жасауды ұсына алады). 



 

26 


 

Мұғалімдер  сонымен  қатар  ҚБ-ға  байланысты  шешім  шығару  үшін 

қолданылатын  стандарттарды  талқылайды,  отырыстың  бұл  бөлімі 

стандарттауға  арналады.  Мұнда  орталық  немесе  мектептегі  архивтегі 

(орталық архивтің басымдылығын есте сақтау қажет) материалдар үлгісінде 

жетістік критерийлері талқыланады.  

Стандарттаудың  мақсаты  –  оқушының  жетістігі  туралы  шешім 

қабылданғанға дейінгі бағалау және стандарттау үдерісінде жалпы түсініктің 

бірдей болуын қамтамасыз ету. Бұл мұғалімнің қабылдаған шешмінің нақты 

және сенімді екендігін қамтамасыз етеді.  

Егер  мұғалім  белгілі  пәннен  беретін  жалғыз  мұғалім  болса,  ол 

мектептегі  басқа  мұғаліммен  кездесіп,  жоспарлау  мен  стандарттау  үдерісі 

кезеңдерін бірге дайындайды. Бұл мұғалім әдістемелік бірлестіктің жетекшісі 

немесе  белгілі  сыныпта  берілетін  пән  мазмұны  мен  ерекшеліктерін  жақсы 

білетін  мұғалім  болуы  мүмкін.  Олар  бірігіп  жоспарлауда  қажетті  оқу 

мақсаттарына  байланысты  архивтегі  материалдарды  және  стандарттарды 

пайдалана алады.  

Жоспарлау мен стандарттау бойынша отырыста қаралатын сұрақтар: 

 



тоқсанға арналған оқу мақсаттарын қарастыру; 

 



ҚБ қолданылатын және оқушыны қызықтыра алатын тапсырмаларды 

анықтау; 

 

бірнеше  оқу  мақсатын  бағалауда  қолданыла  алатын  тапсырмаларды 



анықтау;  

 



мақсаттарға  жету  арқылы  оқушының  ілгерілеп  отырғандығын 

көрсететін дәлелдемелер ойынша орта шешімге келу

 

оқушының дәлелдемелерін көрсете алу шарттарын белгілеу (мысалы, 



жеке орындауға және топқа арналған тапсырмалар); 

 



ҚБ қолданылатын стандарттар бойынша келісу: 

  -  жетістік критерийлерін талқылау

  -  орталық  мұрағаттағы  және  мектепте  қарастырылған  жұмыс 

үлгілерін  өткен  жыл  тапсырмаларына  шолу  жасау,  «жетті»  немесе 

«талпынады» шешіміне сәйкес оқушы жұмыстарының үлгілерін қарастыру; 

 



орындалған 

жұмысты 


бағалауда 

қолданылатын 

жетістік 

критерийлерін талқылау; 

 

қолжетімді ресурстардың тізімін анықтау;  



 

нұсқаулық  құжаттар  мен  оқушыға  қажетті  нұсқауларды  қажетінше 



жасау; 

 



оқушыға берілетін кері байланысты талқылау.  

 

Талқылауға  түсетін  ақпарат  үлгілері  мен  қабылданған  шешім  үлгілері 



1-қосымшаға  енгізілген.  7-сыныпқа  арналған  «Дене  шынықтыру»  пәні 

бойынша  және  12-сыныпқа  арналған  «Информатика»  пәні  бойынша 

мысалдар берілген.  

 

 



 

27 


 

4.3 

ҚБ бойынша ішкі шолуға дайындық 

  

КБКМ  координаторы  ҚБ  байланысты  қарастырылатын  шешімдерді 

анықтайды.  Сонымен  бірге,  координатор  ҚБ-ны  қайта  қарастыру 

отырыстарының  жиілілігін  анықтайды.  Кейбір  пәндер  мен  сыныптар 

бойынша  тоқсан  аяғында  бір  шолу  отырысы  ұйымдастырылады.  Басқа 

пәндер  мен  сыныптар  бойынша  тоқсан  ішінде  ішкі  шолуға  бірнеше отырыс 

жоспарлануы  мүмкін  (әрбір  шолуда  тек  бір  немесе  екі  оқу  мақсаты  ғана 

қарастырылады).  Координатор  бұл  ақпаратты  жоспарлауға  байланысты 

отырыс соңында немесе тоқсан ішіндегі басқа уақытта бере алады. 

Отырысты өткізу үшін мұғалімдерге келесі ақпарат қажет:  

 

қарастырылатын оқу мақсаттары саны; 



 

мұғалімнің  ішкі  шолуға  әкелетін  дәлелдемелері  (дәлелдемелер 



түрлері мен саны); 

 



қажетінше дайындалатын дәлелдемелер көшірмелерінің саны. 

КБКМ координаторы бес оқу мақсатына дейін анықтап, оларды бағалау 

бойынша  шешім  шығарады.  Дәлелдемелердің  жазба  түрінде  болуы  міндетті 

емес,  басқа  да  түрдегі  дәлелдемелер  қажетінше  сұралуы  мүмкін  (мысалы, 

байқаулар,  суреттер,  моделдер,  фотосуреттер  және  бейне  материалдары  – 

материалды түрде болмағанда және сақтала алмайтын жағдайда). 

КБКМ координаторы шолуға қажетті дәлелдемелер санын анықтайды. 

Барлық мұғалімдердің оқу мақсатына жетудегі жетістік критерийлерін бірдей 

түсінуін анықтау үшін орындалған тапсырмалардың саны қажетті мөлшерде 

болуы  қажет.  Отырысқа  мұғалім  өз  сыныбынан  әр  түрлі  оқушылардың 

жұмысынан  дәлелдемелер  жинайды.  Бұған  «жетті»  немесе  «талпынады» 

шешіміне  сәйкес  оқушы  жұмыстарының  үлгілерімен  бірге  ерекше  жұмыс 

үлгілері мен мұғалім бағалауда сенімсіз болған жұмыс үлгілері әкелінуі тиіс.  

«Жетті» шешіміне сәйкес дәлелдемелері ретінде оқушы жұмысының бірінші 

нұсқасы  алынады  (оқушы  оқу  мақсатына  кейін  жеткен  жағдайда).  Егер 

жұмыс  бірнеше  оқу  мақсатының  дәлелдемесі  болса,  әрбір  оқу  мақсатына 

жеке тоқталу қажет. Мысалы, эссе жұмысы үш бірдей оқу мақсаты бойынша 

дәлелдеме ретінде қолданылады, екеуі бойынша оқушы оқу мақсатына жете 

алуы мүмкін, ал бір оқу мақсатына – талпынады.  

Әр  оқу  мақсаты  бойынша  келтірілетін  дәлелдемелер  түрі  мен  саны 

жоспарлау  мен  стандарттау  отырысында  талқыланады.  Мысалы,  егер  жазба 

жұмысын  әкелу  қажет  болса,  онда  аяқталған  жұмыс  болуы  керек  (мысалы, 

эссе,  баяндама,  әңгіме,  хат  түрі  және  т.б.),  дайындық  кезеңіндегі  жұмыста 

қолданыла  алады.  Дәлелдемелер  сұрақтармен  қатар  берілсе,  жазба 

жұмысымен  бірге  сұрақтар  мен  жауаптар  қосымша  ретінде  беріледі. 

Қалыптастырушы  бағалауда  тапсырмалардың  көпшілігі  ауызша  түрде 

жүргізіледі. Дебаттың бөлігі ретінде сұраққа жауап беру бағалаудың түрі боп 

есептеледі.  Барлық  ауызша  жауапты  бейнетаспаға  түсіруді  жоспарлауға 

кейде мүмкіндік болмайды. Дәл осылай оқушының практикалық дағдылары 

отырыста  көрсетілмеуі  мүмкін.  Осындай  жағдайлардағы  дәлелдемелер 

түрлері  жоспарлау  бойынша  бекітіліп,  қарастырылады.  Бұл  жағдайларда 


 

28 


 

дәлелдемелер  ретінде  мұғалімнің  қағазға  жазғандары  мен  тексеру  беттері 

жеткілікті.  

Шолуға арналған материалдар отырыс алдында КБКМ координаторына 

тапсырылады.  КБКМ  координаторы  бұл  ақпаратты  отырыстың  күн  тәртібін 

жасауда  қолданады.  Отырыста  оқушы  жетістігін  көрсететін  үлгілердің 

сапасын жақсарту мақсатымен координатор қосымша материалдарды немесе 

өзгерістер енгізуді қажет етуі мүмкін.  Сонымен бірге координатор ішкі шолу 

бойынша  хаттама  үлгісін  толтырады.  Үлгінің  соңғы  екі  бағанасы  отырыс 

барысында толтырылады. Хаттама  үлгісі 3-қосымшада көрсетілген.  



 

 

4.4 ҚБ бойынша ішкі шолу жасау 

 

Мақсаттары:  мектептегі  барлық  мұғалімдердің  сәйкес  жетістік 

критерийлерін  қолдануын  қаматамасыз  ету  және  бекіту,  оқу  мақсатына 

жетудегі  қабылданған  шешімдерді  ҚБ  бойынша  архивтегі  материалдарға 

сүйеніп,  оқушының  орындаған  жұмыс  үлгілерінде  талқылау  және 

шығарылған шешімдер бойынша мұғалімдерге кері байланыс беру.     

Егер мектепте белгілі пәнді жалғыз мұғалім жүргізсе, ол ҚБ бойынша 

ішкі  шолуды  өткізу  үшін  басқа  мұғаліммен  кездеседі.  Бұл  мұғалім 

әдістемелік  бірлестіктің  жетекшісі  немесе  белгілі  сыныпта  берілетін  пән 

мазмұны мен ерекшеліктерін жақсы білетін мұғалім болуы мүмкін. Мұғалім 

өз  шешімдерін  ҚБ  архивіндегі  бір  оқу  мақсаттарына  сәйкес  келетін 

үлгілермен  салыстырып,  өз  шешімдерін  екінші  мұғаліммен  бірге 

талқылайды.  Оқу  мақсаттарына  байланысты  ішкі  шолу  бойынша  отырысты 

бір  немесе  бірнеше  рет  ұйымдастыруға  болады  және  оны  тоқсан  аяғына 

қалдырмай, дәлме-дәл уақытында ұйымдастыру қажет.  

 Ішкі шолу бойынша отырыста келесі  іс-шаралар өткізіледі:  

 



мұғалімдер  іріктеліп  алынған  оқу  мақсаттарын,  осы  оқу 

мақсаттарына сәйкес үлгілерді қарастырады.  

 

әріптестерімен  бірге  жұмыс  барысында  әр  сыныптан  алынған  оқу 



мақсаттары  үлгілері  бойынша  шешімдерді  талқылайды.  Кейбір  жұмыстар 

бірнеше оқу мақсаттарының дәлелдемесі ретінде қолданылады. 

 

мұғалімдер  алдымен  бір  іріктелініп  алынған  оқу  мақсатына 



тоқталып,  оқу  мақсатына  «жетті»  деген  шешімге  сай  жұмыстардың 

үлгілеріне  шолу  жасайды.  Одан  кейін  оқу  мақсатына  «талпынады»  деген 

шешімге  сай  жұмыстарды  қарастыруда  жоғарғыда  айтылған  үдеріс 

қайталанады.  Ең  соңында,  «жетті»  немесе  «талпынады»  шешімдерінің 

шегінде  тұрған  жұмыстар  талқыланып,  олар  бойынша  қабылданған 

шешімдерге өзгертулер енгізіледі.  

 

қабылданған  шешімдер  бойынша  орта  келісімге  келу  негізгі  мақсат 



болып  табылады.  Алдыңғы  жылдарда  шолу  жасалған  архив  материалдары 

шешімді  қабылдау  үшін  қолданылады.  Келісімге  келмеген  жағдайда  КБКМ 

координаторы  соңғы  шешім  қабылдайды  және  оған  негіздеме  береді.    Бұл 

негіздеме жазбаша тіркеліп, келесі жылдарға дейін сақталады

.  


 

29 


 

 



КБКМ  координаторы  қарастырылған  тапсырмалар бойынша  барлық 

тапсырмалар үлгісін жинайды. Оларды сканерден өткізіп, мектептік архивте 

сақтайды.    Егер  орталық  архивке  сақтауға  лайықты  жұмыс  үлгілері  болса, 

КБКМ  координаторы  олардың  ПӨО-ндағы  орталық  архивке  жіберілуін 

ұйымдастырады.  

 



Осыдан  кейін  тоқсандағы  ҚБ-қа  байланысты  қабылданған 

шешімдерге  кері  байланыс  беріледі.  Мұғалім  ҚБ  бойынша  келесі  шешім 

қабылдауында  берілген  кері  байланысты  қолдануына  жауапты,  келесі 

отырыстарда оны қалай қолданғаны туралы сұралуы мүмкін.  

 

Әрбір  ҚБ  бойынша  ішкі  шолу  отырысының  соңында  хаттама  үлгісі 



толтырылып, барлық қатысушылардың қолы қойылады.  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет