"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы


Критериалды бағалау жүйесінің қағидаттары, мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет6/29
Дата26.06.2023
өлшемі0,81 Mb.
#103440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
2.
Критериалды бағалау жүйесінің қағидаттары, мақсаты мен міндеттері
Критериалды бағалау жүйесі бағалау рәсімдерінің сапалылығына
олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігіне және әр оқушының 
оқудағы қажеттілігіне бағытталған.
Бағалау ұғымы латын тілінде «assessio» деген сөзбен беріледі. Оның 
мағынасы «бірге отыру» дегенді білдіреді. Бағалау кезінде мұғалім 
оқушымен «отырады», оқушының рәсімді қолдануы үшін ғана емес, рәсімді 
онымен бірге және ол үшін өткізеді. Сондықтан, критериалды бағалау 
жүйесінің негізгі басымдықтары оқушыларды дамыту, олардың оқуға деген 
қызығушылығын, ынтасын арттыру, бағаға қатысты қобалжуын
қорқынышын бағалау рәсімдеріне қатыстыру және түсіндіру арқылы азайту 
болып табылады. Егер анық және өлшенетін бағалау критерийлері болса, әр 
оқушыға және оның ата-анасына түсінікті болса бұған жетуге болады. Нақты 
жасалған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да 
мыналарды түсінетін болады: 

Оқушы оқудың қай сатысында?

Ол өзі оқуда неге талпынады?

Оның оқуда күтілетін нәтижелерге жетуіне көмектесу үшін не істеу
қажет? 
Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлері негізінде 
оқушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпараттар алу және оны 
оқу үдерісін әрі қарай жетілдіру үшін мүдделі барлық қатысушыларға ұсыну 
болып табылады.
Критериалды бағалаудың міндеттері: 
1.
Білім беру қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін
объективті және айқын бағалау жүйесінің қызмет етуі. 
2.
Халықаралық тәсілдемелер мен стандарттарға сәйкес бірыңғай,
сапалы бағалау механизмдерін құру. 
3.
Бағалау әрекетінде мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру.
4.
Оқушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру және оларды
өз бетінше оқу дағдыларына дағдыландыру үшін жағдай жасау. 
5.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру.
6.
Оқушылардың күтілетін нәтижелерге жетуін бағалау үдерісін, соның
ішінде жоғары деңгей дағдыларын (талдау, жинақтау, бағалау) 
автоматтандыруға және дербестендіруге мүмкіндік беретін тапсырма үлгілері 
қорын құру. 
7.
Объективті, үздіксіз, анық ақпараттарды ұсыну: оқушыларға олардың
оқу сапасы туралы, мұғалімдерге оқушыларының ілгерілеуі туралы, ата-
11 


аналарға оқу нәтижесіне жету деңгейі туралы, басқару органдарына 
ұсынылатын білім беру қызметінің сапасы туралы.
8.
Жинақтау үдерісін белсендіру және ақпараттар ұсыну үшін
электрондық журналды қолдану. 
9.
Мемелекет, облыс, аудандық барлық мектептер, жеке мектептер, әр
оқушы деңгейінде бөлімдер мен тақырыптар аясындағы оқу 
бағдарламаларын меңгеруге қатысты мониторингті қолдану. 
10.
Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру және басқарушылық
тиімді шешім қабылдау үшін зерттеу және талдау жүргізу. 
Критериалды бағалау оқу үдерісінде белгіленген қағидаттарға сәйкес 
жүзеге асырылады (1-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет