«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы



бет14/32
Дата27.09.2023
өлшемі0,69 Mb.
#110574
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32

Шартты белгілеулер:


Ұ = ұжымдық (сыныппен) жұмыс;
Т = топтық жұмыс;
Ө = өздік жұмыс;
Ж = жұптық жұмыс;
М = мұғалімнің көрсетуімен;
Ү = үй тапсырмасы.



Геометрия. Негізгі орта бiлiм беру. 8-сынып

8.2А бөлім: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Ұсынылатын сағат саны: 15

Осыған дейін меңгерілген білім
Тікбұрышты үшбұрыш және оның элементтерінің анықтамалары туралы біледі. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері және оларды қолдану дағдыларын біледі. Үшбұрыш теңсіздігі және үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар туралы біледі.

Мәнмәтін
Бұл бөлімде алынған білім «Тригонометрия», «Үшбұрыштарды шешу» бөлімдерін меңгеруге негіз болады және құрамында тригонометриялық функциялары бар тапсырмаларды
табысты орындауға септігін тигізеді.

Бөлім бойынша оқу мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Бөлім бойынша лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі мен котангенсі анықтамаларын біледі және оларды берілген үшбұрыш үшін таба алады;

  • Пифагор теоремасын біледі, дәлелдейді және қолданады.

  • тікбұрышты үшбұрыш биіктігінің қасиеттерін дәлелдейді және қолданады;

  • негізгі тригонометриялық тепе- теңдіктерді қорытып шығарады және қолданады;

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсін олардың біреуінің мәні арқылы табады;

  • 300, 450, 600 бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі мәндерін біледі және қолданады.

Оқушылар:
-тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табуды түсіндіреді;

  • дәлелді талқылау қадамдарын сипаттайды;

  • берілген бөлімнің пәндік лексикасын, символикасын және терминологиясын сауатты қолданады;

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табуды түсіндіреді;

  • есептерді шешуде қандай да бір формуланың (теореманың) қолданысын негіздейді;

  • берілген бөлімнің пәндік лексикасын, символикасын және терминологиясын сауатты қолданады.

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі;

  • берілген бұрышқа іргелес жатқан катет;

  • берілген бұрышқа қарсы жатқан катет;

-катеттердің квадраттарының қосындысы;

  • Египет үшбұрышы;

  • негізгі тригонометриялық тепе-теңдік;

  • перпендикуляр, проекция және көлбеу;

  • катеттердің гипотенузаға проекциялары;

  • геометриялық орта;

  • негізгі тригонометриялық тепе-теңдік;

  • тригонометрическое тождество:

  • тригонометриялық түрлендірулер;

  • тікбұрышты үшбұрышты шешу;

  • қосымша бұрыштар.

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең;

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;

  • Пифагор теоремасын қолданып, ... табамыз;

  • негізгі тригонометриялық тепе-теңдік негізінде ...;

  • катеттің квадраты ... тең;

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең;

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;

  • Пифагор теоремасын қолданып, ... табамыз;

  • негізгі тригонометриялық тепе-теңдік негізінде ...;

  • катеттің квадраты ... тең.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет