«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы



бет12/32
Дата27.09.2023
өлшемі0,69 Mb.
#110574
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
9 Oку жоспары Геометрия 8 сынып

Негізгі тапсырма. АВСМ трапециясында АМ және ВС табандары сәйкесінше £ см және ¥ см-ге тең, СМА = . В төбесі және СМ-нің ортасы О нүктесі арқылы өтетін, АМ–нің созындысын Е нүктесінде қиятын түзу жүргізілген. АВЕ = ©, СВЕ = 30о. Трапецияның периметрін табыңдар.
Тапсырма№1. АВСМ трапециясында АМ – үлкен табаны. В нүктесі арқылы СМ–ге параллель және АМ-ді Е нүктесінде қиятын түзу
жүргізілген. АВЕ үшбұрышының периметрі 11 см, ал ВС=2 см. £-ні табыңдар, мұндағы, £ -трапеция периметрі.

Т


Ұ
М
Элементтерінің аттарына назар аударыңыз, соның ішінде трапецияның биіктігі және орта сызығы.


Т

Погорелов А. В.
Геометрия: Учебник для 7-9 кл. общеобразоват. учреждений/ 2- е изд. - М.: Просвещение, 2001.
- 224 с.

Геометрия. 7-9 классы : учеб. для общеобразоват. учреждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев и др.]. – 20-е изд. – М. : Просвещение, 2010. – 384 с.






Тақырыбы

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқу ресурстары







Тапсырма№2. MNKP трапециясында MK–үлкен табаны. N нүктесі арқылы PK-ға параллель және МК қабырғасын F нүктесінде қиятын түзу жүргізілген. NMF=40о, MNF=50о.©-ны табыңдар, мұндағы © =
MКP.
Тапсырма№3. АВСМ теңбүйірлі трапециясында А= 30о, АМ=153 см, ВС=103 см. ¥ -ны табыңдар, мұндағы, ¥ - трапецияның бүйір қабырғасы.
Тапсырма№4. Теңбүйірлі трапецияның кіші табанындағы
бұрыштардың қосындысы 2400. анықтаңдар,мұндағы, үлкен табанындағы бұрыштың градустық өлшемі.










8.1.1.12
үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану;

Оқушыларға орта сызық анықтамасын тұжырымдаңыз. Бұл анықтаманы оқушылармен талқылаңыз, сұрақтармен, түсініктермен анықтаманы қорытындылаңыз.
«1. Үшбұрыштың орта сызығы бұл... (кесінді)

  1. Осы кесіндінің ұштары үшбұрыштың қабырғалары үшін не болып табылады? ( ортасы)

  2. Бұл кесінді үшбұрыштың қай қабырғаларының ортасын қосады? (бүйір)

  3. Сонымен үшбұрыштың орта сызығы бұл (не?) , яғни не істейді? (не?) қандай үшбұрыштың қабырғасы?

  4. Үшбұрышқа неше орта сызық жүргізуге болады?

  5. Орта сызық қандай да бір қасиетке ие бола ала ма?»

Оқушыларға үш адамнан топта тапсырма орындауды ұсыныңыз: «Сүйір бұрышты, тікбұрышты, доғал бұрышты үшбұрыштар салыңыз. Барлығына орта сызықтар жүргізіңіз. Үшбұрыштың орта сызығы мен табанының ұзындығын өлшеңіз.
Қорытынды жасаңыз. Үшбұрыштың орта сызығы оның табанына қатысты қалай орналасқанын анықтаңыз?
Қорытынды жасаңыз.
Оқушылардан барлық топтардың қорытындыларын салыстыруды сұраңыз.
Сонда біз үшбұрыштың орта сызығы табанына параллель және оның жартысына тең деп болжауымызға болады.
Енді бұл тұжырымды теорема түрінде дәлелдеп көрейік.
Оқушылар үшбұрыштың орта сызығының қасиетін өз бетімен дәлелдеу үшін оларға «қадамдық нұсқаулық» ұсыныңыз.

М
Т


Ұ


Ж

Геометрия. 7-9 классы : учеб. для общеобразоват. учреждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев и др.]. - 20-е изд. - М.: Просвещение, 2010. - 384 с.
ISBN 978-5-09-023915-8,138-
139 бет.

Геометрия: задачи на готовых чертежах для подготовки к ГИА и ЕГЭ: 7–9 классы/ Э.Н.Балаян. – Изд. –е, исправл. и дополн. – Ростов и/Д: Феникс, 2013. – 223с. – (Большая перемена).




http://school.xvatit.com/index.php
?title=%D0%A1%D1%80%D0% B5%D0%B4%D0%BD%D1%8F
%D1%8F_%D0%BB%D0%B8% D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D 1%82%D1%80%D0%B5%D1%8
3%D0%B3%D0%BE%D0%BB% D1%8C%D0%BD%D0%B8%D0
%BA%D0%B0._%D0%9F%D0
%BE%D0%BB%D0%BD%D1% 8B%D0%B5_%D1%83%D1%80
%D0%BE%D0%BA%D0%B8.




Тақырыбы

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқу ресурстары










НҰСҚАУЛЫҚ

  1. АВС үшбұрышына екі МН және НК (НВС, МАВ, КАС) орта сызығын жүргізіңдер.

  2. Фалес теоремасы мен орта сызықтың анықтамасына сүйеніп, АМНК – параллелограмм екенін дәлелдеңдер.

  3. Параллелограмның қасиетін (қарама-қарсы қабырғалары тең) және орта сызық анықтамасын қолданып, теореманың дұрыс екенін қорытындылаңдар.










Осы кезеңді алғашқы бекіту үшін дайын сызбалар бойынша есептерді
пайдаланған тиімді.




8.1.1.13
трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану

Оқушыларға үш адамнан топтасып тапсырма орындауды ұсыныңыз:
«Кез келген, теңбүйірлі, тікбұрышты трапециялар салыңыз. Олардың барлығының да орта сызығын жүргізіңіз. Трапецияның орта сызығының және табандарының ұзындықтарын өлшеңіз.
Қорытынды жасаңыз. Трапецияның орта сызығы оның табандарына қатысты қалай орналасқанын анықтаңыз.
Қорытынды жасаңыз.Оқушылардан барлық топтың қорытындысын салыстыруды сұраңыз. Сонда біз трапецияның орта сызығы табандарына параллель және олардың қосындысының жартысына тең деп болжауымызға болады.
Енді бұл тұжырымды теорема түрінде дәлелдеп көрейік.
Берілген теореманы оқушылар өз бетімен дәлелдеу үшін оларға үш адамнан тұратын топтарға бірігіп, дәлелдеуді орындауды ұсыныңыз. (Шарты: АВСD трапеция, МН – орта сызық). Оқушылардың әрбір тобына көмек беріңіз:
№1топ. АD табанымен К нүктесінде қиылысқанға дейін ВН түзуін жүргізіңіз. МН-ді АВК үшбұрышының орта сызығы деп қарастырыңыз.
№2 топ. МН кесіндісін Т нүктесінде қиятын АС диагоналын жүргізіңіз.
МН-ты МТ мен ТН кесінділерініңқосындысы деп қарастырыңыз.
№3 топ. CF || BA жүргізіңізжәне ABCF параллелограмы мен DCF
қарастырыңыз.
№4 топ. ЕО || BA жүргізіңіз, НЕО, ЕВС, ОАD және AМНО параллелограмы мен ЕНВ және ОНD үшбұрыштарының теңдігін қарастырыңыз.
Жұмыстары аяқталған соң оқушылар өздерінің дәлелдеулерін көрсетеді.

Т Ү
«Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары » тақырыбының
8.1.1.13 және 8.1.1.12 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі. Тапсырмаларды күрделілігіне қарай дифференциациялауды, соның ішінде талдау, синтез және бағалауға байланысты есептермен бірге дайын сызбалармен есептерді қосуды ұсынамыз. Егер дайын сызбамен тапсырмалар арифметикалық шешімін қажет етсе, онда тапсырмалар саны 6-дан артық емес болу керек.

Погорелов А. В.
Геометрия: Учебник для 7-9 кл. общеобразоват. учреждений/
2-е изд. - М.: Просвещение, 2001. - 224 с.

Геометрия. 7-9 классы : учеб. для общеобразоват. учреждений / [Л. С. Атанасян,


В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев
и др.]. – 20-е изд. – М.: Просвещение, 2010. – 384 с.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет