Не журналистика кафедрасы


Пайдалынылатын әдебиеттер



бет33/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Пайдалынылатын әдебиеттер:

  1. Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

  2. Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

  3. Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

  4. Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

  5. М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

15–лекция: Қазақ әдеби сынының бүгінгі жай-күйі.
Қамтылатын мәселелер:

  • Қазіргі қазақ әдебиеті мен сынының жай-күйі.

  • Қазіргі қазақ жазушылары.

  • Қазіргі сыншы-ғалымдар.

Өнердегі дәстүр жалғастығы негізінен үш салада; идея мен тақырып, образ және көркемдік шеберлік тұрғысынан дамиды. Енді осылардың көркем әдебиеттегі көрінісі арқылы талдап көрелік.
Айта беретін 60-шы жылдар қазақ әдебиетіне әсіресе сыншылдық, талғампаз, сыршыл психологизм әкелсе, оның анық нышаны Ә.Кекілбаев, А.Сүлейменов, Қ.Ысқақов, Р.Тоқтаров, О.Бөкеев С.Жүнісов, Ш.Мұртазаев, Д.Досжанов, Д.Исабеков, С.Мұратбеков, Қ.Найманбаев, Т.Нұрмағанбетов т.б. жазушыларымыздың шығармаларынан жақсы көрінді. Олар қазақ әдебиетінде өзіндік бет-бейнелерімен, ешкімге ұқсамайтын мәнер-машықтарымен дараланды.
Әрбір өмірге келген талантты көркемсөз туындысының кездейсоқ болмайтындығы белгілі, оны сол мезгілдің қажетсініп отырған рухани проблемалары туғызады, соған қарамастан әдеби шығарма сол дәуірдің жай көшірмесі емес, оның сол өнер туындысының иесі - ақынның, не жазушының, суретшінің ыстық қайраты мен нұрлы сезімінің, сарабдал ақылының сараптауынан өткен субьективті бейнесі, сырлы суреті. Ендеше мұндайлық субьективтік бейне қалайша сол мезгілдің, заманның шын ақиқат бейнесі бола алады?. Бұл ең алдымен таланттың қуатына байланысты: суреткер неғұрлым талантты, рухани қуатты болған сайын оның дүниеге әкелген шығармасы обьективтік шындыққа жақындай түседі, себебі ең алдымен оның, суреткердің, өзі - сол мезгілдің, сол қоғамның, сол шындық туындысы, сондықтан о баста жаратқанның оның бойына суреткердің байқампаз дарынын, сезімтал жүрегін жомарттықпен сыйға тартқаны рас болса, ол сол дәуірдің, сол қоғамның шындығын, мұңы мен зарын, алдан күтер үмітін бенелемей тұра алмайды. Бұл тұрғыдан алғанда заман, уақыт шындығын жан-жақты ашып беруде көркем әдебиет туындысына шендесер құбылыс кемде-кем, тіпті бұлтартпас логикалық пайымдауларға сүйенетін ғылым да көп жағдайда талантты көркем шағармалармен тайталаса алмайды, өйткені ғылым қоғам шындығының бір қырын ғана бажайлап зерттейді: айталық мысалы социология негізінен қоғамның әлеуметтік өмірін, тарих оның ең алдымен саяси-экономикалық сипатын, ал демография сол әлеуметтік ортада өмір кешкен жұртшылықтың сан жағынан өсіп-өнуінің диалектикасын сөз етеді. Ал көркем әдебиет болса мұндай шектеулерге көнбейді, ол ғылымды ғылым секілді бір қырынан емес, тұтасынан көреді, белгілі бір уақыт шеңберінде сол қоғам басынан қандөй саяси, әлеуметтік, экономикалык, психологиялық, демографиялық т.б. халдерді басынан кешірді, міне, осының бәрі көркем әдебиеттің қырағы жанрынан тыс қала алмайды. Сондықтан да қарапайым оқырманнан бастап ғалым экономиске, юристке, тарихшыға, геогрефқа, әлеуметтанушыға, саяси қайраткерге, әскери қолбасшыларға дейін көркем әдебиеттен өз керегін белгілі бір дәрежеде таба алады, сондықтан да аула сыпырушыдан бастап ғарышкерге дейін одан рухани қанағат іздейді.
Әсіресе, осы дәуірдің соңғы кезеңдерінде кеңестік кеңістікте ғылым мен өнер саласында көптеген жетістіктер болғанын жоққа шығаруға болмайды.
Алайда бұл мемлекет жабық қоғамға негізделген саяси-экономикалық жүйеден тұратын. Сондықтан да ғалымдар Кеңестер одағындағы саналы өмірге гомо советикус деген атау берді. Өйткені бұл саяси-экономикалық рухани-әлеуметтік ортада тек советтік экономика, советтік саясат, советтік мәдениет пен советтік әдебиет қана мойындалатын, ал басқа әлемдік өркениеттерде болып жатқан қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым көпшілігі күні өткен буржауазиялық қоғамның мезгілден, уақыттан артта қалған кертартпа көзқарастары, ағымдары ретінде көрсетілетін, солай уағыздалатын. Пікірдегі, көзқарастардағы плюрализмге қысым жасау сөкеттік болып саналмайтьн. Сондықтан да сол кездегі КСРО террйториясындағы бірден-бір саяси билеуші күш – Коммунистік партияның басшылығымен жүзеге асырылған идеологиялық саясат ұлттық мәдени күштердің өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін толығымен ашып көрсетуіне мүмкіндік бере бермейтін. Коммунистік партияның қоғам өмірінде араласпайтын жері жоқ еді, ол тіпті адам қызметінің көркемөнер секілді шығармашылық еркін ойды ауадай қажет ететін ең бір нәзік, ең бір кінәмшіл саласына дейін қатаң беқылауға алып отырды. Қоғамдык сананың барлық институттары секілді өнердің, оның ішінде көркем әдебиеттің де партиялық болу керектігі талап етілді.
Алайда Коммунистік партия мен кеңестіх үкімет қанша қырағы бақылауға алғанмен кеңес халқының, оның алдыңғы қатарлы өкілдері – ұлттық интеллигенцияның қоғамдық ой-санасы революциялық романтикаға көзсіз табынған балаң қалпында мәңгіге қалып қоя алмайтын еді, сондықтан да осы ой-сана да барша қоғамдық-әлеуметтік құбылыстар секілді уақыт, мезгіл алға озған сайын жаңа мазмұн, тың идеялармен қаруланып, өсе берді. Осындай өсу сол кездерІ қалыптасқан идеологиялық шатмптар тұрғысынан алғанда, біршама тосын, тың кұбылыс – 1970-1980 жылдары жарыққа шыққан таңдаулы қазақ прозасын ұлттық көркемөнердің сахнасына алып шықты.
Осы шығармалардың авторларының балалық шақтары екінші майдан І94І-І945-жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдағы ауыр тұрмыстың тауқыметінде өткенімен, бозбалалық, жастық дәурендері Кеңес одағының материалдық жағынан да, моральдық тұрғыдан да біраз әл жинап, оңалған кезіне сәйкес келді. Сондықтан да бұл толқын кеңес жазушыларының өздерінен бұрынғы буындарына қарағанда үлкен енерге инстнтуттар мен университеттердің қабыргаларында білім алып, оқымыстылау болып барып араласты. Сол себепті Совет үкіметінің балаң шағында әдебиетке араласқан қызыл пролетар жазушылар секілді олар шығармашылық кәсіпті өнердің әліпбиінен бастаған жоқ, жазушылық қадамды әлемдік классиканы біршама меңгерген тұста қолдарына алды.
Олардың балалық шақтары жоқшылықта өткенімен, мазмұны жағынан аса бай болды. Жесір қалған шешелер мен жетім қалған ін-қарындастарының көзіндегі мұнды жастайын оқып өскен олар ересек қоғамдық өмірге ерте араласты. Осы жағдайлар бұл буынның жан дүниесін мезгілінен бұрын есейтті. Кейін осы өмірлік тәжірибеге жоғары оқу орындарында олған интеллектуальдық мазмұн қосылды. Сондықтан да Бұл буын оқырман жұрттың назарын өэдеріне ә дегеннен бірден аударды; отандық көркем әдабиетке оның азды-көпті бұрынғы тарихында болып көрмеген суреткерлердің мол, әрі аса тегеуірінді бір ұрпағының келгені көп ұзамай-ақ мәлім болды. :
Бұлар кеңес әдебиетін тақырыбы жағынан ғана байытып қойған жок, әсіресе оның интеллектуалдық дәрежесін көтеріп, поэтикалық палитрасын кеңейтті. Социалистік реализмнің кейбір қатып қалған канондарын бұзып, тың рухани өрістер ашты. Мысалы, олар өмір шындын ойып алып бейнелеген көркем туындылары арқылы кітаби коммунистік идеяларға көзсіз берілген аға ұрпақтың шығармаларында жиірек кездесетін кеиіпкерлерді жағымды,жағымсыз деп екіге қақ жарып бөліп тастаушылық, немесе социалистік қоғамда антогонистік қарама-қайшылықтар болмайды, сондықтан да кеңестік әдебиет кейіпкерлерінің арасында бітіспейтін тартыстарға орын жоқ-мыс деген секілді догмаларды жоққа шығарды. Сол арқылы суреткерлердің дәл осы буыны әсіресе І920-І950-жылдардағы кеңестік көркем әдебиетте қатты белең алған жөнсіздеу революциялық романтиканың біраз аптығын басты. Сол кезеңдердің тым саяси коньюнктурашыл, қызыл сөзге үйірлеу "шығармаларына” олар нағыз, шын советтік өмірдің прагматикалық бейнесін қарсы қойды. Осы тектес сапаларымен олар кеңестік көркем әдебиеттегі кітаби өмІр мен нақты, реальды өмірдің арасьн айтарлықтай жақындастырды
Бұрын социалистік реализм әдісінің канондарын барынша сақтап жазылған кеңестік көркем әдебиет шығармаларында социалистік өмірдің көлеңкелі жақтары көп ауызға алынбайтын, ал алынса да, сылап қана жеңіл-желпі баяндалатын. І970-1990-жылдары жарық көрген таңдаулы қазақ баяндарының авторлары нақ осы кемшіліктерді көркемдік нысанаға алды. Айталық осы жылдары өмірге келген М.Мағауинның "Қара қыз", "Тазыньң өлімі", Қ.Мұқанбетқалиевтың "Ескі достар", Т.Әбдіковтың "Қыз Бәтіш пен Ерсейіт”, "Әке" т.б. деп аталатын баяндары нақ осындай сапаларымен ерекшеленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет