Не журналистика кафедрасы


«ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРІ – БҰРАЛҚЫ ИТ ЕМЕС»



бет21/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
«ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРІ – БҰРАЛҚЫ ИТ ЕМЕС»
Әдебиет тарихын зерттеушілер қазақ ақын-жазушыларын бір ұйымға біріктіру мәселесі 1925-30 жылдары қаламгерлер арасында талас-тартысқа түскенін айтады. Зерттеушілердің дерегіне қарағанда, қазақ қаламгерлерін біріктіру жолындағы алғашқы қадам 1922 жылдан басталады.
«Небәрі үш-ақ кісі келгендіктен сиез емес, кеңес есебінде өткен» бастапқы талпыныстан кейін, 1922 жылы 8 шілдеде «Еңбекшіл қазақ» газетінде Ахмет Байтұрсынұлының «Қалам қайраткерлерінің жайынан» дейтін мақаласы жарық көрді. Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы алдыңғы қатарда сол жақтан үшінші отыр. Бұл фотосуреттің сыртында «Ғылыми қызметкерлердің бүкілодақтық съезі. 1927 жыл. Ақпан 5-13» деп жазылған.
«Жазушылармыз бытыранды болмай, ұйымдасып, бірлесіп іс істесе, бәлкім істері берекелі, өнімді болар» деген ол «кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ қалам қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, яғни халқына жаны ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа тағы мүмкін емес» деп жазған еді.
Ахмет Байтұрсынұлы партиялық принцип, таптық, интернационалдық көзқарас белең алып келе жатқанда жазылған бұл мақалада қазақ жазушыларының интернационал бола алмайтынын айта келе: «Қалам қайраткері – жолын тастап, көрінген жолаушыға ере беретін бұралқы ит емес» деп түйіндеді.
«АЛҚА»- Ахмет Байтұрсынұлының осы мақаласынан кейін екі жыл өткенде, яғни 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың бас кезінде бағдарламасы жасалған қазақ жазушыларының «Алқа» деп аталатын алғашқы ұйымы - «Қазақстан Жазушылар ұйымының біріккен тарихының бір кезеңі болып саналады, - дейді Азаттық тілшісімен сөйлескен әдебиет зерттеушісі Дихан Қамзабекұлы.
Алаш интеллигенциясы қолдап, Мағжан Жұмабайұлы белсенді түрде араласып, Мәскеу қаласында жазылған «Алқаның» бағдарламасы пролетариат ақындарын сынға алғанымен, біржола жоққа да шығармай, ұлт жазушыларының шығармашылық ұстанымын белгілеп, ортақ ұйымға бірігуді көздеген еді. Мағжан Жұмабайұлы, сталиндік қуғын-сүргін кезінде атылған қазақ ақыны «Пролетариат ақыны – төңкерісті өзі жасаған, өзі қиратып, өзі құрып жатқан, төңкерісті өзінің тарихы тудырған, Еуропа тарихының машина дәуірі тудырған, ойы, сезімі завод, фабрикке байланған таптың ақыны. Қазақ ақыны - тарихы бөлек, тұрмысы бөлек, рухы бөлек, төңкеріске жолдан қосылған жабайы тұрмыс елдің ақыны. Сондықтан екеуінің ақындығының мінезі бір болуы мүмкін емес, бірақ негізі бір болуға тиісті, һәм бір болмақ. ...Домбырада екі ішек бар. Екі ішек екі түрлі үн шығарып тұрса да, бір-ақ күй тартылмақ» деп қорытқан болатын ол.
Соның өзінде бұл бағдарлама 1930 жылдары алаш қайраткерлеріне тағылған негізгі айыптардың біріне айналды.
«Алқаның» ымыралы бағдарламасын қабылдамаған совет өкіметі іле-шала, 1925 жылғы маусымда ҚазАПП (Қазақ пролетар жазушыларының ассосациясы) ұйымдастыру бюросын құрып, Сәкен Сейфуллинді жетекші етті. Арада бір жыл өте, 1926 жылы 4 қарашада ҚазАПП-тың Сәбит Мұқанов жасаған платформасы еңбекші қаламгерлердің жиналысында бекітілді.
«ҚазАПП-тың құрылуы әдебиет әлеміне біраз әбігер ала келді. Орынбордағы төңкерісшілер басқа ағым былай тұрсын, кейбір большевиктерді КазАПП-қа мүше етпей бірден әпербақандыққа көшті. ...олар оқыған, білімді, абыройлары зор, елге ықпалы жүретін алашшыл ақын-жазушылардан қорықты, өздерін жұтып қоярдай сезінді, сондықтан оңаша отау тігіп, тәуелсіз болуды қалады» деп жазады зерттеуші Тұрсынбек Кәкішұлы.
Қазақ-совет жазушысы Сәкен Сейфуллин- 1930-34 жылдары «...ұрандату, жіктелу, айтысу-тартысу, орынсыз кінә тағып қаралау, шындықты жел сөзбен жабу, көлеңкелеу орын алды. Рапорт дәуірінің басы Қазақстанның 10 жылдық мерекелік сессиясынан басталды:
«Құрметті сессия, үкімет,
Еңбекші табы қалың-жұрт,
ҚазАПП ұйымы атынан,
Тапсырамыз рапорт:
Жүз он алты мүше бар,
Сексен бес кітап сыйлаппыз.
Социалды ұлы іске,
Том-томдап жинаппыз» деу дәстүрге айналып, «Нефтістан», «Көмір коммунизм», «Пулемет» сияқты рапорт поэма, дастандар қаптап кетті, - дейді Тұрсынбек Кәкішұлы.
Әдебиет тарихын зерттеуші Мұхаметжан Қаратаевтың жазуынша, 1932 жылдары ҚазАПП-қа басшылық еткен М.Қайыпназаров жазушыларды тізіп қойып, «пролетариат жазушысы», «байшыл жазушы», «жолбике» деген таңбаларды партия жолымен беттеріне басқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет