Не журналистика кафедрасы


«ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ЖЫНОЙНАҚҚА АЙНАЛДЫ»



бет22/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
«ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ЖЫНОЙНАҚҚА АЙНАЛДЫ»
- Совет өкіметі 1932 жылы қабылдаған «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» қаулыдан кейін ҚазАПП таратылып, барша жазушыларды біріктіретін ұйым құрылуы тиіс еді. Бірақ 1934 жылғы 1-съезді ҚазАПП-тың белсенділері өткізді. Оған басқа ағымдағы жазушылар қатысқан жоқ, - дейді тарихшы Бейбіт Қойшыбаев Азаттық тілшісіне.
Алғашқы съезден кейін Қазақстан жазушыларының жеке-дара ұйымына айналған одақ 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге де елеулі үлес қосып, қазақ совет әдебиетін қалыптастыра бастаған жазушылардың «тағы да теріс бағытын» әшкереледі.
Жазушылар одағы 1951-52 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге де белсене араласып, өз қатарындағы көптген жазушылардың «теріс пиғылын» анықтап берді.
«Жазушылар одағындағы ұлтшыл-фашист жаулардың зиянды зардабын біржола құртайық» деген ұранға қосылған жазушылар көп ұзамай өздері де «халық жаулары» ретінде зардап шекті.
Осы кезеңдегі «әшкерелеулерді» зерттеген Тұрсынбек Кәкішұлы мұны «жазушылар одағы жынойнаққа айналды» деп қорытады.
Жазушылар одағы 1951-52 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге де белсене араласып, өз қатарындағы көптеген жазушылардың «теріс пиғылын» анықтап берді.
Әдебиеттанушы Жандос Смағұлов 1958 жылы жазушылар одағы мен ғылым академиясы тарапынан арнайы комиссия құрылып, өкімет тарапынан ақталған саяси қуғын-сүргін құрбандарының шығармаларын жариялауға шешім қабылдағанын айтады.
Жандос Смағұлов сол кездегі Жазушылар одағының төрағасы Ғабит Мүсіреповтің сөзіне сүйене отырып: «Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтың мұраларын жариялауға жоғарыдан қарсылық болмағанын, керісінше бір топ қазақ жазушылары тосқауыл қойғанын» жазады.
«ТҮРІ - ҰЛТТЫҚ, МАЗМҰНЫ - СОЦИАЛИСТІК ӘДЕБИЕТ»
«Совет өкіметі кезінде Қазақтан жазушылар одағы қазақ әдебиетінің өркендеуіне жағдай жасады, ұлттық партияның рөлін атқарып, қазақ халқының сүйеніші, таянышы болды» дейді қазіргі жазушылар естеліктерінде.
Бұл пікірді қолдайтындар 1960-80 жылдары қазақ әдебиетінде пайда болған жекелеген жазушылардың тарихи тақырыптағы шығармалары ұлттық салт-сананың жойылмауына ықпал еткенін айтады. Бірақ ондай шығармалардың өзі СССР жазушылар одағы тарапынан сынға ұшырап жатты.
ә) Жазушылар одағының құрылуы
1925 жылғы 18 мамырда Қазақстанда Пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ ассоциациясы(ҚазАПП) құрылды. ҚазАПП жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды.Мәдениеттегі кез келген құбылыс таптық, пролетарлық күрес тұрғысынан бағаланды. Халық шығармашылығының көптеген түрлері, мысалы, «Едіге», «Қобыланды батыр» реакцияшыл,ұлтшылдық көзқарастағы шығарма деп жарияланды. А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы қуғынға ұшырады. Абай шығармалары талқылауға түсті.Басқа жанрлардың арасында бірінші орынға саяси лирика шығарылды. Кеңестік жарқын шындықты жабырқау өткен өмірмен салыстыру тәсілі кең қолданысқа енді. ҚазАПП қызметінде қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін жоққа шығару көзқарасы барған сайын белең ала бастады.Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922—1923 жылдары, содан соң 1926-1928 жылдары қызу пікірталас болып өтті. 20-жылдардың ортасы мен соңында қазақ әдебиетінеҒ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының — ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ кеңес ақын-жазушыларының шығармашылығында В.И.Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды.1934 жылы 12—18 маусым күндері Қазақстан жазушыларының I съезі өтіп, онда идеялық тәрбие жүргізудегі қуатты құрал кеңестік әдебиет болуы керек екендігі баса айтылды.
Қазақ кеңес әдебиеті фольклор дәстүріне сүйенді. Мәселен, Жамбыл Жабаев (1846—1945 жылдары) шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Жаңа өмір мен кеңес адамдарын ақын Нүрпейіс Байғанин (1860—1945 жылдары) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов (1900—1946 жылдары) шығармашылығы нағыз халықтық мәнге ие болды.
CCCР басшысы Леонид Брежнев пен ҚазССР басшысы Дінмұхамед Қонаев "түрі ұлттық, мазмұны социалистік" әдебиет заманының саяси жетекшілері болды
Дәл осы кезеңде қазақ мектептері жаппай жабыла бастады. Мәселен, кей деректер 1959-1960 жылдары тың өлкесінде 520 қазақ бастауыш мектебі болса, арада 5-6 жыл өтпей оның 160-ы, сол секілді 127 сегіз жылдық қазақ мектебінің 68-і жабылып қалғанын көрсетеді.
Алайда Қазақстан жазушылар одағы компартияның айтуы бойынша «таланты мен шабытын коммунистік құрылыс ісіне арнаумен» болды. 1968 жылы «маркстік-лениндік ғылымның қағидалары, партиялық және халықтық принциптер» тағы бір қуаттады. 1980 жылдары «түрі - ұлттық, мазмұны - социалистік» (сол кезде кең тараған ұран - ред.) әдебиет жасайтынын паш етті.
Қазақ әдебиетінің бастау бұлақтарын анықтау, тарихын кезеңдерге бөлу жолындағы ізденістерде қазақ әдебиеттану ғылымы ұзақ жолдардан өтті. Жиырмасыншы жылдардың соңына қарай қазақ әдебиетінің өткендегі даму жолдарын зерттеп, дәуірлерге бөліп, ғылыми жүйеге түсіруге ұмтылған еңбектер көріне бастады. А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926) қазақ әдебиетін ғылыми тұрғыдан тұтастай алып, теориялық, тарихи тұрғыдан зерттеудің жолдарын алғаш рет жүйелеген еңбек болды. Мұнда жалпы әдебиетті ауыз әдебиеті және жазба әдебиет деп екіге бөліп, ары қарай тағы да іштей түрлерге, жанрларға жіктеген. Қазақтың жазба әдебиетінің тарихын «діндар дәуір», «ділмар дәуір», «сындар дәуір» аталған кезеңдерге бөлген. Діндар дәуірге араб, парсы үлгісіндегі діни бағыттағы әдебиетті, ділмар дәуірге орыс әдебиетінен өнеге ала бастаған кезден бергіні, сындар дәуірге Абайдан кейінгі кезді жатқызған. Мұнда әдебиеттің тарихын кезеңдерге бөлуге алғаш рет әрекет жасалынып, ғылыми ұстаным ретінде хронология емес, әдебиеттің негізгі бағыты, мазмұны, сыйпаты алынғандығы көрінеді. Сөйтіп, А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышында» тұңғыш рет қазақ әдебиетінің тарихын кезеңдерге бөліп, оны дәуірлеудің өзіндік принциптері ұсынылды.
1927 жылы М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы» шықты. Кітап осылайша аталынғанымен де онда негізінен қазақ халқының ауыз әдебиеті қарастырылған. Мұнда ауыз әдебиетіне анықтама беріліп, сыршылдық салт өлеңдері, әңгімелі өлеңдер (батырлар әңгімесі, ел помасы, тарихи өлеңдер), айтыс-тақпақ, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ түрлеріне жіктелінген. Әдебиеттің тарихын әңгімелегенде, Х1Х ғасыр әдебиетін «зар заман» әдебиеті атаған. Қазақ әдебиетінің тарихын Асан Қайғыдан бастап, Бұқар, Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Ыбырай, Ығылман, Абай, Нармамбет сияқты ұлт мүддесін жырлаған ақындардың шығармашылықтарын жоғары бағалаған. Ұлт-азаттық күресті жырлаған ақын-жыраулардың поэзиясын насихаттады деген айыппен «Әдебиет тарихы» жарық көре салысымен «қамауға алынды».
Халел Досмұхамедовтің «Қазақ халық әдебиетінде» (1928, орыс тілінде) ауыз әдебиетінің табиғаты, жазба әдебиеттен ерекшелігі, халық өмірімен байланыстылығы кеңінен әңгімеленді. «Халық әдебиетінің қайсы бір үлгі нұсқасының із-түзсіз жойылып кетуі мәдениетіміз үшін орын толмас өкініш болмақ» деп білген Халел қазақ ауыз әдебиетінің 46 түрін көрсетеді. Тәуелсіздік алғанға дейін фольклористика ғылымында қазақ ауыз әдебиетінің он шақты-ақ түрі ғылыми айналымда болып келгенін ескерер болсақ, Х. Досмұхамедов зерттеуінің мәні мен маңызы толығырақ түсініледі. Халелдің Махамбет, Мұрат, Шортанбай туралы зерттеулері кейіннен қазақ әдебиетінің тарихын жасау кездерінде кірпіш болып, қаланды десе де болғандай.
Қазақ әдебиетінің өткен кездердегі тарихын зерттеу істерінде С. Сейфуллин айтарлықтай еңбек сіңірді. Ол жиырмасыншы жылдардың соңына қарай баспасөз бетінде ауыз әдебиетін, әдеби мұраны жинауға үндеген бірнеше хат-мақала жазды. Нәтижесінде «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931), «Қазақ әдебиеті» (1932) өмірге келді. Профессор Т. Кәкішевтің дәлелдеуі бойынша, С. Сейфуллин қазақ әдебиетінің тарихына арнап бірнеше кітап жазуды жоспарлаған. Бізге жеткені соның екеуі ғана.
Сәкен қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі дәуірін сол кездің саяси-әлеуметтік жағдайына орай, үлкен екі кезеңге бөледі: 1). «билер дәуірі», 2). «орыс патшасына бағынған дәуір». 1932 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінде» осының алғашқы кезеңі «билер дәуірінің» әдебиеті ғана қамтылған. Мұнда негізінен қазақтың ауыз әдебиеті түрлерге, жанрларға жіктеліп, қарастырылған. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» хрестоматиясына Бұхар, Балқы Базар, Шортанбай, Досқожа, Сүйінбай, Шөже, Балта, Кемпірбай, Жанақ, Түбек, Орынбай, Сералы, Тоғжан, Құлмамбет, Жамбыл, Майкөт секілді ақындардың өлең, айтыстары енген. Бұлардың біразы баспа бетін алғаш рет көрсе, ал енді кейбіреулері күні кешегі тәуелсіздік алғанға дейін «жабық» болып келді. Сөйтіп Сәкен Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», «Қазақ әдебиеті» атты еңбектері ұлттық әдебиеттің тарихына тұңғыш рет хронологиялық, хрестоматиялық жүйемен желі болып тартылып, қазығы болып қағылды.Қорытынды келгенде , 20 ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды. Әсіресе Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар 20 ж-дардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1927), Х. Досмұхаметовтің “Қазақ халық әдебиеті” (1928), Ғ. Тоғжановтың “Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны” (1926), “Әдебиет және сын мәселелері” (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә.с-ның жаңа биіктерге бет алғанын байқатты. Ұлттық әдебиетіміздің түрлі мәселелері жайлы С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлұлы, С. Қожанов, Ы.МұстанбаевДосмұхамедов, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бәйділдин, Х. Жүсіпбеков, Е. Бекенов, Ш. Тоқжігітов, Б. Кенжебаев т.б. өз ойларын ортаға салып, әдеби өмірде белсенділік танытты. Ә. с-ның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты. Алайда бұл кезеңде көркем шығармаларды бағалауда партиялық принцип негізгі өлшем ретінде танылып, әлеум. тұрпайы сындар өріс алды. Мұндай сындар әсіресе ҚазАПП-тың (Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) тұсанда барынша ушыға түсті. Ә. с. партияның идеол. қаруына айналды. Оның негізгі міндеті қаламгерлердің қай тапқа, яғни байшыл, кедейшіл, жолбике сияқты топтардың қайсысына жататындығын анықтауға сайды. Әдеби күштерді ұйымдастырып, бағыт-бағдар беріп отыруға тиіс
Сәкен творчествосы төңірегінен өрбіген ой-пікірлер тек идеялық нысанамен ғана шектеліп қалмай, жаңа бағыттың өріс алуы, өнерпаздың тұлғасы, қолтаңбасы, ерекшелігі, жанр сипаты образ жасау мәселелеріне ұласып, көркемдік талап-талғамынан қылаң беріп жатты. Өсу - өркендеу бағытының алыс көкжиегі қылаң берді.
Тап осындай кер жағдайға Мағжан Жұмабаевтың өнерпаздығы кез болды. Өмір мен өнердің бар қиындығы пенделік миғылға, бақастық пен қызғанышқа апарып телитін. Мағжан жөнінде пікір айтқандардың бәрін кінәлі етіп шығаратын сыңай сол кезде анық көріне бастады. Мағжанның «нағыз кінәсі, жалғыз-ақ кінәсі – аса үлкен дарындылығында, замандастарының біразынан жоғарырақ тұруында. Сол үлкен дарынмен жер басып, тірі жүргенінде! Адам, әдетте, өзінен төмен, тіпті қатар тұрған адамды қызғанбайды. Замандастарының көпшілігі Мағжаннан әлдеқайда төмен тұрған, жартылай адам, жартылай пенделер. Дарын жағынан да, кісілік жағынан да... Арқарлар мен Таутекелер жамандықты әдетте жоғарыдан күтпейді, төменнен күтеді. Иә, етекте қалғандар аса биіктеп кеткендерді ешқашан да кешірмейді» («Қазақ әдебиеті» 28.04.89.) деген Қадыр Мырзалиевтің пікірін М.Әлімбаев «классик ақын Мағжан Жұмабаев творчествосы төңірегінде пікір білдірушілер о бастан-ақ екі жарылған сияқты» «Мағжаншылар мен жанжалшылдар» («Жалын» ,№5, 1990) деп тақпақтай жалғастырады.
1923 жылы «Мағжанның өлеңдері» Ташкентте Сұлтанбек Қожановтың алғы сөзімен шықты: «Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері қазақ әдебиетінде үлкен орын алған деп санап бастырып отырмыз. Мағжан Жұмабайұлының өлеңдерімен оқушылар бұрыннан таныс. Әдебиеті жаңа аяқтанып, әдебие тілі енді жасалып келе жатқан жұртта Мағжандай ақындардың қызметі зор екені анық.
Сондықтан біз Мағжан өлеңдерінің саяси мәнісінен гөрі, әдеби мәнісін көбірек кәде тұттық. Сол жақтарын ескеріп, Мағжан өлеңдерінің ішінде кез келетін марксизм дүниетануына ұқсамайтын жерлерін оқушылар көре салып үрікпей, көркемдік жағына, сыршылдық жағына, суреттеу жағына көбірек көз салуы керек. Бұл кітапқа М.Жұмабайұлының баспасөз майданына шыққаннан бергі жазған өлеңдерінің көбісі кірді. Әдебиет тарихындағы соңғы 10-15 жылдағы ағымдарды тексеруге де жақсы құрал бола алады деп ойлаймыз. М.Жұмабайұлының өлеңдерінің тіл жағынан, әдебиеттану жағынан пайдасы көп болады деп сенеміз» деген ой ең алдымен Мәскеуде оқып жатқан жастарды дүрліктірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет