дупликациясы бар хромосома (бір хромосомадағы транспозиция)
Транслокация құбылысын – 1926 жылы дрозофилада К.Штерн ашқан.
Транслокация хромосоманың бір бөлігінің басқа бір оған гомологты емес хромосомамен ауысып кетуі.
Егер бастапқы хромосомадағы гендердің орналасу ретін былайша бейнелесек: ABCD және EFGHтранслокациядан соң гендердің реті мынандай болуы мүмкін, ABGH және EFCD.
Реципрокты транслокация ұксас емес хромосомалардың арасындағы бөлім алмастырулардың немесе үзілулердің нәтижесінде ұқсас хромосомалардың жаңа екі жұбының түзілуіне алып келеді.
Геномдық мутациялар хромосома жиынтығы немесе жекелеген хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болады.
Полиплоидия - клеткадағы хромосома санының екі гаплоидты жиынтықтан артығырақ болып өзгеруін айтады. Полиплоидия- триплоидты (3n), тетраплоидты (4n), пентаплоидты (5 n) т.с.с. болып келеді.
Автополиплоидия –хромосоманың бастапқы жиынтығынан бірнеше есе артуын айтады.
Аллополиплоидия – әрбір ата-аналық түрдің екі-екіден хромосома жиынтықтарынан тұрады.
Амфидиплоидия –әр түрге жататын организмдерді будандастыру арқылы алынған екі немесе оданда көп түрлі хромосомалардың жиынтығынан аллотетраплоидтарды (2n+2n) айтады..