15 ДӘРІС.
Ғылыми жұмыстардың нәтижелерін рәсімдеу және ақпарат беру.
Ғылыми жұмыстардың нәтижелерін рәсімдеу және ұсыну. Алынған нәтижелердің әдеби рәсімдері ғылыми зерттеудің логикалық аяқталуы болып табылады. Қорытынды мен жалпылама қалыптасқаннан кейін дәлелдеу ойластырылып және көркемдеу дайын болғаннан кейін, нәтижелер есеп беру, баяндама , мақала және т.б. түрінде рәсімделеді. Шығармашылық еңбек нәтижесінің әдеби рәсімдеуі шығармашылық ашықтығын, жүйелігін және материал берісіндегі кезектілігін көздейді.
Т е к с т т і ң қ ұ р ы л ы м д ы қ қ ұ р а м ы. Тексті абзацқа, яғни азат жолдан басталатын бөлімдерге бөлу керек. Жазылудың мәні мұндай бөлудің критерийі болып табылады-әр абзац құрамында мағына немесе бірнеше сөйлем бар өзіндік мәнін қамтиды. Қайталау болмау керек, бірінші пікір бітпей келесі пікірге өту болмау керек. Қолжазбада ұзақ фразалар, кіріспе сөздер мен фразалар жіберілмейді, мүмкіндігінше қысқа және нақты сөйлемдер қажет.
Баяндама бейтарап болу керек, құрамында сыны бар, автордың атына жағымсыз болса да, әдебиетте қойылған сұрақ бойынша пайда болған пікірлерді бағалау. Ал егер бәстестік пікір пайда болса, ол туралы алдын ала келісіп алу керек. Тексте автор өзіне аздау сілтеу жасаған жөн, ал егер бұл керек болып тұрса автор үшінші жақтан мәнер қолдану керек: автор сөйтіп ойлайды, біздің пікірімізше және т.б.
Мәтінді сандармен, сөздәйектермен, сәндеулермен күрделендірудің қажеті жоқ, өйткені бұл оқырманның назарын алаңдатады және мазмұнын түсінуге қиындатады. Дегенмен де, мұндай материалдан мүлдем бас тартудың қажеті жоқ, себебі оқырмандар соған қарап зерттеу барысында алынған нәтижелерін тексере алады. Бүкіл көмекші материалдарды қосымш а түрінде келтірген жөн.
Қолжазбадағы сөздәйектелген орындардың ақпарат көзіне дәл сілтемесі болуы керек. Стандартқа сәйкес шартты белгілер мен рұқсат етілген сөздердің қысқартылуы қадағалануы тиіс. Былай жазуға болмайды, мысалы: 10 тонна немесе 10 тн немесе 10 т., тек қана былай 10 т (нүктесіз). Бұл стандарттар мен қысқартылған сөздер туралы мәліметтер анықтамалық басылымдарда, энциклопедияларда, сөздіктерде бар. Егер стандартты емес қысқартылған сөздер қолданылса, бөлек қысқарту кестемін беріп және есеп берудің басына орналастырған жөн.
Ғылыми есеп беруді, баяндаманы, мақаланы жазғанда келесі жалпы мазмұндама жобасын ұстану жөн: Алдымен аты ойластырылады (жұмыстың атауы қысқа, анық, жұмыстың мазмұнына жауап беретін болуы тиіс, себебі бұл бойынша ғылыми жұмыс пәннің каталогы бойынша жіктеледі). Жұмыстың аталуы мұқаба бетке жазылады, онда атау септігінде автордың (авторлардың) толық аты, әкесінің аты, тегі және жұмысты жазған кездегі атқаратын қызметі, ұсынған жұмыстың қай қалада және мекемеде жасалуы, рәсімделген жылы, басқарушының тегі, шені және атағы жазылады.
Тарауды (мазмұнын) қысқаша түрде оқырман алдына ашу керек жұмыс мазмұнын негізгі бөлімдерді, тарауларды және басқа да қолжазба жіктелумен белгілеу жолымен. Қолжазбадағы жалпы құрылымдағы мазмұнын орны не басында, не соңында болуы мүмкін. Кейде ғылыми жұмысты рәсімдеген кезде оған алғысөз беру қажеті туады. Онда ғылыми жұмыстың пайда болуына сыртқы әсерлер айтылады: ол не себептен пайда болды, жұмыс қашан және қай жерде жасалды, осы жұмысқа ықпалын тигізген ұйымдар мен адамдар тізімі айтылады.
Қысқаша кіріспеде автор оқырманды қиындықтармен таныстырады, зерттеудің негізгі сұрағын нақтылайды. Мұндай кіріспеде проблеманың мәні анықталады, оның өзектілігі, автордың ғылыми жұмысты жазғанда мақсаты мен тапсырмасы, осы сәттегі мәселенің ахуалы.
Кіріспеден кейін қарастырылған сұрақ бойынша қ ы с қ а ш а ә д е б и ш о л у беріледі. Сонымен бірге маңызды әдебиетті маңыздысыздан ажыратуға мән бөлу керек. Жұмыстың негізгі мазмұнына материалдар, әдістер, тәжірибелік мәндер, жалпылау және зерттеудің нәтижесі кіреді. Текстте қолданылатын сөз бен сөз тіркестеріне үлкен көңіл бөлу керек, олардың екімағыналылығын жібермеу. Қайта енгізілген терминдер мен түсініктерді кеңінен айқындау керек.
Кең қолданылатын және арнайы терминдерді және түсініктерді ашып жазудың қажеті жоқ, себебі ғылыми жұмыс дайын оқырманға, мамандарға арналған. Сандық материал, егер ол бар болса, қарап шығуға оңай болатын түрде ұсынылады (кесте, диаграмма, график түрінде) айрықша дәлдікпен қадағаланады, себебі қате сандар қате нәтижеге әкеліп соғады. Егер де кезкелген сандық материалды жеткілікті ашықтылығы және қысқалығымен тексттің өзінде баяндауға болса, онда оны кестелік түрге келтірудің қажеті жоқ.
Сонымен қатар барлық жолда бірдей санмен көрсетілетін мәндерді енгізудің қажеті жоқ (оны текстте жазу ыңғайлы). Текстке қосылған әр кестенің тақырыбы және нөмірі болуы тиіс. Әсіресе кестенің тақырыбының бағанасына көңіл аударылуы тиіс.
Кестеде кем дегенде төрт сұрақтың жауабы болуы керек: не, қашан, қайда, қайдан. Тұжырымдар жұмыста баяндалған материалға сай жауап беру керек. Тұжырымдар жауаптың соңында қысқаша келтірілген және нөмірленген қысқаша тезис түрінде жазылады. Кейде оларды біріктілген, бірақ шекті сығылған баяндама түрінде беріледі және принципті сақтайды: қорытындыда жекеден жалпы және маңызды түріне өту керек. Қорытындыда ғылыми зерттеудің жағдайы келтіріледі, нәтиже беріледі, автордың берілген жағдайлары көрсетіледі, сонымен қатар рұқсат қажет ететін сұрақтар қарастырылады.
Қорытындыда ешқашан тұжырым қайталанбау керек. Әдетте олар шамалы болып келеді, бірақ ақпарат бойынша көлемді болады. Жақсы жазылған қорытынды мынаумен сипатталады, осы қорытындыны оқыған адам берілген бағыт бойынша зерттеулермен таныс берілген жұмыстың сапалық түрін өкз алдына елестете алады. Жұмыстың соңында қолданылатын әдебиеттер тізімі келтіріледі. Сөздәйектелген әдебиет көзі, егер олар аз немесе біреуі қолданылса, онда оларды текстте көрсетуге болады, ал егер олар көп және өкп рет қайталанса, онда текстте тізім нөмірін көрсету керек берілген әдебиет көзінің тізімі бойынша, жұмыстың соңында көрсету.
Барлық көздер библиографияда қабылданған түрде жазылуы керек және нөмірленген. Жиі әдебиеттер тізімін берілген жұмыс бойынша сілтеме тәртібінде құрастырады.
Ғылыми еңбектерде жұмыс соңында қосымша беру қажеттілігі туады, оған қосымша кестелер, графиктер, қосымша тексттер және т.б. материалдар кіреді. Көбіне жұмыс тексті бойынша реферат немесе аннотация дайындау керек.
Аннотация бұл есеп берудің немесе басқа мөр туындыларының қысқаша мінездемесі, мазмұны, бағыты, пішіні және басқа қасиеттерінен көзқарасы.
Реферат біріншілік құжаттың немесе оның бөліктерінің қысқаша баяндамасының мазмұны, негізгі нақты мәліметтер мен тұжырымдар. Жариялауға арналған барлық жұмыстар алдын ала пікірден өтеді. Пікір бұл әдетте қысқаша мақала, құрамында еңбектің талдауы мен сын бағадан тұрады.
Әр пікірде рецензияланатын мақаланың тақырыбы болуы керек, негізгі сұрақтарды қысқаша атап өтуі, рецензияланатын жұмыстың негізгі жетістіктері мен ақауларын көрсету.
Рецензиның соңында резюме келтіріледі, онда шығарманың өзектілігі бағаланады, оның теориялық және практиаклық мәні, дәлелдеу мен тұжырымдардың дұрыстылығының жалпы бағасы беріледі. Рецензияларды ақпараттық (қарастырылатын жұмыстың мазмұнын қысқаша шолу) және сындық (автордың позициясын ғылыми анализге ұшырату, автормен қолданылатын материалды нақтылау, ал кейде толықтыру). Қолданбалы және техникалық ғылым аумағында орындалған ғылыми зерттеу жұмыстарының құрамында жаңа конструкция болып келетін нәтижелер, материал, технологиялық процес және т.б. бар. Осыған байланысты ғылыми зерттеулердің барлық нәтижелерін ө н е р т а п қ ы ш затына анализдеу қажет, егер ондай табылса онда мұндай ойлап табушылыққа арыз түрінде рәсімдеу керек.
Ғылыми жұмыстың нәтижелерін ауызша ұсыну. Ғылыми құжаттың басым бөлігін мамандар ауызша ұсынудан аладыдокладтар және жиналыс үстінде өткен хабарландыруларда, семинарларда, симпозиумдарда, конференцияларда және жеке кездесу кезіндегі сұхбатта және т.б.
Жиналыс - бұл бір ғылыми бағыттағы мамандар мен ғалымдардың коллективті байланыс түрі.
Коллоквиум әр түрлі саладағы ғалымдардың пікір алмасудың коллективті кездесуінің формасы. Бар болғандар бейтарап дискуссия қатысуышы болып табылады. Коллоквиумдарда ресми түрде баяндаушылар тағайындалмайды.
Симпозиум алдын ала дайындалып қойған баяндамамен және экспромтпен сөз айтудың жартылай ресми сұхбаттың түрі. Конференция – ақпарат алмасудың ең көп тараған түрі. Қатысушылардың бір бөлігі-баяндамашылар, олар жаңа ғылыми идеялар туралы, теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижесі туралы, өндірістік тәжірибе туралы хабарлап, сұрақтарға жауап береді.
Ал екіншісі – басым бөлігі ақпаратты қабылдайтын тыңдармандар. Тыңдармандар дауға қатысып, сұрақ қоя алады. Съездер мен конгрестер ұлттық және халықаралық сипаты бар сұхбаттың жоғары, маңызды түрі. Бұл жерде берілген бір ғылым және техника саласында немесе басқа да ғылым стратегияы іс жүзіне асады.
Негізгі әдебиет: 1 [318-342], 5 [36-45]
Қосымша әдебиет: 10 [45-56]
Бақылау сұрақтары
1. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері қандай түрінде ұсынылады?
2. Шығармашылық еңбектің нәтижесін әдеби рәсімдеудің талаптары.
3. Тексттің құрамдық бөлімдері.
4. Зерттеу нәтижелерін баяндаудың жалпы жобасы.
5. Қорытынды мен тұжырымның негізгі айырмашылығы.
6. Андатпада, рефератта не айқындалады?
7. Ғылыми жұмыстардың нәтижелерін ауызша ұсынудың түрлері.
2.3 Тәжірибелік сабақтар жоспары 1 тәжірибелік сабақ. Таным процесінің диалектикасы. Тапсырма : 1. Практика қажеттілігі арқылы таным дамуының тарихи мысалдары. 2. Танымның екі деңгейі және олардың элементтері. 3. Формальды логиканың заңдары. Әдістемелік ұсыныстар : Таным процесінің диалектикасы біздің біліміміздің шектеулілігі және объективті шындықтың шексіз күрделілігі, адам танымының объективті мазмұны мен субъективті формалар араларындағы қарама - қайшылықпен өрнектеледі. Әр кез шындықты анықтау үшін практикалық тексеру және логигалық дәлелдеу мақсатында пікір таластыру қажет.
48
Бүкіл ғылым, барлық адамдар танымы шындықты дұрыс көрсететін нақты білімге жету үшін бағытталған. Тек шынайы ғылыми білім ғана шындықтың бетін ашады, оның әрі қарай дамуына болжам жасайды. Шынайы білімге қарама-қарсы бағыт адасу, әлемнің шындығын нақты емес иллюзорлы күйде жеткізе алады. Нағыз білім іс жүзінде дәлелденген, объективті шындық, ғылымның заңдары күйінде, теориялық қорытындылар мен ережелер түрінде бола алады. Сондықтан шынайы ғылыми білім әр уақытта объективті.
Негізгі әдебиет: 1[45-55] Қосымша әдебиет:6 [13-25] , 7 [12-19] Бақылау сұрақтары 1. Абсолюттік білім деген не? 2. Салыстырмалы білім деген не? 3. Сезімтал таным, оның элементтері. 4. Қабылдаудың ұсынудан айырмашылығы қандай? 5. Елестету сезімдік танымның элементі. 6. Рациональды таным деген не? 7. Тепе-теңділік заңының мәні неде? 8. Жеткілікті негіз заңының мәні.
2 практикалық сабақ. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының этаптары. Тақырыптың экономикалық тиімділігін бағалау. Тапсырма : 1. Ғылыми бағыттың проблемалары, тақырыптары және ғылыми сұрақтары. 2. Берілген тақырып үшін техника-экономикалық негіздеуді құрастыру. 3. Берілген тақырып үшін ҒЗЖ-тың барлық этаптарын анықтау. Әдістемелік ұсыныстар : Оқытушы ұсынған ғылыми бағыттың мүмкін болатын проблемаларын, тақырыбын және ғылыми сұрақтарын анықтау қажет. Белгілі бір тақырыпқа арнап ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбес бұрын, ол тақырыптың экономикалық тиімділігі және перспективтілігі анықталады. Ол үшін қандайда болмасын сандық критерий қажет. Сондай критерийлердің бірі мынадай қарапайым теңдеумен өрнектеледі: к т = Ээ/Ш ғ ., мұнлдағы Э э - жұмысты өндіріске енгізуден түсетін болжаулы экономикалық тиімділік; Ш ғ - ғылыми жұмысқа кететін шығын. к т мәні көп болған сайын тақырыптың тиімділігі жоғары. Демек, таңдалған тақырып бойынша ғылымизерттеу жұмысын жүргізу халық шаруашылығы үшін де өте маңызды. Бірақ бұл критерий өндірілетін өнімнің көлемін, енгізу уақытының ұзақтылығын есепке алмайды, сондықтан осы мақсат үшін келесі теңдеуді қолдану тіптен де тиімді: kғ = Сж о ЗT / .Мұнда Сж- ғылыми жұмысты өндіріске енгізгеннен кейінгі өнімнің жылдық бағасы; Зо- ғылыми жұмысты орындауға, зертханалық және өндірістік сынақтар жүргізуге, өнімді толық игеруге кететін шығындар.
49
Өте ауқымды тақырыптар үшін мұндай критетийлерді қолданудың өзі, іс жүзінде дәл нәтижелерді бере бермейді, сондықтан мұндай жағдайда осы саладағы белгілі мамандармен эксперттердің сараптама қорытындылары қажет болады.
Негізгі әдебиет: 1[83-84, 86-87] Қосымша әдебиет:6 [29-35] , 7 [21-29] Бақылау сұрақтары 1. ТЭН-дің әртүрлі бөлімдерінде қандай сұрақтар қарастырылуы қажет? 2. Зерттеу әдістері ТЭН құрамына кіреді ме? 3. Жұмыс жоспарында не көрсетіледі? 4. Жұмыс нәтижелері өндіріске қандай этаптан кейін енгізеді? 5. Тақырыптың экономикалық тиімділік критерийі деген не? 6. Тақырыптың экономикалық тиімділік критерийін есептегенде шығарылатын өнімнің көлемі мен енгізудің ұзақтылығы қалай ескеріледі.
3 практикалық сабақ. Ғылыми құжаттарды өңдеу. Тапсырма : 1. Оқытушы ұсынған құжаттар арасынан біріншілік, екіншілік, мерзімдік және жарияланбайтын құжаттарды табыңдар. 2. Құжатты оқу үшін интегральдық және дифференциальдық алгоритмдерді қолдану. 3. Жылдам оқу үшін Шульте кестесін қолдану. Әдістемелік ұсыныстар : Күрделі мәтінді толығымен түсіну үшін оның жеке сөздерін, не болмаса жеке сөйлемдерін түсініп қойған жеткіліксіз. Әдетте, мұндай мақсатқа дифференциальды алгоритмді қолданады. Ол бойынша әр абзац үшін сол бөліктің мазмұнындәл, толық сипаттайтын кілттік сөздерді іздейді. Сонан кейін сол сөздер арқылымәтіннің мазмұнын берітін шағын сөйлем құралады. Интегральды алгоритм мәтінді қабылдау үшін жасалатын әрекеттің немесе қимылдың бір ізділігін анықтайды. Мысалы, аты → авторы → шығу мәліметтері → мазмұны → фактілер → берілген материалдың ерекшелігі → материалдың жаңалығы мен оны қолдану мүмкіншілігі. Интрегал деген сөз, алгоритмнің әсері бүкіл мәтінге тарайды дегенді білдіреді. Интегральды әдісті қолдану уақытты тиімді ұтуға көмектеседі. Кез келген мәтінді асықпай баяу оқуға немесе жылдам оқуға болатыны белгілі. Әрине, жылдам оқып, мәтінді көп көлемде игерген пайдалы екендігіне еш күмән жоқ. Бірақ, бұл ғадет өз бетімен бірден келе қоймайды, ол үшін жылдам оқу техникасын үйренген жөн. Осындай бір инструменттің біреуі Шульт ұсынған кесте. Шульт кестесі
6 1 18 22 14
12 10 15 3 25
50
2 20 5 23 13
16 21 8 11 7
9 4 17 19 24
Кестемен жұмыс жасағанда студент алдына мынадай мақсат қояды: көз жанарын кестенің орта шеніне дәлдеп, барлық цифрларды көруі қажет. Қажет болған жағдайда 25 секундтай уақытта барлық цифрларды атайды. Міне, осындай тәсілмен әр күн жаттығу жасау миға мәтінді толығымен жадыдына сақтауға мүмкіндік береді.
Негізгі әдебиет: 1[99-105,124-130] Қосымша әдебиет:6 [40-55] , 7 [36-45] Бақылау сұрақтары 1. Біріншілік құжаттардың екіншілік құжаттардан айырмашылығы неде? 2. Жарияланбайтын құжаттардың атқаратын ролі? 3. Құжатты оқудағы дифференциальдық алгоритмнің басты принципінеде? 4. Құжатты оқудағы интегральдық алгоритмнің басты принципінеде? 5. Берілген мәтінге жылдам оқу техникасын қолдан. 6. Берілген мәтін үшін Шульт кестесін қолдану.
4 практикалық сабақ. Математикалық зерттеулердің ықтималдыстатистикалық әдістері. Тапсырма : 1. Ықтималдық теориясын оқу. 2. Берілген мәндер үшін кездейсоқ шамаларды анықтау. 3. Таралудың орташаквадратты ауытқуын анықтау. Әдістемелік ұсыныстар : Көп жағдайларда кездейсоқ, ықтимальдық процестерді зерттеуге тура келеді, себебі кез келген технологиялық процесте ойламаған жерден ауытқу , яғни проблема туып қалуы мүмкін. Осындай кездейсоқ жағдайлардың заңдылықтарын ықтимальдық теориясы қарастырады. Кездейсоқ шамалардың жиынтығы біріншілік статистикалық материалдарды құрайды.
Негізгі әдебиет: 1[173-187] Қосымша әдебиет:8 [13-25] Бақылау сұрақтары 1. Ықтимальдылық теориясы нені зерттейді? 2. Оқиғалардың жиілігі, оны қалай анықтайды? 3. Кездейсоқ шамалаардың ықтималдылығы, оны қалай анықтайды? 4. Өлшеудің дәлдік өлшемі деген не, оны қалай анықтайды?
51
5. Орташаквадратты ауытқу нені білдіреді? 5 практикалық сабақ. Экспериментті жүргізудің жоспары мен әдістемесі. Эксперимент жүргізушінің жұмыс орны, және оны ұйымдастыру. Тапсырма : 1. Эксперимент жүргізу жоспарын жасау. 2. Ұсынылған әдістеме бойынша, эксперимент жүргізудің бір ізділігн қарастыру. 3. Оқытушы берген тапсырма бойынша эксперименттің әдістемесін жасау. 4. Зерттеу лабораториясымен танысу. Әдістемелік ұсыныстар : Әдістеме нысанға жету жолдары. Жалпы ғылым, барлық ғылымда қолданылады және барлық зерттеу этаптарында қолданылады. - жалпылама (барлық ғылым үшін) - жекеменшік (бір ғылым үшін) - арнайы немесе спецификалық (белгілі ғылым үшін) Жалпы ғылым әдісіне: қадағалау, салыстыру, есеп, өлшеу, тәжірибе, жалпылау, абстрактеу, формалау (пішіндеу), анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогтеу, модельдеу, идеалдау, ранжирлеу, аксиомалық, гипотетикалық, тарихи және системалық әдістері жатады. Тәжірибе - объективті ортаның заңдылықтары мен гипотезаның шынайылығы тексеріледі. Бұл процеске тану үшін кірісед, бірақ осы кезде бір жағдайлар шеткеріледі, ұлғаяды немесе әлсірейді. Экспериментатордың жұмыс орны деп, оның ғылыми-зерттеу жұмысымен ойдағыдай айналысуға жағдай тудыратын жері, бұл көп жағдайда зертхананың бір бөлігі. Ол жерде эксперимент жасауға арналған арнайы қондығылар, қосалқы қажетті заттар, химиялық реагенттер және т.б. болуы мүмкін.
Негізгі әдебиет: 1[252-257,268-271] Қосымша әдебиет:9 [16-22] Бақылау сұрақтары 1. Эксперимент жоспарының мәні. 2. Эксперимент жоспары қандай құрамдастардан тұрады? 3. Нақты жағдайлар үшін жасалған эксперимент әдістемесі, барлық жағдайлар үшін жарайды ма? 4. Эксперимент жүргізу әдістемесін аралас ғылымдар үшін қолдануға болады ма? 5. Эксперимент нәтижелерін жазуды қалай жүргізеді? 6. Эксперимент жүргізу барысына қойылатын басты талаптар. 6 практикалық сабақ. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін өңдеу. Тапсырма : 1. Әртүрлі сенім ықтималдылығының деңгейлері үшін өлшеу дәлдігін анықтау. 2. Өлшеудің минималды санын анықтау.
52
3. Сенімділік ықтималдығын анықтау. 4. Экспериментальдық мәліметтерді сызба күйінде кескіндеу. 5. Координаттық сеткалар
«Лапластың интегральдық системасы» кестесі
t p Д t p Д t p Д 0,00 0,0000 0,75 0,5467 1,50 0,8664 0,05 0,0399 0,80 0,5763 1,55 0,8789 0,10 0,0797 0,85 0,6047 1,60 0,8904 0,15 0,1192 0,90 0,6319 1,65 0,9011 0,20 0,1585 0,95 0,6579 1,70 0,9109 0,25 0,1974 1,00 0,6827 1,75 0,9199 0,30 0,2357 1,05 0,7063 1,80 0,9281 0,35 0,2737 1,10 0,7287 1,85 0,9357 0,40 0,3108 1,15 0,7419 1,90 0,9426 0,45 0,3473 1,20 0,7699 1,95 0,9488 0,50 0,3829 1.25 0,7887 2,00 0,9545 0,55 0,4177 1,30 0,8064 2,25 0,9756 0,60 0,4515 1,35 0,8230 2,50 0,9876 0,65 0,4843 1,40 0,8385 3,00 0,9973 0,70 0,5161 1,45 0,8529 4,00 0,9999
«Стьюдент коэффициент» кестесі Р Д
n
0,80 0,90 0,95 0,99 0,995 0,999 2 3,080 6,31 12,71 63,70 127,30 637,20 3 1,886 2,92 4,30 9,92 14,10 31,60 4 1,638 2,35 3,188 5,84 7,50 12,94 5 1,533 2,13 2,77 4,60 5,60 8,61 6 1,476 2,02 2,57 4,03 4,77 6,86 7 1,440 1,94 2,45 3,71 4,32 9,96 8 1,415 1,90 2,36 3,50 4,03 5,40 9 1,397 1,86 2,31 3,36 3,83 5,04 10 1,383 1,83 2,26 3,25 3,69 4,78 12 1,363 1,80 2,20 3,11 3,50 4,49 14 1,350 1,77 2,16 3,01 3,37 4,22 16 1,341 1,75 2,13 2,95 3,29 4,07 18 1,333 1,74 2,11 2,90 3,22 3,96 20 1,328 1,73 2,09 2,86 3,17 3,88 30 1,316 1,70 2,04 2,75 3,20 3,65 40 1,306 1,68 2,02 2,70 3,12 3,55 50 1,298 1,68 2,01 2,68 3,09 3,50 60 1,290 1,67 2,00 2,66 3,06 3,46 ∞ 1,282 1,64 1,96 2,58 2,81 3,29
Негізгі әдебиет: 1[277-285]
53
Қосымша әдебиет:8 [22-36] Бақылау сұрақтары 1. Сенімділік ықтималдылығын 10%, 20% көбейткенде өлшеу дәлдігі қалай өзгереді? 2. Орташа қате деген не? 3. Nmin есептеуге қажет, бір ізділік алгоритмін келтіріңдер.
7 практикалық сабақ. Ғылыми жұмыс нәтижелерін рәсімдеу және ақпарат
беру.
Тапсырма : 1. Оқытушы ұсынған ғылыми мақаланың басты құрамдас бөліктерін анықта. 2. Оқытушы ұсынған ақпараттар бойынша мақала құрастырудың жалпы жоспарын жазу. 3. Тақырыпқа андатпа және реферат жазу. 4. Ерікті тақырыпқа мақала жазудың жалпы жоспары. Әдістемелік ұсыныстар : Мақаланың жалпы жоспары мынадай бөліктерден тұрады: мазмұны, алғы сөз, кіріспе, әдебиетке шолу, негізгі мазмұны, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымша. Андатпада мақала не жөнінде екендігі баяндалады. Онда ақпарат «карастырылды», «талқыланды», «зерттелді» деген сияқты өткен шақта жазылады. Андатпа көбінесе ғылыми есептерде, кітаптарда, брошюраларда, жарнамалық материалдарда қолданылады. Ал реферат болатын болса мақалада немесе кітапта не қарастырылды, қандай заңдылықтар байқалды соны қысқаша баяндайды. Рефераттар реферативтік жорналдарда, жинақтарда, ақпаратық карталарда және т.б. жарияланады.
Негізгі әдебиет: 1[252-257, 268-271] Қосымша әдебиет:10 [36-49] Бақылау сұрақтары 1. Мақаланың, есептің, баяндаманың аттары қандай талаптарға сәйкес болуы керек? 2. Ғылыми құжаттың мазмұнының мәні неде? 3. Шағын шолу, сөз сөйлеу, алғы сөз қандай болуы керек? 4. Мақаланың басты мазмұнында не болуы қажет? 5. Қорытындыға не жазылады?
Достарыңызбен бөлісу: |