Негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері


ДӘРІС. Тәжірибелік зерттеулер. Эксперименттің мақсаты мен түрлері, жіктелуі



бет9/14
Дата07.01.2022
өлшемі136,2 Kb.
#20039
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
лекция Науч и проект исслед (2)

9 ДӘРІС.

Тәжірибелік зерттеулер. Эксперименттің мақсаты мен түрлері, жіктелуі.
Ғылыми зерттеулердің ең маңыздысы – тәжірибе болып табылады. Оның негізі – нақты ғылыми есептеулі жағдайлар. Тәжірибе деген сөз – латын тілінен experimentum – сынақ, тәжірибе деп аударылады. Тәжірибиенің негізгі мақсаты зерттеліп жатқан заттың қасиетін, болжаудың шынайылығын тексергенде тақырыптың кеңдігін және тереңдігін зерттейді. Тәжірибелер әр салада жүргізіледі. Сондықтан олар химиялық, биологиялық, физикалық, психологиялық, әлеуметтік және т.б. түрде болуы мүмкін.

Тәжірибенің классификациясы. 1) Жағдайды жасау әдісі бойынша (жаратылысты және жасанды);

2) Зерттеу нысанасы бойынша (бақылау, іздену, шешуші, қайта өңдеу, тұрақтылау);

3) Ұйымдастыруды жүргізу әдісі бойынша (лабораториялық, тәнді, өндірістік және т.б.);

4) Зерттеу нысанының құрылысы және құбылысы (жәй және күрделі);

5) Зерттеу нысанының сырттан әсер еткендігі жағдайы (заттық, энергетикалық, ақпараттық);

6) Зерттелген тәжірибенің зерттеу нысанымен әрекеттесу жағдайлары (қарапайым және модельді);

7) Тәжірибедегі зерттелген модель типі бойынша (материалды және саналы);

8) Басқару бірліктері бойынша (пассивті және активті);

9) Қадағалау факторларының саны бойынша (бірфакторлы және көпфакторлы);

10) Нысан мен жағдайдың сипаттамасы бойынша (технологиялық және әлеуметтік). Жаратылыстану тәжірибесі – тәжірибе шынайы жағдайларда жүргізіледі.

Оған биологиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық ғылымдар жатады.

Ж а с а н д ы т ә ж і р и б е – жасанды жағдайларда қолданылады. Жаратылыстану және техникалық ғылымдарда қолданылады. Қайта өңделген тәжірибе – құрылыстың өзгеруіне активті әсер етеді және зерттеу нысанының алдыңғы нәтижелерімен ұқсастығы. Зерттеу нысанының басқа зерттеу нысандарымен ұқсастығы. Констатирующий (тұрақтылық) тәжірибесі – нақты ойларды зерттеуде қолданылады. Бақылаушы тәжірибе – нәтижені бақылаудағы зерттеу нысанның сырттан әсері жағдайлар сырттан бақылау есебінен.

І з д е н у т ә ж і р и б е с і – алғашқы зерттеу жағдайлары жоқ болса, зерттеу жұмыстары қиындаса қолданылады. Ш е ш у ш і т ә ж і р и б е – егер бір немесе бірнеше жағдайлар бір-біріне ұқсамаса, негізгі фундаментальдық теория жағдайдайында шындықты анықтау үшін жүргізіледі. Лабораториялық тәжірибе – Қондырғылар, стендтер, құрал – жабдықтар қолданып лабораториялық жағдайларда жүргізеді. Көбінесе лабораториялық тәжірибиеде нысанның өзі емес, оның үлгісі қолданылады.

Натуралық тәжірибе – жағдайларда нақты нысанға шынайы байланыста жүргізіледі.

Бұл тәжірибе түрі жүргізу жеріне байланысты:

а) өндірістік;

б) полигондық;

в) жартылай натуралық және т.б. болып бөлінеді.

Ж ә й т ә ж і р и б е - бір-бірімен әрекеттесетін элементтердің кішкентай көлемде және құбылысы жай формула болса жай функцияларды орындайтын тәжірибиені осылай атайды.

К ү р д е л і т ә ж і р и б е - құрылысы тармақталған заттардың және өте көп көлемде әрекеттесетін күрделі функциянальды заттар үшін қолданылады.

А қ п а р а т т ы қ т ә ж і р и б е – нақты ақпараттың белгілі бір нысанға қолданылуы. Мысалы, бұл тәжірибие биология, психология, социялогия, кибернетикада пайдаланылады.

З а т т ы қ т ә ж і р и б е - әртүрлі заттың факторларының белгілі бір зерттеу нысанына әсері. Мысалы, болаттың сапасына әр түрлі қоспалар әсері.

Э н е р г е т и к а л ы қ т ә ж і р и б е - әртүрлі энергия көзінің зерттеу нысанына әсерін зерттейді.

Мысалы, электромагниттік, механикалық, жылулық және т.б. Арнайы ғылымдарда (химия, физика, математика) қолданылады. Жай (немесе классикалық) тәжірибе - бұнда экспериментатор, танушы – субъект,. зерттеліп жатқан нысана – объект.

Модельді тәжірибе – қарапайымға қарағанда модельді зерттеу нысанмен жүргізіледі. Модельге эксперименталды қондырғы жатады. Модельді тәжірибе: саналы және материалды тәжірибе болып бөлінеді. Саналы экспериментте – саналы модельді зерттеулер және модельдер жатады. Саналы тәжірибелер мына терминдерді қолданады: идеалды және қиялды тәжірибелер.

М а т е р и а л д ы т ә ж і р и б е – мұнда материалды нысан қолданылады. Материалды тәжірибенің саналы тәжірибеден айырмашылығы – тәжірибенің шынайылығы.

Пассивті тәжірибе - өзгеріс пен параметрдің өлшем бірліктерінің нысанға әсер етудің көрсеткіші. Жасандының қатысуынсыз. Активті тәжірибе – арнайы кіріс сигналдарымен байланысты және кірісшығыс заттарды бақылайды. Бір факторлы тәжірибе – қажетті факторларды анықтау, белгілеу. Кедергі факторларының тұрақтылығы. Кезекті қызықты факторларды бақылау. Көп факторлы тәжірибе – бірнеше қайталанған тәжірибенің өзгерістерін бақылау.

Т е х н о л о г и я л ы қ т ә ж і р и б е – технологиялық процестің элементтерін зерттеуде қолданылады. Бұған өнім, қондырғы және жұмысшының қызметі.

Ә л е у м е т т і к т ә ж і р и б е – тұлғалар арасындағы әлеуметті-психологиялық қарым-қатынастарын және кезекті өзгерісін зерттейді.


Негізгі әдебиеттер: 1 [224-255, 268-270], 4 [15-19]

Қосымша әдебиеттер: 9[12-16]

Бақылау сұрақтары:

1. Тәжірибе дегеніміз не және оның мақсаты қандай?

2. Тәжірибелердің классификациясы қандай белгілермен анықталады?

3. Тәжірибе жүргізер алдында не істеу керек?

4. Ойша және материалды эксперимент.

5. Бірфакторлы және көпфакторлы эксперимент





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет