Амортизация Амортизация (латын. amortisatio — өтеу; франц. arnor- tir - бәсеңдету, жүмсарту) - Тозымпұл / Өтемпұл — жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі. тозымпұл аударымының сомасы тозымпұл нормаларына сәйкес өндіріс пен айналыс шығынына енгізіледі, негізгі қорлардың тозуы дәрежесін сипаттайды және олардың толық қалпына келтірілуі (ұдайы өндірілуі) үшін ақшалай өтемпұл қорын құрады. Тозымпұл бейматериалдық активтердің тозуын есептеу кезінде де есептеледі. Тозымпұл термині басқа мағыналарда да қолданылады: жеке адамның немесе ұйымның дүркіндік жарналар төлеу немесе міндеттемелерді сатып алу жолымен борышты бірте-бірте өтеуі; борышқорлық міндеттеменің ұрлануы, жоғалуы, т. б. себепті оны жарамсыз деп тану; машиналарда, құрылғыларда - машиналардың конструкцияларындағы арнаулы қондырғылардың (тербелістерді өшіргіштердің), оларды салмақтан қорғайтын құрылғылардың көмегімен соққының, серпудің күшін жұмсарту, бәсендету.
Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады.
Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.
Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.
Егер станок 10 жыл қызмет етсе, ал оның құны 100 мың долларға тең болса, ол 1 жылда өндірілген өнімге 01,-ге өзінің құнын бөлшектеп жайлап енгізу процесін амортизация дейміз. Табиғи тозу өндіріс процесінің әсерінен ғана болып қоймайды, оған табиғат күші де әсер етеді. Станок шіриді, ірі үйлер қолайды. Ал моральдық тозудың екі түрі бар:
1. бұрынғы конструкицядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ одан арзандай;
2. бұрынғы конструкциядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ содан өнімділеу және үнемділеу;
Техникалық прогресс негізгі капиталдың табиғи тозуына дейін оның моральдық тозуын жеделдетеді. Моральдық тозуға кеткен шығынды азайту үшін және жабдықтарға жұмсалған шығынды қысқа мерзімде қайтару үшін кәсіпкерлер жедел амортизациялық жүйені кеңінен қолдануға мәжбүр. Негізгі капиталдың құны кәсіпкерге бірнеше шеңбер айналымынан соң қайтарылады.
Амортизациялық төлемдер өнімнің өндірістік шығындарына енеді және оның өткерілуінен кейін кәсіпорын есебінде ақшалай қор түрінде қорланып, амортизациялық қорды құрайды. Амортизациялық қор негізгі капиталды толық қалыпына келтіруінде немесе ремонт процесінде оның бөлшегінің қалпына келтіруінде қолданылады.